Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Менің күн тәртібім

Күні:.........................
Мектебі: ....................
Сыныбы: .......................
Сынып жетекшісі:............................
Машықкер: .......................
Сабақтың түрі: Интерактивті тақта,видеолар,көрнекіліктер.
Тәрбие сағатының тақырыбы: <<Менің күн тәртібім >>
Тәрбие сағатының мақсаты:
1. Оқушыларға күн тәртібі туралы түсінік беру.
2. Оқушылардың ой-өрісін дамыту, ойын дұрыс жеткізе білуге дағдыландыру.
3. Уақытты үнемдей білуге жетелеу, татулыққа,шыдамдылыққа баулу.
Тәрбие сағатының әдісі : Инфросабақ
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Тақырып бойынша суреттер,тақтаға арналған безендірулер,сиқырлы қобдиша,сағат.
I.Сабақтың басы:
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлеметсіңдер ме,балалар!Көңіл күйлерің қалай?Бүгінгі сабақты өткізетін мен ...............................Ал,балалар сабағымызға дайын болсаңдар бастайық.

<<Құпия қорап>> қораптың ішінен бір дыбыс шығады. Оқушы сол дыбыс арқылы естіген дыбысты хормен дыбыстайды және сағат екенін айтады. Сағат не үшін керек екенін айтады.
Жұмбақ жасыру <<Уақытты өлшеп, санап, таппайды бір тағат.
Қораптағы сағатты алып шығып,
Бұл не үшін керек деп ойлайсыздар?
Сағаттың көмегімен нені өлшейді?

1.Тақтада <<КҮН>> сөзі ілініп тұр. Ал, <<Т, Ә, Р,Т,І, Б, І>> әріптерін алдыларына тастап содан сөз жинау. Күн тәртібі сөзі хормен оқыту.
2. Оқушылар суретке қарап Асланның күн тәртібі туралы әңгімелеп беру.

3.<<Күн тәртібі>> туралы видео көрсету.
Мұғалімнің сөзі.
Күн тәртібі - бұл тәулік бойы қызмет пен демалыстың барлық түрлерін тиімді бөлу. Күн тәртібін сақтайтын адамдар көбірек іс тындырып,аз шаршайды. Күн тәртібі адамды ұқыптылыққа, тәртіптілікке, жауапкершілікке үйретеді. Бұған әйгілі адамдардың қызмет жетістіктері дәлел болады. Мысалы: қазақтың алғашқы теміржолшы-инженері Мұхаметжан Тынышбаев (1879 ж. 12 мамыр - 1937 ж. 21 қараша);ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров (1946 ж. 27 шілде) және Талғат Мұсабаев (1951 ж. 7 қаңтар); зілтемірші Илья Ильин (1988 ж. 24 мамыр) - екі мәрте олимпиада чемпионы (Пекин - 2008,Лондон - 2012). Оқыған және жұмыс істеген жылдары олар жұмыс және күн тәртібін сақтауға үйренді, соның нәтижесінде үлкен табыстарға қол жеткізе алды.
II.Сабақтың ортасы:
4. Жеке жұмыс:
Қай оқушы күн тәртібін сақтайтынын айтқызу.
Күн тәртібі не үшін қажет әңгімеліп бер.
Үштілділікті пайдалану.
Таңертең- утро-...morning
Күн- день- day
Кеш - вечер -.... evening
5.Менің демалыс күнім.
Аптаның қай күндерінде қайда баратынын
сұрау.(мысалы,паркке,кинога,серуендеуге)
Сергіту сәті: <<Көңілді күн>> видео көрсету.
Өз күн тәртібіңді айтып бер:
Мен cағат ____________тұрамын.
Беті-қолымды__________________
Тісімді жақсылап ________________
Сосын таңғы асты________________
Мектепке сағат__________________
Сабақтан сағат_________________
Үйге сағат ___________________
Түскі асымды _________________
Демалып біраз __________________
Содан ертеңгі сабақты _______________
Сағат___________ ұйықтаймын.

Мен cағат ___________тұрамын.
Беті-қолымды__________________
Тісімді жақсылап ________________
Сосын таңғы асты________________
Мектепке сағат__________________
Сабақтан сағат_________________
Үйге сағат ___________________
Түскі асымды _________________
Демалып біраз __________________
Содан ертеңгі сабақты _______________
Сағат___________ ұйықтаймын.

Сен білесің бе?
Дүниеде не тәтті? (Ұйқы)Оқушыларға <<Ұйқы не үшін керек?>> деген сұраққа жауап береді.
Әр топ ретімен өздерінің күн тәртібінен коллаж құрастыру.

III. Сабақтың соңы:
Сабақтан алған әсерлерін анықтау

Толықтыру қажет Ақпарат алдым
Балалар сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?
Егер сабақ ұнаса,бас бармақ әдісін қолдану арқылы,анықтайық.
Тамаша!
Балалар сендер бүгінгі сабаққа белсене қатыстыңдар.Өздерің ақылды,әрі әдемі сынып екенсіңдер!Бүгінгі сабақта сендер күн тәртібі туралы көптеген мәліметтер алдыңдар.Енді әрдайым өз күн тәртіптеріңді қадағалап жүріңдер.Мен өз сөзімді қорытындылай келе,Қазақстан Республикасының ақылды әрі үлгі тұтар азаматтары мен азаматшалары болып өсе беріңдер.Сау болындар!

Әдіскер:
Мұғалім:
Баға:

Ұқсас жұмыстар
Сабақтан кешікпеу
Ұзартқын келсе ғұмырды, таста шылым мен арақты
Жүйке жүйесінің құрылысы, маңызы. Жұлынның құрылысы мен қызметі
Тіл дамыту Отбасы сыйластығы
Топқа мұғаліммен бөлу
Ағылшын тілінен тереңдетілген оқу бағдарламасы. 8 сынып
Қазақ тілін оқытуда жиі қолданылатын педагогикалық әдіс - тәсілдер
Диктант Демалыс орындары
Сыныптан тыс жұмыстарының талаптары
Ана - күннің шуағы
Пәндер