Ересек топқа арналған қазақ тілі сабағы: Отбасы өлеңін жаттау технологиялық картасы

Технологиялық картасы
Күні:
Топ: Ересек
Білім бөлімі: Қазақ тілі
Тақырыбы: «Отбасы» өлеңін жаттау
Мақсаты: Балаларға отбасы жайлы түсінік беру.
Міндеттері:
Білімділігі: Отбасы сүйіспеншілігі, сыйластығы туралы түсніктерін қалыптастыру
Дамытушылығы:
Отбасындағы өзара сыйластық қарым-қатынас дағдыларын дамыту; Жаңа сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорын молайту.
Тәрбиелілігі:
Отбасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу
Көрнекілік құралдар: Отбасы
Сөздік жұмысы: Отбасы, ата, әже, ана, әке, аға, апа, іні, сіңлі
Мотивациялық -қозғаушы
- Бұл суретте кім бейнеленген? (Отбасы)
Амандасады.
Назар аударады, қызығушылық танытады.
Ұйымдас-тырушылық -
ізденіс
Мұғалім отбасы туралы әңгімелейді.
Отбасы деп бір үйде туратын ең жақын туыс адамдарды айтамыз. Ол адамдарды отбасы мүшелері дейміз.
Отбасы - әр адамның шағын отаны. Ол қоғамның бір бөлшегі.
Сурет бойынша әңгімелесу.
Бес саусақты және отбасы мүшелелерін.
Бес саусақ:
Бас бармағым - атам үйдің данасы,
Балаң үйрек- әжем, ошақ анасы.
Ортан терек- әкем, отау панасы
Шылдыр шүмек-шешем, шаңырақ ажары
Ал, біз бала - отбасының базары.
Өлең отбасы туралы айтылған.
Жаңа сөздермен сөз тіркес құру.
Сергіту сәті
Отбасы туралы әңгімелеу.
Ойын: " Мынау кім?"
Мақсаты: Балаларды тапқырлыққа, есте сақтау қабілетін дамытуға баулу.
Шарты: отбасындағы мүшелердің атын атап, жасырынған отбасы мүшесін табу.
Мұғалімнің айтқан сөзін мұқият тыңдап отырады.
Балалар жааңа сөздермен сөз тіркес құрайды.
- Бүгінгі оқу іс әрекетінде қандай тақырыпта әңгімеледік?
-Отбасы
Отбасы деп кімдерді айтады?
Оларды қалай құ Ойын сұрақ: " Көңілді доп"
- Отбасы мүшесін ата.
- Отбасында кімді жақсы көресің?
- Отбасында кімге сыйлық жасайсың?
- Анаңа қалай көмектесесің?
- Үйге қонақ келгенді ұнатасың ба?
- Дастархан басында өзіңді қалай ұстайсың?
- Үйдегі ініңе, қарындасыңа қалай көмектесесің?
- Жарайсыңдар, балалар, өте жақсы.
Балалар жауап береді
Сау болыңыз!
Күтілетін нәтиже
Отбасы деген сөзді түсініп, қазақ тілінде дұрыс атауды білу керек;
Отбасында бір-бірін сыйлауды, құрметтеуді игеру керек;
Отбасының қымбат әрі өте жақын екенін меңгеру керек.