Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ыбырайдың дүниетанымы

Ыбырайдың дүниетанымы

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Қазақтың көрнекті ақын, жазушысы Ы. Алтынсарннің өмірі мен
шығармашылығы туралы тереңірек танысып, әңгіменің тақырыбы мен жазушының
идеялық мұратын мәтінге сүйене отырып ашу және шығармасындағы негізгі
ойды таба білуге үйрету.
2. Дамытушылығы: оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып, өздіктеріненжұмыс
істеуге, шығармашылық жұмыста шапшаңдық танытуға, өздігінен қорытынды
шығаруға машықтандыру, таным белсенділіктерін дамыту
3. Тәрбиелігі: әңгіме арқылы жамандықтан аулақ, жақсылыққа жақын болуға,
адамгершілікке тәрбиелеу
Түрі: аралас сабақ
Типі: дамыту технологиясы
Әдісі: ой қозғау, бес жолды өлең құрастыру, Венн диаграммасы, әңгіме,
сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: Ы. Алтынсарин портреті,сабаққа қатысты сызба- нұсқалар,
үлестірмелі парақшалар.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, қазақ тілі.
Сабақтың жоспары:
1. Психологиялық дайындық.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Жаңа сабақ
4. Ой қозғау.
- мәтінмен жұмыс;
- сөздікпен жұмыс;
5. Ой толғаныс
- Венн диаграммасы;
- бес жолды өлең жазу;
6. Сабақты қорытындылау.
7. Үй тапсырмасы.
8. Оқушыларды бағалау

2. Үй тапсырмасын сұрау:
- Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?
- А. Құнанбаев кім, оның қандай әңгімесін оқыдық?
3. Ой ашар:
Жаңа сабақ топтық талдау арқылы меңгеріледі
4.Топтастыру стратегиясы
- Балалар, Ы. Алтынсарин кім және ол қай жерде, қай жылы дүниеге келген?
- Қандай шығармалары мен өлеңдерін білесіңдер?
- Қандай оқулық жазды?

Олай болса оқулықтарыңның 83-87беттерін ашыңдар, Ы. Алтынсариннің
өмірбаянымен танысайық
Тақтақтамен жұмыс: (сөзжұмбақ)
Оқулықпен жұмыс : Оқушылар Ыбырайдың творчествосымен танысады
Дәптермен жұмыс: 3 қатарға тапсырма беріледі.
1-қатар. Өмірбаяны
2- қатар. Жастық шағы
3- қатар. Еңбекткрі
5. Ой толғаныс.
- Венн диаграммасы арқылы көрсету. Осы төмендегі диаграмма арқылы оқушылар
мінездеме береді.
6. Сабақты қорытындылау.
- Оқушыларға үлестірмелі парақшалар таратып беру.
-Сұрақ-жауап арқылы сабақты қорытындылау.
7. Үйге тапсырма беру. Әңгімені оқып, мазмұнын айтуға дайындалып келу,
өзіне ұнаған көріністің суретін салу.
8. Оқушылардың біліміне қарай бағалау.

Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Қостанай облысы, Затобол ауданында
(бұрынғы Арақарағай болысы) туып өсті. Болашақ ақынның балалық шағы ру
басы, ірі феодал Балғожа бидің семьясында өтті. Балғожа-қазақтығ белді
биінің бірі. Ол өз кезіндегі билерге тән шешендік өнерді де меңгерген,
сөзге орамды, тілге ұста адам ретінде айналасындарға әмірін жүргізіп
отырған.
Ыбырай ең алдымен, мұсылманша оқып сауатын ашады. Ол 2-3 жылдай ел
молдасының алдын көреді. Атасы Балғожаның тұжырымды сөздеріне көңіл қойып,
ел ішіндегі шешендер сөздерін жаттап өскен. Бойына біткен байқағыштық пен
ұқыптылық Ыбырай болашағын белгілегендей еді. Зерек те зерделі, сергекте,
сезімтал жастың тәрбиесіне көңіл аудармай, оның бойындағы жалын ұшқынын
танымай өтер Балғожа би емес-ті. Ол басқа балаларына, не жұрағаттарына
тоқтамастан Ыбырайды қолға алып, өз орнын басар, болашағының үмітін артар
мұрагері санауы-жас бойындағы жасырын қабілеттің ұшығы, оның шырқау шыңының
танығандық болатын. Көпті көрген көне бидің зердесі жас Ыбырай бойындағы
шымырлап жатқан талап пен таланттың көзін табуға жетсе де оның бой созар
шынары мен болашағына сеніңкіремеген еді.1850 жылы 9 жастағы Ыбырайды
Орынборда қазақ балаларына арналып ашылып жатқан жеті жылдық мектепке
апарып берген Балғожаның ой мен сыры осы тұрғыдан шыққан-ды.

1. ..... алды ынтымақ
2. Құнанбайдың ұлы
3. Ең алғаш Ыбырай қай қалада мектеп ашты?
4. Ыбырай орыстың қай ғалымымен жақын араласып, оның бай кітапханасын
қолданды.
5. Ыбырайдың атасының есімі
6. Ыбырай қай өлеңінде қайырымды, кең пейіл, адал азамат болуға шақырды
-----------------------

« Өнер, білім бар жұрттар »

« Қазақ хресто-матиясы » жазды

Кел, балалар, оқылық!

Қостанай облысында дүниеге келген.

Ұстаз

Ақын

1841-1889ж.ж.

Ыбырай Алтынсарин

Ы

Б

Ы

Р

А

Й

Ұқсас жұмыстар
Ыбырайдың прозалық шығармалары мен аудармалары 9 сынып
Ыбырай ата
Дала қоңырауы сайыс
"Сәулелі жұлдыз іздеген адам"
Ыбырай - шағын әңгіме шебері. Сабақтың тақырыбы
Ыбырай Алтынсариннің өлеңдері мен шығармалары
Алтынсарин көптеген өлеңдерді жазған ақын
Алтынсарин мектеп ашуы
Ы. Алтынсарин - ағартушы, педагог, 5-сынып
Қазақ тілінен орыс тіліне және керісінше, екі тілде ауызекі сөйлей білуге жаттығу
Пәндер