Дүниетану- 3сынып

Дүниетану- 3сынып

№1. Тақырыбы: Адам-табиғат перзенті. Ағза мүшелері.

Мақсаты: Адамның табиғаттағы алатын орны, дене мүшелерімен, тері гигиенасымен таныстыру; түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету, сөйлемді дұрыс құруға дағдыландыру; білімін, тілін дамыту; денсаулық сақтауға, тазалыққа тәрбиелеу. Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі: (Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындық.

ІІ. Психологиялық дайындық:

- Өсімдіктер мен жануарлар тіршілігі үшін не қажет? Адам тіршілік ету үшін қандай жағдай қажет? Неліктен адам табиғат перзенті дейміз?

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: 1. Сұрақтарға жауап алу

-Адам мен басқа тіршілік иелерінің ұқсастығы мен айырмашылығы қандай?

2. Қорытындылау

IV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау Адам-табиғат перзенті. Ағза мүшелері V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Адамның денесі 4 бөліктен тұрады: бас, мойын, кеуде, қол және аяқ. Адамның ішкі мүшелеріне: ми, өкпе, жүрек, бауыр, бүйрек, қарын, ішек, қуық жатады.

1. Оқушыларға оқыту. а) іштей ә) дауыстап б) теріп оқу

2. Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау. -Адам денесі қандай бөліктерден тұрады?

-Адам денесінің негізгі мүшелерін ата? -Адам қаңқасының бас, кеуде, қол, аяқ сүйектерінің аттарын ата?

VII. Бекіту кезеңі: Қорытындылау.

VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі: 7-10 бет оқу. Бағалау.

№2 Тақырыбы: Денім сау болсын десең . . .

Максаты: Мектептегі спорттық үйірмелер, оларға қатысудың пайдасы жайында

оқушылар ұғымын кеңейту; тілін, сөздік қорын дамыту; салауатты өмір сүруге, денені шынықтыруға тәрбиелеу.

Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

1. Адам табиғаттың бір бөлігі екенін дәлелде. 2. Адамның ішкі бөлігін ата.

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:

-Адам табиғаттан нені үйренеді?

-Адамдар мен жануарлар арасындағы қамқорлықты салыстыр.

IV. Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Денім сау болсын десең не істеу керек?

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Мұғалімнің түсіндірмесі. -дене шынықтыру -денсаулық кепілі-спортпен айналысу-спорттың түрлері -спорттық және ұлттық ойындар 2. «Денім сау болсын десең»-түсіндіру

3. Сурет бойынша жұмыс. Сергіту сәті

VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1. Оқулықпен жұмыс 11-12 бет. Оқушыларға оқыту:іштей, дауыстап-тізбектей 2. Сұрақтарға жауап алу

-Мектепте қандай спорттық үйірмелер бар? Ертеде балаларды қалай шынықтырған? Қимыл-қозғалыстың қандай пайдасы бар? -Қазіргі кезде спорттың қандай жаңа түрлерін бісесің? VII. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі: 11-12 бет оқу. Әңгімелеу. Бағалау

№3 Тақырыбы: Тері-ағзаның қорғаныс мүшесі.

Максаты: Адам денесін тері жауып тұратынын түсіндіру, дене мүшелерімен тері гигиенасымен таныстыру; білімін, тілін дамыту: денсаулық сақтауға, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені, көңіл күйіміз жақсы болса, қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.

ІІ. Психологиялық дайындық:

  1. Не себепті мектептегі әр оқушы спортпен шұғылдануға міндетті? 2. Қандай спорттық ойындарды білесің? Ол қандай қасиетке тәрбиелейді?

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:

1. Сұрақтарға жауап алу. 2. Спорт түрлерін ата? 3. Қорытындылау

IV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау

Тері-ағзаның қорғаныс мүшесі

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Сурет бойынша жұмыс 1. Ұлғайтқышпен көрсетілген терінің құрылысымен таныстыру. 2. Сарамандық жұмыс

VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1. Оқушыларға оқыту. а) іштей ә) дауыстап б) теріп оқу 2. Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.

