Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлу

Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлу

Сабақтың негізгі мақсаты: Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлу ережесін
үйрету. Жай бөлшектерді бөлу ережесін есептеулерде қолдана білу машықтарын
қалыптастыру.
Сабақ түрі: іскерлік-ойыны
Сабаққа қажетті көрнекіліктер: есептер жпзылған карточкалар, ақшалай
салынған пакеттер, жұмсалған қаржы есебіне мониторинг, банк қызметіне
нұсқаулық, білімді есепке алу парағы(тапсырмалар жауабы).
Сабақтың барысы: І. Жаңа тақырыпқа даярлық кезеңі.
Сұрақтар: “бөлудің көбейтуге кері амал екендігін пайдаланып, бөлгішті
өзіне кері санға алмастырап, бөлуді көбейту амалымен алмастыру”;
1. Көбейтуге кері амал қалай аталады
2. 35:7 бөлшекпен жаз
3. бөлгішті кері санмен алмастырып, бөлу амалынкөбейту амалымен жаз.
35*1/7
4. Бөлу амалын көбейтумен алмастыру үшін қандай түрлендіру
пайдаландық?
5. Түрлендіріп, бөлу амалын (көбейту арқылы) орында:
51:3,75:(3/5):(1/3)
ІІ. Жаңа оқу материалын меңгерту.
(8/9):(1/3)=8/9*3/1=(8*3)/(9*3)=8/9
Сұрақтар:
1. Бөлу амалына кері қандай амал кері болмайды?
2. Бөлшекті бөлшекке бөлуді көбейтумен алмастыру үшін қандай тәсіл
қолданамыз.
3. Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлу қалай орындалады.
Егер бөлінгіш пен бөлгіш аралас сандар болса, онда оларды бұрыс бөлшекке
алмастырып, жай бөлшектерді бөлу ережесі бойынша орындаймыз.
Мысалы, (12+2/3)/(2+1/9)=
Алгоритм:
1. 12+2/3=38/3:х
2. 2+1/9=!9/9:у
3. х*1/у
Егер бөлінгіш пен бөлшектің біреуі натурал сан болса, онда оны бөлімі
1 саны болатын жай бөлшек түрінде жазып, бөлшекті бөлшекке бөлу ережесі
бойынша орындау керек.
Мысалдар: 1) 5:(3/4)=
2) 3:79=
(бөлшекті бөлшекке бөлудің алғашқы кезеңдерінде жазудың ұзақ түрімен,
кейін машықтанған соң қысқаша түрімен жазу дұрыс; оқушыны логикалық жүиелі
ойлауға дағдыландыру);
Ауызша №672 есепті орындау

ІІІ. Жаңа бөлімді бекіту.
Сыныпты 3 топқа бөлу.
Ойын шарты:
1. Топты ойынға қосу үшін 150 теңге ақша төлейді.
2. Тапсырма алады.
3. Тапсырманың жартысы орындалмаған жағдайда топтық ойыннан
шығатындығы ескертіледі.
4. Ойынға қайта кіру үшін 150 теңге.
Банк қызметін ұйымдастыру (тарих мұғалімінің қосымша түсінігі: банк,
несие туралы сөздік жұмысы)
Әр топқа Банктен несие беру.
- ынталандыру үшін әр топқа процентсіз 100 теңгеден ақшалай қаржы
беру;
- алғашқы несие 10 %, одан кейінгі несиелер 20%, 30% өсімдермен
беріледі:
- сабақ соңында берілген барлық несие проценті мен қоса қайтарылуы
тиіс;
Қаржы есебіне монитогринг ұйымдастыру.
Тапсырмалар жазылған ақшалай бағаланған карточкаоарды әр топқа таратып
беру

1-тапсырма (әр есеп 100 теңгеден) Кестені толтыр: № 676
2-тапсырма (әр есеп 100 теңгеден) Алгоритмдер; № 673, 674, 690
3-тапсырма (әр есеп 200 теңгеден) Бөлуді орында: № 689
ІV. Үйге тапсырма беру. №675, 678, п. 24(оқу)
V. Сабақты қорытындылау.
- тақырып соңындағы сұрақтар бойынша;
- жіберілген біріңғай қателерді ескеру;
VІ. Оөушылар білімін бағалау.
- берілген барлық несиені процентімен қоса қайтарып алу;
- әр топтың жұмысын бағалау;

Берілген несие

| |1-топ |2-топ |3-топ |
|0.00% |KZT 100.00 |KZT 100.00 |KZT 100.00 |
|10.00% | | | |
|20.00% | | | |
|30.00% | | | |
|Барлық берілген | | | |
|несие: | | | |

Тапсырмаларды орындаудан жиналған қаржы:
| |1-топ |2-топ |3-топ |
|1-тапсырма | | | |
|2-тапсырма | | | |
|3-тапсырма | | | |
|Барлығы | | | |

Топтардағы қаржыны есептеу:

|Қордағы қаржы | | | |
|Ойынға кіру жарнасы: |KZT 100.00 |KZT 100.00 |KZT 100.00 |
|Процентімен қоса | | | |
|қайтарлатын несие: | | | |
|Қалған қаржы: | | | |

Ақмола облысы
Жарқайың ауданы
Тассуат орта мектебі

Ашық сабақтың тақырыбы:

Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлу

Өткізген: Нуримбетов А.А.

Ұқсас жұмыстар
Жай бөлшекті жай бөлшекке
Жай бөлшектерді бөлу жайлы
Аралас санды аралас санға бөлу
Бөлшекті орында
Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерге амалдар қолдануға есептер шығару
Жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыру
Жай бөлшектің ондық жуықтауы
Жай бөлшектерді және аралас сандар көбейту
Бөлшек сандардың ондық жазылуы
Жай бөлшекті бөлу
Пәндер