Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Мен өз Отанымның патриотымын

<<Мен өз Отанымның патриотымын>>
тақырыбы бойынша бірыңғай білім беру сабағы
(5-8- сыныптар)

Мақсаты: оқушыларды төзімділікке, қазақстандық отаншылдыққа тәрбиелеу.
Міндеттері:
ел тарихына деген танымдық қызығушылығын дамыту;
әр түрлі ұлт өкілдерін құрметтеуге тәрбиелеу;
оқушылардың зияткерлік деңгейін көтеру.
Сынып жетекшісі:
Көптеген ғасырлар бойы қазақ халқына тәуелсіздік пен еркіндік үшін күресуге тура келді. Қауіп төнген кездерде біріге, жұмыла білу, басқа халықтармен бейбітшілікте, келісім мен достықта өмір сүруге ұмтылу сияқты жақсы қасиеттерінің арқасында қазақ халқы тарих толқындарында жоғалып кетпей, ондаған жылдардан соң өзінің мемлекеттігін қайта құра алды.
Дамудың жаңа жолына түскен Қазақстан халықтың ғасырлар бойғы егемендік туралы армандарын орындай алды. Қазақстанды мекендеген әрбір халықтың өз мәдениетін, тілін, сенімін, дінін және дәстүрлерін дамытуға мүмкіндігі бар. Қазіргі таңда республиканың әрбір азаматы өз елінің тәуелсіздігімен мақтанады.
Қазақстанда 17 миллионнан аса адам, жүзден астам ұлт пен ұлыс өкілдері бір жанұядай өмір сүріп жатыр. Қазақ, орыс, ұйғыр, неміс, корей, татар тілдерінде кітаптар мен газеттер шығарылуда, ұлттық театрлар мен эстрадалық ансамбльдер жұмыс жасауда, ұлттық теле-радио бағдарламалар берілуде. Біздің барлығымызды, әр түрлі ұлт өкілдерін ортақ біріктіретін: БІЗ - Қазақстан халқы. Осылайша, Қазақстан мәдениеті мен діндерінің қөптүрлілігімен ерекшеленетін бірегей мемлекет.
1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Жылы да жарық, көңілді мамыр мерекелерін ұнатпайтын адам жоқ шығар. Жапырақ жайып, көгеріп келе жатқан ағаштар, ашық аспан, күлкі мен жымиюлар жыл бойы ұмытылмастай көңіл-күй сыйлайды. Қазақстан халықтарының бірлігі күні егемен республикамыздағы басты мерекелердің бірі болды.
Тақтада <<Біздің күшіміз - бірлікте>> деген плакат ілулі тұрады.
Бұл үндеуді қалай түсінесіңдер? (Оқушылар жауаптары)
Жарайсыңдар! Басқа республикалар мен елдерде келіспеушіліктер мен тартыстар болып жатқан заманда осы сөздердің мағынасын түсінгендерің қандай жақсы! Бұл Бейбітшілік болмағанда өте қорқынышты.
Оқушы:
Ынтымақ, бірлік, достық, татулық -
Бабалардан қалған дәстүр айтулы.
Түгелденіп төртеуіміз төрде тұр,
Тәуелсіздік туы мәңгі тұғырлы.
Оқушы:
Тілі басқа, тілегі бір біргеміз,
Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз.
Мақсат ортақ, бейбітшілік ұран боп,
Татулықтан бұзылмасын іргеміз.
Оқушы:
Қазақ жері достықтың гүлстаны,
Дархан өлкем мерейлі ырыс бағы.
Күрестерде, еңбекте,мерекеде
Мұнда сан ұлт қолдасып, ту ұстады.
Оқушы:
Ұлыстарымыз тамыр болған ежелден,
Кімдер қашсын қазақтайын ер елден
Достығымыз ғасырларға жарасқан
Туған елім,шарықтай бер кемелден!

Ұлттық киім киген балалар <<Үлкен қол ұстасу>> атты
достық хормен жүру орындайды
Сынып жетекшісі:
- <<Құстың күші - қанатында, ал адамның күші - достықта>> деген қазақ мақалы бар. Өмір осы мақалдың тура айтылғандығын дәлелдеп отыр.
- <<Достық>> сөзін қалай түсінесіңдер?
- Сөйлемді жалғастырыңдар: <<Достық - бұл ......>>. (Оқушылар жауаптары)
<<Мақалдарды жина>> ойыны.
- Ал сендер достық туралы мақал-мәтелдер білесіңдер ме? Қазір тексеріп көрейік. Екі топқа бөлінуіміз керек. Мына конверттердің ішіне мақалдардың бір бөліктері салынған. Сендердің тапсырмаларың: достық туралы мақалдарды біріктіріп, оқуларың керек.
1. Ескі дос жаңа екі достан артық.
2. Досты ізде, тапсаң, сақта.
3. Достық қиындықта білінеді.
4. Доспен дос болғанша шаттан,
Дұшпанмен дос болғаннан сақтан.
5. Досыңа өтірік айтпа,
Дұшпаныңа сырыңды айтпа.
6. Заттың жаңасы жақсы, достың ескісі жақсы.
7. Досыңды мақтағаның - өзіңді жақтағаның.
8. Ағаш тамырымен, адам досымен мықты.
Сынып жетекшісі:
Отансүйгіштік дегеніміз - қоғамның бірігуінің, үйлесуінің, алуан түрлі адамзат қауымдастығында оның болмысы мен ерекшелігінің негізі болып табылатын аса маңызды рухани құндылық. Бұл ұғымды тар аяда, бір жақты қарастыруға болмайды. Ол күрделі, көп жақты және әртекті. Отаншылдық - бұл әрі өз еліне деген сүйіспеншілік, әрі оның тарихы мен мәдениетіне деген зор құрмет, әрі өз күші мен қоғамның күшіне деген сенім. Өткен жылдарда еліміз мемлкет болып қалыптасу, тәуелсіздік пен бірлікті нығайту жолында көптеген жетістіктерге жетті. Өзінің орта ғасырлық және қазіргі заманғы тарихында Қазақстанның беделі соңғы жылдардағыдай ешқашан жоғары болған емес.
Қазіргі таңдағы әлеуметтік-саяси тұрақтылық қазақстандықтардың өз Отанының гүлденіп, өркендеуіне деген сенімін нығайта түседі. Қазақстан демократиялық, зиялы, құқықтық және басты құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтары мен еркіндігі болып табылатын әлеуметтік мемлекет ретінде өзін танытып, бекітті.
Біз ұлттық-мәдени құндылықтарға, ұлтаралық келісімге, мейірімділікке, балаларға деген махаббатқа бай заманда өмір сүріп жатырмыз. Алда әлі де көп қиындықтар күтіп тұр, алайда бүгінде Қазақстан дамудың жаңа орамына шықты және ертеңгі күнге сенімділікпен қарайды.
Оқушы:
Өзіңсің, Қазақстан, ән, арманым да,
Аяулым, алтын бесік, қара орманым да.
Бір нәрсе жетпейді деу қате болар,
Өзіңдей ұлан-байтақ далам барында.
Оқушы:
Тәуелсіздік кіндігін
Кескен халық бірлігі.
Ынтымағы барша ұлттың
Нұрын шашқан күн бүгін.
Оқушы:
Ақ, қара деп алдымен,
Елім бөлмес адамды.
Дәстүр, өнер, салтымен
Таңғалдырған ғаламды.
Оқушы:
Достық бізге тым ыстық,
Бірлік - байлық, ырыс - құт.
Жарқырасын күніміз,
Жаса, жаса, тыныштық.
Оқушы:
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман.

<<Мен өз Отанымның патриотымын>>
тақырыбы бойынша бірыңғай білім беру сабағы
(9-11-сыныптар)

Сабақтың мақсаты: қазақстандық отансүйгіштікті қалыптастыру, төзімділікті, ұлтаралық және мәдениетаралық байланыстарды дамыту, оқушылардың дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту, қазіргі Қазақстанның жетістіктері туралы білімдерін тереңдету.
Мақсатты топтары: 9-11-сынып оқушылары, ата-аналар, жоғары сынып мұғалімдері, аймақтың әртүрлі салада жетістікке жеткен белгілі адамдары, мәслихат депуттары, саясаттанушылар, тарихшылар, жергілікті атқару органдарының өкілдері.
Құрал-жабдықтар: мемлекеттік рәміздер, <<Мәңгілік Ел: бір ел - бір тағдыр>> стенді, Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауынан үзінділер (слайдтар), қазақстандық ғұламалардың ақылды ойлары, кітап көрмесі, фотосурет көрмесі, оқушылар мен мұғалімдер жасаған халық шығармашылығы өнімдерінің көрмесі, ұлттық киімдер көрмесі. Патриоттық тақырыптағы деректі бейнефильмдер.
Музыкалық жабдықтау: республиканы мекендеген халықтар музыкасы, қазақстандық патриоттық әндер.
Ұсынылатын сабақ кезеңдері (тақырыптық бөлімдер):
1. <<Мәңгілік Ел>> патриоттық актісі.
2. <<100 нақты қадам>> Ұлт Жоспары және <<Мәңгілік Ел>> Ұлттық идеясы - әлеуметтік жаңарудағы серпілісі және республиканың жаңа өндірістік-инновациялық экономикасы.
3. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы: тарихы, қазіргісі және болашағы. Ұлттық бірліктің Доктринасы.
4. Мемлекеттік тілдің бірегейлігі. Үш тілді білу - жаһандық өмірге жолдама.
Өткізу нысандары: рөлдік ойындар, оқушылардың жобаларын қорғауы, пікірталастар, пікірсайыстар, ауызша журнал, <<сырттай>> саяхат, ұлттық-мәдени орталықтардың өкілдерімен, саясаттанушылармен, мұражай қызметкерлерімен кездесулер және т.б.

3 2016-2017 оқу жылында Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында <<Мәңгілік Ел>> Патриоттық актісін түсіндіру шегінде <<Мен өз Отанымның патриотымын>> тақырыбы бойынша бірыңғай білім беру сабағын өткізуге әдістемелік ұсыныстар

Әдістемелік ұсыныстар Білім күніне арналған <<Мен өз Отанымның патриотымын>> республикалық бірыңғай білім беру сабағын өткізудің мазмұны, негізгі түсінігі, формалары мен әдістерінің тұжырымдамасы контекстінде <<Мәңгілік Ел>> патриоттық актісін түсіндіруге бағытталған.
Әдістемелік ұсыныстар білім беру ұйымдары басшыларына, сынып жетекшілеріне, топ тәлімгерлеріне және педагогтерге арналған.

Ұсыныстар құрылымы:
Кіріспе
1. Сабақтың тұжырымдамасы.
2. Сабақтың мақсаты мен міндеттері.
3. Сабақтың қорлары.
4. Сабақтың түрлері.
5. Жалпы білім беретін, мамандандырылған, арнайы мектептерде тақырыптық сабақ өткізу бойынша ұсыныстар.
5.1 1-4 сыныптарда,
5.2 5-8 сыныптарда,
5.3 9-11 сыныптарда.
6. Қосымша
6.1 <<Мәңгілік Ел>> Патриоттық актісі.
6.2 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауынан үзінді алу.
6.3 Ұсынылатын видеофильмдер.
6.4 Глоссарий.

Кіріспе

Қазақстан - оның территориясында тұратын, біртұтас ұлтқа айналған барлық халықтардың ортақ Отаны. Ұлттардың бірлігі - біздің еліміздің өркендеуі, тұрақтылығы, жаңаруы және серпінді дамуының негізі.
Жаһандық экономикалық дағдарыс аясында шиеленіскен гуманитарлық мәселелер, әлеуметтік-саяси тұрақсыздық және планетаның түрлі аймақтары арасындағы қарама-қайшылықтардың өсуі жағдайында Тәуелсіз Қазақстанды нығайту, экономикалық және әлеуметтік өрлеуді табысты жүзеге асыру үшін ұлттардың бірлігі жақсы жағдайларды қамтамасыз етеді.
Елбасының Жаңа бастамасы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясында қабылданған <<Мәңгілік Ел>> Патриоттық актісі>>, қазақстандықтардың біртұтас ұқсастығының бірегей бағдарламасы болып табылады.
Патриоттық акт және оған бекітілген, қазақстандық халықтармен құрылған басты жалпыұлттық құндылықтар, ұлт бірлігінің маңызды факторы.
Мәңгілік Ел - бұл Тәуелсіздік және Астана.
Мәңгілік Ел - бұл Жалпыұлттық бірлік, Бейбітшілік пен келісім.
Мәңгілік Ел - бұл зайырлы мемлекет және жоғары руханият.
Мәңгілік Ел - бұл Инновация жолындағы тұрақты Экономикалық өсім.
Мәңгілік Ел - бұл Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.
Мәңгілік Ел - бұл мәдениет пен тарихтың, тілдің ортақтығы
Мәңгілік Ел -ұлттық қауіпсіздік және Қазақстанның жалпыәлемдік проблемаларын шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.
Өскелең ұрпақты іргелі мемлекет құраушы <<Мәңгілік Ел>> құндылықтарында тәрбиелеу, қазақстандық халықтардың тарихы, мәдениеті, дәстүрінің біртұтастығының мәнін түсінетін, Қазақстанның отансүйгіш-азаматы тұлғасын қалыптастыру мақсатында Білім күніне арналған <<Қазақстан - біртұтас ұлт>> Республикалық сабағын өткізу ұсынылады.

