Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қозғалыс дегеніміз не

Пәні: жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2В
Мектеп:
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: 1
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы: Қозғалыс дегеніміз не?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
1.5.1.1.Түрлі денелердің қозғалысын мысалға келтіру
1.5.1.2. Табиғатпен адамдар өміріндегі қозғалыстың маңыздылығын анықтау

Сабақ мақсаттары
Түрлі денелердің қозғалысын түсіндіріп,табиғат пен адам өміріндегі маңыздылығын анықтау

Барлық оқушылар:
oo қозғалыс ұғымын түсіндіріп түрлі денелердің қозғалысына мысал келтіреді
Көптеген оқушылар:
oo заттардың қозғалысын түсіндіре алады
oo Адам және тірі организимдердің өміріндегі қозғалыс маңыздылығын түсіндіре алады
Кейбір оқушылар:
oo түрлі көздерден қажетті ақпаратты таба алады.
Бағалау критерийлері
1. Дененің қозғалысын сипаттап айтады.
2. Қозғалысқа түсетін денелерге мысалдар келтіреді
Тілдік мақсаттар
Дағдыларды дамыту.
Болжамдар айту жəне оларды сөйлемде дұрыс қолдану; белгілі бір сұрақтарды ашу жəне түсіндіру; сөздікті өзектендіру.
Көптілдік:движение - қозғалыс - motion.
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:қозғалыс, физика, физик ғалымы,
денелердің қозғалысы.
Сабақ барысында сөйлесу/жазу үшін қолданылатын тіл:
Талқыланатын сұрақтар:
.Билеп, жүгіріп, ойнап жүрген балаларды не ортақтастырады?
.Заттың кеңістіктегі орындарын не өзгертеді?
.Адам үшін қозғалыс неге соншалықты маңызды?

Құндылықтарды дарыту
<<Мәңгілік ел>> стратегиясын басшылыққа ала отырып, өзара сыйластыққа тәрбиелеу
Пәнаралық байланыстар
Дүниетану, сауат ашу
АКТ қолдану мұғалімнің дағдысы
Бейне жазба
Бастапқы білім
Қозғалыс іс әрекет екенін біледі
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Ұйымдастыру кезеңі 2 минут
Шаттық шеңбері:
Ұшты - ұшты ойынын ойнатамын. Ойната отырып оқушыларды қозғалысқа келтіремін.

Сабақтың басы
5 минут

Сабақтың ортасы

5 минут

7 минут

Сергіту сәті
2 минут

5 минут

4 минут

5 минут
(Ұ)Белсенді оқытудың <<нұсқау беру және айту>> Тақырыпты ашу яғни оқушыларға бейне жазбадан <<желдің соғуы>>, <<судың ағуы>>, <<машинаның жүрісі>> , адамдардың қозғалыста жүргенін көрсете отырып, қандай тұжырым жасауға болады, яғни Қозғалыс дегеніміз не? Сабақтың мақсатын ашады.

(Т) Саралаудың <<жіктеу>> тәсілі
Қима суреттер беру арқылы оқушыларды топқа бөлу.
1топ: балықтар
2топ: құстар
3топ: көліктер

1 Тапсырма:
(Ж) Оқулықпен жұмыс. Белсенді оқытудың <<түсіндіру және сипаттау>>
Заттар күштің әсерінен қозғалады. Берілген суреттер коляска, машина, мысық, шана, адам осы суреттің қайсысында күштің әсерінен, қайсысы өздігінен қозғалады. Оқушылар өздері түсіндіре отырып суретті топтастырады Оқушылар бір бірін жұпта бағалайды. Бағалау бас бармақ

Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Биік болып өседі. Яғни бүгінгі сабағымызға сай оқушылар қозғалысқа түседі.

2 Тапсырма:
(Ж) Белсенді оқытудың << зерделеу және зерттеу>> әдісі
Оқушыларға алдын ала үйден ойыншық машина алып келу тапсырылады. Оқулықты көтере отырып оқушылар жүк және жеңіл машинаның қайсысы бірінші келетінін көре отырып, өздері әртүрлі тәжірбие жасап көреді. Зерттеу арқылы екі машинаны жүргенде жеңіл машина бірінші келеді деген тұжырымға келеді. Өзінің салмағына қарай жүреді .
Бағалау: тапсырма орындау кезінде дұрыс тұжырымға келген оқушыларды<<күлегештер>> беру арқылы бағалау

(Ө,қ) 3.Тапсырма: Белсенді оқытудың <<зерттеу және зерделеу>> әдісі
Суреттегі денелер қалай қозғалады. Тағы қандай денелер қозғалысқа түседі. Екі - үш мысал келтіріңіз

Бағалау критерийі
Дескриптор
1. Денелердің қозғалысын сипаттап айтады.

Суреттегі денелердің қозғалысын ситаттай алады.
2.Қозғалысқа түсетін денелерге мысалдар келтіреді.
2. Қозғалысқа түсетін денелерге мысал келтіре алады.
Саралау әдісінің <<Диалог және қолдау көрсету тәсілі>>
Мысалдар келтіре отырып, оны дәлелдермен келтіру.
Бағалау: От шашу арқылы бағалау

5.(Ұ)Тапсырма: Белсенді оқытуда <<Қорытындылау және есте сақтау>> әдісі
Қозғалыс дегеніміз не?
Қозғалыс қандай күштің әсерінен пайда болады? Жасыл, сары, қызыл түстерді көтеру арқылы неге сары немесе қызыл түстерді неге көтергенін ескере отырып, яғни жетелеу сұрақтары арқылы түсіндіремін.Саралау әдісінің қорытынды тәсілінде Су мекендегілерненің көмегімен қозғалады? (жүзбеқанат,құйрық,ескекаяқ)
Бағалау: <<Бағдаршам>>

Бейне жазба

Қима суреттер

Саралау
Бағалау
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
<<Тапсырма>> Су мекендегілер ненің көмегімен қозғалады?
Жүзбеқанат, құйрық, ескекаяқ
Диалог және қолдау көрсету. Жылдамдық қандай жағдайда артады?

Рефлексия
Бағалау: мадақтау
Бағалау :бас бармақ
Бағалау: <<күлегештер>>. Өздерінің тапсырма орындау барысындағы көңіл күйлерін жеткізу.
Бағалау:бағдаршам арқылы бағалау

Бағалау критерийі
Дескриптор
1. Денелердің қозғалысын сипаттап айтады.

Суреттегі денелердің қозғалысын ситаттай алады.
2.Қозғалысқа түсетін денелерге мысалдар келтіреді.
2. Қозғалысқа түсетін денелерге мысал келтіре алады.

Екі жұлдыз бір тілек
Мектеп ауласындағы қауіпсіздік ережесін сақтау.
Қалам- қарындаш ұстағанда жұптық, топтық жұмыстарда сабақ барысында айтып өту.

Ұқсас жұмыстар
Саптық және жорықтық адыммен қозғалыс
Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы
Кім жылдам ойыны
§26. Бір қалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдық
Санақ денесі
Нормаль үдеу
Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар
Молекула - кинетикалық теорияның негіздері
Орташа жылдамдықты есепте
Денелердің өзара әрекеттесуі Масса және денелердің массасын өлшеу
Пәндер