Санау жүйелері

Пән Информатика сынып 8 _ __ Күні _ . _ . 2010 ж.

сабақ №: 2 сағ. саны. : 1

Тақырып: Ақпарат. Ақпараттық процесс. Ақпарат қасиеттері. Ақпараттар саны. Кодтау. Екілік код.

Мақсат: Оқушылардың ақпарат, ақпараттық процесс, қасиеттері және олардың саны жөніндегі білімдерін қалыптастыру; 2) Оқушыларды ақпаратты жеткізудің, өңдеудің және сақтаудың техникалық құрылғыларымен таныстыру.

Міндеттер:

Білімділік - Оқушыларды ақпарат, ақпараттық процесс, оның қасиеттері, кодтау ұғымдарымен таныстыру

Дамытушылық - Күнделікті қабылданатын ақпаратты жүйеге келтіруге үйрету; ақпаратты классификациялауды үйрету. Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік - Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын жан-жақты тәрбиелеу.

Сабақ түрі: лекция сабақ

Сабақ типі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі - иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап

Құрал-жабдықтар компьютер - 7, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.

Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н. Т. Ермеков, Н. Ф. Стифутина Информатика 8 сынып, оқулық;

2) Н. Т. Ермеков, С. Б. Пилипенко, Информатика, Әдістемелік нұсқау, 8 сынып .

3 ) Н. Т. Ермеков, С. Б. Пилипенко, Информатика, Дидактикалық материалдар, 8 сынып .

Сабақ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин) :

а) оқушылар тізімі; ә) кабинет жағдайы; б) сабақ барысымен таныстыру.

  1. Жаңа тақырыпқа кіріспе. (3-5 мин)
  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)

«Ақпарат» сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін informatio сөзінен шыққан. Қазіргі кезде ақпарат күнделікті тұрмысқа, ғылымның әр түрлі; философия экономика, физика, математика, информатика т. б. салаларына кеңінен енді. Бірақ әрбір ғылымның ақпарат туралы өз ұғымы мен түсінігі бар.

Ақпарат деген сөзді біз қалай түсінеміз, ойланайық. Оны қолдану мысалдарынан қарастырайық. Ақпаратты біз ауызша немесе жазбаша түрде, тіпті қимыл-қозғалыс түрінде бере аламыз. Бізді дүние жүзіндегі күнделікті жаңалықтармен таныстыратын газеттерді, радио мен теледидарды «бұқаралық ақпарат құралдары» деп атаймыз. Диктор теледидар арқылы «Оқиға болып жатқан жерден қосымша хабар келіп түсті» деп хабарлайды. Сендер бір-біріңнен : «кеше біздің футбол командамыз жөнінде жаңалық естідің бе?» немесе «бүгін соңғы хабарды естідің бе?»деп сұрайсыңдар . Бұл мысалдарда «ақпарат» деген сөз белгілі бір хабардың, жаңалықтардың, өткен оқиғалардың мазмұнын білдіреді.

Алматы облысының маңынан археологиялық қазба жұмысы кезінде қаз қалпында сақталған ежелгі сақ тайпасының жас жауынгерінің киімі, құрал жарақтары, үй бұйымдары т. б . табылды . Бұл қазба Жетісу өңірін бұрын мекендеген сақ тайпалары екендігі жөнінде, олардың тұрмысы, мәдени дамуы, сол кездегі жауынгерлердің киімі, тұрмыста пайдаланған заттары жөніндеөте бағалы ақпарат берді.

Адамның ақпаратты өңдеуі үздіксіз процесс, тіпті сендер ұйықтап жатқанда да ой процесі, яғни ақпаратты өңдеу процесі жалғаса береді. Алынған мәліметтерді өңдеу, математикалық есептерді шешуді қиын жағдайдан шығу жолын іздегенде, адам бұрын өзінде болмаған жаңа ақпарат ойлап шығарады.

Адам өзін қоршаған ортадан қарым-қатынас жасау және өз бетімен іздеу нәти-жесінде алған барлық ақпаратты өзінің бар білімімен үнемі салыстырып, оны рет-тейді әрі талдайды.

Сонымен адам ақпаратты сақтай алады, өңдейді және (шығарып бере) жеткізе алады. Бұл жағдайда адам қандай да бір әрекеттер жасайды, оларды ақпараттық процесс дейді. Ақпараттық процесті оның өзі жасай алады немесе әр түрлі құралдар мен құрылғыларды пайдалана отырып ұйымдастыра алады. Оларға қағаз, магниттік таспа, дискі, калькулятор, компьютер т. б. жатады.

Бір ғана ақпаратты әр түрлі әдістермен (жолдармен) ұсынуға болады. Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру ережесін код деп атайды. Мысалы, мектепте оқитын оқушылар санын: тоғыз жүз алпыс жеті, 967 10 , 1707 8 , 3С7 16 , 000111 2 , сияқ-ты жазуға болады, яғни қазақ тілі алфавиті де ондық, сегіздік, он алтылық және екілік санау кодында жазылады. Мұнда оқушылардың саны туралы ақпараттың өзі өзгермейді, тек оның жазылу түрі ғана әр түрлі.

Ақпаратты сақтау, қабылдау, ұсыну және өңдеу әдістері іс жүзінде ақпараттың ұсынылу (кодталу) түріне байланысты болады.

Ақпараттың кодталуы (кейде оны шифрлау деп те атайды) оның кері кодталу (декодталу- декодирование) процесімен тікелей байланысты.

Кодтауға қолданылған алфавиттің әріптері неғұрлым аз болса, кері кодтау құрылғысы соғұрлым қарапайым болады. Техникада ақпаратты кодтау үшін, Морзе әліппесін - екілік алфавиттің телеграфтық кодының таңбаларын теруді қолданудың маңызы зор.

Екілік алфавит 0және 1 таңбаларымен ұсынылады, оларды жай екілік таңбалар деп те атайды. Ағылшын тіліндегі екілік таңбаны Binary digit сөзінен қысқартып, бит деп атайды. Бұдан кейін біз екілік белгінің бірін (0немесе1) бит деп атайды. Ақпаратты осы екі таңбаның көмегімен кодтау оларды сақтау мен жеткізу құрыл-ғыларының конструкциясын мейілінше жеңілдетеді. Екілік сандар алфавитінің қа-рапайымдылығы оның есптеуіш техникасында кең тарауына себеп болды. Ақпарат-ты екілік кодпен көрсету үшін, құрылғы екі күйді айыра білуі (тануы) керек, мыса-лы, 1 -құрылғыда ток барын, ал 0жоғын, немесе 1-жоғары кернеу, 0төмен кернеу екенін білдіреді. Екілік алфавит физикалық жүзеге асырудың қарапайымдылығынан басқа сенімділік пен үнемділік қасиеттеріне де ие.

Сергіту жаттығулары (2 мин)

4) Жаңа тақырыпты бекіту (20-25 мин)

Тапсырмалар мен сұрақтар:

  1. «Ақпарат» түсінігін тұрмыстық, ғылыми, жаратылыстану және техникалық мағынада қалай түсінесіңдер?
  2. Ақпарат өлшеудің қандай тәсілдері бар?
  3. Адам ақпаратпен қандай әрекет түрлерін орындайды?
  4. Ақпараттық процесс деген не?
  5. Ақпараттың қандай қасиеттерін білесіңдер?

5) Сабақты қорытындылау

Оқушыларға ақпарат, ақпараттық процесс, ақпараттың қасиеттері және саны туралы жалпы мағлұмат беру.

  1. Үйге тапсырма §1. 1, 1. 3, 1. 4, бет. 3-13

Ақпарат. Ақпарат және басқару. Информатика.

Пән Информатика сынып 8 _ __ Күні _ . _ . 2010 ж.