1. Сабақтың тұжырымдамасы
Білім күні 1-қыркүйекте <<Мәңгілік Ел>> Патриоттық актісін түсіндіру мақсатында <<Мен өз Отанымның патриотымын>> тақырыбы бойынша бірыңғай білім беру сабағы өткізіледі.
Патриоттық (PIατριώτης грек тілінен - отандас, patria латын тілі - отан) - Отанға сүйспеншілік, оған деген адалдық, өзінің іс-әрекеттерімен оның мүдделеріне қызмет етуге ұмтылу. (Философиялық энциклопедиялық сөздік - М.: Совет энциклопедиясы. Бас редакция: Л. Ф. Ильичёв, П. Н. Федосеев, С. М. Ковалёв, В. Г. Панов. 1983.)
Патротизмнің әлеуметтік-психологиялық мәнін дәлме-дәл бейнелеп көрсететін патриотизмнің құрылымдық компоненттері: патриоттық қатынас, патриоттық сана, патриоттық құндылықтар, патриоттық мағыналар, патриоттық сезімдер, патриоттық уәж, патриоттық тәртіп болып табылады.
<<Мәңгілік Ел>> Патриоттық актісіне сәйкес патриотизм, тұлғаның құрылымында құндылық-мағыналық қатынас ретінде үш: когнетивтік (өз халқының тарихы, мәдениеті, дәстүрін білу, мемлекеттің берекесін экономикалық іс-әрекеттері жетістігі жағдайы ретінде бағалау); тез әсерленушілік (дамыған патриоттық сезімдер, қоғамға және мемлекетке оң әсерлі көзқарас); қылықтық (әлеуметтік маңызды жобаларға, еңбек істеріне қатысу, жеке патриоттық қылық тәжірибесі) компоненттерімен ұсынылады.
Оқушылар үшін білім сабағы:
oo оқу жылында мектеп пәндерін оқу барысында тұлға мен мемлекеттің құндылықтарын біріктіруші жаңа Қазақстандық Патриотизмнің базалық құндылықтарын игеру;
oo <<Мәңгілік Ел>> жалпы ұлттық идеясына негізделген шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыру, ойды байыту, патриоттық тәрбие беру кеңістігі жағдайындағы сабақтан тыс іс-әрекеттердегі тұлғалық өсуде импульс болуы тиіс.
(Импульс - (impulsus латын сөзінен талаптану, ынталандыру) Бір мезетте іштей талаптандыру, ойдан немесе әсерден түрткі, ынталандыру.
Отансүйгіш азамат тұлғаны қалыптастыруға оқытудың аса тиімді технологиясы, қарқынды оқыту әдістерін білім беру процесіне енгізу арқылы қол жеткізіледі.
Сабақтың лейтмотиві (Leitmotiv неміс тілі - бастаушы себеп). Қазір әлемде адамзатты бүтіндей қозғап өтетіндей күрделі процестер өтіп жатыр, қалыпты қалу үшін ел мықты, бірлікте және рухани бай болуы керек. Мемлекет басшысы қазақстандықтарды этникааралық келісімді сақтауға және үкімет пен мемлекеттік ұйымдардың ғана емес, қоғамның күшін біріктіруге шақырды. Қазір бұрынғыдай емес біз бірлікте болуымыз керек. Бұл дегеніміз - Қазақстанды мекендеген барлық ұлттардың мақсаттары мен ниеттері бір.
Сабақ өткізген уақытта Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранның орындалуы, безендіруде Елтаңбаның, Тудың (плакаттар) болуы міндетті болып табылады.
Оқушылардың жеке жетістіктерін әр түрлі формада (авторлық көрме, жеке концерт, тұсаукесер, көрсету, орындау және т.б.) көпшілікке паш ету үшін жағдай жасау қажет.
Рефлексия <<мен>> - (әрбір оқушының) ойын айтуы арқылы жүргізіледі. Жазып аяқтаңдар және естірте оқыңдар:
oo Мен ... екенін бүгін білдім.
oo Мен ... туралы ойладым.
oo Мен ... екеніне тым сенімді бола түстім.
oo Мен ... екенін түсіндім.
oo Менің көңіл күйім .... екенін сеземін.

2. Сабақтың мақсаты мен міндеттері
Мақсаты - <<Мәңгілік Ел>> Патриоттық актісі контекстінде білім беру процесіне Мәңгілік Ел құндылықтарын енгізу.
Міндеттері:
Оқыту:
- Оқушылардың <<Мәңгілік Ел>> Патриоттық актісін игеруін қамтамасыз ету;
- оқушылардың (қазақстандық патриотизм, патриоттық акт, <<Мәңгілік Ел>>, азаматтық, ұқсастық, менталдық, жалпы ұлттық бірлік, жалпы ұлттық идея, қоғамдық келісім, төзімділік) ұғымдарын меңгерулеріне көмектесу;
Дамытушылық:
oo оқушылардың мәселелерді тұжырымдай білулерін дамыту, оларды шешу жолдарын ұсыну;
oo оқушылардың қатынастық мәдениетін (араласа білу, монологтік және диалогтік сөз құру) дамыту;
oo сыни ойлау, жеке, топтық жұмысты ұйымдастыру, диалог жүргізе білуді дамыту;
oo оқушылардың зияткерлік және шығармашылық тұлғалық қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік:
- <<Мәңгілік Ел>> жалпы ұлттық идеялар негізінде патриоттық тәрбие міндеттерін шешуге көмектесу;
- жаңа қазақстандық патриотизмді және белсенді азаматтық көзқарасты тәрбиелеуге мүмкіндік туғызу;
- құнды қасиеттерді: қазақ тілін құрметтеу, қазақ халқының, әр халықтың, этникалық топтардың әдет-ғұрпын, дәстүрін сыйлауға тәрбиелеу.

3. Сабақтың қорлары

Безендіру:
1. Мемлекеттік рәміздер;
2. Стенд (слайд) <<Біртұтас Болашақ Ұлт - Мәңгілік Ел>>, (Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясының фотосуреттері); <<Ұлы Дала Елi>>; <<Біз - Үлкен Елміз - Үлкен Отбасымыз>>.
3. Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне арналған салтанатты жиында сөйлеген сөздерінен үзінді. 2014 жылғы 15 желтоқсан; Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың <<Нұрлы жол - болашаққа бастар жол>> халыққа жолдауы; 2050-Қазақстан жолы: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ:
<<Халықтың өмірі әрбір келесі ұрпақпен жалғасады. Сондықтан халықтың Мәңгілігінен асқан арман жоқ. Мәңгілік Елдің бұл идеясы, ертеңгі күнге жол ашатын, болашаққа сенім артатын, мықты тұрақтылықтың символы...>>;
<<Мәңгілік Ел негізінде - қарапайым, түсінікті және әрқайсымыз үшін құнды шындық - біздің отбасымыздың амандығы, қонақжайлылығы мен еңбексүйгіштігі, тұрақтылығы, қауіпсіздігі мен тұтастығы, ертеңгі күнге сенімділік жатыр>>;
<<Мәңгілік Ел - біздің біртұтас ұлт мықты болсын !
Қазақстанның бата алған жері мәңгі жасасын!
Алға, Қазақстан!>>;
<<Біз Жалпыұлттық идеямыз - Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел - елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол <<Қазақстан 2050>> стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық Патриотизм дегеніміздің өзі - Мәңгілік Ел! Ол - барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы>>;
<<Біз, қазақстандықтар, біртұтас елміз! Біздің тағдырымыз ортақ - ол Мәңгілік Ел, біздің ұлы Қазақстан! <<Мәңгілік Ел>> - бұл біздің жалпықазақстандық үйіміздің ұлттық идеясы, ата-бабаларымыздың арманы. Жиырма бес жылдық тәуелсіз дамуымызда барлық қазақстандықтарды біріктіретін және болашақ еліміздің іргетасын қалайтын жаңа басты құндылықтар құралды. Ол аспаннан алынған теория емес. Бұл құндылықтар - Қазақстан жолындағы уақыттың тезінен өткен тәжірибесі >>.
4. Музыкалық безендіру: Классикалық және қазақтың ұлттық музыкасы, патриоттық тақырыптарға арналған аудио-бейнематериалдар; Отан және Астана туралы өлеңдер; Заманауи Қазақстанның жетістіктері туралы кітаптар және т.б.
5. <<Ұлт бірлігі - Қазақстанның экономикалық дамуының негізі>> тақырыптық көрмеге арналған материалдар: кітаптар, қазіргі Қазақстан жетістіктері туралы суреттер; экономиканың дамуына ерекше үлес қосқан белгілі адамдардың портреттері (еңбек адамдары, ғалымдар, саяси қайраткерлер, космонавтар, спорт майталмандары); өлкетанулық материал; балалардың авторлық жұмыстары; анықтамалық материалдар;
6. Бейнефильмдер топтамасы <<Мәңгілік Ел>> идеясын меңгеруге арналған иллюстрациялық материалдарды құрайтын әмбебап, көптілді білім беру платформалары;
7. Оқушылардың жеке жетістіктерінің түрлі формадағы көрінісі: (авторлық көрме, жеке концерт, презентация, көрсетілім, ел алдына шығу және т.б.).

4. Сабақтың формалары
Сабақ аясында мына жұмыс түрлерін өткізу ұсынылады:
1. 1-4- сыныптарда - саяхат- сабақ, викторина- сабақ, жарыс- сабақ, ойын-сабақ, әңгіме, көрме, сурет конкурсы, фотоколлаж, қолдан жасалған бұйымдар, музыкалық ісшаралар, фестиваль, ұжымдық шығармашылық жұмыс, бейнетурлар ( фильмдер, слайдтар, композициялар көру);
2. 5-9- сыныптарда - сынып сағаты, әдеби-поэтикалық шығарма, пресс-конференция, іскерлік ойын, викторина, конкурс, жарыс, диспут, презентация оқушы жобасы, эссе, фотокөрме, экскурсия, түрлі ұлттардың белгілі адамдарымен кездесу және т.б.;
3. 9-11- сыныптарда - сынып сағаты, рольдік ойындар, оқушылардың жобаларын қорғау, ми шабуылы, пікірталас, дебаттар, саяси сабақ, тренингтер, газет шығару, ауызша журнал, этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен, құқық қорғау органдарының, саясаттанушы-ғалымдармен, заңгерлермен, тарихшылармен кездесу және т.б.
Сонымен қатар:
сабақты заманауи интерактивтік оқыту формаларын қолданып өткізу;
психолологиялық-жас ерекшелігін, жекебас ерекшелігін, білім алушылардың дайындық деңгейін ескеру;
ән тыңдауды, патриоттық тақырыптағы бейнефильмдерді көруді ұйымдастыру;
Қазақстан тарихының, қазақ әдебиетінің материалдарын, , кинематография, публицистиканың, веб-сайт strategy2050.kz <<Қазақстан 2050>> терминологиялық анықтамалық материалдарын пайдалану және т.б.;
білім беру ұйымдарында қоғамдағы этникааралық және конфессияаралық келісім мәселелері бойынша мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, басқару органдары өкілдерінің, ҚР Парламент және маслихат депутаттарының, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан халқы мектеп Ассамблеясының, соғыс және тыл ардагерлерінің, патриоттар форумының қатысушыларының, <<Жас Отан>> жастар қанаты және т.б. кездесу ұйымдастыру, <<дөңгелек үстел>>, конференциялар, интернет-форумдар ұйымдастыру;
этномәдени бірлестіктерге, мұражайларға, мемориалдарға және т.б. қатысу ұсынылады.

1. Жалпы білім беретін, мамандандырылған, арнайы мектептерде тақырыптық сабақ өткізу бойынша ұсыныстар

1.1 1-4- сыныптарда
Сабақтың тақырыбы: <<Мен өз Отанымның патриотымын>>. 1-сыныпта <<Мәңгілік Ел>> - ол жалпы ұлттық бірлік, бейбітшілік және келісім>> деген екінші құндылығы түсіндіріледі.
Сабақтың ұсынылатын кезеңдері (тақырыптық бөлімдері):
1. Біздің Отанымыз - тәуелсіз Қазақстан.
2. Бейбітшілік және келісім.
3. Рефлексия.
4. Сабақтың қорытындысы.
Технологиялар: ақпараттық (Қазақстан бойынша видеотур), ойын.
Сабаққа материалдар.

Ұқсас жұмыстар
Күй атасы кім
Мен - өз елімнің патриотымын
Астана - Отанымыздың бас қаласы, астанасы
«ертеңім елім- елбасы !» атты патриоттық ән-би байқау сценарийі
Мен елімнің патриотымын
ТУҒАН ЖЕРІМ АСТАНА
Менің отаным - Қазақстан туралы ақпарат
"мен- елімнің патриотымын" патриоттық әндер сайысы
Біздің Отанымыз - Тәуелсіз Қазақстан
Бауырсақ ертегісінің сахналық қойылымы
Пәндер