8-сынып: Сандарды санау жүйелері арасында ауыстыру (ондықтан екілік, сегіздік және оналтылыққа)

№3 сабақ 8 сынып

Сабақтың тақырыбы: Сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру.

Сабақтың мақсаты:

  1. Сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыруды үйрету.
  2. Оқушылардың пінге деген қызығушылықтарын және компьютермен жұмыс жасауды үйрету.
  3. Оқушыларды ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : жаңа сабақ. .

Әдісі: Түсіндіру, сұрақ- жауап.

Сабақ көрнекілігі: ДК, слайдттар, тапсырмалар.

Сабақтың барысы:

I) Ұйымдастыру.

II) Үй тапсырмасын тексеру.

III) Жаңа сабақ.

IV) Сарамандық жұмыс.

V) Үйге тапсырма.

VI) Қортындылау.

Сабаққа келмеген оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын пысықтау.

II) Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Санау жүйесі дегеніміз не?
  2. Екілік санау жүйесі қандай сандардан тұрады?
  3. Он алтылық сандар қандай сандардан тұрады?
  1. Жаңа сабақ.

Сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру қажеттілігі туады.

Бүтін ондық сандарды екілік санау жүйесіне ауыстыру

Бүтін ондық санды екілік санау жүйесіне ауыстыру үшін санды 2-ге бөлу керек. Мысалы: 891 санын ондық жүйеден екілік санау жүйесіне ауыстыру.

Мысалы: 891:2 =445 қалдық 1

445:2=222 қалдық 1

222: 2=111 қалдық 0

111: 2=55 қалдық 1

55:2=27 қалдық 1

27:2=13 қалдық 1

13: 2=6 қалдық 1

6:2=3 қалдық 0

1:2=0 қалдық 1 / екілік санның үлкен цифры.

Жауабы: 891=110011 2

Ондық бөлшектерді екілік санау жүйесіне ауыстыру.

Ондық бөлшектерді екілік санау жүйесіне ауыстыру үшін оны 2- ге көбейтіп, бүтін бөлшектерді іздеу керек.

Мысалы: 0, 625 ондық бөлшегін екілік санау жүйесіне ауыстырамыз.

0, 625*2= 1, 250, бүтін бөлігі 1- ге тең.

0, 250*2= 0, 500, бүтін бөлігі 0- ге тең.

0, 500*2= 1, 000, бүтін бөлігі 0- ге тең.

Жауабы: 0, 625= 0, 101 2

Ондық сандарды сегіздік санау жүйесіне ауыстыру.

Ондық сандарды сегіздік санау жүйесіне ауыстыру үшін 8- ге бөлу қажет.

Мысалы: 891 санын сегіздік санау жүйесіне ауыстыру.

891: 8=111, қалдық 3-ке тең.

111:8=13, қалдық 7-ке тең.

13:8=1, қалдық 5-ке тең.

1:8=0, қалдық 1-ке тең сегіздік санның үлкені.

Жауыбы: 891 10 =1573 8

Ондық сандарды он алтылық санау жүйесіне ауыстыру.

Ондық санды оналтылық санау жүйесіне ауыстыру үшін санды 16-ға бөлу керек. Мысалы: 891 санын ондық жүйеден он алтылық санау жүйесіне ауыстыру.

891: 16 =55, қалдық 11- ге тең, он алтылық жүйеде «11 саны» латынның В әріпімен белгіленеді.

55:16 =13, қалдық 7- ге тең,

3: 16=0, қалдық 3- ге тең,

Жауабы: 891 10 =37В

  1. Сарамандық жұмыс.
  1. Ондық сандарды екілік санау жүйесіне ауыстырыңдар.

а) 322 10 ; б) 150 10 ; в) 203 10 ;

  1. Ондық бөлшек сандарды екілік санау жүйесіне ауыстырыңдар.

а) 0, 322 10 ; б) 0, 428 10

  1. Ондық сандарды сегіздік санау жүйесіне ауыстырыңдар.

а) 125 10 ; б) 229 10 ; в) 88 10 ;

  1. Ондық сандарды сегіздік санау жүйесіне ауыстырыңдар.

а) 369 10 ; б) 428 10 ; в) 369 10 ;

  1. Үйге тапсырма. Есептер шығару.

1) Ондық сандарды екілік санау жүйесіне ауыстыру.

а) 428 10 ; б) 181 10 .

2) Ондық бөлшек сандарды екілік санау жүйесіне ауыстырыңдар.

а) 37, 25 10 ; б) 4, 181 10

3) Ондық сандарды сегіздік санау жүйесіне ауыстырыңдар.

а) 322 10 ; б) 428 10 .

4) Ондық сандарды сегіздік санау жүйесіне ауыстырыңдар.

а) 88 10 ; б) 125 10 .

  1. Қортындылау:

Сонымен ондық сандарды он алтылық санау жүйесіне ауыстыру үшін қандай әрекеттер орындаймыз.

Оқушыларды бағалау.


Ұқсас жұмыстар
Сандарды бір санау жүйесінен екіншіге ауыстыру: ондықтан екілік, сегіздік және оналтылық жүйелерге
8-сынып информатикасы: Санау жүйелері және сандарды позициялық жүйелер арасында түрлендіру
8-сынып информатикасы: Ақпарат, санау жүйелері және санау жүйелерін ауыстыру бойынша сабақ жоспарлары №2-№6
Сандарды позициялық жүйелер (екілік, сегіздік, ондық, оналтылық) арасында түрлендіру: сабақ жоспары
8-сынып информатика: санау жүйелері арасындағы сандарды түрлендіру
8-сынып информатикасы: есептеу техникасының қауіпсіздігі, санау жүйелері мен аударымдары, екілік арифметика және логика
Позициялық санау жүйелеріне көшіру: екілік, сегіздік, ондық және он алтылық жүйелер
Екілік пен ондық санау жүйелерін өзара ауыстыру: практикалық сабақ жоспары (8-сынып)
Санау жүйелері: позициялық, позициялық емес және екілік-ондық жүйелер
Санау жүйелері: позициялық және позициялық емес, ондық және екілік жүйелер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz