1001 мақал, 101 жұмбақ: Табиғат қорғауға арналған география пәні сайысы

1001 мақал, 101 жұмбақ
Ақтөбе облысы
Шалқар ауданы
ГКС-12 орта мектеб
География пәні мұғалімі
Бірмағанбетова Дәметкен Амантайқызы
Мақсаты: Оқушылардың іскерлігі мен танымдық белсенділігін артыру, табиғатты қорғауға баулу.
Дамытушылығы : Мақал- мәтелдер, жұмбақтар арқылы оқушылардың ойлау қабілетін артыру.
Көрнекілігі: Табиғат туралы суреттер, бүктеме т/б.
Ұйымдастыру кезеңі.
Жоспар:
- Мақал -мәтел сайысы;
- Жұмбақтар сайысы;
- Көрермендер сайысы;
- Тыйым сөздер сайысы:
- Сөз жұмбақ шешу;
- Таныстыру/3 оқушы шығып, өздерін таныстырады.
Табиғат туралы өлең оқиды.
Жүргізуші: /мақалдың бірінші жолын айтады, соңын мақалшылар жалғастырады/
- «Мал баққандікі, . . . /жер жыртқандікі/»
- «Өлкенің көркі мал болар, /өзеннің көркі-тал болар/»
- «Жері байдың, . . . / елі / бай»
- «Орман, тоғай-жер сыны, көкорай шалғын . . . /көл/сыны»
- «Судың кепкені . . . /тіршіліктің/кеткені»
Ұпайы аз оқушы ойыннан шығады.
- Көрермендер көрімдігі
Жүргізуші: Бір сөз айтады, соған мақал құрайды.
3. Жұмбақшылар сайысы
Жүргізуші:Жұмбақ жасырады.
1. Сатайын десем, ауыр кілем,
Сатпайын десем, тәуір кілем. /жер/
2. Қанатсыз құс маңып барады,
Көзінен жас тамып барады. /бұлт/
3. Аумаған қар, жаумаған қар,
Таңертең бар, сәскеде жоқ /қырау/
4. Сыртты тәтті, іші тәтті,
Ортасы сүйек қатты /алма/
5. Ашуланып бұртиды,
Ашушаң ақымақ
Аузы көпіріп құтырды,
Кез келгенді ұшырды / құйын/
Жұмбақшы жеңімпаз анықталады.
4. Көрермендер көрімдігі Жұмбақ жасырады шешуін табу.
Көп шешкен балаға сыйлық беріледі.
6. Жұмбақшы мен мақалшы шығады
1-оқушы. Жұмбақ жасырады .
2- оқушы. Жауабына мақал құрайды .
7. Тыйым сөздер айту, сөз жұмбақ шешу.
Жеіңпаз оқушы анықталады.
Жүргізуші: Табиғат туралы
1. Табиғат-алтын бесігің.
2. Табиғат- адамзаттың өмір нәрі.
Қажеттінің табылар содан бәрі.
3. Су- табиғаттың анасы.
Табиғатты қорғау дегенді қалай түсінесіңдер?
Қорытындылау. сайысқа жақсы қатысып меңгергендеріңді көрсеттіңдер. Мадақтау қағаз тапсырылады.