Қазақ тілі пәні бойынша технологиялық карта: Ғарыш және оның мекендеушілері

Технологиялық картасы

Күні:

Топ: Дайындық

Білім бөлімі: Қазақ тілі

Тақырыбы: «Ғарыш және оны мекендеушілер»

Мақсаты: Балаларға ғарыш және оны мекендеушілер туралы түсінік беру.

Міндеттері:

Білімділік: Жер туралы ұғымдарын кеңейту, ауа мен су туралы білімдерін кеңейту

Дамытушылық: Адамның өмірі оның жеке басының жағдайы қоршаған әлеммен байланысты екенін түсінетіндей құндылықтар жүйесін қалыптастыру. Сөздік қорларын дамыту.

Тәрбиелік : Табиғат әлеміне адамгершілікпен және қамқорлықпен қарауға тәрбилеу.

Көрнекілік құралдар: Ғарыштың , ғарышкерлердің, зымыранның суреті.

Сөздік жұмысы: Ғарыш, зымыран, ғарышкер, ғарыш әлемі.

Іс-әрекет кезеңі
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Іс-әрекет кезеңі: І кезең- мотвациялық- қозғаушы
Тәрбиешінің іс-әрекеті:

- Сәлеметсіңдер ме балалар.

-Балалар, аспан әлеміне саяхатқа барғыларың келе ме?

-Бәріміз көзімізді жұмып, аспан әлеміне саяхатқа шығамыз. Музыка ойнайды.

Ғарыш әуені ойналып, бөлме іші қараңғыланады.

Балалардың іс-әрекеті:

Амандасады.

Балалар көздерін жұмып, әуеннің ырғағымен іс-әрекет жасайды.

Іс-әрекет кезеңі:

ІІ кезең-ұйымдастырушылық-

ізденушілік

Тәрбиешінің іс-әрекеті:

-Балалар, сендер ғарыш туралы не білесіңдер?

Мұғалім ғарыш туралы айтып береді.

-Балалар біз үшін әлемдегі ең басты ғаламшар-Жер. Мынау күн. Жердегі тіршіліктің бәрі күннің көзімен өсіп-өнеді. Күн болмаса шөп те өспейді, мұзда ерімейді. Мынау ай. Ай-жердің серігі. Күн-ең үлкен жұлдыз.

-Балалар сендер қандай ғаламшарларды (планеты) білесіңдер?

- Венера, Меркурий, Марс, Юпитер, Уран, Плутон, Сатурн.

-Олар қайда орналасқан?

-Олар ғарышта орналасқан.

Сөздік жұмысын жүргізу:«Ғарыш», «Күн», «Ай» сөздерімен сөз тіркес құруға үйрету, мысал келтіру.
Ғарышкер, Байқоңыр туралы баларға айтып шығу. Қ. Р. ғарышкерлерімен таныстыру.

Мұғалім балаларға ғарыштың суретін көрсетеді.

- Олай болса балалар ғарышты мекендеушілер кімдер?

- Ғарышкерлер дейміз.
- Балалар ғарышқа не үшін ұшады?
-Иә, аспан әлемін, ғаламшарларды, жұлдыздарды зерттеу үшін ұшады.

- Ең бірінші ғарышқа жануарлардан нелер ұшты?

- Иттер : Белка мен Стрелка.

- Совет Одағы кезінде Юрий Гагарин қай жылы ғарышқа ұшты?

- 1961 жылы 12 сәуірде Восток ғарыш кемесімен Байқоңыр ғарыш алаңынан тарихта тұңғыш рет ғарышқа ұшты. Ол Жерді айналып ұшып, 1 сағат 48 минуттан кейін Жерге қайта қонды.
- Ал Қазақстаннан ең бірінші кімдер ұшты?

- Тоқтар Әубәкіров (1991 жылы

2 сәуірде), одан кейін Талғат Мұсабаев (1994 ж. 1 маусымда) .
- Ал балалар ғарышқа не арқылы ұшады?
- Зымыран арқылы.

- Зымыран қалай ұшады?

- Тез ұшады.
- Балалар сендер қалай ойлайсыңдар ғарышкер ғарышта жүргенде зымыран ішінен шығады ма?
- Иә шығады, өйткені олар жұмыстарын жасайды, зерттейді, әр түрлі ғаламшарларды зерттеп ашық аспанда жүреді.

Сурет үлгіге қарап, суреттерін бояйды.

Балалардың іс-әрекеті:

Балалар сұрақтарға нақты жауап береді.

Балалар тақтадағы үлгіге қарап ғарыштың суретін салады.

Балалар назарларын суреттерге аударып әңгімеге өз ойларын қосады.

Іс-әрекет кезеңі: ІІІ кезең- Қорытынды рефлексивтік- түзету
Тәрбиешінің іс-әрекеті: Бүгін сендер ғарышпен таныстыңдар.

Кәне қоштасайық. Келесі кездескенше!
-Сау болыңыздар!
-Сау болыңыз, мұғалім.
Балалардың іс-әрекеті: Балалар ғарыш туралы өз пікірлерін айтады.
Есеп
Есеп: +
-
Есеп:
Есеп: Есеп
Есеп: +
-
Есеп:

Күтілетін нәтиже

Ғарыш, зымыран, ғарышкер, ғарыш әлемі. білу керек;

Жаңа сөздерді орынды қолдануды игеру керек;

Сөз тіркестерін құрастыра білуді меңгеру керек.


Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі пәні бойынша Ғарыш тақырыбына арналған технологиялық карта
Қазақ тілі пәні: Орманда - орман тұрғындары (атаулары, төлдері, қоректенуі) туралы технологиялық карта
Қазақ тілі пәні: жемістер мен көкөністер тақырыбына арналған технологиялық карта
Технологиялық карта: Қазақ тілі - Жабайы аңдардың қоректенуі
Қазақ тілі сабағының технологиялық картасы: Күн тәртібі мен ғарыш кеңістігіне кіріспе
Математика пәні бойынша технологиялық карта: Қызыл телпек бізде қонақта
4-сынып Дүниетану: Ғарыш туралы алғашқы түсінік - жұлдыздар мен планеталарға арналған технологиялық карта
8-сынып информатика пәні: MS Word мәтіндік редакторы бойынша технологиялық карта
Технологиялық карта: Сәбилер тобына арналған қазақ тілі сабағы - Ертегілер әлемінде
Технологиялық карта бойынша ағаш балға жасау технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz