3-сынып: Көктем тақырыбы бойынша сөздік қор мен ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту

Пәні:

Қазақ тілі

Күні 10. 05. 2012
3сынып
Пәні:Қазақ тілі: Сабақтың тақырыбы
Күні 10. 05. 2012: Көктем
Пәні:Қазақ тілі: Жалпы мақсаты
Күні 10. 05. 2012: Сөздік қорын байыту, ауызекі сөйлеу тілін, есте сақтау мен сын тұрғысынан ойлауды дамыту, лексикалық минимумдарды қатыстыра отырып, қысқаша сөйлеу әрекеттерін қалыптастыру, сабақты бекіту барысында алған білімдерін одан әрі жетілдіру
Пәні:Қазақ тілі: Сілтеме
Күні 10. 05. 2012: Жоспар. Оқу бағдарламасы
Пәні:Қазақ тілі: Оқу нәтижесі
Күні 10. 05. 2012:
  • Бірлесіп жұмыс істейді және талқылайды.
  • Сұрақтар арқылы ой өрісін дамытады.
  • Меңгерген лексикалық бірліктерді қолданып, өзара сөйлесе алады.
Пәні:Қазақ тілі: Негізгі идеялар
Күні 10. 05. 2012:

Миға шабуылға арналған тапсырмаларды орындау балалардың ойлау қиялын дамытады.

Өзгені тыңдай отырып ой қорыта білуге машықтанады.

Пәні:Қазақ тілі: Тапсырма лар
Күні 10. 05. 2012:

1. Ұйымдастыру

2. Үй жұмысын тексеру

3. Жаңа сөздермен таныстыру

4. Бекіту

5. Қортындалау

6. Бағалау

3сынып:
  • Топқа бөліну
  • фонетикалық жаттығу
  • «Түртіп алу»
  • Айтылым, оқылым, тыңдалым, жазылым
  • Рефлексия «Гүлдер алаңы»
Пәні:Қазақ тілі:

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім мен оқушы сабақ барысында немен айналысады?)

Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, аман-саулық сұрау, оқушыларды сабаққа даярлау, шаттық шеңбері . Сыныпта жақсы көңіл-күй орнатамын. - 3 мин

2) Фонетикалық жаттығулар (дыбыстардың айтылу ерекшеліктерін тексеру)

Ақылды тақтамен жұмыс.

Қане, балалар, енді сендердің қазақша әріптерді қаншалықты нақышына келтіріп айтатындарыңды тексеріп, көрейін. Қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталаймыз. Сосын мұғалім сұрақ қояды, балалар жауап береді.

1-ші топтың оқушыларына - Қозы қалай маңырайды? (мә-ә-ә-ә)

2-ші топтың оқушыларына - Бұзау шөлдеп тұр. Не дейді? (мө-ө-ө)

3-ші топтың оқушыларына - Тауық не дейді? (құт-құт-құт) 1 мин

Ал, енді барлығымыз хормен жауап берейік. - Сендерді аналарың қалай аймалайды? (құлыным-құлыным)

ІІІ - Жаңа сабақ барысы- 25 мин

2) Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру кезеңі. Кез-келген сабақты тақырыптың атын, затын түсінуінен, осы процесс бойынша оқушы не біледі, не айта алатындығынан бастаймын. Осы кезеңде « Түртіп алу» әдісін қолданамын.

-Өткен сабақтар бойынша қандай көкөністерді білесіңдер? (аттарын атау)

-Суретпен жұмыс.

-Ойын ойнату: «Менің қолымда не бар?»

-Балалар, енді, менің сұрағыма жауап беріңдерші?

-Олар қайда өседі?

-Бақшада.

-Адамдар көкөністерді қашан және қай жыл мезгілінде егеді?

-Көктемде. Дұрыс, балалар, жарайсыңдар.

- Қане, енді балалар мына суретке қараңдаршы. Жылдың неше мезгілі бар?

(жаз, күз, көктем, қыс)

- Қазір қай жыл мезгілі? (көктем)

- Ал, ендеше, балалар, біз бүгін осы көктем мезгілі, көктем айлары туралы айтып, жазып үйренетін боламыз.

- Ал, сендердің мақсаттарың қандай? Біз сабақта оқимыз, жазамыз, сұраққа жауап береміз, ойнаймыз. Жақсы, балалар. Ендеше, біз жаңа сабағымызды бастаймыз.

2) Суретпен жұмыс.

Жаңа сөздермен жұмыс . Айтылым.

көктем келді бәйшешек

қар ериді мереке

қызғалдақ күн жылы

МЕРЕКЕ КӨКТЕМ КЕЛДІ ҚАРЕРИДІ

Оқылым, тыңдалым. Мәтінмен жұмыс (бірінші мен оқимын, хормен оқимыз, жеке оқимыз)

Көктем келді. Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр. 8 наурыз - аналар мерекесі. Көктемде қар ериді. Күн жылынады. Құстар ұшып келеді. Біз ағаш егеміз. Көктемде бәйшешек, қызғалдақ гүлдейді.

Сұрақ-жауап:

-Балалар, сонымен, көктем айлары қандай екен?

-Қандай мереке болады?

-Дұрыс, жарайсыңдар.

-Қане, енді, балалар, орнымыздан тұрайық,

-Бір демалып алайық!

Сергіту сәті: Жадыраған күндейміз, күндейміз!

Жайнап өскен гүлдейміз, гүлдейміз!

Тұнық таза ауамыз, ауамыз!

Сылдыраған сумыз біз, тазамыз, тазамыз!

Сабақты бекіту:

Дәптермен жұмыс. Жазылым.

Дәптерімізді ашайық,

Қолға қалам алайық.

Салақтықтан қашайық,

Әдемі етіп жазайық!

Дәптерімізді ашып, бүгінгі күн жадын жазамыз. Енді кәртішкемен жұмыс жасаймыз. Мына сөйлемдерді оқып, қарамен жазылған сөздерді дәптерлеріңе көшіріп жазыңдар.

Топпен жұмыс: әр топқа 4 сөзден таратып беремін, олар сол сөздерге мысалдар келтіріп, сөйлем ішінде қолдана білулері қажет. 10 мин

Болған топ тақта алдында қорғайды.

Сабақты қорытындылау. 5 мин

Ассоциация құрастыру .

  • Балалар

Ұқсас жұмыстар
Ашық сабақ: Бассейнде - 1А сынып. Сөздік қор мен сөйлеу дағдыларын дамыту
Қазақ тілі сабағы: Қыс тақырыбы - грамматикалық ережелерді пысықтау және ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту
How are you feeling? тақырыбындағы сабақ жоспары: денсаулыққа қатысты сөздік, грамматика және ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту
Аялы алақан: табиғатқа қамқорлық пен ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту
Үйшік ертегісін балабақшада сахналау: сөздік қор, сөйлеу және әлеуметтік дағдыларды дамыту
7-сынып: Музыка - ұлттық және шетелдік әндерді салыстыру арқылы ауызекі сөйлеу мен Past Perfect дағдыларын дамыту
Менің атам: сөздік қорын байыту мен байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту
3-сыныпқа арналған Ойлан, тап! тақырыбы: уақытты түсіну мен сөздік-оқылым дағдыларын дамыту сабағы
Буынға бөлу арқылы сөздік және сөйлеу дағдыларын дамыту (ертегі сабақ)
Мен және менің отбасым: отбасы мүшелерінің атауларын меңгеру және ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz