Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сабақтың түрі

Ақтөбе облысы Шалқар қаласы. І. Үргенішбаев атындағы орта мектеп.
Информатика пәнінің мұғалімі Ордина Венера Копабайқызы.

9 сынып. 9 б сыныбы – 25.11.08 ж /
практика /

Жоспар
Сабақтың тақырыбы: «Паскаль тілінің басқару операторлары – шартты,
шарттсыз көшу операторы»
Сабақтың мақсаты:
а/ шартты , шарттсыз көшу командаларын
Паскаль
ортасында программалауды үйрену,
пысықтау.
ә/ Программаны ықшам , сапалы жазу
дағдысын
қалыптастыру. Программаның
математикалық моделі
туралы түсінік қалыптастыру.
б/ Программа мәтінін экранға және
дәптерге жазудың
эстетикасын сақтауды ескеру.
Ұқыптылыққа ,
жауапкершіліктікке тәрбиелеу.
Сабақтын типі: Білікті, дағдыны , іскерлікті қалыптастыру .
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес. /электронды оқулықпен/
Әдісі: баяндау, иллюстрациялық, практикалық.
Көрнекілік: ДК. Мультимедиалық диапроектор, Паскаль программасы,
PowerPoint бағдарламасы, бейне дәрістер, парақшалар.
Пәнаралық байланыс: математика.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру:
1. Оқушыларды түгендеу, есеп дәптерін толтыру, компьютерге
идентификация жасау, журнал толтыру, оқушылардың оқу
құралдарын қадағалау.
2. Сынып, кабинет тазалығын қарау, мектеп мүлкін қадағалау.
3. Оқушылар назарын сабаққа аудару.
Уа, жарандар, жарандар
Мына бізге қараңдар
Мінекей бізде тыныштық
Естілмейді дыбыс түк
Мұны бізде қоштаймыз
Кешіккендерді тоспаймыз
Ғылымдардың ғылымы
Информатика жайында
Сабағымызды бастаймыз
Жас достарым
Мұны жақсы ұғайық
Информатика құрметтеуге ылайық

2. Актуалдау. / өткен материалдарды қайталау /
Дұрыс жауап – 3 ұпай
Жартылай дұрыс – 2 ұпай
Жауап береді, бірақ дұрыс емес – 1 ұпай
Жауап жоқ – 0 ұпай
1. Шартты операторлардың қандай түрлері бар?
2. If операторының жалпы жазылу түрі қандай?
3. GOTO операторының жалпы жазылу түрі қандай?
4. Қандай жағдайда программада If операторы екі рет қолданылады?

2. Тапсырмамен жұмыс
Сонымен балалар басқару операторының шығарылу жолымен таныссақ, енді
программада орындап нәтижесін алайық.
Мысалы: тақтаға көз тасталық

А тобы осы программаны компьютерде теріп орындасын. /5 ұпай/
В тобы Пернетақтадан трамвай билетінің номері / 1 орынды 6 сан /
енгізіледі. Билеттің қайсысы «бақытты» номер болатынын
анықтаңдар. Бақытты билеттің алғашқы 3 цифрының қосындысы
соңғы 3 цифрының қосындысына тең болады. / 10 ұпай /
С тобы Х – ке тәуелді У – тің мәнін есептейтін программа құру керек

Х егер х< 4 ;
У = 4 егер 4 ≤ х < 5;
-х+7 егер 5 ≤ х.
/15 ұпай/

Алдарыңызға парақшалар таратылады сол бойынша жұмыс жасаймыз.

Сергіту жаттығуын орындау:
Көз жаттығуын орындайық.
1. Орнымызда отырып көзімізді алыс бір нүктеге қадап ұзақ қарау.
2. Басымызды қозғамай көзімізбен оңға, солға қарау.
3. Басымызды қозғамай көзімізбен жоғары, төмен қарау.
4. Көзімізді қатты қысып немесе қолымызбен жауып тұру.
5. Көзімізді жиі жыпылықтатып ашып жұму.
Міне біз жасаған бұл жаттығу көз жаттығуы деп аталады.
Сабақты бекіту.
Бүгінгі сабағымыз туралы не білдік соған сәл құлақ түрелік.
«Информатика» мултимедиалық бағдарламаға кезек берелік . Басқару операторы
туралы тыңдау.

Міне басқару операторының командаларымен таныстық.
- Ендігі сабақта таныс болатын командамыз қандай команда екен кім
айтады?
- өте дұрыс тармақталу командасына тоқталатын болмыз.
Ал қазір бүгінгі тақырыпты қаншалықты меңгергенімізді аңғару үшін 10
сұрақтан тұратын тест тапсырмасын орындап көрелік.
10 жауап /15 ұпай/
7 жауап /10 ұпай/
5 жауап /5ұпай/

Компьютерде универсальды тест тапсыру

Үйге тапсырма:
Оқулық 3.5 тақырып оқу . Оқулық / 89 – 90 бет / 12; 13; жаттығуларды
орындап келу.

Бағалау.

Ұқсас жұмыстар
Табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу
Пысықтауыш
Зат есім жекеше көпше кім
Сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу тәсілдері
Сабақтың түр өзгерістері
Құртқашаштар тұқымдасы, лалагүлділер тұқымдасы
Қазақ тілі – ұлттық мәдени,рухани асыл мұра туралы
Бұрынғы айтыс Ұқсастығы Қазіргі айтыс
5 сынып - Математика - жылдық жоспар
Сабақтың түрлері
Пәндер