Сабақ жоспары :: Сценарилер
Файл қосу
Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау
«Құлақтан үнің кетпестей,
Сыңғырла, соңғы қоңырау!»
1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, оқытушылар!
2-жүргізуші: Қайырлы күн, ұядан ұшқалы тұрған жас маман иелері!
1-жүргізуші: Өзіңменен өлшеусіз нарқым менің,
Асқар тау, арқа тұтар алтын белім.
Ұядан ұрпағыңды ұшырмаққа
Қош келдің, айналайын, халқым менің!
1-жүргізуші: Жас жүректің өмірлік құштары гүл,
Бағбан ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан,
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр, - деп ЖОО ның табалдырығынан үлкен
өмірге ұшқалы отырған түлектерімізді құрметтеп ортаға шақырамыз. Қарсы
алыңыздар!
(Музыка әуенімен ортаға бітіруші түлектер шығады)
2-жүргізуші:
Алдарында сан тарау жолдары тұр
Бәрі ертеңгі азамат болғалы тұр
Үлкен өмір есігін ашпақ,міне
КЕЛГЕН ҚАУЫМ, ҚОЛ СОҒЫП,ҚОЛДА БҮКІЛ
1-жүргізуші:
Ұрпағың мақтануға болса лайық
Біз бүгін мақтанайық жар салайық
Биылғы 2013тін жыл түлектерін
Құрметпенен қол соғып қарсы алайық
1-жүргізуші: 2013 жылдың бітіруші түлектерінің дайындаған
«Құлақтан үнің кетпестей,
Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиынымызды ашық деп
жариялаймыз.
ІІ- жүргізуші
Тарихы терең қазақ деген көне елде,
Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де,
Жаһандағы ең жауынгер халықта,
Кім сенеді ту болмады дегенге?!
2-жүргізуші: Батырлыққа уызынан жарыған
Ер қазақты жалауынан таныған.
Өзі батыр, өзі әнші халыққа
Жарасады жігер берер әнұран.
Қазақстан Республикасының әнұраны орындалсын
1-жүргізуші:
Ажырамай біздерден бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпенен өзіңізге,
Түлектерге арналсын тілегіңіз. Деп кураторга сөз кезегін береміз.
І-жүргізуші:
Еңбегіңіз еленіп, жанып жатыр,
Қалауы деп халқыңыз танып жатыр.
Міне бүгін тағыда түлектерің қанат қомдап,
Қанаттарын қияға қағып жатыр.
Тарқамасын қызықтың шағы қызған,
Жата берсін бақ артып, бағыңыздан.
Құрметпенен ұсындық Сізге сөзді,
Ақтарылып көріңіз ағыңыздан, деп сөз кезегін саялбекке береміз.
......................... “Ең білімді ” номинациясымен марапатталады
(фанфары ойнау)
************
Селт етпейтін нық тұлғаң
Шындық мәнін ұқтырған
Түйілгенде қос қабақ
Кімді болсын ықтырған
Түлектерге біздердей
Жол сілтеңіз қашан да
Қалпыңызда тік тұрған.
“Ең байсалды» минацшыиясымен марапатталады
........................ “Ең инабатты ” номинациясымен марапатталады.
.............. “Ең жан-жақты оқытушы” номинациясымен марапатталады
.................... “Ең сымбатты оқытушы” номинациясымен марапатталады
(фанфары ойнау)
................... “Ең әділетті оқыту” номинациясымен марапатталады.
(фанфары ойнау)
**********
Бізге сіздей ұстаз беріп
Сізге біздей шәкірт берген
Еңбегіңіз біздер үшін
Көрінеді биіктен
Тілейміз ашық аспан, жарық ай
Ұстазым менің Жәнібек или Жаңабек ғай
...................... “Ең көңілді оқытушы” номинациясымен
марапатталады
(фанфары ойнау)
.................... “Ең қамқоршы ” номинациясымен марапатталады.
.......... “Ең парасатты оқытушы” номинациясымен марапатталады
(фанфары ойнайды)
............. “Ен ақылшы ” номинациясымен марапатталды.
(фанфары ойнайды)
Университет басшысы да тірегі
Барлығы оны мейірбан деп біледі
Әрқашан да басшы демей ол өзін
Ортамызда күліп, ойнап жүреді
Құтты болсын, мейрамыңыз бүгінгі
Көріп жүрсін ауыл-елің нұрынды
Өзінізге бақыт тілеп өмірде
Сыйлаймыз, сізге осы гүлімізді.
Деп балқияға
Истфакпен бүгін қоштаспақ,
Қоштаспақ мәңгі сан түлек
Айтылып жатыр сан тілек
Егіле-берді сан жүрек
Барлығы отыр есіне алып
Истфакта өткен жылдарды
Мініп алып бір-бірден
Білім деген тұлпарды
Бірге жүрдік, төрт жыл, бірге ойнадық,
Бірге оқыдық төрт жыл, бірге ойладық
Келді бүгін қоштасатын кезіміз,
Ақтық рет соңғы қонырау тойын тойладық.
************
Истфак ист фак, менің жаракқын көңілім
Истфак ист фак,, шаттық толы өмірім
Истфак ист фак,, әнім болып төгілдің
Истфак ист фак, ана болып та көріндің
1-жүргізуші:
Жүректері лүпіл қаққан,қимастық пен қуаныш,аңсау мен арман сезімдері
араласқан,осынау сәтте студенттік сәттің соңғы, өмір жолының алғашқы
қадамында тұрған жас түлек,ендігі сөзді сендерге береміз.
Гүлдерге толы омырау,
Өмірде жоқ қой тоқырау.
Қимастық сезім оятып,
Соғылсын соңғы қоңырау.
2-жүргізуші: Соңғы қоңырау соғу салтанаты Уразгалиева Динараг
тапсырылады.
/Қоңырау соғылады, дүр - дүрс соққан жүрек лүпілі естіліп тұрады/
1-жүргізуші: Көгершіндей самғаңдар, түлектерім,
Орындалсын өмірде тілектерің.
Үнімен соңғы естіген қоңыраудың.
Дірілдеді - ау ерекше жүректерің.
2- жүргізуші Ән мен жырлар тау суындай ағылсын,
Қуаныштың ұшырайық ақ құсын.
Ал, халайық, жиналғандар бұл тойға .
Соңғы қоңырау, соңғы дабыл қағылсын.
2-Жүргізуші:
Бұл соңғы қоңырау үні... студенттік өмірмен қоштасу, үлкен өмірмен
қауышу үні.
Өмірде ілбіп, тек көшпей,
Жүретін сергек жол мынау.
Құлақтан үнің кетпестей,
Сыңғырла, соңғы қоңырау,
Сыңғырла, соңғы қоңырау! – деп түлектерімізді жаңа өмір баспалдағына
шығарып саламыз.
1-жүргізуші: Қоштасады алтын ұя мектебің
Маңдайыңнан сипап өтер көкте күн.
«Сәт - сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз
Тілейміз біз армандарға жеткенін - дей келе,
. Жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапар тілейміз!
1-жүргізуші: Осымен Құлақтан үнің кетпестей сыңғырла соңғы қоңырау
салтанаты жабық деп жариялай отырып, білім нәрімен сусындатқан жас маман
етіп тәрбиелеген оқытушыларымық мың алғысымықзы білдіріеміз.
-Құрметті оқытушылар! Біз сіздердің шыдамдылықтарыңыз үшін!
- Кешірімді мінездеріңіз үшін!
- Мазасыз күндеріңіз үшін!
- Біз үшін ағарған әр тал шаштарыңыз үшін қашанда қарыздармыз!
1- жүргізуші: Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Түлектер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Түлектер өнерлерін көрсетуде.
Ортаға соңғы вальсін билеуге
түлектерді шақырамыз.
І-жүргізуші:
Қағылды міне сыңғырлап нәзік,
Қағылды соңғы қоңырау.
Көңілді тербеп, мұнды әуен түзіп,
Қағылды соңғы қоңырау.
ІІ-жүргізуші:
Талмасын қанат, сөнбесін үміт
Армандар алға жалғансын.
Соқса да дауыл, өрт болып өмір.
Қанаттар балғын талмасын.
Ашық жарқын әзілдесіп жүретін,
Сәл нәрсеге мәз болысып күлетін.
Күндіз түні уйді көрмей шапқылап,
Кей сәттері ұйықтап қап парағада бармайтын.
Сол күндеріміз өтеді гой армандай
Көз ұшқында қолын былғап қалғандай.
Есейген сон есімізге алсақ соларды
СТУДЕНТТІК ӨМІР тек ертегі боп өткені...
Талапкерміз абитуриент
келген алғаш ауылдан
түріміз де киген киім,
оқшау еді қауымнан.
Оқшау еді жүрісіміз,
Қолымызда кітап бар,
Жастық асты толып кеткен
неше түрлі кітаптар
ертең сынық деген күні
өтпей қойды түніміз
тест болатын сол бір сәтке
жетті әрең күніміз
періштенің құлағына
ілініпті үніміз
бүгін біздің ең бақытты
адам болған күніміз
1-курс
Корпус іші қандай ғажап
таңырқаймыз қараймыз
жылы сөйлеп біреу келсе
жақсыға оны балаймыз
бәрімізде сай-саладан
келген қазақ баласы
жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
дарасының дарасы
ешкім дағы бес минутқа
сабақтан да қалмайды
лекцияны жазудан да
қол шіркін де талмайды.
ешқайсымыз ерінбейміз
Д/Ш-ға да барамыз
сабақтан соң оқу залда
кеш батқанша боламыз
2 курс
сентябрьде келе сала
перваштарды сынадық.
әр қайсысын шақырып ап
мекен жайын сұрадық
былтырғыға қарағанда
біраз бізде стаж бар
перваш кездей емес бәрі
тіл табысар ұстаздар
3 курс
ойхой шіркін, студент шақ
неткен қызық тамаша,
бір күнімнен бір күн қымбат
салыстырып қараса
күнде қызық, күнде думан
бәрімізде бойдақпыз
туған күндер неткен көп ед,
құр жібермей тойлаппыз.
қала шықсаң, дала шықсаң
қыз-жігіттер мекені
Студент шақ қандай әсем
бәрін ғажап етеді.
4 курс
қадірлейміз бұл мекеннің
жасыл шөбін тасында
ақыл айтар қариямыз
төменгілер қасында.
тіпті мүлдем қартайып та
қалғанбыз-ау шамасы
группалас кейбіреудің
еріп жүр ғой баласы.
думан қуып жүргенімде
үйленіпті біреулер
ойбай енді бар қызықтың
шегі жетті тірелер.
өмір деген қызық екен,
Алшаң бассаң талтақтап,
4 жыл күткен өміріміз
бос өткенбе салпақтап.
деп біреулер жар іздейді
сабақ бітер кезінде
аласұра от жағады
жүрек деген сезімге
сынақ бітер аяқталар
диплом да қолында
сыңарларын таппағандар
махаббаттың жолында
қорытынды:
шіркін, шіркін қандай рахат
студенттік жылдарым.
таусылмайтын дастандар көп
жазылмаған жырларым..
сенде сұлу, менде сұлу
кездер еді кешегі,
студент шақ - елес қана
жер жұмағы деседі
*******************************
Студенттерге!!!
Студенттер, аяулы ақ мамандар,
Жыл сайын жасарғандар, жаңарғандар.
Қыз қуып терезеге қарағандар
Білім қуып бөлмеге қамалғандар.
Студенттер, аптыққан пәк көңілдер,
Өкініштер, шаттықтар, тәтті өмірлер,
Ауылға жиі айтатын сәлемдері:
“Ақша сал”, “Жетпей жатыр”, “Ап жетіңдер!”
Студенттер, сарылып ой қуғандар
Қарынды қанағатқа тойдырғандар
Қара нанды достарымен қақ бөліп жеп,
Күн сайын, апта сайын той қылғандар.
Студенттер, болашақ жас мамандар,
Үй жоқ деп үйленуден қорықпағандар.
Бастарына тек кітап жастағандар,
Студенттер, ұстазға ұнағандар.
Сүрінгендер, кей жерде құлағандар
Қайтадан тапсырам деп жылағандар
Тәттіні, ащыны да татып тұрар
Студенттің жан сырына құлақ саңдар,
Сонда да жандарында жанып тұрар.
Студенттік шақ қайтып бізге оралмайды,
Студенттер, студенттер, бақыттылар!!!
Естіледі бүгін назды асыл ән.
Ешбір жан жоқ ойға түсіп жасыған,
Қиналса да, қабақ шыту білмеген.
Студенттер қуанышы тасыған,
Жаса жарқын жас білімгер ендеше.
Сендер үшін бүгінгі күн мереке,
Бәрі – бәрі саған ғана жарасар.
Ойын сауық, әзіл – қалжың келеке,
Өтер қыста, өтер көктем өтер күз,
Бір кездері тарап – тарап кетерміз.
Қанша алыс, қиыр шетте жүрсек те,
Сағынысып, еске алысар ма екенбіз.
Қуаныңдар жасымаңдар бұл күн де.
Жоқ қой сенен бақытты жан өмір де,
Шаттық жолы студенттік күндер – ай,
Әр бір бұл күн, ыстық біздің жүректе
жастар, студенттер, қыз бен жігіт, жас жұбайлар жайлы күлдіргі әңгімелер
Жігіт қызға sms жолдауда? "Мына абонент "Маған тұрмысқа шығасыз ба? деп
сұрайды"
Қыздың жауабы: "Сіздің бұл операцияны жүзеге асыруға қаржыңыз жеткіліксіз".
*****
Баласы отбасын құрмақ болып, әкесіне өмірлік жарын таныстырады:
- Әке, міне, келініңіз! Біз бір-бірімізді жақсы көреміз. Сондықтан
үйленетін болып шештік.
Әкесі:
- Балам, бұл қызға үйленбе! Ол - сенің қарындасың болады.
- Қалай қарындасым?
- Түсінесің бе.... жас кезімде қыздарға көп барып едім.
Оны естіген баласы әлгі қыздан бас тартып, біраз уақыттан кейін
екінші қызды таныстыруға әкеледі.
Сонда әкесі:
- Балам, бұған да үйлене көрме! Ол да - сенің қарындасың, - депті.
Әкесінен көңілі қалған баласы анасына барып, болған оқиғаны айтып
береді. Сөйтсе, анасы:
- Үйлене бер, балам! Ол сенің әкең емес, - деген екен.
********
Нан қосып жеп алдым!
- Менің жігітім маған кеше көп балмұздақ әперді ғой.
- Қанша әперді, соншама?
- 25.
- Мәссаған, тамағың ауырып қалған шығар...
- Саған ше?
- Біреу.
- Ой сен не бір балмұздаққа тойдың ба?
- Иә, мен нан қосып жеп алдым!
Ері мен әйелі
әңгіменің мәйегі.....
Үйленбей тұрып.
Жігіт: Ура! Ақыры бұл күнге де жеттім-ау!
Қыз: Мүмкін, мен кетермін?
Жігіт: Жоқ ,тіпті де олай емес!
Қыз: Сен мені сүйесің бе?
Жігіт: Әрине!
Қыз: Сен менің көзіме шөп салып па едің?
Жігіт: Жоқ, сен қалайша мұндай ойды ойлайсың?!
Қыз: Мені аймалайсың ба?
Жігіт: Иә!
Қыз: Мені ұрасың ба?
Жігіт: Ешқашанда!
Қыз: Саған сенуге болады ғой?!
Үйленгеннен кейін, осыны төменнен жоғары қарай оқыңыз
САТЫП АЛ ДА, ҚАРАЙ БЕР
Тексеруші жолаушыға:
- Сіздің билетіңіз?
- Менің билетім ...
- Сіз не науқассыз ба?
- Ал сіз дәрігерсіз бе?!
- Сіздің билетіңіз?
- Менің билетім ...
- Сіздің билетіңіз?
- Менің билетім ...
- Сіз не қоянсыз ба?
- Ал сіз қасқырсыз ба?
- Сіздің билетіңіз?
- Ал неге керек?
- Мен көремін......
- Сатып ал да, қарай бер.....
- Сіздің билетіңіз!!!
- Менің билетім. О, міне, менің де аялдамам....
Студент сөздігі мен тарих намасы.
Студенттік өмір – соғыс пен бейбітшілік
Екілік –қырсызға қамшы
Үштік – үміт шоғы
Төрттік – тәңір сыйы
Бестік – бақыт құсы
Куратор – студенттің өгей шешесі
Ректор – күн құдайы
Декан – жан құзыры
Пар – ұзақ уақыт қаңтарылу
Аудитория – ұйықтайтын орын
Зачет – ұйықтамай өтілетін түн
Емтиханда отырған студент – жанталаса қаруланған мемлекет
Емтихан тапсыру – табада тірідей шыжғырылу
Сессия – қияметтің қыл көпірі немесе қатерлі кезең
Курстық жұмыс – жан беріп жан алмасу
Сәлемдеме – аңқылдап жеткен ақ жарма
Шпаргалка – жедел жәрдем
Оқу орны – жастардың сән үйі
Лекция – отты жылдар шежіресі
Үзіліс – бармысың бауырым іздеудегі жан құрбым
Кітапхана – білім кафесі
Оқу залы – тапқаныңды кеміру
Абаномент – білім бюросы, немесе ломбард.
Қоңырау – сүйкімді симфония
Сокурсник – Ұяластар
Стипендия – аштық арашасы
Диплом – тіршілік тірегі немесе өмірлік наның
С-ақта ішке сырыңды ешкім білмес,
Т-оқтат достым жамандық керек емес.
У-ақыт деген барады зымыраумен,
Д-аналықты ойға сал күшің кетпес.
Е-шкім саған айтпайды ақыл ойды,
Н-адандық бар өмірдің кезеңі көп.
Т-аба білсең сен соны біліміңнен,
Сыңғырла, соңғы қоңырау!»
1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, оқытушылар!
2-жүргізуші: Қайырлы күн, ұядан ұшқалы тұрған жас маман иелері!
1-жүргізуші: Өзіңменен өлшеусіз нарқым менің,
Асқар тау, арқа тұтар алтын белім.
Ұядан ұрпағыңды ұшырмаққа
Қош келдің, айналайын, халқым менің!
1-жүргізуші: Жас жүректің өмірлік құштары гүл,
Бағбан ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан,
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр, - деп ЖОО ның табалдырығынан үлкен
өмірге ұшқалы отырған түлектерімізді құрметтеп ортаға шақырамыз. Қарсы
алыңыздар!
(Музыка әуенімен ортаға бітіруші түлектер шығады)
2-жүргізуші:
Алдарында сан тарау жолдары тұр
Бәрі ертеңгі азамат болғалы тұр
Үлкен өмір есігін ашпақ,міне
КЕЛГЕН ҚАУЫМ, ҚОЛ СОҒЫП,ҚОЛДА БҮКІЛ
1-жүргізуші:
Ұрпағың мақтануға болса лайық
Біз бүгін мақтанайық жар салайық
Биылғы 2013тін жыл түлектерін
Құрметпенен қол соғып қарсы алайық
1-жүргізуші: 2013 жылдың бітіруші түлектерінің дайындаған
«Құлақтан үнің кетпестей,
Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиынымызды ашық деп
жариялаймыз.
ІІ- жүргізуші
Тарихы терең қазақ деген көне елде,
Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де,
Жаһандағы ең жауынгер халықта,
Кім сенеді ту болмады дегенге?!
2-жүргізуші: Батырлыққа уызынан жарыған
Ер қазақты жалауынан таныған.
Өзі батыр, өзі әнші халыққа
Жарасады жігер берер әнұран.
Қазақстан Республикасының әнұраны орындалсын
1-жүргізуші:
Ажырамай біздерден бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпенен өзіңізге,
Түлектерге арналсын тілегіңіз. Деп кураторга сөз кезегін береміз.
І-жүргізуші:
Еңбегіңіз еленіп, жанып жатыр,
Қалауы деп халқыңыз танып жатыр.
Міне бүгін тағыда түлектерің қанат қомдап,
Қанаттарын қияға қағып жатыр.
Тарқамасын қызықтың шағы қызған,
Жата берсін бақ артып, бағыңыздан.
Құрметпенен ұсындық Сізге сөзді,
Ақтарылып көріңіз ағыңыздан, деп сөз кезегін саялбекке береміз.
......................... “Ең білімді ” номинациясымен марапатталады
(фанфары ойнау)
************
Селт етпейтін нық тұлғаң
Шындық мәнін ұқтырған
Түйілгенде қос қабақ
Кімді болсын ықтырған
Түлектерге біздердей
Жол сілтеңіз қашан да
Қалпыңызда тік тұрған.
“Ең байсалды» минацшыиясымен марапатталады
........................ “Ең инабатты ” номинациясымен марапатталады.
.............. “Ең жан-жақты оқытушы” номинациясымен марапатталады
.................... “Ең сымбатты оқытушы” номинациясымен марапатталады
(фанфары ойнау)
................... “Ең әділетті оқыту” номинациясымен марапатталады.
(фанфары ойнау)
**********
Бізге сіздей ұстаз беріп
Сізге біздей шәкірт берген
Еңбегіңіз біздер үшін
Көрінеді биіктен
Тілейміз ашық аспан, жарық ай
Ұстазым менің Жәнібек или Жаңабек ғай
...................... “Ең көңілді оқытушы” номинациясымен
марапатталады
(фанфары ойнау)
.................... “Ең қамқоршы ” номинациясымен марапатталады.
.......... “Ең парасатты оқытушы” номинациясымен марапатталады
(фанфары ойнайды)
............. “Ен ақылшы ” номинациясымен марапатталды.
(фанфары ойнайды)
Университет басшысы да тірегі
Барлығы оны мейірбан деп біледі
Әрқашан да басшы демей ол өзін
Ортамызда күліп, ойнап жүреді
Құтты болсын, мейрамыңыз бүгінгі
Көріп жүрсін ауыл-елің нұрынды
Өзінізге бақыт тілеп өмірде
Сыйлаймыз, сізге осы гүлімізді.
Деп балқияға
Истфакпен бүгін қоштаспақ,
Қоштаспақ мәңгі сан түлек
Айтылып жатыр сан тілек
Егіле-берді сан жүрек
Барлығы отыр есіне алып
Истфакта өткен жылдарды
Мініп алып бір-бірден
Білім деген тұлпарды
Бірге жүрдік, төрт жыл, бірге ойнадық,
Бірге оқыдық төрт жыл, бірге ойладық
Келді бүгін қоштасатын кезіміз,
Ақтық рет соңғы қонырау тойын тойладық.
************
Истфак ист фак, менің жаракқын көңілім
Истфак ист фак,, шаттық толы өмірім
Истфак ист фак,, әнім болып төгілдің
Истфак ист фак, ана болып та көріндің
1-жүргізуші:
Жүректері лүпіл қаққан,қимастық пен қуаныш,аңсау мен арман сезімдері
араласқан,осынау сәтте студенттік сәттің соңғы, өмір жолының алғашқы
қадамында тұрған жас түлек,ендігі сөзді сендерге береміз.
Гүлдерге толы омырау,
Өмірде жоқ қой тоқырау.
Қимастық сезім оятып,
Соғылсын соңғы қоңырау.
2-жүргізуші: Соңғы қоңырау соғу салтанаты Уразгалиева Динараг
тапсырылады.
/Қоңырау соғылады, дүр - дүрс соққан жүрек лүпілі естіліп тұрады/
1-жүргізуші: Көгершіндей самғаңдар, түлектерім,
Орындалсын өмірде тілектерің.
Үнімен соңғы естіген қоңыраудың.
Дірілдеді - ау ерекше жүректерің.
2- жүргізуші Ән мен жырлар тау суындай ағылсын,
Қуаныштың ұшырайық ақ құсын.
Ал, халайық, жиналғандар бұл тойға .
Соңғы қоңырау, соңғы дабыл қағылсын.
2-Жүргізуші:
Бұл соңғы қоңырау үні... студенттік өмірмен қоштасу, үлкен өмірмен
қауышу үні.
Өмірде ілбіп, тек көшпей,
Жүретін сергек жол мынау.
Құлақтан үнің кетпестей,
Сыңғырла, соңғы қоңырау,
Сыңғырла, соңғы қоңырау! – деп түлектерімізді жаңа өмір баспалдағына
шығарып саламыз.
1-жүргізуші: Қоштасады алтын ұя мектебің
Маңдайыңнан сипап өтер көкте күн.
«Сәт - сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз
Тілейміз біз армандарға жеткенін - дей келе,
. Жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапар тілейміз!
1-жүргізуші: Осымен Құлақтан үнің кетпестей сыңғырла соңғы қоңырау
салтанаты жабық деп жариялай отырып, білім нәрімен сусындатқан жас маман
етіп тәрбиелеген оқытушыларымық мың алғысымықзы білдіріеміз.
-Құрметті оқытушылар! Біз сіздердің шыдамдылықтарыңыз үшін!
- Кешірімді мінездеріңіз үшін!
- Мазасыз күндеріңіз үшін!
- Біз үшін ағарған әр тал шаштарыңыз үшін қашанда қарыздармыз!
1- жүргізуші: Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Түлектер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Түлектер өнерлерін көрсетуде.
Ортаға соңғы вальсін билеуге
түлектерді шақырамыз.
І-жүргізуші:
Қағылды міне сыңғырлап нәзік,
Қағылды соңғы қоңырау.
Көңілді тербеп, мұнды әуен түзіп,
Қағылды соңғы қоңырау.
ІІ-жүргізуші:
Талмасын қанат, сөнбесін үміт
Армандар алға жалғансын.
Соқса да дауыл, өрт болып өмір.
Қанаттар балғын талмасын.
Ашық жарқын әзілдесіп жүретін,
Сәл нәрсеге мәз болысып күлетін.
Күндіз түні уйді көрмей шапқылап,
Кей сәттері ұйықтап қап парағада бармайтын.
Сол күндеріміз өтеді гой армандай
Көз ұшқында қолын былғап қалғандай.
Есейген сон есімізге алсақ соларды
СТУДЕНТТІК ӨМІР тек ертегі боп өткені...
Талапкерміз абитуриент
келген алғаш ауылдан
түріміз де киген киім,
оқшау еді қауымнан.
Оқшау еді жүрісіміз,
Қолымызда кітап бар,
Жастық асты толып кеткен
неше түрлі кітаптар
ертең сынық деген күні
өтпей қойды түніміз
тест болатын сол бір сәтке
жетті әрең күніміз
періштенің құлағына
ілініпті үніміз
бүгін біздің ең бақытты
адам болған күніміз
1-курс
Корпус іші қандай ғажап
таңырқаймыз қараймыз
жылы сөйлеп біреу келсе
жақсыға оны балаймыз
бәрімізде сай-саладан
келген қазақ баласы
жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
дарасының дарасы
ешкім дағы бес минутқа
сабақтан да қалмайды
лекцияны жазудан да
қол шіркін де талмайды.
ешқайсымыз ерінбейміз
Д/Ш-ға да барамыз
сабақтан соң оқу залда
кеш батқанша боламыз
2 курс
сентябрьде келе сала
перваштарды сынадық.
әр қайсысын шақырып ап
мекен жайын сұрадық
былтырғыға қарағанда
біраз бізде стаж бар
перваш кездей емес бәрі
тіл табысар ұстаздар
3 курс
ойхой шіркін, студент шақ
неткен қызық тамаша,
бір күнімнен бір күн қымбат
салыстырып қараса
күнде қызық, күнде думан
бәрімізде бойдақпыз
туған күндер неткен көп ед,
құр жібермей тойлаппыз.
қала шықсаң, дала шықсаң
қыз-жігіттер мекені
Студент шақ қандай әсем
бәрін ғажап етеді.
4 курс
қадірлейміз бұл мекеннің
жасыл шөбін тасында
ақыл айтар қариямыз
төменгілер қасында.
тіпті мүлдем қартайып та
қалғанбыз-ау шамасы
группалас кейбіреудің
еріп жүр ғой баласы.
думан қуып жүргенімде
үйленіпті біреулер
ойбай енді бар қызықтың
шегі жетті тірелер.
өмір деген қызық екен,
Алшаң бассаң талтақтап,
4 жыл күткен өміріміз
бос өткенбе салпақтап.
деп біреулер жар іздейді
сабақ бітер кезінде
аласұра от жағады
жүрек деген сезімге
сынақ бітер аяқталар
диплом да қолында
сыңарларын таппағандар
махаббаттың жолында
қорытынды:
шіркін, шіркін қандай рахат
студенттік жылдарым.
таусылмайтын дастандар көп
жазылмаған жырларым..
сенде сұлу, менде сұлу
кездер еді кешегі,
студент шақ - елес қана
жер жұмағы деседі
*******************************
Студенттерге!!!
Студенттер, аяулы ақ мамандар,
Жыл сайын жасарғандар, жаңарғандар.
Қыз қуып терезеге қарағандар
Білім қуып бөлмеге қамалғандар.
Студенттер, аптыққан пәк көңілдер,
Өкініштер, шаттықтар, тәтті өмірлер,
Ауылға жиі айтатын сәлемдері:
“Ақша сал”, “Жетпей жатыр”, “Ап жетіңдер!”
Студенттер, сарылып ой қуғандар
Қарынды қанағатқа тойдырғандар
Қара нанды достарымен қақ бөліп жеп,
Күн сайын, апта сайын той қылғандар.
Студенттер, болашақ жас мамандар,
Үй жоқ деп үйленуден қорықпағандар.
Бастарына тек кітап жастағандар,
Студенттер, ұстазға ұнағандар.
Сүрінгендер, кей жерде құлағандар
Қайтадан тапсырам деп жылағандар
Тәттіні, ащыны да татып тұрар
Студенттің жан сырына құлақ саңдар,
Сонда да жандарында жанып тұрар.
Студенттік шақ қайтып бізге оралмайды,
Студенттер, студенттер, бақыттылар!!!
Естіледі бүгін назды асыл ән.
Ешбір жан жоқ ойға түсіп жасыған,
Қиналса да, қабақ шыту білмеген.
Студенттер қуанышы тасыған,
Жаса жарқын жас білімгер ендеше.
Сендер үшін бүгінгі күн мереке,
Бәрі – бәрі саған ғана жарасар.
Ойын сауық, әзіл – қалжың келеке,
Өтер қыста, өтер көктем өтер күз,
Бір кездері тарап – тарап кетерміз.
Қанша алыс, қиыр шетте жүрсек те,
Сағынысып, еске алысар ма екенбіз.
Қуаныңдар жасымаңдар бұл күн де.
Жоқ қой сенен бақытты жан өмір де,
Шаттық жолы студенттік күндер – ай,
Әр бір бұл күн, ыстық біздің жүректе
жастар, студенттер, қыз бен жігіт, жас жұбайлар жайлы күлдіргі әңгімелер
Жігіт қызға sms жолдауда? "Мына абонент "Маған тұрмысқа шығасыз ба? деп
сұрайды"
Қыздың жауабы: "Сіздің бұл операцияны жүзеге асыруға қаржыңыз жеткіліксіз".
*****
Баласы отбасын құрмақ болып, әкесіне өмірлік жарын таныстырады:
- Әке, міне, келініңіз! Біз бір-бірімізді жақсы көреміз. Сондықтан
үйленетін болып шештік.
Әкесі:
- Балам, бұл қызға үйленбе! Ол - сенің қарындасың болады.
- Қалай қарындасым?
- Түсінесің бе.... жас кезімде қыздарға көп барып едім.
Оны естіген баласы әлгі қыздан бас тартып, біраз уақыттан кейін
екінші қызды таныстыруға әкеледі.
Сонда әкесі:
- Балам, бұған да үйлене көрме! Ол да - сенің қарындасың, - депті.
Әкесінен көңілі қалған баласы анасына барып, болған оқиғаны айтып
береді. Сөйтсе, анасы:
- Үйлене бер, балам! Ол сенің әкең емес, - деген екен.
********
Нан қосып жеп алдым!
- Менің жігітім маған кеше көп балмұздақ әперді ғой.
- Қанша әперді, соншама?
- 25.
- Мәссаған, тамағың ауырып қалған шығар...
- Саған ше?
- Біреу.
- Ой сен не бір балмұздаққа тойдың ба?
- Иә, мен нан қосып жеп алдым!
Ері мен әйелі
әңгіменің мәйегі.....
Үйленбей тұрып.
Жігіт: Ура! Ақыры бұл күнге де жеттім-ау!
Қыз: Мүмкін, мен кетермін?
Жігіт: Жоқ ,тіпті де олай емес!
Қыз: Сен мені сүйесің бе?
Жігіт: Әрине!
Қыз: Сен менің көзіме шөп салып па едің?
Жігіт: Жоқ, сен қалайша мұндай ойды ойлайсың?!
Қыз: Мені аймалайсың ба?
Жігіт: Иә!
Қыз: Мені ұрасың ба?
Жігіт: Ешқашанда!
Қыз: Саған сенуге болады ғой?!
Үйленгеннен кейін, осыны төменнен жоғары қарай оқыңыз
САТЫП АЛ ДА, ҚАРАЙ БЕР
Тексеруші жолаушыға:
- Сіздің билетіңіз?
- Менің билетім ...
- Сіз не науқассыз ба?
- Ал сіз дәрігерсіз бе?!
- Сіздің билетіңіз?
- Менің билетім ...
- Сіздің билетіңіз?
- Менің билетім ...
- Сіз не қоянсыз ба?
- Ал сіз қасқырсыз ба?
- Сіздің билетіңіз?
- Ал неге керек?
- Мен көремін......
- Сатып ал да, қарай бер.....
- Сіздің билетіңіз!!!
- Менің билетім. О, міне, менің де аялдамам....
Студент сөздігі мен тарих намасы.
Студенттік өмір – соғыс пен бейбітшілік
Екілік –қырсызға қамшы
Үштік – үміт шоғы
Төрттік – тәңір сыйы
Бестік – бақыт құсы
Куратор – студенттің өгей шешесі
Ректор – күн құдайы
Декан – жан құзыры
Пар – ұзақ уақыт қаңтарылу
Аудитория – ұйықтайтын орын
Зачет – ұйықтамай өтілетін түн
Емтиханда отырған студент – жанталаса қаруланған мемлекет
Емтихан тапсыру – табада тірідей шыжғырылу
Сессия – қияметтің қыл көпірі немесе қатерлі кезең
Курстық жұмыс – жан беріп жан алмасу
Сәлемдеме – аңқылдап жеткен ақ жарма
Шпаргалка – жедел жәрдем
Оқу орны – жастардың сән үйі
Лекция – отты жылдар шежіресі
Үзіліс – бармысың бауырым іздеудегі жан құрбым
Кітапхана – білім кафесі
Оқу залы – тапқаныңды кеміру
Абаномент – білім бюросы, немесе ломбард.
Қоңырау – сүйкімді симфония
Сокурсник – Ұяластар
Стипендия – аштық арашасы
Диплом – тіршілік тірегі немесе өмірлік наның
С-ақта ішке сырыңды ешкім білмес,
Т-оқтат достым жамандық керек емес.
У-ақыт деген барады зымыраумен,
Д-аналықты ойға сал күшің кетпес.
Е-шкім саған айтпайды ақыл ойды,
Н-адандық бар өмірдің кезеңі көп.
Т-аба білсең сен соны біліміңнен,
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz