Қазақ тілі пәні: жемістер мен көкөністер тақырыбына арналған технологиялық карта

Технологиялық картасы
Күні:
Топ: Дайындық
Білім бөлімі: Қазақ тілі
Тақырыбы: «Жемістер, көкөністер»
Мақсаты: Балаларға жемістер мен көкөністер жайлы түсінік беру.
Міндеттері:
Білімділігі: Жемістер мен көкөністердің атауларын дұрыс атай және ажырата алуға баулу.
Дамытушылығы:
Жемістер мен көкөністер туралы білімдерін кеңейту. Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін арттыру. Ауызекі сөйлей білуге үйрету. Жаңа сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорын молайту.
Тәрбиелілігі:
Балалардың жеміс ағаштарын қорғап, оларға қамқор болуына ықпал ету үшін тәрбиелік әңгімелер жүргізу.
Көрнекілік құралдар: Жемістердің, көкөністердің суреттері.
Сөздік жұмысы: Жемістер, көкөністер, көп, аз, сана, мен алам, жеймін.
Мотивациялық -қозғаушы
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Біз қаңдаймыз, қандаймыз.
Шұғылалы таңдаймыз.
Еш уақытта білмейміз.
Амандасады
Назар аударады, қызығушылық танытады.
Ұйымдастырушылық -ізденіс
-Балалар, бүгін біз саяхатқа шығамыз. Ол үшін не керек?
-Дұрыс, көлікке мінеміз.
Қазір жылдың қай мезгілі?
-Бірінші аялдама «Көкөністер» аялдамасы
-Бұл аялдамадан өту үшін көкөністерді атау керек.
-Көкөністер қайда өседі?
-Келесі аялдама « Жемістер» аялдамасы
-Бұл аялдамада жемістердің атауларын үйрену керек.
мынау не? Алма
Қандай алма? - тәтті, қызыл алма
Тағы қандай алма? -дөңгелек алма
Мынау алмұрт - қандай алмұрт?
Жасыл алмұрт, тағы да қандай сары алмұрт? Мынау не? Жүзім
Қандай жүзім? Жасыл жүзім.
Қандай жүзім? Дәмді жүзім.
-Жемістер қайда өседі?
-Ал енді тоқтап демалайық.
Сергіту сәтін жасайық
Қорбаңдаған аюдың
Жидектері көп екен.
Теріп-теріп аламыз
Қалтамызға саламыз.
-Балалар осы аялдамада біз ойын ойнаймыз.
«Алам», «жеймін» сөздерімен сөз тіркес құру.
« Кім жылдам» д/ойыны
Шарты: жемістердің атауларын атап, себетке жылдам салу керек.
Жауап береді.
Балалар жауап береді.
Балалар көлікке мінеді.
Балалар көкөніс атауларын атайды.
Балалар жерде өседі деп жауап береді.
Балалар жауап береді.
Балалар қайталайды.
Балалар жауап береді.
Балалар тоқтап, сергіту сәтін жасайды.
Балалар қызығушылықпен себетке жемістерді салады.
-Балалар, бүгін біз қайда шықтық?
-Жақсы, алда қандай аялдамалар болды?
Сау болыңдар!
Балалар жауап береді
Сау болыңыз!
Күтілетін нәтиже
Балалар жемістер атауларын қазақ тілінде дұрыс атауды білу керек;
Жемістер туралы түсінікті игеру керек;
Жемістерді қысқаша сипаттауды меңгеру керек.