Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сыныпты топқа бөлу

Сабақ
Мектеп: №1

Күні :
Мұғалім есімі: Мекишева С.К.
Сынып 9
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы
Өз тіліңді құрметте

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың тілге деген қызығушылығын ояту. Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мәдениетін көтеру; Сөздерді, мақал-мәтелдерді орынды қолдана білуге үйрету.
Күтілетін нәтиже
Оқушылардың тіл туралы ой-белсенділігі дамиды, шығармашылық ізденіске бағытталады, ізденімпаздық қасиеттері артады, сөз еркіндігі дамиды

Түйінді идея
Патриоттық тәрбие беру, қазақ тілін жетік білуге, ұлтжандылыққа баулу
Сабақтың типі
Жаңа сабақ
Сабақтың түрі
Пікірсайыс сабағы
Көрнекілігі
Интербелсенді тақта, даналық сөздер, ақ қағаз, маркерлер
Пәнаралық байланыс
Әдебиет, орыс тілі, ағылшын тілі
Алдыңғы оқу
Ұлы тұлғалардың тіл туралы айтқан даналық сөздерін жаттау.
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жаттығулар

Басталуы10 мин

Алдыңғы оқу

<<Ми шабуыл>> әдісі
Ойқозғау
І. Ұйымдастыру
Амандасу, оқушыларды түгелдеу, барлық зейіндерін сабаққа аудару
2.Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
3. Сыныпты топқа бөлу: Мақал-мәтелдердің бөліктерін құрастыру арқылы. 4. Мұғалім сөзі:
Тіл - қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс.
Құрметті ақынымыз Қадыр Мырзалиев:
Ана тілің - арың бұл Ұятың боп тұр бетте Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте - деген тұжырымы бұл. барлығымызға қойылатын талап. Осы мақсатта бүгінгі сабағымыздың тақырыбын да осы тілге байланысты.
Мен сендерге үйден осы ана тіліміз туралы біздің ақын жазушыларымыздың нақыл сөздерін біліп келіңдер деп тапсырма бергенмін.

5.<<Миға шабуыл>>
Әр топқа сөзжұмбақ дайындау
1 топ Тәуелсіз 1 топ Қазақстан
1.Ғарышкер аты 1.Көмір өндіретін қала?
2. <<Отец>> сөзінің аудармасы 2.Ел ордасы
3.Екінші Швейцария 3.Оңтүстіктегі қала
4.Халық сөзіне синоним 4.Мұнай елі
5.Ең қымбат металл 5.Мемлекеттік тіл
6.Солтүстік неге бай? 6. Шығыс қала
7.Адам сөзінің синонимі 7.Апорт алмасы бар қала
8.Сенің Отаның 8.Ең қымбат металл
9.Сенің Отаның

Оқушылар өздері білетін ұлы тұлғалардың сөздерін айтады.

Топпен жауап береді.
Ортасы20 мин

5.<<Ой қозғау>> әдісі бойынша <<Өз тіліңді құрметте>> дегенді қалай түсінесіңдер?

6.<<Қазақшаңыз қалай?>> әдісі бойынша қазақша сөйлету.
1) Өзің туралы
2) Үшарал қаласы туралы
3) Қазақстан туралы

2.Топтық жұмыс
<<Мақал- сөздің мәйегі>>
Суреттегі көрініс бойынша мақал-мәтел құрау.

3.<<5.5.1.>> әдісі арқылы тақырыпқа байланысты 5 сөйлем жазады. Кейін негізгі 5 сөзді таңдайды және 5 сөздің ағылшынша ,орысша , қазақша аудармаларын айтады.Соңында ең негізгі 1 сөз қалтырады.

Өз ойларын ортаға салады

Сыныптағы өзге ұлт өкілдері қазақша әңгімелеп береді.
Әр топқа сурет беріледі, сол бойынша мақал-мәтелдер құрайды
Сергіту сәті: Ой сергіту сұрақтары 5мин
<<Сөз тапқанға қолқа жоқ>> Сұрақтар беріледі, жауабы алған әріптен басталуы керек.
Ә,ө,ұ,ү,ы,і,қ,е,р,а, д
1. Қай қалада тұрасың?
2. Сенің сүйікті әншің?
3. Қандай тағамды ұнатасың?
4. Сыныптағы досыңды ата?
5. Жасын нешеде?
6. Сынып мұғалімінің аты?
7. Сен озат оқушысың ба?
8. Математика пәні саған ұнай ма?
9. қандай мамандықты қалайсың?
10. Кімге ұқсағың келеді?
11. Сүйіп оқитын кітабың?
12. Жазғы демалысты қалай өткіздің?
13. Қазақстанның астанасы?
14. Парта неден жасалады?
15. Қардың түсі?
16. Сүйікті тағамын?
17. Қандай гүлді ұнатасың?
18. Мектепке немен келесің?
19. Күзде ауа райы қандай?
20. Сыныптағы ең сұлу қыз?
21. Алматы қандай қала?
22. Қыс айы немен ұнамсыз?
24. Сен қандай оқушысың?)
Топ мүшелері өздеріне қойылған сұраққа берілген әріп бойынша жауап береді.
Аяқталуы10 мин

1.<<Сана сая жолы>> тәсілін қолдана отырып <<Үш тілді меңгеру туралы сенің ойың>> пікірталас туғызу.

2.<<Білдім>>, <<Білемін>>, <<Білгім келеді>> әдісі
бойынша сабақты қорытындылау
Екі топ бір-біріне қарама-қарсы сызық бойына тұрып,пікірлерін білдіреді
Парақшалар таратылып, сол бойынша жауап береді.
Үйге тапсырма
<<Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте>> эссе жазу
Күнделіктеріне жазып алады.

Бағалау
Критерий арқылы бағалау
*
Рефлексия

Сабақтан көрініс

Ұқсас жұмыстар
7.1.Процент
Компьютерлік графика туралы ақпарат. 8-сынып
Туындыны табу ережелері
Тапсырмалармен таныстыру
Ақпаратты сығу
Ақпараттың қасиеттері
Ақпаратты өңдеу тәсілдер
АКШ ЖКШ
Word мәтіндік редакторында практикалық жұмыс
Сұрақтарға жауап беру
Пәндер