Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Менің педагогикалық қызметім
<<Менің педагогикалық қызметім>>.
Жалпы, өмірде мамандықтар өте көп. Әр мамандықтың өз ерекшеліктері бар. Адамдар өз мамандығын өз қалауымен таңдауы керек. Себебі, әрбір адамның болашағы өз қолында. Және де сол болашақ өзіміз таңдаған мамандығымызбен тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен абыроймен, жауапкершілікпен атқарған адам өзін бақытты сезінетін болар. Мектеп табалдырығын аттағалы бері бізді жылы жүзімен және де жарқын арайымен бізді қарсы алатын да - мұғалім. Ал, мұғаліммен егіз жүретін мамандық бұл - тәрбиеші болу. Тәрбиеші жұмысы күрделі де, қызықты, әрі жауапты болып келеді. Өйткені, <<Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім, не болмаса тәрбиеші оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады>> - деп Елбасымыздың өзі айтқандай, қазіргі кезде тәрбиеші-ұстаз баланы жан-жақты етіп, танымдық қабілеттерін дамыта алу қажет. Бала тәрбиелеуде тәрбиешінің маңызы зор, себебі, баланың психологиясын, мінезін, санасын, даралық ерекшеліктерін толығымен зерттеуге тиіс.
Тәрбиешілік қызметтің негізгі міндеті -- жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға - тәрбиеші. Тек мықты тәрбиеші ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады.
Менің ұғымымда баламен жақын да, дұрыс қарым-қатынас орнатуда төмендегі бірнеше ұстанымдарды ұстануымыз қажет деп ойлаймын.
Біріншіден, тәрбиеші шәкірттеріне жақсы нәрселерді, адамгершілікті ұғындыра білу қажет. Алдымыздағы әрбір бала қайталанбас бір ғажайып әлем десек, сол зерттелмеген таза құпияға терең үңіліп, баланың басқаға ұқсамайтын ерекше қасиеттерін тану, оның жүрегіне, жандүниесіне жол таба білу - біздердің, тәобиешілердің бұлжытпас борышымыз.
Екіншіден, ең бастысы, тәрбиеші шын мәнінде баланы жан тәнімен беріле сүюі керек. Алдымен рухани қуат беруі керек. Мейірімділік, шыдамдылық, кешіре білу, баламен тең жағдайда сырласу, оның мүмкіндіктеріне сену, ойын әрқашан құлақ қоя тыңдау тәрізді қасиеттері арқылы ғана мұғалім өз мәртебесін көтере алады.
Үшіншіден, балаға үнемі қолдау көрсету - үлкен мәнді, ізгі ұстаным. Оның астарында не бір қағидалар бар: баланы жақсы көру, оның адами өмір сүру ортасын шама жеткенше ұйымдастыру, баланың бойынан өзінің балалық шағын зерделі көзбен көру.
Төртіншіден, тәрбиеші әр оқушының мінез-құлқын, көз қарасын, талғамы мен әдет дағдыларын зерделеп, әр баланың өз шамасына сай дамуын қамтамасыз ететін тәрбие сағаттарына бейімдеу қажет. Бұл сағаттар - ғибратты да әсерлі болуы тиіс- ақ.
Бесіншіден, алға қойған мақсаттарға кедергі келтіретін себептерді дер кезінде айқындап, оның алдын алу немесе болған жағдайларға сәйкес тәрбие бағдарын жедел өзгерту, баланың өз белсенділігіне көбірек сүйену - тамаша нәтижелер береді. Ұстаздың асыл да ауыр еңбегінің мұраты сонда ғана ақталады. Мен осы айтылған ұстанымдарды ұстануға тырысып, бар күш жігерімді, білімім мен білігімді жылдар бойғы тәжірибемді жұмсап келемін. Егер де қолым өз еңбегіммен нәтижелерге жетіп жатса, соның арқасы деп білемін.
Және де тәрбиешінің өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, терең білімі, айқын қойылған мақсат жолындағы ізденіске толы еңбегі - бала жүрегіне жол табар - қыл көпір, міне осы деп, көп жылғы еңбегіме сүйеніп толық айта аламын.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz