Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Бағдаршам және көше белгілерін таныстыру

Көше тәртібі-өмір сүру тәртібі.

Сабақтың мақсаты: Ойынды тәрбие құралы ретінде пайдалана отырып,жол
ережесін меңгеру.Жаяу мен көліктің өзара байланысын ұқтыру.Бағдаршам және
көше белгілерін таныстыру.
Дамытушылығы: Сөздік қорын,сөйлеу мәнерін,есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Жолда жүру мәдениетіне
үйретіп,сақтыққа,зейінділікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар: Бағдаршам,көше суреттері,жол
белгілері,машиналар,еденге арнайы салынған жол,үнтаспалар.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап әдісі.
Сабақтың түрі: Ойын түрінде.
Сабақтың барысы: сабақ басталарда асығып-үсігіп Дымбілмес келді.
Дымбілмес: Апай,кіруге бола ма?Ой,тамаша,машиналар,қандай көп.мен машинаға
қағылып қала жаздадым,жолда машина көп екен.
Мұғалім:Ал,дымбілмес,сен көшеде жүру туралы білемісің?
Дымбілмес: Иә,білемін.
Мұғалім:Білсең айта ғой,жақын келіп машинадан қалай өту керек?
Дымбілмес:Жүгіріп жолын қиып өту керек.
Мұғалім: Дұрыс па балалар?
Балалар: Әй,дымбілмес,сенің мұның дұрыс емес.
Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар.Ал енді біз Дымбілмеске көмектесіп
жіберейік,әйтпесе Дымбілмес бір күні машина астына түсіп қалуы мүмкін.Ол
үшін балалар өзіміз не білуіміз қажет?
Балалар: Көше тәртібін.
Мұғалім: Дұрыс,балалар!Ендеше,дымбілмес сен дұрысұғып ал.Қазір біздің
балалар көшеде жүру туралы айтып береді.
1-бала: Әрбір жаяу жүргінші сияқты,әр бала көшеде аса сақтықпен жүруі
тиіс.
2-бала: Көше тәртібін орындамау,көліктердің жүріп-тұруына кедергі
жасайды.Жұмысшылар жұмысқа,оқушылар сабаққа кешігнді.
3-бала: Көшеде қақпадан шығып келе жатқан машинаны көрсең,күте тұр.Тоқтап
тұрған машинаның қасынан абайлап өт.
4-бала: Мектепке келе жатқанда өзіңе қауіпсіз болатын жерді таңдай
біл,өтетін жер тар болса,кездескен үлкен кісіге жол бер.
Мұғалім: Жиек жол туралы суретпен әңгіме.
Мұғалім: Жұмбақ жасырады.
Өзі сөйлеу білмейді,
Бірақ тоқта ,жүр дейді. (Бағдаршам)
Бағдаршам туралы түсінік.
Мұғалім: Балалар,мен өлең жолдарын оқимын,соған байланысты дөңгелекті
көтерсетесіңдер.
Ойын Бағдаршам құрастыру (сол дөңгелектерден)
Ортаға үш қыз шығады(қызыл,сары,жасыл)
Қызыл көзі жанғанда.
Кілт тоқтай қал табанда.(қызыл жанады)
Сары көзі:жанғанда.
Сақ бол жолда,абайла!(сары жанады)
Жасыл-жарық жол ашық.
Жүгіре бер бел асып(жасыл жанады)
Үшеуі қосылып:
Бас аяқты ойлап
Бұл ұқыпты жолда
Милиционерді шығару(мұғалімнің сөзі)
Жол сақшысының сөзі:
Мен көшеге сақшымын,
Болсын жұртқа жақсы күн.
Жолы болар әрқашан
Тәрбиесі жақсының.
Көрініс: Үнтаспа ойналады,көшеде машиналар жүріп жатады.Доп қуған балалар,
машина жүргізуші,милиционер.
-Балалар машина жолға велосипед тебуге бола ма?
«бағдаршам» сұрақ-жауап ойыны:
1.Бағдаршам деген не?
2.Жарық көзі нешеу?
3.Қандай жарық көздері бар?
Ары қарай қимылмен көрсетеді.(жарық көздері жағылады)
Балалар біз тағы не білуіміз керек?
Көшедегі жол белгілері.
Тыйым салу белгілері
Ескерту белгілері
Жаяулар ережесі (балаларға белгілер беріледі)
1-оқушы: мына белгі тоқта деп,
тұрады әркез талап қып.
Ортасында сызық,
Мынау белгі қызық.
2-оқушы:
Түйіседі жолымыз,түйіскендей қолымыз.
Тұрса белгі алдымда,түсінеміз оны біз.
3-оқушы: жолдан малды өткізу керек.
4-оқушы: Жаяулар жүретін жол.
5-оқушы: Трактормен өтуге болмайды.
6-оқушы: Мектеп ен бала бақша қасына қойылатын белгі.
7-оқушы: Жаяу адамдар ережесі.
Мұғалім: Ал,Дымбілмес,сеғн бүгінгі сабақта не білдің?(сұрақтар қойылады)
Қорытындылау: Ойын «Күншуақ».
Мадақтау.

Ұқсас жұмыстар
Бағдаршам
Жол және біз жайлы ақпарат
Қоршаған ортамен таныстыру, сурет салу
Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік
Оқушылардың көшеде жүру ережелерін меңгеру дағдысын қалыптастыру және оны іс-жүзінде пайдалана білуін жетілдіру
Жолың болсын, балақай!
Өмірді сақтайтын бағдаршам
МАИ қызметкерлерімен амандасып, МАИ қызметкерлері
Көше ережесі тарихынан
Жолда жүру ережесін, Есте сақта қалайда
Пәндер