сабақ №: 3 сағ. саны. : 1

Тақырып: Санау жүйелері. Ондық, екілік, сегіздік және оналтылық. .

Мақсат: Оқушылардың санау жүйелері туралы білімдерін қалыптастыру. Ондық, екілік, сегіздік және оналтылық санау жүйелерімен таныстыру.

Міндеттер:

Білімділік - Оқушылардың санау жүйелерімен таныстыру, санау жүйесімен жұмыс жасап үйрету

Дамытушылық - Оқушылардың санау жүйелерін қолдана білуін дамыту.

Тәрбиелік - Оқушылардың деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу. Еңбекке деген сезімдерін тәрбиелеу.

Сабақ түрі: лекция сабақ

Сабақ типі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі - иллюстративті, көрнекілік

Құрал-жабдықтар компьютер - 7, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.

Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н. Т. Ермеков, Н. Ф. Стифутина Информатика 8 сынып, оқулық;

2) Н. Т. Ермеков, С. Б. Пилипенко, Информатика, Әдістемелік нұсқау, 8 сынып .

3 ) Н. Т. Ермеков, С. Б. Пилипенко, Информатика, Дидактикалық материалдар, 8 сынып .

Сабақ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин) :

а) оқушылар тізімі;

ә) кабинет жағдайы;

б) сабақ барысымен таныстыру.

  1. Үй тапсырмасын тексеру. (3-5 мин)
  1. «Ақпарат» түсінігін тұрмыстық, ғылыми, жаратылыстану және техникалық мағынада қалай түсінесіңдер?
  2. Ақпарат өлшеудің қандай тәсілдері бар?
  3. Адам ақпаратпен қандай әрекет түрлерін орындайды?
  4. Ақпараттық процесс деген не?
  5. Ақпараттың қандай қасиеттерін білесіңдер?
  1. Жаңа тақырыпқа кіріспе(3-5 мин)
  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)

Сандарды цифр деп аталатын арнайы символдардың көмегімен бейнелеу қабылданған. Сандарды атау және жазу ережелері мен әдістерінің жинағын - санау жүйесі деп аталады.

Санау жүйелері екі топқа бөлінеді: позициялық және позициялық емес.

Позициялық емес санау жүйесінде санның әрбір цифрының мәні оның алатын орнына байланысты емес. Мұндай санау жүйесінің мысалы ретінде ритмдік жүйені алуға болады.

Позициялық емес санау жүйесінде арифметикалық амалдарды орындау едәуір күрделі болғандықтан, бүкіл дүние жүзі біртіндеп позициялық санау жүйесіне ауысты.

Позициялық санау жүйесінде цифрдың мәні оның орнына тәуелді. Мысалы, 737, 3 санындағы бірінші тұрған 7 жүздікті, ал екіншісі - 7 бірлікті, ал үшіншісі - бірліктің 7 ондық үлесін білдіреді. Кез келген позициялық санау жүйесі өзінің негізімен сипатталады.

Позициялық санау жүйесінің негізі деп онда қолданылатын цифрлар санын айтады.

Ондық санау жүйесінде сан жазу үшін он цифр қолданылдаы: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9.

Ондық жүйе позициялық болып табылады, өйткені, ондық санның жазылуында цифрдың мәні оның позициясына немесе сандағы орнына байланысты. Санның цифрына бөлінетін позицияны разряд деп атайды.

Мысалы, 425 санының жазуы санның 4 жүздіктен, 2 ондықтан және 5 бірліктен тұратынын білдіреді. Компьютерде, әдетте ондық емес, позициялық екілік санау жүйесі, яғни, негізгі «2» санау жүйесі қолданылады.

Екілік жүйеде кез келген сан 0 мен 1 цифрларының көмегімен жазылады да, екілік сан деп аталады.

Екілік санның әрбір разрядын бит деп атайды. Екілік санау жүйесінің маңызды құндылығы - цифрларды физикалық кескіндеудің ыңғайлылығы жәнекомпьютер құрылғысының, атап айтқанда екілік сандармен арифметикалық және логикалық операцияларды орындауға арналған арифметикалық-логикалық құрылғысының қарапайымдылығы.

Сегіздік санау жүйесінде, яғни негізі «8» санау жүйесінде сандар сегіз цифрдың көмегімен көрсетіледі: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7. мысалы, 357 сегіздік санында жеті бірлік, бес сегіз және квадратталған үш сегіз бар.

Екілік санау жүйесі компьютерден тыс қолдануға қолайсыз екенін білеміз. Екілік сандарды жазуды қысқарту үшін негізі 16 санау жүйесін қолданады. Бұл жүйені оналтылық деп атайды. Оналтылық позициялық санау жүйесінде санды жазу үшін ондық санау жүйесінің цифрлары 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 және жетпейтін алты цифрды белгілеу үшін 10, 11, 12, 13, 14, 15 ондық сандарының мәніне сәйкес латын алфавитінің алғашқы әріптері: A, B, C, D, E, F қолданылады. Мысалы, 3E5A1.

Сергіту жаттығулары (2 мин)

5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)

Тапсырмалар мен сұрақтар:

1. Санау жүйесі деп нені айтады?

2. Позициялық санау жүйесінің позициялық емес санау жүйесінің айырмашылығы неде?

3. Позициялық санау жүйесінің негізі деп нені айтады?

4. Ондық санау жүйесі деген не?

5. Екілік санау жүйесі деген не?

6. Сегіздік санау жүйесі деген не?

7. Оналтылық санай жүйесі деген не?

6) Сабақты қорытындылау

Оқушыларға санау жүйелері және оның түрлері туралы жалпы мағлұмат беру.

7) Үйге тапсырма § 2. 1 , бет. 13-18

Санау жүйелері.

Пән Информатика сынып 8 _ __ Күні _ . _ . 2010 ж.

сабақ №: 4 сағ. саны. : 1

Тақырып: Бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне сандарды аудару. Екілік арифметика

Мақсат: Оқушыларды сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне аудару туралы білімдерін қалыптастыру. Сандарды санау жүйелеріне аудару тәсілдерімен таныстыру.

Міндеттер:

Білімділік - Оқушылардың санау жүйелерімен жұмыс жасай білуге үйрету

Дамытушылық - Оқушылардың санау жүйелерімен жұмыс жасау білімдері мен дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік - Оқушылардың компьютерді дұрыс бағытта пайдалануға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: лекция сабақ

Сабақ типі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі - иллюстративті, көрнекілік

Құрал-жабдықтар компьютер - 7, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.

Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н. Т. Ермеков, Н. Ф. Стифутина Информатика 8 сынып, оқулық;

2) Н. Т. Ермеков, С. Б. Пилипенко, Информатика, Әдістемелік нұсқау, 8 сынып .

3 ) Н. Т. Ермеков, С. Б. Пилипенко, Информатика, Дидактикалық материалдар, 8 сынып .

Сабақ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин) :

а) оқушылар тізімі;

ә) кабинет жағдайы;

б) сабақ барысымен таныстыру.

  1. Үй тапсырмасын тексеру. (3-5мин)

1. Санау жүйесі деп нені айтады?

2. Позициялық санау жүйесінің позициялық емес санау жүйесінің айырмашылығы неде?

3. Позициялық санау жүйесінің негізі деп нені айтады?

4. Ондық санау жүйесі деген не?

5. Екілік санау жүйесі деген не?

6. Сегіздік санау жүйесі деген не?

7. Оналтылық санай жүйесі деген не?

  1. Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)

Сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру қажеттілігі жиі кездеседі.

Ондық санды екілікке ауыстырғанда, бұл санды екіге бөлу керек. Мысал, 891 санын ондық жүйеден екілік санау жүйесіне ауыстыру керек:

891 2 .

1 445 2 .

1 222 2

0 111 2

1 55 2

1 27 2

1 13 2

1 6 2

0 3 2

11

Соңғы бөліндіні және соңғысынан бастап барлық қалдықтарды бір жолға жазамыз. Жауабы: 891 10 =110011 2

Ауыстыру ережесі: Бүтін оң ондықсанды екілік санау жүйесіне ауыстыру үшін осы санды 2-ге бөлу керек. Алынған бөліндіні қайтадан екіге бөліп және т. с. с. алынған бөлінді 2-ден кіші болғанша бөле беру керек. Нәтижесіне соңғы бөлінді мен соңғысынан бастап барлық қалдықтарды бір жолға жазу керек.

Ондық оң бөлшектерді екілік санау жүйесіне ауыстыру үшін бөлшекті 2-ге көбейту керек. Көбейтіндінің бүтін бөлігін екілік бөлшектің үтірден кейінгі бірінші цифры ретінде алып, бөлшек бөлігін қайтадан екіге көбейту керек. Енді бұл көбейтіндінің бүтін бөлігін екілік бөлшектің келесі цифры ретінде алып, бөлшек бөлігін тағы 2-ге көбейту керек және т. с. с.

Сергіту жаттығулары (2 мин)

5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)

Тапсырмалар мен сұрақтар:

  1. Бүтін ондық санау жүйесінен екілік санау жүйесіне санды ауыстыру ережесі?
  2. Бөлшек ондық санау жүйесінен екілік санау жүйесіне санды ауыстыру ережесі?
  3. Ондық сандарды екілік санау жүйесіне аудару ережелері?
  4. Ондық сандарды оналтылық санау жүйесіне ауыстыру ережелері?
  5. Сандарды екілік жүйеден сегіздік санау жүйесіне ауыстыру ережелері?
  6. Сандарды екілік жүйеден оналтылық санау жүйесіне ауыстыру ережелері?

Тапсырма№1 . Ондық сандарды екілік санау жүйесіне ауыстырыңдар:

А) 322 10 ; Ә) 150 10 ; Б) 283 10 ;

Г) 315 10 ; Д) 181 10 ; Ж) 176 10 ;

Тапсырма№2 . Ондық бөлшек сандарды екілік санау жүйесіне ауыстырыңдар:

А) 0. 322 10 ; Ә) 150. 7006 10 ; Б) 283. 245 10 ;

Г) 315. 075 10 ; Д) 181. 369 10 ; Ж) 37. 25 10 ;

6) Сабақты қорытындылау

Оқушыларды санау жүйелерімен жұмыс жасауды үйрету.

7) Үйге тапсырма § 2. 2 , бет. 18-23

Сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру.

Пән Информатика сынып 8 _ __ Күні _ . _ . 2010 ж.

сабақ №: 5 сағ. саны. : 1

Тақырып: Логика-математикалық логика, формальдау пәні. Сөйлем алгебрасы. Қарапайым және күрделi сөйлемдер.

Мақсат: Оқушылардың логикалық пікірлердің негізгі түсініктері туралы білімдерін қалыптастыру. Сөйлем алгебрасымен және сөйлем түрлерімен таныстыру.

Міндеттер:

Білімділік - Оқушыларды логика негіздерімен таныстыру.

Дамытушылық - Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін жан-жақты дамыту.

Тәрбиелік - Оқушылардың пәнге деген ынтызарлығын, танымдық қасиеттерін тәрбиелеу

Сабақ түрі: лекция сабақ

Сабақ типі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі - иллюстративті, көрнекілік

Құрал-жабдықтар компьютер - 7, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.

Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н. Т. Ермеков, Н. Ф. Стифутина Информатика 8 сынып, оқулық;

2) Н. Т. Ермеков, С. Б. Пилипенко, Информатика, Әдістемелік нұсқау, 8 сынып .

3 ) Н. Т. Ермеков, С. Б. Пилипенко, Информатика, Дидактикалық материалдар, 8 сынып .

Сабақ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин) :

а) оқушылар тізімі;

ә) кабинет жағдайы;

б) сабақ барысымен таныстыру.

  1. Үй тапсырмасын тексеру. (3-5мин)
  1. Бүтін ондық санау жүйесінен екілік санау жүйесіне санды ауыстыру ережесі?
  2. Бөлшек ондық санау жүйесінен екілік санау жүйесіне санды ауыстыру ережесі?
  3. Ондық сандарды екілік санау жүйесіне аудару ережелері?
  4. Ондық сандарды оналтылық санау жүйесіне ауыстыру ережелері?
  5. Сандарды екілік жүйеден сегіздік санау жүйесіне ауыстыру ережелері?
  6. Сандарды екілік жүйеден оналтылық санау жүйесіне ауыстыру ережелері?
  1. Жаңа тақырыптқа кіріспе (3-5 мин)
  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)

ЭЕМ қатысуымен шешілетін есептердің ішінде, әдетте логикалық деп аталатын есептер де аз емес.

Логика - бұл адам ойлауының түрлері мен заңдары туралы, оның ішінде дәлелдеуге болатын пікірлердің заңдылықтары туралы ғылым.

Ғылыми пән ретінде логиканың бірнеше нұсқалары дараланады: формальды логика, математикалық логика, ықтималдықты логика, диалектикалық логика және т. б. Адам әр түрлі кесте құрғанда, бір-біріне қайшы келетін куәлар жауаптарының дұрысын анықтағанда және басқа көптеген жағдайларда логиканың көмегіне жүгінеді.

Математикалық логика формальды логиканың бөлігі болып табылады және оның дәлме дәл анықталған объектілері мен пікірлері бар, олардың ақиқаттығын немесе жалғандығын бір мәнді шешуге болатын ойларды ғана зерттейді.

Формальды логика сөйлеу тілімен білдіретін біздің кәдімгі мазмұнды пікірімізді талдаумен байланысты.

Математикалық логиканың саласы пікірлералгебрасы ретінде, информатикада жақсы меңгерілген. Оны басқаша, логика алгебрасы деп атайды, оны алғаш рет 19 ғасырдың ортасында ағылшын математигі Джордж Бульдің еңбектерінде пайда болды.

Қазіргі кезде пікірлер алгебрасының негізгі операциялары енбейтін бірде-бір программалау тілі жоқ. Логикалық есептерде тек сандар ғана емес, күтпеген, тым шиеленісті пікірлер де бастапқы деректер болып табылады.

Адамдар ақпарат алмасқандағы қатынас түрлерінің бірі - бұл сұрақтар мен жауаптарды кезектестіру. Әрбір сұрақ бізді қоршаған зат әлемі туралы мағлұматтарды білу қажеттігін білдіреді. Бұл білімді біз пайымдау түрінде айтамыз.

Пікір дегеніміз - жалған немесе ақиқат болуы мүмкін қандай да бір пайымдау. Пікірлер жалпы және жеке болып бөлінеді. Жеке пікір нақты фактілерді көрсетеді, мысалы, «3 + 3 <7».

Жалпы пікірлер объектілер немесе құбылыстар тобының қасиеттерін сипаттайды, мысалы, «Егер жаңбыр жауған болса, онда көше су болып жатыр».

Егер пікір айтылған ой объектілерінің кез келгені үшін рас болса, онда жалпы пікір тепе-теңдік ақиқат деп аталады.

Тепе-теңдік ақиқат пікірлер заттардың заңды байланыстарын көрсеткенде ерекше пайдалы.

Сергіту жаттығулары (2 мин)

5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)

Тапсырмалар мен сұрақтар:

  1. Пікір дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.
  2. Қандай пікірлер жалпы деп аталады?
  3. Жалпы және жеке пікірлерге мысал келтіріңдер?
  4. Логика дегеніміз не?
  5. Логика түрлері?

6) Сабақты қорытындылау

Оқушыларға логика негіздері туралы жалпы мағлұмат беру.

7. Үйге тапсырма § 3. 1 , бет. 28-31

Логикалық пікірлердің негізгі түсініктері.

Пән Информатика сынып 8 _ __ Күні _ . _ . 2010 ж.

сабақ №: 6 сағ. саны. : 1

Тақырып: Логикалық амалдар. Ақиқат кестелері. Орындау кестелері.

Мақсат: Оқушылардың логикалық амалдар және ақиқат кестелері туралы білімдерін қалыптастыру. Логикалық операцияларды қолдануды үйрету.

Міндеттер:

Білімділік - Оқушыларды логикалық амалдармен және олардың ақиқат кестелерімен таныстыру.

Дамытушылық - Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік - Оқушылардың еңбекке деген сезімдерін тәрбиелеу.

Сабақ түрі: лекция сабақ

Сабақ типі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі - иллюстративті, көрнекілік

Құрал-жабдықтар компьютер - 7, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.

Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н. Т. Ермеков, Н. Ф. Стифутина Информатика 8 сынып, оқулық;

2) Н. Т. Ермеков, С. Б. Пилипенко, Информатика, Әдістемелік нұсқау, 8 сынып .

3 ) Н. Т. Ермеков, С. Б. Пилипенко, Информатика, Дидактикалық материалдар, 8 сынып .

Сабақ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин) :

а) оқушылар тізімі;

ә) кабинет жағдайы;

б) сабақ барысымен таныстыру.

  1. Үй тапсырмасын тексеру. (3-5мин)
  1. Пікір дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.
  2. Қандай пікірлер жалпы деп аталады?
  3. Жалпы және жеке пікірлерге мысал келтіріңдер?
  4. Логика дегеніміз не?
  5. Логика түрлері?
  1. Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)

Логикалық жалғаулықтар математикада күрделі айтылымдарды сипаттайтын логикалық операциялар болып табылады. Логикалық айтылымдармен жұмыс істеу үшін оларға ат қояды.

Әрбір логикалық жалғаулық логикалық айтылымдармен орындалатын операция ретінде қарастырылады және олардың өз аты мен белгіленуі болады.

Математикалық логикада ЖӘНЕ, НЕМЕС, ЕМЕС логикалық операциялары ақиқаттық мәндер кестесімен анықталады.

Ақиқаттық кестесі - бұл логикалық операцияның кестелік түрде ұсынылуы, онда кірістік операндалардың ақиқаттық мәндерінің барлық мүмкін терулері осы терулердің әрқайсысына арналған опеарцияның шығыстық нәтижесінің ақиқаттық мәнімен бірге аталған.

Логикалық көбейту. ЖӘНЕ жалғаулығының көмегімен қарапайым екі А мен В айтылымдарының бір құрамдасқа бірігуі логикалық көбейту немесе конъюнкция, ал операцияның нәтижесі - логикалық көбейтінді деп аталады.

А
В
А және В
А: Иә
В: Иә
А және В: Иә
А: Иә
В: жоқ
А және В: Жоқ
А: Жоқ
В: Иә
А және В: жоқ
А: жоқ
В: жоқ
А және В: жоқ

Мұндағы, А және В - иә немесе жоқ мәндерін қабылдай алатын екі айтылым.

Логикалық қосу. НЕМЕСЕ логикалық операциясы белгісімен белгіленеді. НЕМЕСЕ логикалық операциясының ақиқаттық кестесі төмендегідей болады:


Ұқсас жұмыстар
Cанау жүйелері (2,8,10,16)
Санау жүйелері. сандарды позициялық санау жүйелерінде көшіру
Факультативтік курс жоспары. математика 7 сынып
Сандық есептер
Санау жүйелерін қайталау
Cандарды бір санау жүйесінен екінші санау
Бақылау жұмысының тапсырмалары
Ақпарат қасиеттері
Оқушы мен оқушы
Санау жүйесі. Бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне өту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz