Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Зейін

Технологиялық карта
Күні: 24 .11.2016 ж.
Топ:Б-22
Пән:Пcихология
Оқытушы: Рахимжанова Г.Н.
Аудитория:106
Сабақ тақырыбы:Зейін.
Сабақ мақсаты:Болашақ педагогтарға зейін оның түрлері жөнінде түсінік бере отырып, кәсіби іс-әрекетін қалыптастыру.
Міндеттері:
Білімділік:Болашақ педагогтардың кәсіби іс-әрекетін қалыптастырып, зейін тақырыбы арқылы кәсіби педагогикалық қарым - қатынастың теориялық білім негіздерімен қаруландыру.
Дамытушылық:Берілген мәліметті жүйелеу , өзіндік шешім шығара білу,алған білімдерін тәжірибеде қолдана білуге сонымен бірге ұжымдық ортада проблемалық сұрақтар, тест тапсырмалары, кеспе қағаздар арқылы зейіндерін тұрақтандыра алу және еңбектене білу іскерліктерін дамыту.
Тәрбиелік:Оқушылардың ақыл - ой тәрбиесінің және іскерлік бастамалық мәдениетін қалыптастастыру.
Сабақ типі:Дәстүрлі
Сабақтүрі: Аралас
Сабақтың ұйымдастырылу формасы:Жеке, жұппен, жаппай.
Сабақтың өзіндік жұмыстарының түрлері: сұрақ-жауап, ойын түрлері, меңгерту әдісі (әңгімелесу элементі бойынша сөздік әдісі, ізденушілік әдісі, <<Қызықты шарлар>> әдістемесі, қорытындылау кестесін жүргізу)
Оқыту әдістемесі:АКТ -флипчарт, Блум таксомониясы әдісі, Сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары - <<Топтастыру>>, <<Ішіне- сыртына>>, <<Білмедім, білдім>>, <<Білгім келеді>>, <<Венн диаграммасы>> стратегиялары негізінде.
Сабақтың көрнекілігі:СТО технологиясының стратегия көрнекіліктері, флипчарт, картешкелік тапсырмалар,
Сабақтың құрал - жабдықтары:интерактивтік тақта,ноутбук,слайд, бор.
Пәнаралық байланыс: Педагогика, Өзін - өзі тану.

Сабақ барысы:
I кезең Мотивациялық ұйымдастырушылық кезең
Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу, сабаққа дайындығына, көңіл аудару.
Әңгімелесу элементі бойынша мұғалім сөзі.
Ережені таныстыру

II кезең: Кіріспе
1 Қайталау - білімнің шыңы
Үй тапсырмасын пысықтау, сұрау.
Қайталау тақырыбы:
Түйсік.
* 1.Түйсік тақырыбы бойынша <<Ойлан, жұптас, талқыла>> 3топқа тапсырма
1топ Блум таксономиясының 1.Білу.2.Түсіну 3.Қолдану әдістері арқылы түйсік қасиеттерін талдау
2 топ Ішіне-сыртына стратегиясы арқылы түйсік тақырыбын ашатын термин сөзді анықтау
3 топ Венн диаграммасы арқылы Интероцептiк Экстероцептiк түйсіктерін салыстырып, анықтама беру
* 2.Топтастыру стратегиясы түйсік түрлерін топтау арқылы талдап, анықтама беру. Ұжымда жеке жұмыс.
1топ- Сезім мүшелеріне байланысты түйсік түрлерін топтау
2топ Мағынасына байланысты түйсік түрлерін топтау
3топ - Генетикалық жiктеуге байланысты түйсік түрлерін топтау

* 3. <<Миға шабуыл>> <<Білгір болсаң шешіп көр>>
1 топ- Кинестезиялық Cенсибилизация
2 топ Экстероцептор Синестезия
3 топ - Интероцептор Адаптация
III.Жаңа сабақ. Мағынаны тану Білім көзі- ізденісте
3.1.Бүгінгі күнді және жаңа тақырыптыбормен тақтаға жазу.
<<Зейін>>
3.2. Жаңа тақырыптың мақсатын, міндетін, жоспарын слайд арқылы көрсетіп, оқып беру.
3.3.Актуалдау.
Өткен тақырыппен жаңа тақырып арасында қандай байланыс және қандай айырмашылығы бар?
1- Байланысы - Түйсік арқылы адам айнала қоршаған ортаны танып біледі, ал зейін сол таным объектілеріне көңіл аудартады.
2.Айырмашылығы Түйсік таным үрдісі болса, ал зейін психикалық қасиет, таным үрдісі емес.
Жаңа тақырып жоспары:
1. Зейiн жөнiнде түсiнiк.
2. Зейiн түрлерi.
3. Зейiннiң қасиеттерi.

<<Түртіп алу" стратегиясы арқылы жаңа сабақ мазмұнын ашу
Жоспар сұрақтарының теориясын слайд арқылы айтып жазғысып, өзім түсіндіріп,
соңында дәптерге қажеттісін слайдтан жазғызу.
1-Зейін анықтамасы.
Зейін түрлері

Ырықты Ырықсыз Үйреншікті

Зейін түрін талдауға арналған тапсырма:
1-ші тапсырма Зейіннің қай түрі екенін анықта және дәлелде.
"Сандарды орналастыру" (ырықты зейін)
2 минут ішінде төмендегі шаршының бос көздеріне берілген шаршыдағы шашыраңғы сандарды өсу ретімен жаз.
2-ші тапсырма: Сабақ үстінде күтпеген жерден әдемі музыка шығады?(ырықсыз зейін түрі)
3-ші тапсырма Жағдаятты шешу (үйреншікті зейін түрі)

2. Зейіннің қасиеттері
1.Тұрақтылығы
2. Көлемi
3. Бөлiнуi
4. Ауысуы
5. Шоғырлануы
6. Алаңдаушылығы
7. Шашыраңқылығы

2.1Интерактивті таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастыру әдісімен жұмыс
(3 автор оқулығымен талдау жұмысы)
1 топ Психология авт Жұмасова -134 бет
2 топ Жалпы психология Сәбет Баб - баба - бет -70 бет
3 топ Психология негіздері авт Сәбет Баб-баба -36 бет

2.2 Бекіту кезеңі.
2.2.1Зейіннің қасиеттерін анықтауға тапсырмалар
1-ші тапсырма:Зейін қасиетінің қай түрі екенін анықтап дәлелде.
30 секунд ішінде жасыл түсті затты есіңе сақта (Тұрақтылығы )

2-ші тапсырма:Бір мезгілде бірнеше әрекетті орындау:
1.Оң қолыңмен қағазға аты - жөніңді, жасың нешеде, мекен-жайыңды жазу.
2.Сол қолыңмен алдыңдағы кітап парақтарын бір-бірлеп ашу.
3. Ән ұранын дауыстап айтып отыру.
3-ші тапсырма: Әр пішіннің нешеу екенін анықта

3 кезең Ой толғаныс
Бағалау парағы : Броундық қозғалыс әдісі бойынша бірінің тапсырмасын бірі тексеріп бағалайды.
Рефлексия "Екі жақты күнделік" стратегиясы арқылы

Сабақтан нені білгім келді?

Сабақтан нені меңгердім?

Сабақта нені үйренгім келеді?

VI.Бағалау кезеңі-Бағалау карточкалары арқылы
Бағалау карточкасы арқылы әр топтың жауабын баға беру.
1. Топтың жауабына ұжымдық бағалау.
2. Жеке бағалау.
Бағалау карточкасының белгілері
5- қызыл түс 4 - - жасыл түс. 3 - - сары түс

1. Үй тапсырмасына жеке баға беру.
2. Жаңа тақырыпты бекітуге ұжымдық баға беру.
VII.Үйге тапсырма.
Теориялық тапсырма
Практикалық тапсырма

1.Зейін тақырыбының дәрісін жазу.
Қажетті оқулықтар:
1. Психология авт Жұмасова -134 бет
2.Жалпы психология Сәбет Баб - баба - бет -70 бет
3.Психология негіздері авт Сәбет Баб-баба -36 бет
1.Психология авт Жұмасова -143 бет
1-7 тапсырма.
Практикалық дәптерге орындау.
2. Зейіннің әр түріне 2 мысалдан келтіру, жазу.
3 Зейін қасиеттеріне 2 жағдаяттан құрастыру және жазу.

VII.Сабақты аяқтау.

Ұқсас жұмыстар
Қазақтың ұлттық «асық» ойыны
Зейін қасиеттері
Оқушының ойы мен белсенділігін дамытудағы ойынның рөлі
Су. дүниетану. 3 класс
МКҚК Құлыншақ балабақшасы
Тірек сөздермен жұмыс
Сабақтың мақсаты мен міндетін түсіндіру
Сыртқы белсенділік
Оқушылар жеке жұмыс
Who is taller? кім ұзынырақ?
Пәндер