Сабақтың көрнектілігі

  1. Инновациялық технология

Жұмысымда қолданатын инновациялық технологиялар: деңгейлеп оқыту технологиясының элементтері, үнемі жобалау жұмыстары қолданылады, әрине, сонымен қатар дәріс сабақтарынада электорндық оқулықтармен бірге тақырыптық презентациялар үнемі қолданамын.

  1. Сабақтан тыс жұмысы

Брейн-ринг ойыны

Тапқырыбы: «Дербес компьютердің құрылысы және даму тарихы» бөлімі бойынша қорытындылау бойынша сабақтан тыс шара, Брейн-ринг түрінде өткізілді.

Сабақтың мақсаты: Алған білімдерін тиянақтап бекіту.

Сабақтың түрі : ойын

Сабақтың көрнектілігі:

  1. Дидактикалық материалдар және бекіту сұрақтары.
  2. Қоңыраулы электрлік шамдар.
  3. Компьютердің даму тарихытақырыбында плакаттар
  4. Дербес компьютердің суреттері салынған плакаттар мен планшеттер

Брейн-ринг сабағын өткізу шарты

  • Брейн-ринг сабағын өткізу үшін оқушыларды 2 топқа бөлеміз;
  • топ оқушыларынан 2 есепші, бір көмекші сайлаймыз.
  • әрбір топтың бірінші болып жауап беруге белгісі жарықтың тетігін бірінші болып басу;
  • мұғалімде алдын-ала дайындалған бекіту сұрақтары болады.
  • әр сұрақтың дұрыс жауабына 1 ұпай беріледі және экранда компьютер көмегімен «Есеп тақтасында» жазылып өзгертіліп отырады;

- Екі топтан алғашқы боп 6 ұпай жинаған топ жеңіске жетеді.

«ӘР СҰРАҚҚА - БІР ЖАУАП» Бұрын өтілген оқу материалын еске алу. Брейн-ринг әдісімен ( әр сұраққа ойлануға тек қана 1 минут) .

Әр оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын, өз бетінше дамуын, ойын тез арада тұжырымдап айтуын да шыңдай түседі. Бұл әдісті аукцион әдісімен де ұштастыруға болады. Бекіту сұрақтары, жауабы. Оның ішінен таңдап алуға болады:

  1. ЭЕМ-нiң даму тарихы неше буынға бөлiнедi, оларды ата қандай жылдар аралығы?

I буын-1940-1955жж/электронды шамдар қолданылды/

II буын-1955 жылдан бастап /жартылай өткiзгiштер-транзисторлар қолданылды/

III буын-1960-1970жж дейiн /интегралдық схемалар қолданылды/

IҮ буын-1970 жылдан бастап /дербес компьютерлер жасалды/

Ү буын-/кәдiмгi адам тiлiнде сөйлейтiн «жасанды интелект» ЭЕМ-дерi болуы керек/

  1. ЭЕМ даму тарихы неше буыннан тұрады?
  2. 1-буын қай жылы шықты, элементтік базасы не?
  3. 2-буын қай жылы шықты, элементтік базасы не?
  4. 3-буын қай жылы шықты, элементтік базасы не?
  5. 4-буын қай жылы шықты, элементтік базасы не?
  6. ЭЕМ аппараттық жабдықталуы?
  7. Орталық процессорға не жатады?
  8. Енгізу құрылғыларына не жатады?
  9. Шығару құрылғыларына не жатады?
  10. Есте сақтау құрылғыларына не жатады?
  11. ДК - элементтік базасы не?
  12. Микропроцессор дегеніміз не?
  13. ЭЕМ-нің жалпы жады қанша түрге бөлінеді?
  14. Сыртқы жадына не жатады?
  15. Ішкі жадына не жатады?
  16. ОЕҚ қандай қызмет атқарады?
  17. ТЕҚ қандай қызмет атқарады?
  18. Қатты дискінің көлемі қандай?
  19. Иілгіш дискіге не жатады?
  20. Компакт дискінің ақпарат сыйымдылығы?
  21. Графикалық адаптер дегеніміз не?
  22. Монохромды экранға не жатады?
  23. Сапасы ең жоғары графикалық адаптердің аты?
  24. Графикалық адаптердің түрлері?
  25. Компак диск қоятын құрылғы?
  26. Иілгіш диск қоятын құрылғы?
  27. Принтерлердің түрлері
  28. Сия бүркігіш принтердің жұмыс істеу принципі?
  29. Лазерлік принтердің жұмыс істеу принципі?
  30. Плоттер деген не?
  31. Пернетақта нешеге бөлінеді?
  32. Функционалды перне деген не?
  33. Мультимедияға не жатады?
  34. Сеттік карта деген не?
  35. CD-ROM деген не?
  36. ДК негізгі бөліктерін ата?
  37. ДК қосымша бөліктеріне не жатады?
  38. Компьютер классификациясын ата?
  39. ЕТ кабинетінде өз бетінше жұмыс жасайтын оқушы қандай 3 ережені толығымен меңгеруі тиіс?
  40. Көзбен монитордың ара қашықтығы неше см болуы қажет?1642 жылы дүние жүзiнде бiрiншi рет қосу машинасын құрастырған қай елдiң ғалымы, ол кiм, сол кезде неше жаста болды?

Француз матиматигi Блез Паскаль он тоғыз жасында

  1. Информатика деген не?

Ақпараттық процестердi зерттейтiн ғылым информатика деп аталады.

  1. Ақпараттық процесс дегенiмiз не?

Ақпаратты сақтау, өңдеу, жеткiзу ақпараттық процесс деп аталады

  1. Бағдарлама арқылы басқарылатын қазiргi компьютерлерге өте ұқсас құралдары бар есептеуiш машина қалай аталды, жобасы қай жылы жасалды?

Аналитикалық машина, 1833 жылы

  1. Қазiргi компьютердiң атасы кiм?

Чарлз Бэббидж

  1. Қазiргi кезде әр оқушының қолындағы калькулятордың негiзiн салғандар кiм, қай елдiң өнертапқыштары?

Орыс өнертапқыштары П. Л. Чебышев пен В. Т. Однер

  1. 1694 жылы атақты немiс математигi Лейбництiң құрастырған механикалық есептеу машинасы қалай аталды?

Арифмометр

  1. Бұрынғы Кеңестер Одағындағы 1947-48 жылдары бiрiншi ЭЕМ-дi жасауға басшылық еткен кiм, толық аталуы қалай?

Сергей Алексеевич Лебедев, МЭСМ /малая электронная счетная машина/

  1. Ең бiрiншi электоронды есептеуiш машина қайда қашан жасалып, қалай аталды, салмағы қанша боды?

1946 жылы Ақыш-та Пенсильван университетiнде, ENIAC, салмағы 30 тонна


Ұқсас жұмыстар
Жұбанова - өзінің талантын барлық жанрда танытқан шығармашылық диапазоны кең композитор
Тригонометриялық тепе-тендіктерді, өрнектерді ықшамдау. 9 сынып
Жапсырмалау өнері
Сөз құрамы. 2 сынып
Көжек (ертегі)
ЖАЙ БӨЛШЕКТЕРГЕ АМАЛДАР ҚОЛДАНУ
Жай бөлшектерді қосу және азайту
Металды өңдеу
Қазақ хандығы
Санды 5 ке көбейту және бөлу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz