8-А, 8-Б, 8-В, 8-Г сыныптары үшін Microsoft Word мәтіндік редакторында мәтінді жылжыту, көшіру және бетті нөмірлеу

8 А, Б, В, Г -сынып
Сабақтың тақырыбы: Microsoft Word мәтіндік редакторында мәтінді жылжыту
және көшіру. Бетті нөмірлеу
Сабақтың мақсаты:
- Оқушыларды Microsoft Word мәтіндік редакторында мәтін үзінділерімен жұмыс жасауды және бетті нөмірлеуді үйрету.
- Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру және мәтінді форматтай білу мүмкіндіктерін дамыту.
- Оқушыларды компьютермен сауаты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : Жаңа сабақ
Әдісі: Көрсете баяндау, түсіндіру, жеке жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: ДК, слайттар, үлестірмелі тапсырмалар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
ІV. Сарамандық жұмыс
V. Үйге тапсырма
VІ. Қортындылау
І. Сабаққа келмеген оқушыларды түгендеу, үй тапысырмасын пысықтау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Пысықтау сұрақтары.
- Microsoft Word редакторы қандай редактор?
- Microsoft Word мәтіндік редакторы не үшін қажет?
- Microsoft Word мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз?
- Microsoft Word мәтіндік редакторында құжатты қалай сақтаймыз?
- Microsoft Word мәтіндік редакторында сақталған құжатты қалай ашамыз?
- Мәтінді форматтау дегеніміз не?
- Символдарды форматтауды қалай түсінесіздер?
- Жол аралық интервальды қалай орнатамыз?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Мәтінді жылжыту және көшіру. Бетті нөмірлеу.
Word мәтіндік редакторынде мәтінді көшіру үшін Правка -Копировать командасын немесе Ctrl пернссін пайдалануға болады. Мәтінді бір орыннан екінші орынға жылжыту үшім оны белгілеп Правка - Вырезать командасын орындаймыз. Алынған үзінділерді орналастыру үшін Правка - Вставить командасын орындаймыз.
Үлкен көлемді мәтіндермен жұмыс жасау жеңіл болу үшін беттерді нөмірлеу қажет болады. Беттерді нөмірлеу үшін
Вставка-Номера страниц
/Бетті нөмірлеу/ командасын орындаймыз. Экранда
Номера страниц
терезесі пайда болады, терезенің
Орналастыру /Положение/
және
Туралау /Выравнивание/
өрістерінде қажетті орынды таңдап ОК батырмасын басамыз.
з
ІІІ. Сарамандық жұмыс.
- мәтінді көрсетілген үлгіде теріп жазыңыздар.
Қонақ аз отырып, көп сынайды.
- Қонақ атын, көлігін мінбейді, затын сұрамайды.
- Қонақ келгенде үй сыпырмайды, баласыныа немесе басқа біреулерге ұрыспайды.
- Үйге қонақ келгенде үй иесі оның алдынан шығады немесе түсіріп алуға адам жібереді.
- Кететін адамды шығарып салады.
- Қонақтың басқа біреудің киімін кммейді.
ІІ. Мәтіндегі «Қонақ келгенде үй сыпырмайды» деген сөзді Правка-Вырезать командасын орындап жылжытыңыздар.
ІІІ. Мәтіндегі «Қонақ атын, көлігін мінбейді, затын сұрамайды» деген сөйлемді Прпавка-копиравать командасын орындап көшірмесін алып мәтіннің соңғы жағына Правка-Вставить командасын орындап орналастырыңыздар.
ІV. Мәтінді форматтаңыздар.
- Әр жолды әр түрлі түспен жазыңыздар
- Әр түрлі сызылыммен. (Ж, К, Ч)
- Жол аралық интервал орнатыңыздапр
- Парақтың сыртын қоршаңыздар
VІ. Бетті нөмірлеңіздер
VІ. Мәтінді өз қалауларыңыз бойынша сақтаңыздар.
ІV. Үйге тапсырма:
Microsoft Word мәтіндік редакторында мәтінді жылжыту және көшіру. Бетті нөмірлеу
V. Қорытындылау:
- Microsoft Word мәтіндік редакторында бетті нөмірлеу үшін қандай әрекеттер орындалады?
- Правка-Вставить командасын не үшін орындаймыз?
VІ. Оқушларды бағалау