-Жарақат алғандағы алғашқы көмек.

1. Тері үсіген кезде

а) сылаймын; ә) жылы суға саламын;

б) тіліммен жалаймын; в) ақ дәкемен ораймын;

2. Соғып, жарақаттанғанда:

а) жылы суға малынған дәкемен ораймын;

ә) қыздыратын затты басамын (тұз, грелка) ;

б) медициналық жапсырманы жапсырамын;

в) суық суға малынған дәкемен ораймын.

3. Егер жарақат үлкен болса:

а) қатты айқайлаймын;

ә) ұйықтауға тырысамын;

б) дәрігерге көрінемін;

в) барлық адамдарға көрсетемін.

VII. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі: 13-15 бет оқу. Бағалау.

№ 4. Тақырыбы: Адам денесінің тірек-қимыл қозғалыс мүшелері. Қаңқа.

Максаты: Қаңқа-адам денесін қозғалысқа келтіретін мүше екенін түсіндіру, партаға түзу отыруды үйрену; білімін, тілін дамыту; денсаулық сақтауға, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу. Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені, көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

  1. Тері қандай қызмет атқарады? 2. Май мен тердің тері арқылы шығуының ағза үшін қандай маңызы бар?ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:

1. Сұрақтарға жауап алу. Теріні таза ұстау жөнінде өз тәжіребеңе сүйеніп әңгімеле.

2. Қорытындылау

IV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Қаңқа.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Қаңқа. Адамның бас, кеуде, қол, аяқ сүйектерін тауып аттарын атап үйрену. 2. Партаға түзу отыруды үйрен. «Өз сымбатыңды тексеріп көр»

VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

  1. Оқушыларға оқыту. а) іштей ә) дауыстап б) теріп оқу2. Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау. -Адам денесі қандай бөліктерден тұрады? -Адам денесінің негізгі мүшелерін ата?-Адам қаңқасының бас, кеуде, қол, аяқ сүйектерінің аттарын ата?

VII. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі: 16-18 бет оқу. Бағалау.

№5. Тақырыбы: Бұлшық ет-қимыл қозғалыс мүшелері мен маңызы.

Максаты: Бұлшық ет, оны жаттықтырудың маңызын түсіндіру, үйрету; тазалыққа, денсаулық сақтауға үйрету; білімін, ой-өрісін дамыту.

Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

  1. Адам денесін қандай сүйектер қозғалысқа келтіреді?
  2. Дене бітімі сымбатты болып жетілуі үшін қандай жағдайларға мән берген жөн?

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:

1. Сұрақтарға жауап алу -Адам денесі қандай бөліктерден тұрады?-Адамның қаңқасы қандай қызмет атқарады? 2. Қорытындылау

IV. Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Бұлшық ет-қимыл-қозғалыс мүшелері.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. «Бұлшық ет» «Бұлшық етті жаттықтырудың маңызы» түсіндіру. 2. Оқушыларға іштей оқыту.

VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1. Оқушыларға оқыту. а) дауыстап оқу. ә) теріп оқу

2. Сұрақтар мен тапсырмалар.

-Адам денесіндегі бұлшық еттер қандай негізгі қызмет атқарады? -Бұлшық ет жиырылғанда және созылғанда қалай өзгереді? -Адам денесінің қай жерлерінде бұлшық ет бар? -Бұлшық еттерді қалай жетілдіріп, дамытуға болады?

VII. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі: 18-20 бет «Бұлшық ет» оқу мазмұндау. Бағалау.

№6. Тақырыбы: Қан айналым мүшелері. Жүрек-қан айналымының негізгі мүшесі

Максаты: Қан айналасы мүшелері, жүректі шынықтыру және оның маңызын түсіндіру, үйрету; тазалыққа, денсаулық сақтау тәрбиелеу; білімін, ой-өрісін дамыту.

Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: 1. Бұлшық ет. 2. Бұлшық етті жаттықтырудың маңызы.

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:

1. Сұрақтарға жауап алу: -Бұлшық еттер қандай қызмет атқарады. -Адам денесінде қай жерлерде бұлшық ет болады? -Бұлшық етті қалай дамытады? 2. Қорытындылау

IV. Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Қан айналымы мүшелері.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Қан айналымы мүшелері. Жүрек мәне оның қызметі. Жүректі шынықтыру және оның маңызы. Қан тамырлары. Қан тамырлары, түсіндіру. Сергіту сәті

VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1. Оқушыларға оқыту. а) дауыстап оқу. ә) теріп оқу. б) іштей

2. Сұрақтарға жауап беру. -Тамырдың соғуы деген не? -Жүректің нашарлауы неліктен болады? -Қан тамырларының қандай түрлері бар?-Қан ағзада қандай қызмет атқарады?

VII. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі: 21-23бетті оқу. Бағалау.

№7. Тақырыбы: Қан тамырлары . Қанның қызметі.

Максаты: Ағзадағы қанның қызметі пайдасы жайында оқушылардың ұғымын

Кеңейту; тілін, сөздік қорын дамыту; салауатты өмір сүруге,

денені шынықтыруға тәрбиелеу.

Сабақ типі: Аралас сабақ.

Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу. Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

1. Жүрегің қай тұста орналасқанын көрсет. 2. Жүректі күтудің ережелерін ата.

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:

-Адам денесінде қанша сүек бар? -Қан айналымы деген не?

IV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Қан тамырлары. Қанның қызметі

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Мұғалімнің түсіндірмесі. Қан тамырлары адам денесінің барлық мүшелерін шарлайды.

Сурет бойынша жұмыс. Артерия. Ұсақ қан тамырлары. Көк тамыр. Сергіту сәті.

VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1. Оқулықпен жұмыс 23-25 бет. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап-тізбектей

2. Сұрақтарға жауап алу. Қан айналым мүшелерін анықтап сипатта. Ағзадағы қанның қызметін мәтінді пайдаланып дәптеріңе жаз. Ойын «Сәйкестігін анықта» VII. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі: 23-25 бет оқу. Әңгімелеу. Бағалау

№8. Тақырыбы: Қан кеткенде көрсетілетін алғаш жәрдем.

Мақсаты: Адамның табиғатта алатын орны, дене мүшелерімен, тері гигиенасымен таныстыру; білімін, тілін дамыту; денсаулық сақтауға, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: Артерия деген не? Көк тамыр деген не?

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:

1. Сұрақтарға жауап алу -Адам мен басқа тіршілік иелерінің ұқсастығы мен айырмашылығы қандай? 2. Қорытындылау

IV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Қан кеткенде көрсетілетін алғаш жәрдем.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Сенің ағзаңда 3литрге жуық қан бар. Үлкен адамдарда 5-6 литрға дейін қан болады. Қан кетудің бірнеше түрі бар: 1. Қызыл тамырдан қан кету. 2. Көк тамырдан қан кету.

  1. Ұсақ қан тамырларынан қан кету.

VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1. Оқушыларға оқыту: а) дауыстап оқу. ә) теріп оқу

2. Сарамандық жұмыс. а) қанның құрамы түсіндіру.

ә) дәптермен жұмыс.

элитроциттер, ликоциттер.

VII. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі: 25-27 бет оқу. Бағалау.

№9. Тақырыбы: Тыныс алу мүшелері. Өкпе және оның қызметі.

Максаты: Оқушыларға тыныс алу мүшелері, олардың қызметі, гигиенасы туралы түсінік беру; білімін, тілін дамыту; тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу. Көрнекілігі: Таблица, үлестірмелер.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

  1. 25-27 бет оқыту. Мазмұнын айтқызу.
  1. Қызыл тамырдан қан кету. 2. Көк тамырдан қан кету.

3. Ұсақ қан тамырларынан қан кету

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:

1. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап алу. 2. Үй тапсырмасын қорытындылау

IV. Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Тыныс алу мүшелері.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Түсіндіру: «Тыныс алу мүшелері». а) Өкпе және оның қызметі

ә) Тыныс алу және тыныс шығару қозғалыстары және ауа жолдары

2. Оқушыларға оқыту(іштей) 3. Сергіту сәті

VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1. Сұрақтарға жауап алу: -Өкпе дененің қандай бөлігінде орналасқан? -Өкпе қандай қызмет атқарады? -Тыныс алу мен тыныс шығарудың қандай маңызы бар? -Тыныс алу қалай болады?

2. Оқушыларға оқыту: дауыстап, тізбектей. 3. Сарамдық жұмыс

VII. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі: 17-30 бет оқу. Бағалау.

№10. Тақырыбы: Тыныс алу гигиенасы.

Мақсаты: 1. Оқушыларға тыныс алу мүшелері, олардың қызметі, гигиенасы

туралы түсінік беру; білімін, тілін дамыту; тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Таблица, үлестірмелер.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені, көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: 1. Өкпе және оның қызметін оқыту. 2. Мазмұнын айтқызу

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:

1. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап алу. 2. Үй тапсырмасын қорытындылау

IV. Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Тыныс алу мүшелері.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Түсіндіру: «Тыныс алу мүшелері». а) Өкпе және оның қызметі ә) Тыныс алу және тыныс шығару қозғалыстары және ауа жолдары 2. Оқушыларға оқыту(іштей)

3. Сергіту сәті

VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1. Сұрақтарға жауап алу: -Өкпе дененің қандай бөлігінде орналасқан? -Өкпе қандай қызмет атқарады? -Тыныс алу мен тыныс шығарудың қандай маңызы бар? -тыныс алу қалай болады? 2. Оқушыларға оқыту: дауыстап, тізбектей. 3. Сарамдық жұмыс. 4. Суретке қарай отырып тыныс алуға зиян келтіретін заттарды атаңдар.

VII. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі: 30-32 бет оқу. Бағалау.

№11. Тақырыбы: Ас қорыту мүшелері және олардың қызметі. Ас қорыту жолы және астың қорытылып сіңуі

Мақсаты: 1. Оқушыларға ас қорту мүшелері, олардың қызметі, тамақтану гигиенасы туралы түсінік беру; білімін, тілін дамыту; тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Таблица, үлестірмелер.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: 1. «Тыныс алу мүшелері» оқыту

а) Өкпе және оның қызметі. б) Тыныс алу және тыныс шығару қозғалыстары және ауа жолдары. 2. Мазмұнын айтқызу

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: 1. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап алу . 2. Үй тапсырмасын қорытындылау. IV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Ас қорту мүшелері және олардың қызметі.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Ас қорыту жолы және астың қорытылып сіңуі

Жұтқыншақ

Ас қорыту мүшелері

Өңеш Қарын Ішек Бауыр

2. Тамақтану гигиенасы. 3. Сергіту сәті

VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1. Оқушыларға оқыту: Іштей, дауыстап тізбектей. 2. Сұрақтарға жауап алу

-Ас қорту мүшелерін ата. -Әр мүшенің қызметін әңгімеле. -Тісті не үшін, қалай күтеді? -Отбасында тамақтану ережесін қалай сақтайсыңдар?

VII. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі: 30-32 бет оқу. Бағалау.

№12. Тақырыбы: Жүйке жүйесінің қызметі.

Мақсаты: 1. Оқушыларға жүйке жүйесінің қызметімен таныстыру.

2. Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

3. Білімін, тілін дамыту.

Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Суреттер.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: 1. Өкпе және оның қызметін оқыту 2. Мазмұнын айтқызу.

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: 1. Сұрақтарға жауап алу. 2. Үй тапсырмасын қорытындылау

IV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Жүйке жүйесінің қызметі

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Жүйке жұмысының қызметі

Адамның жүйке жүйесі

Ми Жүйке тамырлары

Жұлын

2. Жүйке жүйесінің гигиенасы. Түсіндіру. 3. Сергіту сәті

VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1. Оқушыларға 36-38 беттерді оқыту: іштей, дауыстап-тізбектей. 2. Сұрақтарға жауап алу: -Жүйке жүйесінің қызметі қандай? -Жүйке жүйесі қандай бөлімнен тұрады?

VII. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі: 36-38 бет оқу, мазмұндау. Бағалау.

№13. Тақырыбы: Жүйке жүйесінің гигиенасы.

Мақсаты: 1. Оқушыларға жүйке жүйесінің гигиенасы мен таныстыру.

2. Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

3. Білімін, тілін дамыту.

Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Суреттер.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

1. Жүйке жүйесінің қызметі қандай? 2. Жүйке жүйесі неден тұрады?

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:

1. Сұрақтарға жауап алу. 2. Үй тапсырмасын қорытындылау

IV. Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын, мақсатын хабарлау . Жүйке жүйесінің гигиенасы

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Мақал-мәтелдердің мағынасын оқып түсіндіріңдер.

а) Шомылған бойын сергітеді, Оқыған ойын сергітеді

ә) Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.

2. Жүйке жүйесінің гигиенасы. Түсіндіру. 3. Сергіту сәті

VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1. Оқушыларға 38-40 беттерді оқыту: іштей, дауыстап-тізбектей. 2. Тест:

1. Адам денесінің сүйектері ненің бұйрығымен қимылдайды?

а) сіңірдің; б) бұлшық еттің;

ә) мидың; в) омыртқаның

2. Қан тамырлары адам ағзасын немен қоректендіреді?

а) қоректік зат, оттегі, сумен, дәрумендермен;

ә) газбен, оттегімен, тамақпен, қанмен;

б) сумен, көмірқышқыл газбен, қоректік затпен, оттегімен;

в) оттегімен, дәрумендермен, көмірқышқыл газбен, сумен.

3. Терінің ең негізгі қызметі:

а) қорғану; б) безендіру;

ә) сұлулық; в) қоректендіру.

4. Жүрек . . . мүшесі.

а) қан айналымы жүйесінің; б) тыныс алу жүйесінің;

ә) бұлшық ет жүйесінің; в) ас қорту жүйесінің.

5. Жүйке жүйесінің қызметін:

а) сезім мүшесі, жүйке, ми; б) жүйке, жұлын, жүрек;

ә) жүйке, жүрек, ми; в) сезім мүшесі, ми, жүрек.

VII. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі: оқу, мазмұндау. 2. Бағалау.

№ 14. Тақырыбы: Сезім мүшелері. Көз көру мүшесі.

Мақсаты: 1. Адамның сезім мүшелеріне, көз-көру қызметі туралы түсінік беру; тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу; білімін, тілін дамыту.

Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: 1. Жүйке жүйесі оның қызметі

2. Жүйке жүйесінің гигиенасын-оқыту, мазмұнын айтқызу.

IIІ. Білімді тексеру кезеңі: 1. Сұрақтарға жауап алу. 2. Қорытындылау.

IV. Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Сезім мүшелерінің қызметі.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Сезім мүшелері

көз тері

құлақ мұрын тіл

2. Көз-көру мүшесі жайлы айтып түсіндіру. 3. Оқулық бойынша жұмыс: оқыту

4. Сергіту сәті

VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Сұрақтарға жауап алу. 2. Көздің қорғанышы-кірпік, қабақ, қас. 3. Жұмбақтарды шешіңдер. 4. Мақалдарды оқып мағынасын түсіндіріңдер.

VII. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі: 40-43 бет оқу, мазмұндау. Бағалау.

№15. Тақырыбы: Құлақ-есту мүшесі.

Мақсаты: 1. Адамның сезім мүшелеріне құлақ-есту қызметі туралы түсінік беру; тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу; білімін, тілін дамыту.

Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.


Ұқсас жұмыстар
Топырақ. топырақ түрлері, ерекшелігі, құрамы
Тамақтану гигиенасы. дәрумендер. 3 сынып дүниетану
Тест тапсырмалары. 3 сынып
Жауқазындай құлпырған - қызғалдақтар
Тіл ұлттың жаны лездеме
Жануарлар әлемін қорғау
Эстафеталық ойын
Түбірмен қосымшаның жазылуы
Зат есім. 3 сынып
Қазақстан көлдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz