Ең үлкен ортақ бөлгіш және өзара жай сандар: сабақ жоспары

Тақырыбы : Ең үлкен ортақ бөлгіш.
Өзара жай сандар.
Мақсаты : -ең үлкен ортақ бөлгіш туралы;
- өзара жай сандар туралы түсінік беру.
- берілген құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктей отырып, олардың ең үлкен ортақ бөлгішін таба білуге дағдыландыру
Дамытушылығы : оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі : оқушыларды инабаттылыққа, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі : интерактивті тақта, топтама.
Сабақтың түрі : аралас сабақ .
Сабақ барысы : 1. ұйымдастыру.
2. ұй тапсырмасын тексеру.
3. жаңа сабақты түсіндіру.
4. есептер шығарту.
5. бекіту.
6. үйге тапсырма.
7. білімін бағалау.
Пысықтау сұрақтары :
1. Натурал сандар деп қандай сандарды айтамыз ?
2. Натурал санның бөлгіші дегеніміз не ?
Жаңа сабақты түсіндіру
18 санының бөлгіштері : 1, 2, 3, 6, 9, 18.
30 санының бөлгіштері : 1, 2, 3, 5, 6, 10, 15, 30.
18 және 30 сандарының ортақ бөлгіштері ; 1, 2, 3, 6; ең үлкені 6 саны, яғни ЕҮОБ(18, 30) =6
Берілген натурал санның ең үлкен ортақ бөлгіші деп сол сандардың әр қайсысы бөлінетін ең үлкен натурал санды айтады.
Мысалы № 1. 8, 14, 22 сандарының ЕҮОБ-ін табайық.
8-дің бөлгіштері : 1, 2, 4, 8.
14- тің бөлгіштері : 1, 2, 7, 14.
22-нің бөлгіштері :1, 2, 11, 22.
ЕҮОБ(8, 14, 22) =2
Мысал №2. 25, 12 санының ЕҮОБ-ін тап.
25 -тің бөлгіштері : 1, 5, 25.
12-нің бөлгіштері : 1, 2, 3, 4, 6, 12.
ЕҮОБ(25, 12) =1
Ең үлкен ортақ бөлгіші 1-ге тең натурал сандар өзара жай сандар деп аталады.
Есептер шығарту.
Сыныпта : № 299, 300, 302, 303, 304, 308, 310, 313.
Үйге : № 306, 307.
№ 299.
ЕҮОБ(35, 60) =5 ЕҮОБ (31, 93) =31 ЕҮОБ (6, 16) =2
ЕҮОБ (75, 90) = 15 ЕҮОБ (54, 66) =6 ЕҮОБ (50, 200) = 50
ЕҮОБ (30, 45) =15 ЕҮОБ(27, 81) =27 ЕҮОБ(32, 48) =16
№ 300
ЕҮОБ (12, 16) = 4 ЕҮОБ (36, 90) = 18 ЕҮОБ (27, 54, 81) =27
ЕҮОБ(21, 98) =7 ЕҮОБ (140, 56) = 28 ЕҮОБ(18, 120, 138) =6
ЕҮОБ(42, 56) =14 ЕҮОБ(110, 154) =22 ЕҮОБ(11, 22, 44) =11
№301
ЕҮОБ(35, 21, 14) =7
Жауабы : 7тонна көмір әкелінді.
№ 304.
ЕҮБО (90, 150, 210) =30
Жауабы : 30 балаға жетеді
Бекіту : «жалауға кім бұрын жетеді ?»
Ойынға екі команда қарысады.
Ойын шарты баспалдақтағы санардың ЕҮОБ -ін табу керек, ол сандар баспалдақтың ең төменгі сатысында тұр.