Тәрбие жұмыс жоспары

№41 жаратылыстану - математика бағытындағы мектеп-лицейі
Тәрбие жұмыс жоспары
6 «а» сынып жетекшісі:
Казиханова Жазира Бейсембайқызы
2014-2015 оқу жылына арналған
2013-2014 оқу жылы бойынша мектептің жұмыстану тақырыбы
«Білім беру мен тәрбие үдерісінде инновациялық технологияларды ұштастыру арқылы мұғалім құзыреттілігін дамыту»
Мақсаты:
Тәрбиенің мақсаты - мектеп жасына дейінгі балалардың және білім алушылардың Қазақстан Республикасының азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуы мен өз-өздерін танытуларына, әлеуметтенуіне, болашақ мамандық иесі болып, кәсіби, интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау.
Міндеттері:
- Білім беру ұйымдарында денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту;
- Балалар мен жастарды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу;
- Қоғамда орнықты қалыптасқан дәстүрлер негізінде этникалық және діни толеранттылықты тәрбиелеу;
- Отбасылық тәрбие жүйесін қайта жандандыру және отбасын білім беру мекемелерінің тәрбие жүйесіне араластыру.
Сынып жетекшінің зерттеу тақырыбы:
«Оқушылардың ұлттық-тарихи, мәдени құндылықтарын қалыптастыру»
Мақсаты: Оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу, өз елінің, жерінің тарихи дамуын, тарихи құндылықтарын білуге, жерін сүюге тәрбиелеу.
2013-2014 оқу жылының тәрбие жұмыс жоспарының бағыты
Азаматтық-патриоттық, құқықтық және көпмәдениеттік тәрбие
Гуманизмге, қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге, оның таңдаулы дәстүрлерін сақтауға және оны дамытуға, Қазақстанның басқа халықтарының мәдениетін зерттеу және игеруге негізделген азаматтық ұстанымды және патриоттық сананы, құқытық және полимәдениетті, қалыптасқан ұлттық өзіндік сананы, ұлт аралық мәдени қарым-қатынасты, әлеуметтік және діни төзімділікті қалыптастыруы тиіс. Патриоттық тәрбие беруде мазмұны мен әдіс-тәсілдер мен оқу тәрбие құрылымының өзара іс-әрекеттік негізінде деңгейін көтеру.
Рухани - адамгершілік тәрбие
Рухани-адамгершілік тәрбиесі өзіндік сананы дамытуға жағдай жасайды, жеке тұлғаның әдеп-ұстанымын, оның қоғам өмірініңнормалары мен дәстүрлерімен келістірілген моральдық қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды. Рухани-адамгершілік құндылықтар мен білім жүйесін дамытып қалыптастыру. Кәсіптік және адамгершілік әдептерге байланысты білімдерді оқу, өндірістік және қоғамдық іс-әрекеттерде іске асыру.
Отбасы тәрбиесі, отбасы қатынасы мәдениетін қалыптастыру
Отбасы тәрбиесі адамдар арасындағы оңтайлы және эмоционалды көңіл-күй қарым-қатынасы арқылы адамгершілік, рухани және гуманитарлық құндылықтарға басымдық беруде әлеуметтік-тарихи тәжірибені таратудың анықтаушы құрамдас бөлігі болып саналады. Тәрбиеленушілердің санасында дәстүрлі ұлттық және моральдық құндылықтар жандандыру отбасы негізінде қалыптастыруды ұялату.
Тұлғаның өзін-өзі тануға, өзін-өзі дамытуға деген қажеттіліктерін қалыптастыру
Өзін-өзі тану жастарға қоршаған ортаны түсінуг, оған өзінің қатыстылығын саналы сезінуге, қоршаған ортаға өзінің көзқарасын жалпы азаматтық құндылық ұстанымында жүйелеу, өзінің өмірлік ұстанымын анықтауға көмек беру үшін қажет. Өз өзін-өзі тану өзін дамытудың, жеке тұлғаның дербес белсенділік көрсетуінің, өзінің қабілеті мен әлеуметтік мүмкіндігін ашудың қажетті шарты болып табылады. Адам - адам, адам - қоғам, адам - техника, адам - табиғат жүйесіне терең білім қалыптастыру. Өзін-өзі тану нәтижесінде адам өзінің дербес өсу және өзін-өзі жетілу қабілетіне ие болады. Сөйтіп, адам толысуын, өмір рахатымен оның мәнін жете түсінеді.
Әлеуметтік мәнді және жеке сапаларын қалыптастыру
Әлеуметтік - мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру тұлғалық қасиет әлеуметтік қарым-қатынса жүйесінде өзіне тән тәртіп стилі, шығармашылық пен дербестікті дамытуға, қоғамдағы өзгерістерден дереу және терең әсер алу, белсенді өмір ұстанымында болуға ықпал жасайды.
Коммуникативтік мәдениетін қалыптастыру
Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру тәртіп қағидасын анықтайды, құндылықтар жүйесін, идеаларды, нормаларды айшықтайды және шығармашылық қызметте өзінің дербестігін көрсетуде қарым-қатынасты ұйымдастыруға, байланысты орнатуға, оларды дамытуға, келісуге, тәртіпке келтіруге және түзетуге көмек береді.
Экологиялық тәрбие және табиғатты қорғау қызметі
Экологиялық тәрбие адамның бойына табиғатқа әдепті көзқарастың және оған қарым-қатынастың қалыптасуы мен дамуын, табиғи ресурстардың жағдайына жеке жауапкершілік сезімін және адамдардың олармен парасатты іс-әрекеттерін болжайды. Экологиялық тәрбиенің негізі алдымен, қоршаған ортаны және халықтың денсаулығын қорғауды, елімізде экологиялық жағдай туралы халықтар ақпаратпен қамтамассыз етуді көздейді.
Эстетикалық тәрбие
Эстетикалық тәрбие рухани-адамгершілік құндылықтарды әсемдік арқылы, көркем мәдениет арқылы, халықтар мен дәуірлердің әлемдік көркем құндылықтары арқылы, ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтарын зерделеу арқылы қалыптастыруды көздейді. Адам бойында қазіргі кезең дамуының маңызды міндеттері болып саналатын өнер құралдары арқылы анағұрлым жоғары сана-сезім, тұжырымдамалы ойлауға қабілетті, әлемді тұтас бағамдай білетін, өзінің дербес шығармашылық қызметімен әлемдік құндылықтар туралы танымын толық іске асыратын, ұжымда жұмыс істеуге бейімді, мәдениет әлемінде және адамдармен қарым-қатынасты қалыптастыру.
Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтының денсаулық сақтау ортасын қалыптастыру Дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын және денсаулық қорғаушы орта қалыптастыру жастардың бойына психикалық тұрақтылықты және тиімді кәсіби қызмет қажеттілігін қамтамассыз ететін салауатты өмір салтын дарыту мен жеке тұлғалық сапаны қалыптастыру мақсатын қояды. Салауатты өмір салтын қалыптастыру адам ағзанысының мүмкіндіктерін, оның қызметінің ерекшеліктерін болжау, адамның физикалық, психикалық және рухани саулығының өзара байланысы, сондай-ақ, тәрбиеленушілерді сан алуан спорт түрлеріне тікелей қатыстыру жолымен ағартушылық және ақпараттық түсіндіруші жұмыс барысында жүзеге асырылады.
Еңбек және экономикалық тәрбие
Оқушыларды осы замандағы техника, технология және өндірісті ұйымдастыру жалпы еңбектің ептіліктерімен дағдылар, еңбекке деген жауапкершілік қатынаспен психологиялық дайындық еңбектенуге деген ықылас - ниет, еңбеккерлерге сый - құрмет сезімін қалыптастыру.
Нарықтық заман аймағында бағыт-бағдар алып жүруге қабілетті әрі өз іс-әрекеті мен қызыметін экономикалық тұрғыдан үнемді де тиімді іске асыра білетін тулға қалыптастыру. Негізгі экономикалық ұғымдарды, категорияларды, заңдар мен процестерді меңгеру, табыскерлікті, жауапкершілікті, өзіндік дербестік дамыту.
Кәсіби - шығармашылық тәрбиесі
Кәсіби шығармашылық тәрбиесі кәсіби және жеке құзіреттілік көзінің мәнін қылптастыруды және т. б. қосымшаларын білу, білім алушылардың дәстүрлі және кәсіби қауымдастық құндылықтарын игеру, ұжымдық мәдениет пен кәсіби әдеп нормаларын сақтауын болжайды.
Интеллектуалдық мәдениетті дамыту
Интелектуальді мәдениетті дамыту білім алушылардың белсенді ойлау қызметінің дамуын, негізгі құндылықтарды және осы заманғы ғылыми дүнитанымды қалыптастыру, олардың сана-сезімінің сенімді және қажетті біліммен толығуын, ақыл-ой қабілеті мен білімге құмарлығын дамыту.
Сыныпқа мінездеме
Сынып - 6 «a»
Ұлты - қазақ
Сыныптың мақсаты - «Ел болашағы - білімді ұрпақ»
Сынып оқушыларының ұстанымы - «Адам баласының жаман құлқы - жаратылысынан емес, өскен ортада көрген үлгі өнегесінен»
Оқушы саны - 22
Ұл - 8
Қыз - 14
Сынып оқушылары ұйымшыл, қайда болсада бірге жүреді, не нәрсені де бірігіп жасайды. Сонымен қатар сыныпта өнерлі оқушылар өте көп. Ән салып, би билеп, домбыра тартатын, өлең шығаратын. Мысалға, Алтаева Жұлдыз бен Рогова Айнур домбыраға, Каташева Зарина, Қосдаулетова Дильназ, Рогова Айнур, Тулаган Жанель би үйірмесіне, Мақсотова Дильназ бен Кулимбаева Малика қандай шара болсада сахынадан түспейді, фортопиано мен қобызда ойнайды. Жалпы сыныптан тыс шараларға белсене қатысады.
Сынып оқушыларының сабақ үлгерімін жалпы алғанда орташа деңгейде. 8 оқу озаты, 5 оқу екпіндісі. Сынып белсенділері - оқу секторы, мәдениет, тазалық, шаруашылық секторы және редколегия мүшелері де өз жұмыстарын тиянақты атқарады. Староста Рогова Айнура. Ол оқушыларды әруақытта ұйымшылдыққа шақырып, бастарын қосып жүреді. Ал оқу секторы сабақ үлгерімдерін қадағалап қарайды.
Оқушылардың тең жартысы сыныптан тыс шараларға, соның ішінде үйірмелерге белсене қатысады. Олар: Исатаев Рустам мен Темирханова Фариза «Жайық самалы» бассейн орталығына суда жүзу; Каташева Зарина «Ардэнс» хореграфиялық мектеп балет биі; Кулимбаева Малика №2 Музыкалық мектепке фортопиано; Мақсотова Дильназ Д. Нүрпейісова атындағы №1 саз мектебіне музыка, қобыз; Рогова Айнур Мұз спорт сарайы - мұзда сырғанау мен шоттрек; Сарсекенов Абдулазиз «Динамо» Ақжайық спорт клубы - футбол; Суиндикова Алина №2 Қапан Мусин атындағы саз мектебі.
Оқушылардың еңбек қатынасына деген ынта - жігері жоғары. Сыныптағы шаруашылық секторы сынып бөлмесіндегі мектеп мүлкіне үлкен жауапкершілікпен қарайды. Сыныптағы оқушылардың бір біріне деген қарым - қатынасы өте жақсы, бір - бірімен өте тату, қиыншылық кезде бір біріне қол ұшын беруге әзір тұрады. Мектептің қоғамдық жұмыстарына әр уақытта топпен бір кісідей атсалысып қатысып, тапсырылған жұмыстарды уақытында, тиянақты, үлкен жауапкершілікпен атқарады. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете біледі. Ұл балдар мен қыз балдардың өзара қарым - қатынастары да айтарлықтай жақсы. Ұл балдар әр уақытта қыз балдарды силап, оларға құрмет көрсетіп, көмектесіп тұруға әзір. Сол сияқты қыздарда өзкезегінде ұлдарға көмектерін аямайды. Оқушылардың мұғалімге деген көзқарасына тоқталатын болсам, оқушыларда ол жағынан құрмет тұтады. Әр пән мұғаліміне тіпті кез - келген мектеп мұғаліміне ілтипатпен қарайды.
Сабаққа деген қызығушылықтары жоғары. Олар мұғалімдерге әртүрлі сұрақтар қойып, жаңа тақырыпты толық меңгергілері келеді. Сабаққа оқушылар дайындықпен келіп, жаңа сабақты үлкен зейін қойып тыңдайды. Ата - аналарға келетін болсам, олар сынып өміріне белсенді қатысып отырады. Мектептен қатынастарын үзбейді, көмектерін аямайды.
Оқушылардың тәртіпсіздігі байқалмайды, әрбір оқушы өздеріне тапсырылған жұмыстарды уақытылы орындауға тырысады. Еш себепсіз сабақ қалдырмайды. Қосымша сабақтардың өздерінде қалдырмай, үнемі ізденіс үстінде жүреді. Түсінбеген сұрақтарын біліп алуға тырысады. Бірінің білмегенін бірі айтып үнемі көмектеседі.
Болашақта бұл оқушылардың біреуініңде артта қалмай, бәрінің де үлкен - үлкен азаматтар мен азаматшалар болып, еліне пайда келтіреріне және жетістіктерге жетеріне сенімдімін.
Сынып төлқұжаты
І бөлім: Сынып жетекшісі туралы мәлімет
- аты-жөні: Қазиханова Жазира Бейсембайқызы
- туған жылы, күні, айы: 1991. 13. 07
- білімі: жоғары, М. Өтемісов атындағы БҚМУ
- мамандығы: тарих пәнінің мұғалімі
- санаты:
- еңбек өтілі: 1 жыл
- Тәрбие жұмысының проблемалық тақырыбы:
«Ұлттық тәрбие негізінде қоғамға бейім жан-жақты тұлға қалыптастыру, отбасымен біріккен жұмысты ұйымдастыру»
- Тәрбие жұмысының ұстанымы:
«Жылы ұяда өскен баланың ертеңі де жылы»
- Сыныптың проблемалық тақырыбы:
«Ұлттық тілді, туған өлке тарихын және мәдениетін жетік білетін қоғамға бейім шығармашыл, қабілетті тұлға тәрбиелеу»
- Сыныптың ұстанымы:
«Адам баласының жаман құлқы - жаратылысынан емес, өскен ортада көрген үлгі өнегесінен»
- Тәрбие сағатының өту күні:сенбі
ІІ бөлім: Сынып оқушылары туралы мәлімет
- сынып: 6 «а»
- ұлты: қазақ
- оқушы саны: 22
- білім сапасы: 85
- тәрбие деңгейі: 100
ІІІ бөлім: Ата-аналар туралы мәлімет
- отбасы саны: 22
- ата-аналар саны: 41
- соның ішінде толық отбасы: 22
- толымсыз отбасы: 1
- жалғыз басты ана: 1
- жалғыз басты әке:
- зейнеткер:
- мүгедек:
- жұмыс жасайтындар: 38
- жұмыс жасамайтындар: 3
Сынып оқушыларының статистикалық көрсеткіштері
Сынып оқушыларының партада орналасу реті
Оқушылардың туған күндері туралы мәлімет
(2003жылғы - 13, 2002 жылғы - 11, 2004 - 1)
Сыныптың әлеуметтік паспорты
6 «a» сыныбының әлеуметтік паспорты
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz