Шаш сәндерінің негізгі стильдері: түрлері мен сипаттамасы

Сабақ жоспары

Тобы: ПМ 11/18 каз

Пәні: Шаш сәнін үлгілеу және көркемдеу. Шаш сәндерінің негізгі типтері

Сабақ тақырыбы: Шаш сәндерінің негізгі стильдері

Сабақ мақсаты:

а) Білімділік: Шаш сәндерінің негізгі стильдері туралы түсінік беру, жан-жақты ақпараттануға, алған білімдерін өмірде қолдана білу шеберліктерін арттыруға үйрету;

ә) Дамытушылық: Студенттердің рухани ой-өрісін, танымдық қабілетін дамыту.

б) тәрбиелік: Студенттерді әсемділікке, әдептілікке, икемділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, қызығушылықтарын ояту, үйрету, орындату.

Сабақтың көрнекілігі: лекция, оқулықтар, журналдар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Студенттермен амандасып, түгендеп, сабаққа көнілдерін аудару.

ІІ. Білімдерін тексеру:

  1. Элегантты стиль
  2. Эклетика стиль
  3. Романтикалық стиль
  4. Экстравагантты стиль

III. Үй тапсырмасын тексеру. «Кім жылдам ойыны»

Сұрақтарға жауап:

  • Элегантты стиль
  • Эклетика стиль
  • Романтикалық стиль
  • Экстравагантты стиль

IV. Жаңа сабақ түсіндіру

Шаш үлгісінде стильдің бірнеше түрлері бар.

Элегантты стиль - бұл стильдегі шаш сәні мен киім үлгісін таңдаған адамның талғамы мен сезім шектелуі айтылады. Макияжының негізгі элементтері - көзі мен қасында.

Эклетика стиль - әртүрлі шаш үлгісі мен киім стиліне тән элементтердің қосылуы мен үйлесімі. Макияжы өте жеңіл анық түсті гаммалар қолданылған. Негізгі назар көзбен ерінге мән беріледі.

Романтикалық стиль - әртүрлі пішінде еркін киім үлгісімен, түрлі элементтерді, сәнді әшекейлі бұйымдарды қолданылуы арқылы орындалатын шаш үлгісі. Табиғи, нәзік түстердің көмегімен жасалады. Шабдалы немесе ал қызыл түстес еңлік, жылтыр түсті далап жағылады.

Тарихи стиль - қандай да бір дәуірдің киім стилі мен сәнін айқындайтын шаш үлгісі. XVIII ғасыр Рококко дәуіріндегі кең көлемді түрлі әшекейлермен сәнделген шаш сәні. Бұл дәуірде сұрғылт ашық бет түсі сәнге еніп және жасанды меңдер қойып, көздерін қара күлмен бояған.

Экстравагантты стиль - бұл ерекше таңдалған шаш үлгісі. Ешқандай сәнге, жалпы нормаға бағынбайтын киім стилі мен таңқалдыратын шаш үлгісі. Бұл стильдің макияжы сан алуан, батыл реңді көрсететін түстерді пайдаланылады.

Спорттық стиль - бұл түрлі физикалық жаттығулармен айналысқанда ыңғайлы болатын киім және шаш үлгісі. Спорттық макияж жеңіл түрде болады. Ашық және жылы түстер қолданылып, барынша табиғилықты көрсетеді.

Авангардты стиль - бұл ертеңгі күннің шаш сәні мен еркін бағыттағы киім үлгісін білдіреді. Макияжы көзге анық көрінетіндей бейне болу қажет. Көбіне ақ қара түстер және әртүрлі өрнектегі арфа - грим қолданылады.

Стилизация стилі - бұл еліктеген көркемдік стиль. Бұл стильге қандай да бір дәуірге, мәдениетке, өнерге еліктеу тән. Макияжы батыл жанды әйелдерге тән. Бұл кезде негізгі назар көзбен ерінге түседі.

Классикалық стиль - бұл белгілі тәртіп бойынша ешбір артық әшекейлерсіз нақты орындалатын шаш сәні. Бетке ашық реңк беріледі. Көзді қара карандаш және сүрме арқылы көзді айқындап, ерінді ашық түспен бояп үйлестіру.

IV. Тапсырмаларды орындау

Сабақты бекіту: Орындалған жұмысты тексеру. Студенттердің жіберген қателігін ескерту.

Үйге тапсырма беру: Тақырып бойынша тест құрастыру


Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік-тұрмыстық шешендік: түрлері, стильдері және негізгі тілдік құралдары
Қазақстанның қорықтары: құқықтық негіздері, түрлері және негізгі қорықтардың сипаттамасы
Комбайнның негізгі және рульдік гидравликалық жүйелері: сипаттамасы мен негізгі агрегаттары
Интернеттің негізгі қызметтері мен протоколдарының сипаттамасы
Құттықтаулар: түрлері, мәтіндік стильдері және мемлекеттік марапаттар
Қазақ ұлттық ойындарының түрлері мен сипаттамасы
Пікірталастың түрлері және олардың сипаттамасы
Сабақ жоспары: Іс-тәжірибе - Электр тізбек түрлері мен вольт-амперлік сипаттамасы
Сабақ жоспары: Электр тізбек түрлері және олардың вольт-амперлік сипаттамасы
Қазақ әдеби тілінің стильдері: 9-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz