Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Өлкеміздің топырағы

Қазақстан топырағы және оның түрлері

Қазақстанның топырағы және оның түрлерімен таныстыру мақсатында сын
тұрғыснан ойлау стратегияларын қолданып ашық сабақ өтті.
Топырақты механикалық ққұрылымына қарай жіктелу ерекшеліктерін
топыраққа әсер етуші факторларды түсіндіру және оқушыларлы өз
шығармашылық жұмыстарының нәтижесін көріп, өз бетімен жұмыс жасап, талдай
білуге, қорытынды айта білуге үйрету сабақтың негізгі мақсаты болды.
Сабақта көрнекілік ретінде Қазақстанның физикалдық картасы,
топырақ жамылғысының картасы, кестелі суреттер, топырақ түрлері, қосымша
әдебиеттер мен оқушылардың шығармашылық жұмыстары қолданылды.
І. Ұйымдастыру. Оқушыларды 4 топқа бөліп орналастыру.
ІІ. Қызығушылықты ояту бөлімі. Үй тапсырмасын сұрай отырып, жаңа
сабаққа көшу.м Жұмыстың түрлері:
а) оқушылардың шығармашылық жұмыстары, рефераттар;
ә) тесет жұмысы.
1.Қазақстан астанасы орналасқан өзен:
А) Жайық; ә) Ертіс; б) Есіл
2. Рахманов бұлағы қайда орналасқан?
А) Алтайда; ә) Іле Алатауында; б) Қаратауда
3.Есіл өзеніндегі судың ең төмен кезі:
А) жазда; ә) қыста; б) күзде
4.Солтүстік Мұзды мұхиттың алабына жататын өзен?
А) Ертіс; ә) Жайық; б) Іле
5. Қазақстандағы жер асты суының мол қоры:
А) Каспий маңы ойпатында; ә)Мойынқұмда; б) Шығыс Қазақстанда
6. Қазақстанның ең ірі су қоймасы:
А) Бұқтырма; ә) Шардара; б) Қапшағай
7. Шардара бөгені қай өзенде?
А) Іле; ә) Сырдария; б) Есіл.
8. Қазақстандағы ағынды көл?
А) Балқаш; ә) Алакөл; б) Зайсан

Б) Сөзжұмбақ.

1.Қазақстанның ең ұзын өзені.
2. Арал теңізі алабыныың өзені.
3. Іле өзеніндегі бөген.
4. Жер асты суы мол жер.
5. Тұран тақтасында орналасқан теңіз.
6. Шипалы әсері бар минералды су.
7. Іле өзені құятын көл.
В) Топырақ сөзіне ассоциация

Топырақ

ІІІ. Мағынаны тану. Жаңа сабақ. Тақырыбы: Қазақстанның топырағы және оның
түрлері.
Жоспар:
1. Топырақ құрушы факторлар
2. Топырақтың механикалық құрылым.
3. Қазақстанның топырақтың түрлері
4. Өлкеміздің топырағы .

1. Мұғалімнің қысқаша түсінігінен кейін 4 топ оқулықпен жұмыс жасап,
мына сызбаға сәйкес жауап іздейді. Ол үшін топ жетекшілері өздеріне
тапсырма суырады.

Әр топта жұппен талдап, сосын топтасып бір спикер түсіндіреді. Қажет болған
жағдайда басқа топ мүшелері көмектеседі.
2.Топырақтың механикалық құрылымын анықтауда мұғалім қысқаша түсінік
береді, яғни құрылымды топырақ саз бен қара шірікті құрылым жлқ топырақ
құмды саздауыт болатындығын айтады. Содан соң оқушылардан айырмашылығын,
себебін анықтау үшін сұрақтар қойып, екеуін салыстырып, Венн диаграммасын
толтыру тапсырылады.

Құрылымды Құрылымы жоқ

3.Қазақстанның топырақ түрлерімен таныстыру үшін қосымша әдебиеттерді,
суреттерді пайдаланып, шаруашылық маңызы айтылады. Атласты пайдалану
арқылы оқушыларға өлкеміздің топырағын анықтауға тапсырма беріледі.
4.Өлкеміздің топырағын, оның түрлерін, тарлуын түсіндіру үшін оқушыларға
берілген шығармашылық жұмыстар тыңдалады.
ІV. Толғаныс бөлім. 4 топқа СТО-дың «бір тақырыпқа әр түрлі жазу»
стратегиясы бойынша тапсырмалар беріледі.
1 топ. Туған өлке топырағы тақырыбына 5 минуттық эссе жазу.
2- топ. Топырақ сөзіне 5 жолдық өлең құрастыру.
3-топ. Кескін картға Батыс Қазақстан облысының топырақ белдемін түсіру.
4- топ. Не білдің?
Белгіленген уақыт ішінде әр топ өз жұмыстарын өз қиялдармен әр түрлі
пішінде көркемдеп, тақтаның белгіленген жеріне іліп талдайды.

V. Сабақты қорытындылау, бағалау.
VІ. Үйге: а) §35,36- ның І- тақырыпшасы; ә) кескін-картаға топырақ
белдемін түсіру; б) қосымша мәліметтер жинақтау тапсырылады.

-----------------------
Топырақ құрушы факторлар

Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның топырақ жамылғысы. 8 сынып
Қойнында жатқан ата - бабаның, Қасиетті зираттары тұрған жер
Сәтбаев достықтың қаласы
Минералды ресурстар
Орман-тоғай өсімдіктері мен жануарлары
Ауданның данқты тұлғалары. сыныптан тыс жұмыс
Саялы өлкем, сазды өлкем - атырауым!
Зейнолла Қабдоловтың шығармашылығына байланысты кітап көрмесі
Африканың табиғат зоналары
Шөл зонасы. 7 сынып
Пәндер