Жұлдызды кеш: физика және астрономия негізіндегі мектептік тәрбие-танымдық іс-шара

ЖҰЛДЫЗДЫ КЕШ.

Баелова Салтанат Адықанқызы

Физика пәнінің мұғалімі

Благодарное орта мектебі

Мақсаты: Оқушыларды ұжымшылдыққа, бір мақсатқа жету үшін аянбай

еңбек етуге, өнерді сүюге тәрбиелеу.

Логикалық ойлау, қызығушылық қабілетін арттыру,

интеллектісін дамыту.

1-ші жүргізуші: Құрметті қонақтар, достар! Физика және астрономия ғылымдары бойынша «Жұлдызды кеш» атты кешімізді бастаймыз.

2-жүргізуші: Аспан әлемінде 12 жарық жұлдыз бар. Оның әрқайсысы үш-үштен төрт стихияға бөлінеді. . Ол стихиялар: От, Жер, Ауа, Су

І топ. От стихиясы. Белгілері: Тоқты, Арыстан, Мерген.

ІІ топ. Жер стихиясы. Белгілері: Торпақ, Тауешкі, Бикеш.

ІІІ топ. Ауа стихиясы. Белгілері: Егіздер, Таразы, Суқұйғыш.

ІV топ. Су стихиясы. Белгілері: Балық, Шаян, Сарышаян.

1-ші жүргізуші : От стихиясының жұлдыздарын ортаға шақырамыз.

От - таусылмас күш қуаттың қайнар көзі. От стихиясындағы адамдардың өмірлік ұстанымы - өзін-өзі жетілдіру! Жебеуші ғаламшарлары: Марс, Күн, Юпитер.

2-жүргізуші: Тоқты. Түсі қызыл, алтын сары. Тасы -алмаз, рубин, бриллиант. Апта күні - сейсенбі. Бақытты саны - 9. Өмірлік мақсаты - кез келген істе көшбасшы болу!

1-ші жүргізуші: Мерген. Түсі - көк, күлгін. Тасы -топаз, бирюза. Апта күні- бейсенбі. Бақытты саны - 3. Ұраны -биік шыңдарға ұмтылу!

2-жүргізуші: Арыстан. Түсі- сары, қызыл сары. Тасы -рубин, алмаз, янтарь. Бақытты саны- 1 және 11. Өмірлік ұстанымы - кез келген істе мықтылық көрсету!

От стихиясы тобының жұлдыздары өздерін таныстырады. Өнерлерін көрсетеді. . Көрініс қояды.

Сұрақтар: 1. Отты су қалай өшіреді?

2. Жұлдыз-жорамалға сенесіз бе?

1-ші жүргізуші: Келесі топ Жер стихиясы.

Жер - бүкіл тартылыс күшінің орталығы. Оған қарайтын өкілдері сенімді, мықты, әрі тұрақты. Жебеуші ғаламшарлары: Шолпан, Прозерпина, Сатурн.

2-жүргізуші: Торпақ. Түсі- жасыл, сарғылтым, көгілдір. Тасы- сердолик, ақ тастар. Апта күні- жұма. Бақытты саны -6. Ұстанымы- менікі, тек қана менікі болу керек!

1-ші жүргізуші: Тауешкі - қара, сұр, көк. Тасы- малахит, рубин. Апта күні- сенбі. Бақытты саны- 8. Ұраны- салмақты, байсалды өмір сүру!

2-жүргізуші: Бикеш. Түсі -ақ, жасыл. Тасы- топаз, нефрит. Апта күні- сәрсенбі. Бақытты саны -5. Өмірлік мақсаты- елге, өзіңе қызмет ету!

Жер стихиясы өздерін таныстырады. Өнерлерін көрсетеді. «Өмір-кино» дегендей кинодан үзінді көрсетеді.

Сұрақтар: 1. Жер стихиясының белгілері үшін өмірлері қызықты оқиғалар,

жағымды әсерлерге толы болады дегенге сенесіз бе?

2. Жер қыртысының жасы қанша жыл шамасында?

1-ші жүргізуші: Ауа стихиясының жұлдыздарын ортаға шақырамыз.

Ауа - терең ойлау мен пайымдау стихиясы. Оның өкілдері тың идеяны ауадан ойлап табады. Олар адам баласының ең құнды қасиеттерін білдіреді. Жебеуші ғаламшарлары: Меркурий, Хирон, Уран.

2-жүргізуші: Егіздер. Түсі - күлгін, қызыл сары. Тасы- топаз, изумруд, агат. Апта күні- сәрсенбі. Бақытты саны-5. Ұраны- мен байланыстырамын!

1-жүргізуші: Суқұйғыш. Түсі- көк, ақшыл жасыл. Тасы -аметист, гранат, циркон. Апта күні- сәрсенбі, сенбі. Бақытты саны- 4. Ұстанымы-сенім, үміт, тәуелсіздік!

2-жүргізуші: Таразы. Түсі- ақшыл көк, қара көк. Тасы- опал, інжу, хризолит. Апта күні -жұма. Бақытты саны-7. Өмірлік мақсаты- тепе-теңдікті сақтай отырып өмір сүру!

Ауа стихиясы тобының жұлдыздары өздерін таныстырады. Өнерлерін көрсетеді. Фокус жасайды.

Сұрақтар: 1. Құралсыз көзбен айсыз түні горизонттан жоғары қанша жұлдызды көруге болады?

2. Жұлдыз-жормалдың сіздің өміріңізде алатын орны қандай?

1-жүргізуші: Келесі топ Су стихиясы.

Су -барлық нәрсенің бастамасын, яғни түпкі негізін білдіреді. Су- барлық кедергілерден өтіп, өзгелердің шамасы келмейтін өмірдің түрлі салаларына араласа алады. Жебеуші ғаламшарлары: Ай, Плутон, Нептун.

1-жүргізуші: Балық. Түсі- көкшіл, көк сұр. Тасы- аквамарин, сапфир, інжу. Апта күні- бейсенбі. Бақытты саны -7. Ұстанымы- жан-жақтылық, достық, махаббат!

1-жүргізуші: Шаян. Түсі- ақ сұр, көк сұр. Тасы- изумруд, рубин, хрусталь, ақ тастар. Апта күні- дүйсенбі. Бақытты саны- 2. Ұраны - мен сеземін!

1-жүргізуші: Сарышаян. Түсі- қою қызыл, алқызыл. Тасы- топаз, аквамарин, гранат. Апта күні- сейсенбі. Бақытты саны-9. Өмірлік мақсаты- өмірге үнемі өзгеріс енгізіп отыру!

Ауа стихиясы тобының жұлдыздары өздерін таныстырады. . Өнерлерін көрсетеді. Физикалық тәжірибе жасайды.

Сұрақтар: 1. Сұлулықтың сыры неде?

2. Су стихиясына тән қасиеттер?

Көрермендер берген баллдары бойынша бір топ жеңімпаз атанады.

Шығыс қазақстан облысы

Үржар ауданы


Ұқсас жұмыстар
7-сыныпқа арналған Жұлдызды сағат ойын сабағы: физика және астрономия ұғымдарын бекіту
Физика және математика ғалымдары туралы ғылыми-танымдық сазды кеш
Физика тұрмыста және өмірде: мектептік танымдық кештің бағдарламасы
Атажұрт танымдық ойыны арқылы физика сабағында астрономия мен негізгі физикалық ұғымдарды оқыту
Математика әлеміне саяхат: сыныптан тыс танымдық іс-шара
Арайлы Алтын күз мектептік кешінің сценарийі мен іс-шара бағдарламасы
Физика және астрономия пәнінен Физикалық бағдаршам танымдық сайыс, Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі, 2014 жылғы 15 ақпан
Ана тілі - ұлттың тірегі: мерекелік-танымдық іс-шара сценарийі
8 Наурыз: аналарға арналған мектептік мерекелік іс-шара сценарийі
Физика және астрономия: I-II тарауларға арналған оқу-әдістемелік сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz