Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Деректер базасы

САБАҚ ЖОСПАРЫ
«Бекітемін»

________________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________20 ж

Пән аты: Информатика
Класы: 8 «А», 8 «Б», 8 «В»
Сабақтың тақырыбы: ЕТ кабинетіндегі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік
техникасының
ережелері.
Электр тогымен зақымданған
жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек
көрсету. Көз талғанда
жасалатын жаттығулар. Жұмыс орнын
пайдалануды есепке алу
журналы.
Программалық Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналы.
Қауіпсіздік техникасы
дидактикалық бойынша нұсқау алуды тіркеу журналы. Өрт
сөндіру құралдары.
қамтылуы: Жұмыс дәптері.
Сабақ мақсаты: 1. Есептеуіш техникасымен жұмыс істеу
кезіндегі қауіпсіздік техникасы
ережелерімен таныстыру.
Компьютер сыныбында өзін-зі алып жүру
ережелерімен таныстыру.
Төтенше жағдайлардағы іс-әрекет
ережелерімен таныстыру.
2. Оқушылардың өздерін
кабинетте ұстау, қауіпті жағдайларда көмек
көрсете білу қабілеттерін
дамыту.
3. Оқушыларға эстетикалық
тәрбие беру.
Сабақтың типі: Практикум элементтері бар көрсетіп түсіндіру
сабағы.
Білім мен білікке Оқушы білуі тиіс:
қойылатын талаптар - ЕТ-пен жұмыс істегендегі қауіпсіздік
техникасының ережелерін;
- компьютер сыныбындағы іс-әрекет ережелерін;
- қауіпті жағдайдағы іс-әрекет ережелерін.

Оқушының меңгеруі тиіс білігі:
- көз талғандағы жаттығуларды
жасауды;
- өрт сөндіргішті қолдануды;
- жұмыс орнын пайдалануды
есепке алу журналын толтыруды;
- статикалық кернеу әсерін
кетіру жаттығуларын орындауды.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын тексеру
III. Жаңа сабақты түсіндіру
1. ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қауіпсіздік техникасы ережелерін мына пункттерге бөлуге болады:
1) жалпы;
2) ДК-де жұмысты бастау алдында;
3) жұмыс істеу кезінде
4) авариялық жағдайларда жағдайлардағы,
5) жұмысты аяқтағанда
Жалпы қауіпсіздік талаптары:
1. Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға,
розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым салынады.
2. Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютерлік сыныпқа кіруге және одан шығуға
болмайды
3. Мұғалімнің рұқсатынсыз сынып ішінде жүруге болмайды.
4. Дербес компьютерде су қолмен және су киіммен жұмыс істеуге болмайды
5. Корпусы мен сымдардың бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК-де жұмыс істеуге
тыйым салынады
6. Үстелге, ДК-дің жанына сөмке, портфель, кітап қоюға болмайды. Үстелде
тек қалам мен дәптер ғана жатуы тиіс
7. Пернетақта үстіне ештеңені қоюға болмайды
8. Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін
қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.
Дербес компьютерде жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын қауіпсіздік
талаптары
1. ДК электр тогына қосылмаған жағдайда сымдардың, ДК-дің корпусының
бүтіндігін және айыру (изоляция) бұзылмамағанын қарап шығып, олардың
дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек.
2. Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар сальбырап тұрмауына көңіл
бөлу керек.
3. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.
Дербес пайдаланылатын компьютер жұмысы кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1. ЭЕМ жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы қашықтығын (60-
70см) сақтау керек. Мүмкін қашықтық -50см.
2. Келушілер кіргенде оқушылардың орнынан тұруының қажеті жоқ.
3. Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді дем алдыратын
бірнеше жаттығу орындау керек.
4. Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек
көрсету әдістерін, өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру
әдістерін білуі керек.
5. Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларды білуі керек.
Апат (төтенше ) жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары
1. ДК-де жұмыс істеу барысында ақауларын бйқағанда, түтін немесе әдеттен
тыс дыбыстар пайда болғанда жұмысты тоқтатып, аппаратураны өшіру және
оқытушыға хабарлау керек.
2. Қажет болса, өртті сөндіруге көмектесу керек.
3. Қажет болса, электр тогынан зақымданғандарға алғашқы көмек көрсету
керек.
4. Компьютер сыныбында өртті сумен өшіруге болмайтынын білуі керек. Мұнда
құмды немеса көбікті өрт сөндіргішті пайдалануға болады.
5. Егер зақымданған адам электр тогының әсерінде болса, оны жалаңаш
қолмен ұстауға болмайтынын білу керек. Зақымданушы электр тогын
өткізбейтін материалдарды пайдаланып босатуға болады.
ДК-де жұмысты аяқтау қауіпсіздігінің талаптары
1. Аппаратураны оқытушының нұсқауымен өшіру керек.
2. Жұмыс орнын ретке келтіру керек.
3. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналында белгі қою керек
3. ТАПСЫРМАНЫ ЖҰМЫС ДӘПТЕРІНДЕ ОРЫНДАУ КЕРЕК.
Төмендегі әрекеттердің орындауға болатындарын жасыл қарындашпен, ал
орындауға болмайтындарын қызыл қарындашпен бояңдар да, сөйлемдердің
мағынасына қарай «болады» немесе «болмайды» сөздерін қосып жазыңдар.

|Мұғалімнің рұқсатынсыз |Компьютер сыныбына |Информатика кабинетінде |
|информатика кабинетіне |сабырлықпен кіріп |сырт киіммен жүруге |
|кіруге болмайды |өзіңнің жұмыс орнына |болмайды |
| |отыруға болады | |
|Компьютердің көзге |Компьютер сыныбына |Компьютердің көзге |
|түсерлік ақауы немесе |кірерде бір-біріңді |түсетін ақауларын |
|бұзылған жері жоқ |есікте итермелеуге |көрсеңдер мұғалімге |
|екеніне көз жеткізуге |болмайды |хабарлауға болады |
|болады | | |
|Байланыстырушы сымдардың|Компьютерде жұмыс |Электр тогымен жалғанған|
|ажыратылатын жеріне |істеуді тек мұғалімнің |сымдарға тиісуге |
|тиісуге болмайды |рұқсатымен бастауға |болмайды |
| |болады | |
|Сыныпқа басқа |Компьютердің ақауларын |Сабаққа қатысты емес |
|компьютерлерден |немесе бұзылған жерін өз|бағдарламаларды немесе |
|компакт-диск пен дискет |беттеріңмен жөндеуге |ойындарды қосуға |
|алып келуге болмайды |болмайды |болмайды |
|Компьютерде кір қолмен |Пернетақтаны |Экранға және монитордың |
|жұмыс істеуге болмайды |тоқпақтамай, жай басуға |артқы қабырғасына |
| |болады |тиісуге болмайды |
|Пернетақта пернелерін |Компьютерде су киіммен |Көзден монитор экранының|
|кернеу қосылғанда ғана |немесе су қолмен жұмыс |қашықтығы 60-70 |
|басуға болады |істеуге болмайды |сантиметр болуына болады|
|Компьютердің құрамдас |Жұмысты аяқтағаннан |Мұғалімнің рұқсатынсыз |
|бөліктеріне заттар қоюға|кейін жұмыс орнын ретке |қапшықтар мен файлдарды |
|болмайды |келтіруге болады |жоюға болмайды |

4. АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ӘДІСТЕРІ

Электр тогымен зақымданғанда көмек көрсету:
1. Токты ажырату (тарату тақтасындағы тумблерді өшіру)
2. Зақымданған адамды электр тогының әсерінен электр тогын өткізбейтін
қол астындағы материалдарды пайдаланып босату
3. Зақымданған адамды қарап шығып, оған зардабының ауырлығына байланысты
көмек көрсету
4. Дәрігерді шақыру (мектептің медпунктінен, 03 жедел жәрдем телефоны
бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) керек.
Күйген кезде көмек көрсету
Адам күйікке шалынған жағдайда:
1. Ауырғанды басатын, тыныштандыратын дәрі (анальгин, валерьянка) беру
керек.
2. Күйген жерге дәрі (винилин) жағу керек.
3. Күйген жараның бетіне микроб түспейтіндей етіп, алдымен целлофанмен
орап алып, суық суда ұстау керек.
4. Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жәрдем телефоны бойынша немесе
жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.
Талып қалғандағы көмек көрсету
Адам талып қалған жағдайда:
1. Талып қалған адамды тегіс жерге шалқасынан, басын солға бұрып жатқызу
керек.
2. Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жәрдем телефоны бойынша немесе
жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.
Тынысы тоқтап қалғандығы көмек көрсету
Адамның тынысы тоқтап қалған жағдайда:
1. Адамның аузын ашып тілін көру керек, егер тілі көмекейіне қарай түсіп
кетсе – қолмен тартып шығарып қалыпты орнына келтіру керек;
2. Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жәрдем телефоны бойынша немесе
жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.
3. Тыныс алуы қалпына келгенше немесе дәрігер келгенге дейін жасанды
түрде тыныс алдырту (ауызды ауызға тақап) жасау керек.
IV. Жаңа тақырыпты бекіту
Қауіпсіздік ережелері бойынша бекіту сұрақтары бойынша, сынақ
V. Қорытындылау
Үйге тапсырма
ЕТ кабинетіндегі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасының ережелері.
Электр тогымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету. Көз
талғанда жасалатын жаттығулар. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу
журналы.
Оқушыларды бағалау
САБАҚ ЖОСПАРЫ
«Бекітемін»

_______________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________20 ж

Пән аты: Информатика
Класы: 8 «А», 8 «Б», 8 «В»
Сабақтың тақырыбы: Информатиканың негізгі түсініктері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында
білімдерін арттыру.
Тәрбиелігі: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа
тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін
біріктіріп,
пәнге деген
қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, интерактивті тақта, электрондық
оқулық, топтамалар, т.б.б.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру кезеңі
б) сабақ сұрау
в) бағалау
г) жаңа сабақ
д) бекіту
е) үйге тапсырма
ж) қорытынды
Қоңырау соғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты
бастаймын.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
(7-сыныптағы «Ақпарат» тақырыбы бойынша қайталау сұрақтары)
Ақпарат деген не?
(Ақпарат- қоршаған орта мен онда болып жатқан процестер туралы хабарлар мен
мәліметтер)
Қандай ақпараттық процестерді білесіңдер?
(Ақпараттық процестер дегеніміз –ақпаратты сақтау, беру және оны өңдеу)
Ақпарат қандай қасиеттерге ие болуы тиіс?
(Ақпарат пайдалы, толық, обьективті, жаңа болуы керек).
Ақпаратты өлшеудің қандай бірліктерін білесіңдер?
(Ақпараттың ең кіші бірлігі -1 бит )
1 Байт= 8 бит
1Кбайт (килобайт)=1024 байт
1Мбайт (мегабайт)=1024 кбайт
1Гбайт (гигабайт)=1024 мбайт
Ақпаратты кодтау, кодтушы кесте деген не?
(Ақпаратты кодтау дегеніміз – қандай да бір алфавит арқылы ақпартты
кескіндеу Кодтаушы символдар жиынының комбинациялары –кодтаушы кесте деп
аталады).
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
1. Қауіпсіздік техникасы ережесі туралы не
білесіңдер?
2. Қандай алғашқы медициналық көмек көрсету
тәсілдерін білесіңдер?
3. Қандай көзді талдырмау және шаршатпау жаттығуларын
білесіңдер?
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Информатика ғылым ретінде ХХ ғасырдың ортасында пайда болды.
«Информатика» термині
60-жылдардың ортасында деректерді өңдеу процесін автоматтандыру туралы
ғылым ретінде «Информация» және «Автоматика» сөздерінен пайда болды.
Сондықтан оны көздеген мақсатқа компьютердің көмегімен қол жеткізу үшін
қолданады.
Кез келген пән сияқты информатика да ақпараттарды оқып-білудің жалпы
пәні ретінде біріктірілетін әр түрлі пәндер жиынтығын ұсынады. Оған
жататындар:
➢ Ақпараттар теориясы ;
➢ Кибернетика;
➢ Жасанды интеллект;
➢ Программалау;
➢ Ақпараттарды қорғау және т.б.
Адамдар әрқашан өз еңбегін жеңілдетуге тырысты. Ол үшін олар әр түрлі
механизмдер мен машиналар ойлап тапты. Бұл құралдар ой еңбегін емес дене
еңбегін жеңілдетті. Қазіргі уақытта дене еңбегімен қатар ой еңбегімен
айналысатындардың саны күрт артуда. Адам өзіне көмекші құрал ретінде
ақпараттармен жұмыс істей алатын сақтау, өңдеу, жылдам іздеу және
алмастыру жүргізетін компьютерді ойлап тапты.
Информатиканың негізгі түсінігі ақпарат болып табылады. Ақпарат
терминінің көптеген анықтамасы бар. Ақпарат адамдар мен автоматтар
арасындағы мәліметтер, өсімдіктер және хайуанаттар әлемінде сигналдар
алмасуды, бір денеден екінші денеге белгілер беруді қамтиды.
Информатика ақпараттық процестер, технологиялар және ресурстар
түсініктерін байланыстырады.
Ақпараттық процестер деп адамдардың арасындағы қарым-қатынас кезінде
техникалық құрылғыларда және қоғамдық өмірде ақпараттарды беру, жинақтау
және өңдеу процестерін айтады.
Ақпаратты беру. Ақпарат, негізінен, пайдаланушыға сигнал арқылы
беріледі. Ақпараттың нақты немесе жорамал бейнесін алу ақпаратты беру деп
аталады.
Ақпаратты сақтау. Ақпаратты сақтаудың әр түрлі тәсілдері бар. Мысалы,
ежелгі заманда ақпаратты үңгірлердің қабырғасында, папируста сақтаса,
типографиялық қондырғыны ойлап тапқаннан кейін кітаптарда сақталатын болды.
Қазіргі кезде ақпаратты әр түрлі электрондық тасымалдаушыларда сақтауға
болады.
Информатикада ақпаратты өңдеу деп ақпараттарды бір түрден екінші түрге
қатаң ережелер арқылы кез келген түрлендіруді айтады.
Нақты бір техникалық құралдарды қолдану арқылы ақпараттарды жинақтау,
өңдеу және беру технологиясы ақпараттық технологиялар деп аталады.
Қоғамның дамуында информатиканың алатын орны орасан зор.

ІV. Сабақты бекіту.

1. Информатика дегеніміз не?
2. Информатика нені оқытады?
3. Ақпарат сөзін қалай түсінесіз?
4. Ақпараттық процесс дегеніміз не?

Жаңа сабақты бекіту: Ол үшін балаларға жаңа сабақтан бірнеше сұрақтар қоя
отырып сабақты

аяқтаймын.
Үйге тапсырма: §1.1 тақырыпты оқу.

Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген
білімдерін талдау,

бағалау.

САБАҚ ЖОСПАРЫ
«Бекітемін»

_______________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________20 ж

Пән аты: Информатика
Класы: 8 «А», 8 «Б», 8 «В»
Сабақтың тақырыбы: Сандардың тарихы және санау жүйелері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың санау жүйелері, ондық , екілік,
сегіздік, оналтылық санау жүйесі туралы білімдерін қалыптастыру
Тәрбиелігі: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге
тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік
қабілеттерін дамыту.
Пәнге деген
қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау,
баяндау арқылы

түсіндіру.
Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, интерактивті тақта, электронды оқулық
.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
(Практикум жұмыстарын талқылау)
Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:
1. «Ақпарат» түсінігін тұрмыстық, ғылыми, жаратылыстану және
техникалық мағынада қалай түсінесіңдер?
2. Ақпарат өлшеудің қандай тәсілдері бар?
3. Адам ақпаратпен қандай әрекет түрлерін орындайды?
4. Ақпараттық процесс деген не?
5. Ақпаратты ұсынудың тәсілдерін атаңдар?
6. Информатикаға анықтама беріңдер?
7. Қазіргі кездегі компьютерлердің қолданылуының сипаты қандай?
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
2- тарау. Компьютердің арифметикалық негіздері
Сандардың тарихы және санау жүйелері.

«Сан» түсінігі математика үшін де, информатика үшін де маңызды
болып табылады.
Сан қандай да бір алфавиттің символымен немесе символдар тізбегімен
өрнектеледі. Мұндай символдарды цифр деп атайды. Сан түсінігімен санау
жүйелері туралы түсінік байланысты.
Санау жүйелері – сандарды өрнектеудің қандай да бір тәсілі және оған сәйкес
сандармен әрекет жасау ережелері.
Бұрынғы және қазіргі қолданылып жүрген барлық санау жүйелері позициялық
және позициялық емес санау жүйелері болып екі үлкен топқа бөлінеді.
Позициялық санау жүйелерінде цифрдың мәні орналасу орнына тәуелді, ал
позициялық емес санау жүйелерінде тәуелді емес.
Позициялық емес санау жүйелерінде әр цифрдың мәні оның тұрған орнына
тәуелді емес.
Позициялық емес санау жүйелерінің ішінде ең көп тарағаны – римдік санау
жүйесі.
Позициялық санау жүйелері
Позициялық санау жүйелерінде әрбір цифрдың мәні, осы санның жазылуында
тұрған орнына тәуелді. Қазіргі кезде кең тараған позициялық санау
жүйелеріне ондық, екілік, сегіздік және он алтылық жүйелер жатады. Әрбір
позициялық жүйенің нақты анықталған цифрлар алфавиті мен негізі бар.
Позициялық санау жүйесінің негізі цифрлар санына тең және көрші позицияда
тұрған бірдей цифрлардың мәндері неше есеге ерекшеленетінін анықтайды.
Сандардың бізге үйреншікті жазылу жүйесі ондық жүйе деп аталады, ол он араб
цифрларынан тұрады. Кез келген санды жазу үшін 0-ден 10-ға дейінгі 10
цифр қолданылады, оның негізі 10-ға тең; екілік жүйеде тек 0 және 1
цифрларын қолдануға болады, негізі-2; сегіздік жүйе сегіз цифрдан тұрады,
негізі – 8; он алтылық жүйеде ондық санау жүйесінің он цифры және қалған 6
цифрдың орнына латын алфавитінің әріптері қолданылатын, барлығы он алты
цифр бар, негізі – 16.

2.2. кесте
Позициялық санау жүйелері

|Санау жүйесі |негізі |Цифр алфавиті |
|ондық |10 |0,1,2,3,4,5,6,7,8,9 |
|Екілік |2 |0,1 |
|Сегіздік |8 |0,1,2,3,4,5,6,7 |
|Он алтылық |16 |0,1,2,3,4,5,6,7,8,9 |
| | |А(10),В(11),С(12),Д(13),Е(14)|
| | |,F(15) |

Ондық санау жүйесі
Бұл жүйеде сандарды жазу үшін он цифр қолданылады: 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9.
Ондық жүйе позициялық болып табылады, өйткені ондық санның жазылуында
цифрдің мәні оның позициясына немесе сандағы орнына байланысты.
Мысалы, 777 саны жеті жүздіктің , жеті ондықтың және жеті бірліктің
қосындысын білдіреді.
777= 7*102+7*101+7*100
Санның цифрына бөлінетін позицияны разряд деп атайды.
Екілік санау жүйесі

Екілік жүйеде әдетте ондық емес, позициялық екілік санау жүйесі, яғни
негізі «2» санау жүйесі қолданылады.
Екілік жүйеде кез келген сан 0 мен 1 цифрларының көмегімен жазылады
да, екілік сан деп аталады.
Екілік санның әрбір разрядын (цифрын) бит деп атайды.
Сегіздік санау жүйесі
Сегіздік санау жүйесінің негізі 8-ге тең, ал 0,1,2,3,4,5,6,7
сандары алфавиттік сандар болып табылады.
Оналтылық санау жүйесі

Екілік сандарды жазуды қысқарту үшін негізі 16 санау жүйесін яғни
оналтылық санау жүйесін қолданамыз.
0,1,2,3,4,5,6,7,8,9 A, B, C, D, E,F

IV. Сабақты бекіту .
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

1. Санау жүйесі деп нені айтады?
2. Позициялық санау жүйесінің позициялық емес санау жүйесінен айырмашылығы
неде?
3. Позициялық санау жүйесінің негізі деп нені айтады?
4. Санды екілік жүйеден ондық санау жүйесіне қалай ауыстырады?
5. Он алтылық санау жүйесінде санды жазу үшін қандай цифрлар қолданылады?

V. Үйге тапсырма беру:
2 - тарау. Компьютердің арифметикалық негіздері. §2.1. Сандардың
тарихы және санау жүйелері.
VI. Оқушыларды бағалау.

САБАҚ ЖОСПАРЫ
«Бекітемін»

_______________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________20 ж

Пән аты: Информатика
Класы: 8«А», 8«Б», 8 «В»
Сабақтың тақырыбы: Сандарды позициялық санау жүйелеріне көшіру.
Сабақтың мақсаты:
Сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру туралы
түсінік қалыптастыру;
Білімділігі: Оқушылардың сандарды бір санау жүйесінен басқа
санау жүйесіне ауыстыру
туралы білімдерін қалыптастыру;
Тәрбиелігі: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге
тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушының есте сақтау және зейіндік қабілеттерін
дамыту, пәнге деген
қызығушылығын арттыру
Сабақтың түрі: практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау
баяндау арқылы түсіндіру.
Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютерлер, топтамалар, тест
сұрақтары т.б.б.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
(Практикум жұмыстарын тексеру).
Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:
1.Санау жүйесі деп нені айтады?
2. Позициялық санау жүйесінің позициялық емес санау жүйесінен айырмашылығы
неде?
3. Позициялық санау жүйенің негізі деп нені айтады?
4. Санды екілік жүйеден ондық санау жүйесіне қалай ауыстырады?
5. Оналтылық санау жүйесінде санды жазу үшін қандай цифрлар қолданылады?
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
2.2.-тақырып. Сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру.
Сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру жиі
кездеседі. Санды екілік, сегіздік немесе оналтылық жүйелерден ондық жүйеге
ауыстыруды қарастырдық.
Бүтін ондық сандарды екілік санау жүйесіне ауыстыру.
89110=11011110112
Ондық бөлшектерді екілік санау жүйесіне ауыстыру.
Ауыстыру ережесі: Ондық оң бөлшекті екілік санау жүйесіне ауыстыру үшін
бөлшекті 2-ге көбейту керек. Көбейтіндінің бүтін бөлігін екілік бөлшектің
үтірден кейінгі бірінші цифры ретінде алып, бөлшек блігін қайтадан 2-ге
көбейту керек.
Ондық сандарды сегіздік санау жүйесіне ауыстыру.
Сандарды ондық жүйеден сегіздік жүйеге ауыстыру үшін екілік жүйеге
ауыстыру әдісін қолдануға болады. Түрлендіретін санды ондық жүйенің ережесі
бойынша 7-ден аспайтын қалдығын еске сақтай отырып, 8-ге бөледі.
Ондық сандарды оналтылық санау жүйесіне ауыстыру.
Ондық сандарды оналтылық жүйеге жоғарыдағы ұқсас ауыстырады. Айырмашылығы
–берілген сан 8-дің орнына 16-ға бөлінеді.
Жаңа сабаққа орындалатын тапсырмалар:
1-нұсқа
1. Ондық сандарды сегіздік санау жүйесіне ауыстырыңдар:
а) 181,36910 б) 176,52610 в) 700610 г) 12510
д) 22910
2. Ондық сандарды оналтылық санау жүйесіне ауыстырыңдар:
а) 32210 б) 150,700610 в) 284,24510 г) 42810
д) 315,07510
3. Екілік санды сегіздік санау жүйесіне ауыстырыңдар:
а) 111101100112 ә) 11011010010012 б) 10011010110012
4. Екілік сандарды кесте бойынша оналтылық санау жүйесіне ауыстырыңдар:
а) 111101100112 ә) 11011010010012 б) 10011010110012
5. Сегіздік сандарды, кестені пайдаланып, екілік санау жүйесіне
ауыстырыңдар:
а) 3248 ә) 15768 б) 176528 в) 1368 г) 305078
6. Оналтылық сандарды, кестені пайдаланып, екілік санау жүйесіне
ауыстырыңдар:
а) А5916 ә) 8716 б) В6816 в) С1616
2-нұсқа
1. Ондық сандарды сегіздік санау жүйесіне ауыстырыңдар:
а) 32210 ә) 15010 б) 283,24510 в) 42810 г) 315,07510
2. Ондық сандарды оналтылық санау жүйесіне ауыстырыңдар:
а) 18110 ә)176,52610 б)36910 12510 22910
3. Екілік санды сегіздік санау жүйесіне ауыстырыңдар:
а) 110111110112 б) 10101110111012 в) 11101111010112
4. Екілік сандарды кесте бойынша оналтылық санау жүйесіне ауыстырыңдар:
а) 110111110112 б) 10101110111012 в) 11101111010112
5. Сегіздік сандарды, кестені пайдаланып, екілік санау жүйесіне
ауыстырыңдар:
а) 4068 б) 1258 в) 2278
6. Оналтылық сандарды, кестені пайдаланып, екілік санау жүйесіне
ауыстырыңдар.
а) 1F5A16 б) 4D616 в) 2СЕ16
3-нұсқа
1. Ондық сандарды сегіздік санау жүйесіне ауыстырыңдар:
а) 8810 б) 37,2510 в) 206,12510
2. Ондық сандарды оналтылық санау жүйесіне ауыстырыңдар:
а) 8810 б) 37,2510 в) 206,12510
3. Екілік санды сегіздік санау жүйесіне ауыстырыңдар:
а) 1001111110111,01112 б) 1110101011,10111012
4. Екілік сандарды кесте бойынша оналтылық санау жүйесіне ауыстырыңдар:
а) 100100102 б) 10100101,01112 в) 10011000,000101012
5. Сегіздік сандарды, кестені пайдаланып, екілік санау жүйесіне
ауыстырыңдар:
а) 668 б) 37,258 в) 206,1258
6. Оналтылық сандарды, кестені пайдаланып, екілік санау жүйесіне
ауыстырыңдар:
а) 9F4016 б) ABCDE16 в) 1ABC,9D16
IV. Сабақты бекіту.
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
1. Бүтін ондық сандарды екілік санау жүйесіне ауыстыру үшін қандай ереже
қолданамыз?
2. Ондық бөлшекті екілік санау жүйесіне ауыстыру ережесі қандай?
3. Қандай жағдайда периодты бөлшек алынуы мүмкін?
4. Ондық сандарды сегіздік, оналтылық санау жүйесіне ауыстыру үшін қандай
амалдар орындаймыз?
5. Сандарды екілік жүйеден сегіздік, оналтылық санау жүйесіне ауыстыру үшін
не істейміз?
V. Үйге тапсырма беру:
Оқулық: §2.2. Сандарды позициялық санау жүйелеріне көшіру. (Мазмұндау).
VI. Оқушыларды бағалау.

САБАҚ ЖОСПАРЫ
«Бекітемін»

_______________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________20 ж

Пән аты: Информатика
Класы: 8«А», 8«Б», 8 «В»
Сабақтың тақырыбы: Позициялық санау жүйелеріндегі арифметикалық
амалдар.
Қосу.
Азайту. Көбейту. Бөлу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Екілік сандармен орындалатын арифметикалық
амалдары қосу, азайту, көбейту,
бөлу амалдары
туралы білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Жауапкершілікке баулу, дәлдікке үйрету.

Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін
біріктіріп,
пәнге деген
қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
(Практикум жұмыстарын тексеру).
Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары.
1. Бүтін ондық сандарды екілік санау жүйесіне ауыстыру үшін қандай ереже
қолданамыз?
2. Ондық бөлшекті екілік санау жүйесіне ауыстыру ережесі қандай?
3. Қандай жағдайда периодты бөлшек алынуы мүмүкін?
4. Ондық сандарды сегіздік, оналтылық санау жүйесіне ауыстыру үшін
қандай амалдар орындаймыз?
Жаңа материалдың мазмұны:
§2.3. Позициялық санау жүйелеріндегі арифметикалық амалдар.
Екілік санау жүйесінде арифметикалық амалдар ондық жүйедегі ережелер
бойынша орындалады, айырмашылығы санау жүйесінің негізі екіге тең және тек
екі цифр ғана пайдаланылады.
Қосу

Мысалы:
101
+
011

Қосу процесін кезеңімен қарастырайық.
1. Алдымен қосу кіші разрядта орындалады:
1+1= 10 қосындының кіші разрядына 0 жазылады да , бірлік алдыңғы үлкен
разрядқа тасымалданады.
2. Келесі сол жақ разрядтың цифрлары мен тасымалдың бірлігі қосылады:
0+1+1=10. Қосындының бұл разрядында 0 жазылады да, бірлік тағы да келе
үлкен разрядқа тасымалданады.
3. Енді үшінші сол жақ разрядтың цифрлары мен тасымалдың бірлігі
қосылады:

4. Нәтижеде
101
+
011

1000. алдық. Сонымен, 10002=810
Қосу – екілік арифметикадағы маңызды операция. Компьютерде екілік сандармен
орындалатын басқа үш арифметикалық операция – азайту, көбейту, бөлу, әдетте
қосуды көмегімен орындалады.
Азайту

Мысалы :
101
-
101

Көбейту

Мысал : 1012 мен 1102 екілік сандарының көбейтіндісін табыңдар. Сандарды
кіші разрядтан бастап бағанда орындайық:
101 Тексеру: 1012 = 1*22+0*21+1*20=5
*
110 1102= 1*22+1*21+0*20=6

000
111102=1*24+1*23+1*22+1*21+0*20=16+8/+4+2+0=3010
Яғни 5*6=30
Бөлу

Екілік санау жүйесінде бөлу –ондық жүйедегі сатылап бөлу сияқты
орындалады. Екілік жүйеде бөлу мейлінше оңай орындалады, өйткені бөліндінің
кезекті цифры тек нөл немесе бірлік қана болады.

Жаңа сабақты бекіту: Ол үшін балаларға жаңа сабақтан бірнеше сұрақтар қоя
отырып сабақты

аяқтаймын.
Үйге тапсырма:

Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген
білімдерін талдау,

бағалау.

Оқушыларды бағалау.

САБАҚ ЖОСПАРЫ
«Бекітемін»

_______________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________20 ж

Пән аты: Информатика
Класы: 8«А», 8«Б», 8 «В»
Сабақтың тақырыбы: 3-тарау. Логика негізі және компьютердің
логикалық негізі.
§3.1. Логиканың негізгі
түсініктері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Компьютердің логикалық негіздері, логикалық
пікірлердің негізгі түсініктері
логикалық операциялары туралы
білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Жауапкершілікке баулу, дәлдікке үйрету.

Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін
біріктіріп,
пәнге деген
қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
(Практикум жұмыстарын тексеру).
Логиканың негізгі түсініктері.
ЭЕМ қатысуымен шешілетін есептердің ішінде, әдетте логикалық деп
аталатын есептер де аз емес. Логика- бұл адам ойлауының түрлері мен заңдары
туралы, оның ішінде дәлелдеуге болатын пікірлердің заңдылықтары туралы
ғылым.
Ғылыми пән ретінде логиканың формальды, математикалық ықтималдықты
логика және т.б. түрлері қалыптасқан.
Формальды логика сөйлеу тілімен білдіретін біздің кәдімгі мазмұнды
пікірімізді талдаумен байланысты.
Ықтималдық логика – кездейсоқ параметрлермен жасалатын сынақтың
бірнеше серияларын қолдануға негізделген.
Математикалық логика формальды логиканың бөлігі болып табылады және
оның дәлме дәл анықталған обьектілері мен пікірлері бар, олардың
ақиқаттығын немесе жалғандығын бір мәнді шешуге болатын ойларды ғана
зерттейді.
Математикалық логиканың саласы пікірлер алгебрасы ретінде (оның
басқаша логика алгебрасы деп атайды, ол алғаш рет 19 ғасырдың ортасында
ағылшын математигі Джордж Бульдің еңбектерінде пайда болды. Бұл - дәстүрлі
логикалық есептерді алгебралық әдістермен шешуге талаптанудың нәтижесі),
информатикада жақсы меңгерілген.
Логика алгебрасының математикалық аппараты компьютердің аппараттық
құралдарының жұмысын сипаттауға өте қолайлы, өйткені компьютердегі екілік
санау жүйесі болып табылады, өздерін білесіңдер, онда екі цифр: 0 мен 1
қолданылады, ал логикалық айнымалылардың мәндері де 2: 0 және 1.
Пікір дегеніміз – жалған немесе ақиқат болуы мүмкін қандай да бір
пайымдау. Мысалы,
«Қара –ақ», «2*2=4» деген ақиқат, ал «тау тегіс », «2*2=5» деген –жалған
пікірлер.
Егер пікір айтылған ой обьектілерінің кез келгені үшін рас болса, онда
жалпы пікір тепе тең ақиқат деп аталады. Мысалы, «иттің төрт аяғы бар»
пікірі кез келген ит үшін рас.
Күрделі жағдайларда сұрақтардың жауабы ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС логикалық
жалғаулықтарын пайдаланып, құрамды пікірелер арқылы беріледі.
Логикалық жалғаулықтардың көмегімен басқа пікірлерден құрастырылған
пікірлерді құрамды деп атайды. Құрамды емес пікірлерді қарапайым немесе
элементар деп атайды.
Құрамды пікірдегі ЖӘНЕ жалғаулығы әрқашан құраушы пікірлердің бәрін ақиқат
деп ұйғарады.
Барлық компьютерлік бағдарламада және математикалық пайымдауда немесе
жалғаулығы тек біріктіруші ролде түсініледі. Мысалы: х=0 немесе у=0
пайымдауындағы немесе жалғаулығы не у=0 не х=0, у=0 және х=0 дегенді
білдіреді.
ЕМЕС жалғаулығы теріске шығаруды тұжырымдау үшін қолданылады.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
1.Пікір дегеніміз не?
2. Қандай пікірлер жалпы деп аталады? Жалпы және жеке пікірлерге мысал
келтіріңдер?
3. ЖӘНЕ жалғаулығына мысал келтіріңдер?
4.НЕМЕСЕ жалғаулығымен бөлуші рөлде, біріктіруші рөлде мысал келтіріңдер?
5. Пікірлер алгебрасы нені зерттейді ?
6. Формалды және табиғи тілде берілетін пікірлерге мысал келтіріңіз?
Үйге тапсырма: §3.1. Логиканың негізгі түсініктері.

Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген
білімдерін талдау,

бағалау.
Оқушыларды бағалау.

САБАҚ ЖОСПАРЫ
«Бекітемін»

_______________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________20 ж

Пән аты: Информатика
Класы: 8«А», 8«Б», 8 «В»
Сабақтың тақырыбы: §3.2. Логикалық амалдар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Компьютердің логикалық негіздері, логикалық
пікірлердің негізгі түсініктері
логикалық операциялары туралы
білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Жауапкершілікке баулу, дәлдікке үйрету.

Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін
біріктіріп,
пәнге деген
қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
(Практикум жұмыстарын тексеру).
Логикалық амалдар.
Логикалық көбейту (коньюнкция). Екі немесе одан көп пікірлерді «және»
жалғаулығы көмегімен біріктіру амалы логикалық көбейту немесе коньюнкция
деп аталады.
Коньюнкция:
-табиғи тілде «және» жалғаулығына сәйкес келеді.
-пікірлер алгебрасында ^ немесе & белгілернің бірімен таңбаланады.
Коньюнкция – ол әрбір қарапайым екі пікірге, пікірлердің екеуі де ақиқат
болғанда ғана ақиқат мән қабылдайтын күрделі пікірді сәйкес қоятын
логикалық амал.
Логикалық қосу (дизьюнкция). Екі немесе одан көп пікірлерді «немесе»
жалғаулығы көмегімен біріктіру амалы логикалық қосу немесе дизьюнкция деп
аталады.
Дизьюнкция:
-табиғи тілде «немесе» жалғаулығына сәйкес келеді.
-пікірлер алгебрасында ٧ белгісімен таңбаланады.
Дизьюнкция – ол әрбір қарапайым екі пікірге, пікірлердің екеуі де жалған
болғанда ғана жалған мән қабылдайтын, пікірлердің ең болмағанда біреуі
ақиқат болғандаа ақиқат мән қабылдайтын күрделі пікірді сәйкес қоятын
логикалық амал.
Логикалық теріске шығару (инверсия) . «Емес» жалғауының көмегімен пікірді
теріске шығару амалы логикалық теріске шығару немесе инверсия деп аталады.
Инверсия:
-табиғи тілдегі «дұрыс емес», «теріске шығару» сөздеріне және «емес»
жалғауына сәйкес келеді.
-пікіпрлер алгебрасында белгісімен таңбаланады.
Теріске шығару – ол әрбір қарапайым пікірге, негізгі пікірдің жалған екенін
қорытындылайтын күрделі пікірді сәйкес қоятын логикалық амал.
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
1. Коньюнкция дегеніміз не?
2. Дизьюнкция дегеніміз не?
3. Логикалық көбейтуді қалай түсінеміз?
4. Логикалық қосуды қалай түсінеміз?
5. Логикалық теріске шығаруды қалай түсінеміз?
Үйге тапсырма: §3.2. Логикалық амалдар.
Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген
білімдерін талдау,

бағалау.
Оқушыларды бағалау.
САБАҚ ЖОСПАРЫ
«Бекітемін»

_______________

Оқу ісінің
меңгерушісі

«___________»
________20 ж

Пән аты: Информатика
Класы: 8«А», 8«Б», 8 «В»
Сабақтың тақырыбы: Қазіргі замандағы дербес компьютерлер оның құрамдас
бөліктерінің түрлері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Дербес компьютерлер, дербес компьютер туралы жалпы
мәлімет, дербес компьютерді
жіктеу туралы
білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Жауапкершілікке баулу, дәлдікке үйрету.

Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін
біріктіріп,
пәнге деген
қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
(Практикум жұмыстарын талқылау)
Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:
1. Компьютердің логикалық элементтері дегеніміз не?
2. Және, немесе, емес схемаларының ақиқаттық кестесін көрсет?
3. Компьютер үшін триггер қандай қызмет атқарады?
4. Триггер схемасын көрсет.
5. Қосындылауыш деген не?
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Біз 7 –сыныпта дербес компьютерлердің құрылымдарын және олардың
атқаратын міндеттерімен таныстық. Енді ДК-дің жұмыс істеу принципін
толығырақ қарастырайық. Біз осыған дейін компьютер дегеніміз – ақпараттарды
жинау, өңдеу және беру үшін қолданылатын әмбебап электрондық машина деп
айттық. Олардың ішінде жеке жұмысқа арналған дербес компьютерлер кең
тараған.
Дербес компьютер – кез келген жұмыс орнына орнатуға болатын машина.
ДК-дің минимум тізіміне мыналар жатады:
1. Жүйелік блок;
2. Монитор
3. клавиатура
Тасымал компьютерлер – жеңіл, ықшам, жұқа экранды ДК. Оны ноутбук деп
те атайды. Тасымал компьютерлер – батареямен жұмыс істейтіндіктен оны адам
өзімен бірге алып жүре алады. Тасымал компьютердің дербес компьютерден
айырмашылығы оның микропроцессоры, экраны және клавиатурасы бір корпуста
орналасқан. Жұмыс істеп болғаннан кейін экранды клавиатураға жақындату
арқылы оны кітап сияқты жинауға болады.
Қалта компьютерлер – оны жиі сандық көмекші деп атайды. Олар батареямен
қоректенеді және тасымалкомпьютеріне қарағанда өте ықшам болады. Қалта
компьютерлер дербес және тасымал компьютерлер сияқты қуатты болмаса да,
оны телефон нөмірлерін , мекенжайды, ойындарды сақтау үшін қолдануға
болады.
Компьютердің маңызды элементтерінің бірі – монитор. (дисплей) .
Монитор – компьютердің программасы жұмыс істеген кезде шығаратын
ақпараттарды бюейнелеуге арналған негізгі құрылғы.
Принтер – компьютерге қосылған басып шығару құрылғысы. Жылдамдығы
және басып шығару сапасымен ерекшеленетін принтердің үш түрі кеңінен
тараған: матрицалық, бүріккіш және лазерлік. Олардың ішіндегі ең
қарапайымы және арзаны – матрицалық, ең жылдамы және сапалысы –лазерлік, ал
бүріккіш принтерлер арзан принтерлердің ішіндегі ең сапалысы.
Дискета – ақпаратты тасымалдаушы, оларда программалар мен
мәліметтерді компьютерден тыс сақтауға болады.
Компакт –дискі. CD-R/RW, DVD-R/RW - алтын түсті ( R – жазатын, RW
қайта жазу) болып келеді. CD-R , DVD-R -ге ақпаратты тек бір рет қана
жазуға, ал CD-RW, DVD-RW дискілеріне көп жазуға болады.
Флеш-жады – бұл энергияға тәуелсіз, мәліметтерді микросұлбаларда
жазуға және сақтауға мүмкіндік беретін жадының түрі. Ол қазіргі заманғы
компьютерлердің әрқайсысында болатын арнаулы USB - порт арқылы қосылады.
Флэш жады жылдам жадыдан энергияға тәуелсіздігімен ерекшеленді, яғни
энергияны өшіргеннен кейін де жадының ішіндегі мәлімет сақталады .

IV. Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
1. Дербес компьютер құрамына қандай құрылғылар кіреді?
2. Процессор дегеніміз не?
3. Процессордың негізгі компоненттерін атаңыз?
4. Қазіргі компьютерлердің жұмыс істеу жылдамдығы қандай?
5. Мониторлардың қандай типтері бар?
6. Принтрелердің негізгі түрлері қандай? Олардың негізгі
ерекшеліктері қандай?

Үйге тапсырма: Қазіргі замандағы дербес компьютерлер оның құрамдас
бөліктерінің түрлері.

Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген
білімдерін талдау,

бағалау.

САБАҚ ЖОСПАРЫ
«Бекітемін»

_______________

Оқу ісінің
меңгерушісі

«___________»
________20 ж

Пән аты: Информатика
Класы: 8«А», 8«Б», 8 «В»
Сабақтың тақырыбы: Компьютердің негізгі компоненттерінің өзара
әрекеттесуі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Компьютердің негізгі компоненттері және жұмыс
істеу принципі, дербес компьютердің
құрылымы және оның жұмыс істеу
принциптері туралы білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Жауапкершілікке баулу, дәлдікке үйрету.

Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін
біріктіріп,
пәнге деген
қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру кезеңі
б) сабақ сұрау
в) бағалау
г) жаңа сабақ
д) бекіту
е) үйге тапсырма
ж) қорытынды
Қоңырау соғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты
бастаймын.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Компьютердің негізгі компонентері (процессор, жедел жады және сыртқы
құрылымдар) өзара қалай байланысты?
Қазіргі барлық дербес компьютерлердің ортақ принципті (негізді)
сұлбасы, яғни архитектурасы бар.
Дербес компьютерлердің архитектурасы –бұл, қолданушы мен программашының
көмегімен тапсырмаларды орындайтын аппараттық және программалық құралдар
жинағы. Архитектура сыртқы және ішкі болып бөлінеді.
Дербес компьютерлердің архитектурасының негізіне магистральды-
модульдік принцип жатады. Модульдік принцип компьютердің қажетті
конфигурациясын жинақтауға, оларды модернизациялауға мүмкіндік береді.
Магистраль - бұл процессор, жедел жады және сыртқы құрылғылар
арасындағы ақпараттық байланыс.
Магистраль компьютердің барлық компоненттері (процессор, жедел жады және
ақпараттарды енгізу мен шығару құрылғылары) параллель қосылатын сымдар
жиынтығы. Ол мәліметтер шинасы, адрес шинасы және басқару шинасынан тұрады.

Мәліметтер шинасы мәліметтерді беруге немесе қабылдауға арналған.
Шинаға бір мезгілде сигналдар көбейген сайын мәліметтер көбірек беріледі
және ол тезірек жұмыс істейді.
Адрес шинасы мәліметтер жіберілетін немесе одан алынатын жады ұяшықтарының
адрестерін беруге арналған.
Басқару шинасы басқару сигналдарын, яғни жадыны басқару, мәліметтер
алмасуды басқару, мәліметтер алмасуды басқару, т.с.с. беруге арналған.
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
1. Компьютердің өнімділігіне не әсер етеді?
2. Шина дегеніміз не? Ол қандай қызмет атқарады?
3. Контроллер дегеніміз не? Ол қандай қызмет атқарады?
Үйге тапсырма: §4.2. Компьютердің негізгі компоненттерінің өзара
әрекеттесуі
Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген
білімдерін талдау,

бағалау.
Оқушыларды бағалау.

САБАҚ ЖОСПАРЫ
«Бекітемін»

_______________

Оқу ісінің
меңгерушісі

«___________»
________20 ж

Пән аты: Информатика
Класы: 8«А», 8«Б», 8 «В»
Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйе
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың операциялық жүйе және оның түрлерін
типті операциялық жүйе туралы және оның баптауды, файлдар мен қапшықтарды
іздеу туралы білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге
тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік
қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру кезеңі
б) сабақ сұрау
в) бағалау
г) жаңа сабақ
д) бекіту
е) үйге тапсырма
ж) қорытынды
Қоңырау соғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты
бастаймын.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
(Практикум жұмыстарын талқылау)
Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:
1. Процессор дегеніміз не?
2. Микропроцессордың құрылымына қандай құрылғылар кіреді?
3. Арифметикалық құрылғысы не істейді?
4. Басқару құрылғысы не істейді?
5. Тактілік жиілік деген не?
6. Ақпараттық кеңарна деген не?
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Операциялық жүйе дегеніміз не?
Операциялық жүйе компьютердің барлық құрылғыларының
жұмысын және програмалық жасауының жұмысын басқарук үшін қажет екенін
білесіңдер. Ол компьютер мен адамның арасындағы байланысты қамтамасыз
етеді, демек, Операциялық жүйе - бұл компьютердің іске қосқан кезде
жүктелетін және барлық құрылғылардың жұмысын басқаратын арнайы программа.
Операциялық жүйе – ол есептеу процестері мен компьютерді басқару және
пайдаланушы мен аппаратураны байланыстыратын жинақталған программа.
Операциялық жүйе адам мен компьютердің электрондық құрауыштары және
қолданбалы программалар арасында келістіруші қызметін атқарады. Ол адамның
программаларды іске қосуына, барлық мүмкін деректерді оларға беруге және
олардан алуға, программа жұмысын басқаруға, компьютердің және оған
қосылған құрылғылардың параметрлерін өзгертуге, ресурстарды қайта бөліп
беруге мүмкіндік береді. Дербес компьютерде жұмыс істеу, шынында, оның
операциялық жүйесімен жұмыс істеу болып табылады.
Біз үшін компьютермен қарым-қатынас жасаудың қолайлы әдісі
–операциялық жүйе қамтамасыз ететін интерфейс маңызды.
Операциялық жүйелерді жіктеу.
Дербес компьютерге арналған операциялық жүйелер бірнеше
параметрлері бойынша ерекшеленеді. Атап айтқанда, ОЖ-лер:
• Бір міндетті және көп міндетті қатар атқаратын;
• Бір адам пайдаланатын және бірнеше адам пайдаланатын;
Бұдан басқа операциялық жүйенің командалық немсее графикалық (немесе
екеуі бір міндетті) көп терезелі интерфесі болы мүмкін.
Бір міндетті операциялық жүйелер қай кезде де адамның компьютерде
тек бір ғана іспен шұғылдануынағ яғни тек бір ғана мәселені шешуіне
мүмкіндік береді.
Көпміндетті жүйелер бірнеше программаны қатар іске қосуға
мүмкіндік береді.
Бір адам ғана пайдаланатын операциялық жүйелер компьютерде тек
бір ғана адамның жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Бірнеше адам пайдаланатын жүйеде әр бір пайдаланушы өз ақпаратына пароль
енгізіп, тек өзінің ғана аша алатын ақпаратына шыға алады.
Әрбір ОЖ үш міндетті бөліктен тұрады:
І. Ядро – командалық интерпретатор, программалық тілден «темір» тіліне
аударатын аудармашы, машина кодасының тілі.
ІІ.Драйвер- компьютер құрамына кіретін әртүрлі құрылғыларды басқаруға
сәйкес келеді, мысалы, принтер драйвері, сканер драйвері, жүйелік картаның
драйвері.
ІІІ. Интерфейс - пайдаланушы компьютермен байланысып, қарым-қатынаста
болатын ыңғайлы қабық.
IV. Сабақты бекіту.
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
1. Операциялық жүйе дегеніміз не?
2. Операциялық жүйе не үшін қажет?
3. Интерфейс деген не?
4. Операциялық жүйелер қалай жіктеледі?
5. Бір міндетті және көп міндетті операциялық жүйелердің айырмашылығы
қандай?
Үйге тапсырма: Операциялық жүйе.

Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген
білімдерін талдау,

бағалау.

САБАҚ ЖОСПАРЫ
«Бекітемін»

_______________

Оқу ісінің
меңгерушісі

«___________»
________20 ж

Пән аты: Информатика
Класы: 8«А», 8«Б», 8 «В»
Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйелер топтамасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың операциялық жүйе және оның түрлерін
типті операциялық жүйе туралы және оның баптауды, файлдар мен қапшықтарды
іздеу туралы білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге
тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік
қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру кезеңі
б) сабақ сұрау
в) бағалау
г) жаңа сабақ
д) бекіту
е) үйге тапсырма
ж) қорытынды
Қоңырау соғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты
бастаймын.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Операциялық жүйелер топтамасы
Дербес компьютер үшін операциялық жүйелердің бірнеше әр түрлі
жұптары даярланған: Microsoft MS DOS фирмасының операциялық жүйесі
Windows (95,98,ME,NT,2000, XP, Vista ), Linex Apple фирмасының дербес
компьютерлерінде MAC OS операциялық жүйесінің әр түрлі версиясы
қолданылады. Серверде көбіне Windows NT/XP және UNIX операциялық жүйелері
пайдаланылады.
Операциялық жүйе топтамасының маңызды белгілерінің бірі ЭЕМ
ресурстарын басқару ерекшелігі болып табылады. Бұл бәрінен бұрын
көпмақсаттылықты қолдау. Бір мезгілде орындалатын процестердің санына
байланысты операциялық жүйелер екі топқа бөлінеді:
1. біртапсырмалы
2. көптапсырмалы
Біртапсырмалы операциялық жүйелердің пайдаланушыға бір программаны жүктеуге
мүмкіндік береді.
Көптапсырмалы операциялық жүйелер пайдаланушыға бір мезгілде бірнеше
программаны жүктеуге мүмкіндік береді.
Топтаманың келесі белгісіне көпқолданушы режимді қолдау
жатады. Оның екі түрі белгілі.
1. Бірпайдаланушы
2. көппайдаланушы
Бірпайдаланушы операциялық жүйелер компьютерде бір ғана
пайдаланушыға жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
Көппайдаланушы операциялық жүйе қуатты компьютердің көмегімен бір
мезгілде бірнеше пайдаланушының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар операциялық жүйелердің командалық және / немесе графикалық
интерфейсі бар.
Графикалық интерфейсті операциялық жүйелерде командаларды
пайдаланушы тышқанның көмегімен енгізе алады, ал командалық жол режімінде
командаларды клавиатураның көмегімен енгізеді.
Біз қазіргі кезде кең тараған Windows операциялық жүйесімен танысуды
жалғастырамыз. Windows сөзі ағылшын тілінен аударғанда «терезелер» деген
ұғым береді.
Windows –графикалық (терезелі) операциялық жүйе. Экранда график түрінде
ОЖ-ні басқару элементтері бейнеленген және пайдаланушы оның
қосымшаларындағы қажетті элементті тышқанның көмегімен таңдай алады.

IV. Сабақты бекіту.
1. Қандай операциялық жүйелерді білесіз?
2. Көптапсырмалы операциялық жүйелердің біртапсырмалы операциялық
жүйелерден айырмашылығы қандай?
3. Көппайдаланушы операциялық жүйелердің бірпайдаланушы операциялық
жүйеден негізгі айырмашылығы неде?

Үйге тапсырма: Операциялық жүйелер топтамасы

Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген
білімдерін талдау,

бағалау.

САБАҚ ЖОСПАРЫ
«Бекітемін»

_______________

Оқу ісінің
меңгерушісі

«___________»
________20 ж

Пән аты: Информатика
Класы: 8«А», 8«Б», 8 «В»
Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйелерді баптау
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың операциялық жүйе және оның түрлерін
типті операциялық жүйе туралы және оның баптауды, файлдар мен қапшықтарды
іздеу туралы білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге
тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік
қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру кезеңі
б) сабақ сұрау
в) бағалау
г) жаңа сабақ
д) бекіту
е) үйге тапсырма
ж) қорытынды
Қоңырау соғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты
бастаймын.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Операциялық жүйелерді баптау
Windows операциялық жүйелерінің сипаттамаларын кез келген
компьютерде өзгертуге болады. Пайдаланушының көрсетуімен сипаттамаларды
өзгерту операциялық жүйелерді баптау деп аталады.
Шартты түрде баптауды үш топқа бөлуге болады:
1. Буманың терезесінің параметрлерін баптау;
2. негізгі менюді баптау;
3. басқару тақтасының көмегімен жүйені жалпы баптау.
Бума терезесінің параметрлерін баптауды Түрі-Параметрлер ... командасы
бойынша орындауға болады. Осыдан кейін экранда екі немесе үш қосымша беттен
тұратын диалогтік терезе ашылады.
Бума (Папка) қосымша бетінен сіз бір бумадан екінші бумаға өту үшін
экранда буманы «алмастыру» режимін таңдаудың батырмалар жұбын көресіз.
Қарап шығу (Просмотр) қосымша бетінде көрінбейтін файлдарды бейнелеуге
тыйым салуға болады және ол бума терезесі басында файлдың (буманың)
толық адресін бейгнелейтін жалаушларды қосады және өшіреді.
Келесі Параметрлер қосымша беті файлдардың жаңа типтерін
(жаңа кеңейтулер) қосуға мүмкіндік береді.
Негізгі менюді және Тапсырмалар тақтасын баптауды Негізгі меню
(Баптау – Тапсырмалар тақтасы) немесе Тапсырмалар тақтасы (Панель задач)
контекстік менюінің Қасиеттер командаларының көмегімен орындайды. Екі
команда да екі қосымша беттен тұрады, солардың көмегімен қажетті
параметрлерді өзгертуге болатын бір ғана диалогтік терезені шақырады.
Жалпы (Общие) қосымша беті келесі режімдерді қосатын 5 жалаушадан тұрады:
1. Барлық терезелердің үстінен орналастыру (Расположить поверх всех окон)-
тапсырмалар тақтасы қосымшалардың барлық терезелерінің үстінде
орналасады;
2. Экраннан автоматты түрде өшіру (Автоматически убирать с экрана ) –
тапсырмалар тақтасы оның орнына тышқанды көшіргеннен кейін ғана пайда
болады;
3. Негізгі менюдегі ұсақ белгілер (мелкие значки в главном меню) –
негізгі меню ұсақ белгіленіп, олар өте аз орын алады;
4. Сағатты бейнелеу (Отображать часы) – Тапсырмалар тақтасына сағат
индикаторы орнатылады;
5. Қысқартылған менюді пайдалану (Использовать сокращенные меню) – менюді
ашқанда соңғы пайдаланған командалар пайда болады.
Қосымша (Дополнительно) қосымша бетінің көмегімен қосуға, өшіруге, апаруға
және негізгі меню пунктеріне жаңа ат қоюға болады.
Жүйені жалпы баптау Басқару тақтасы арнайы бумасының
көмегімен орындалады.
Басқару тақтасы бумасының терезсінде сіз мына жазулар мен көптеген
белгілерді көресіз. Экран, Шрифтер, Күні мен уақыт, Клавиатура, Тышқан
(Экран, Шрифты, Дата и время, Клавиатура, Мышь) және т.б.
IV. Сабақты бекіту.
1. Басқару тақтасы бумасының міндеті мен атқаратын қызметін айтыңыз.
2. Windows жұмыс үстелінің фондық суретін қалай орнатуға болады?

Үйге тапсырма: Операциялық жүйелер топтамасы

Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген
білімдерін талдау,

бағалау.

САБАҚ ЖОСПАРЫ
«Бекітемін»

_______________

Оқу ісінің
меңгерушісі

«___________»
________20 ж

Пән аты: Информатика
Класы: 8«А», 8«Б», 8 «В»
Сабақтың тақырыбы: Файлдар мен бумаларды іздеу
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға файлдар мен қапшықтарды іздеу туралы
білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге
тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік
қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру кезеңі
б) сабақ сұрау
в) бағалау
г) жаңа сабақ
д) бекіту
е) үйге тапсырма
ж) қорытынды
Қоңырау соғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты
бастаймын.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Файлдар мен бумалар
Мынадай жағдайды елестетіңіз, сіз жақсы көретін кітабыңызды
жоғалтып, оны еш жерден таба алмадыңыз. Бірақ сіз оны ата-анаңыздан
сұрауыңызға болады, мүмкін анаңыз оны басқа жерге қойған шығар. Сол сияқты
компьютерде де қандай да бір файлды жоғалтып алуға болады, бірақ компьютер
оны қайда қойғанын айта алмайды. Бұл жағдайда көмекке Іздеу (Пойск) немесе
Табу (Найти) командалары келеді.
Іздеу командасы компьютерде кез келген файлды тез тауып бере
алады. Ол үшін обьектіні, оның атын, құрылу датасын, өлшемін білу керек.
Команданы шақыру үшін мына әрекеттерді орындау қажет.
1. Жіберу батырмасына шертіңіз
2. Табу пунктін таңдаңыз
3. Файлдар және бумалар пунктін таңдаңыз
4. Файлдар және бумалар атын іздеу өрісінде файл атын немесе файл атының
фрагментін енгізіңіз
5. Мәтінді іздеу өрісіне мәтін фрагментін енгізуге болады;
6. Қайдан іздеу өрісінен іздеу жүргізілетін диск немесе басқа обьекті
таңдауға болады.
7. Табу батырмасына шертіңіз.

IV. Сабақты бекіту.
1. Іздеу командасы не үшін қолданылады?
2. Қандай белгілер бойынша Іздеу командасы арқылы обьектіні табуға
болады?

Үйге тапсырма: Файлдар мен бумалар

Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген
білімдерін талдау,

бағалау.

САБАҚ ЖОСПАРЫ
«Бекітемін»

_______________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________20 ж

Пән аты: Информатика
Класы: 8 «А», 8 «Б», 8 «В»
Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік вирустардан қорғау
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Компьютерлік ақпартты қорғау, ДК-ді қорғау
ерекшеліктері. Компьютерлік вирус, Антивирустық құралдар туралы білімдерін
қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге
тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік
қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру
Сабақтың түрі: практикум элементтерінің көмегімен десонстрациялау,
баяндау арқылы

түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, интерактивті тақта, электронды оқулық
.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымадстыру кезеңі
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Компьютерлік вирустардан қорғау
Қазіргі уақытта компьютерге кез келген операциялық жүйеден жұғатын
және желілер арқылы таралатын көптеген вирустар белгілі. Компьютерлік
программаларға қатысты «вирус» атауы өздігінен көбею қабілетіне ие
белгілері бойынша биология пәнінен белгілі.
Компьютерлік вирус - өздігінен көбеюге қабілетті арнайы
программалар, ол компьютер жадысында сақталатын программалар мен файлдарды
құртуы, жоюы және компьютерді істен шығаруы мүмкін.
Мекендеу ортасына қарай вирустарды былай бөлуге болады:

|Файлдық |Жүктейтін (загрузочный) |Макровирустар |
|Бұл қолданбалы |Негізгі жүктейтін жазбаға |Word құжаттары және Excel |
|программалардың ішіне |немесе жүктейтін секторға |электрондық кестесі |
|енгізіліген программалық |вирус жұқтырады. |құжаттарына вирус |
|кодалық блоктар. Вирустық |Операциялық жүйе |жұқтырады. Жұғу құжат |
|кода программа жүктелгенде |жүктелгенде жұқпалы |файлын ашқанда орындалады. |
|жіберіледі |тасушыдан вирус жұғады. | |

Компьютерді және файлды сақтау үшін пайдаланушы компьютерлік
вирустардан қорғанудың негізгі әдістерін білу қажет.
Вирустардан қорғану үшін компьютерге орнатып және оны оқтын-оқтын жаңалауды
қажет ететін вирусқа қарсы арнайы программалар

Файлдық

IV. Сабақты бекіту.
1. Антивирустық программа дегеніміз не? Ол неге қарсы арналған? (не үшін
керек?)
2. Антивирустық программалардың негізгі типтерін атаңдар.
3. Ақпаратты компьютерлік вирустардың қорғау шараларын атап шығыңдар.
4. Ақпаратты сығу дегеніміз не?
5. Файлдарда архивтеу не үшін қолданылады?
6. Архивтік файл дегеніміз не?
7. Қандай архивтер көп томды деп аталады?
8. Архивтен алу дегеніміз не?
V. Үйге тапсырма беру: Компьютерлік вирустардан қорғау

VI. Оқушыларды бағалау.

САБАҚ ЖОСПАРЫ
«Бекітемін»

_______________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________20 ж

Пән аты: Информатика
Класы: 8«А», 8«Б», 8 «В»
Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың алған білімдерін бақылау
Тәрбиелігі: Жауапкершілікке баулу, дәлдікке үйрету.

Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін
біріктіріп,
пәнге деген
қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: бақылау.
Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
2-бөлім. Компьютердің арифметикалық негіздері, 1-бөлім. Ақпарат және
информатика.
3-бөлім. Компьютердің логикалық негіздері бойынша тесттік жұмыс.
1. «Ақпарат» латынның .... деген ұғымдарды білдіреді.
А) информатика
Ә) аналық тақша, жүйелік блок
Б) түсіндіру, баяндау, мәлімет
В) мақсат, міндет
2. Қазіргі кезде ақпарат түсінігін айқындаудың кең тараған қанша теориясы
бар?
А) 5
Ә) 3
Б) 4
В) 2
3. Кибернетиканың атасы Ноберт Винер ақпаратқа мынандай анықтама берді.
А) Ақпарат, бұл-сыртқы дүниеден біздің оған бейімделуіміздің,
сезімдеріміздің бейімделуінің процесінде алынған мазмұнды көрсету.
Ә) Ақпарат, бұл – айналадағы дүние туралы анықталмағанды анықтайтын
мәліметтер
Б) Ақпарат, бұл –сигнал, хабарлама арқылы берілген білім.
4. Ақпарат ұсыну қандай негізгі тәсілдермен туындайды?
А) техникалық, математикалық, бейнелік
Ә) аналық тақша, жүйелік блок
Б) символдық, мәтіндік, графикалық
В) мақсат, міндет.
5. Информатикаға анықтама бер?
А) информатика – ақпарат алу, жіберу, өңдеу, сақтау ұсыну процестерін
зерттейтін ғылым
Ә) информатика – ол адамның өз іс-әрекетінде ақпарат жиымдарын пайдалануы
Б) информатика –мақсат, міндет
В) информатика – ақпарат алу, жіберу, өңдеу, сақтау, ұсыну процестерін
зерттейтін математикалық ғылым.
6. Санау жүйесі деп нені айтады?
А) Сандарды атау және жазу ережелері мен оқылуы
Ә) сандарды атау және жазу ережелері мен әдістерінің жиынтығын зерттейтін
ғылым.
В) сандарды атау және жазу ережелері мен әдістерінің жиынтығы
7. Позициялық санау жүйесінің позициялық емес санау жүйесінен айырмашылығы
неде?
А) санның әрбір цифрының мәні оның алатын орнында
Б) санның әрбір цифрының алатын орнында
В) санның цифрының жазылуында
8. Позициялық санау жүйесінің негізі деп нені айтады?
А) онда қолданылатын цифрлар атын
Ә) онда қолданылатын цифрлар санын
Б) онда қолданылатын цифрлардың орнын

9. Санды екілік жүйеден ондық санау жүйесіне қалай ауыстырады?
А) екілік санды коэффициент цифрлармен екінің дәрежелерінің
көбейтінділерінің көбейтіндісі түрінде жазып, осы қосындыны табу керек.
Ә) екілік санды коэффициент цифрлармен екінің дәрежелерінің
көбейтінділерінің айырымы түрінде жазып, осы қосындыны табу керек.
Б) екілік санды коэффициент цифрлармен екінің дәрежелерінің
көбейтінділерінің бөлінді түрінде жазып, осы қосындыны табу керек.
В) екілік санды коэффициент цифрлармен екінің дәрежелерінің
көбейтінділерінің қосындысы түрінде жазып, осы қосындыны табу керек.
10. Оналтылық санау жүйесінде санды жазу үшін қандай цифрлар қолданылады?
А) 1,2,3,4,5,6,7,8,9, A,B,C,D,E,F
Ә) 0,2,3,4,5,6,7,8,9, A,B,C,D,E,F
Б) 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9, A,B,C,D,E,F
В) 0,1,2,3,4,5,6,7,9, A,B,C,D,E,F
11. Бүтін ондық сандарды екілік санау жүйесіне ауыстыру үшін қандай ереже
қолданамыз?
А) санды бөлінді сол саның қалдығына болғанша бөле беру ережесі
Ә) санды бөлінді 1 болғанша бөле беру ережесі
В) санды бөлінді екіден кіші болғанша екіге бөле беру ережесі
12. Пікір дегеніміз не?
А) жалған немесе ақиқат болуы мүмкін қандай да бір пайымдау
Ә) жалған немесе ақиқат болуы мүмкін қандай да бір жоба
Б) жалған немесе ақиқат болуы мүмкін қандай да бір мақал
В) жалған немесе ақиқат болуы мүмкін қандай да бір ғылым
13. Қандай пікірлер жалпы деп аталады?
А) обьектілер немесе құбылыстар тобының қасиеттерін көрсететін пікірлер
Б) обьектілер немесе құбылыстар тобының қасиеттерін сипаттайтын пікірлер
В) обьектілер немесе құбылыстар тобының қасиеттерін зерттейтін пікірлер
14. Логикалық көбейту деп нені айтады?
А) Және жалғаулығының көмегімен қарапайым екі айтылымның бір құрамдасқа
бірікпеуі логикалық көбейту коньюнкция деп аталады;
Ә) Және жалғаулығының көмегімен қарапайым екі айтылымның бір құрамдасқа
бірігуі логикалық көбейту коньюнкция деп аталады.
Б) немесе жалғаулығының көмегімен қарапайым екі айтылымның бір құрамдасқа
бірігуі логикалық көбейту дизьюнкция деп аталады;
15. Дизьюнкция дегеніміз не?
А) немесе жалғаулығының көмегімен қарапайым екі айтылымның бір құрамдасқа
бірікпеуі логикалық көбейту изьюнкция деп аталады.
Ә) Және жалғаулығының көмегімен қарапайым екі айтылымның бір құрамдасқа
бірігуі логикалық көбейту дизьюнкция деп аталады;
Б) Немесе жалғаулығының көмегімен қарапайым екі айтылымның бір құрамдасқа
бірігуі логикалық қосу дизьюнкция деп аталады.
16. Логикалық терістеу деп нені айтады?
А) Қарапайым А айтылымына емес шылауын қосу логикалық терістеу деп
аталады.
Ә) Қарапайым А айтылымына басқа сөзін қосу логикалық терістеу деп аталады.
Б) Қарапайым А айтылымына жоқ сөзін қосу логикалық терістеу деп аталады.

Кілті
|Сұрақтың номерлері |

|Графикалық ақпараттың нүктелер жиыны немесе пиксельдер түріндеұсынылуы |
|растрлық түрдегі ұсынылу деп аталады. |

Фотосуреттерде де растрлық кескін сияқты сақталады.Егер машиналарыңа
сканер қосылған болса,онда кез келген фотосуретті сканерлеп алып,оларды
дискіде трастрлық кескін түрінде мақтауға болады.Сканер суретті «суреткн
түсіреді»де,оны «цифрланған»нүктелер жиыны түрінде көрсетеді.Осыдан кейін
растрлық кескінге түрлендірілген фотосуретті Word құжатына кірістіреміз.
|Ақ-қара фотосуреттер,әдетте түрлі түсті суреттерге қарағанда,сапасын жақсы|
|сақтап сканерленеді. |

Растрлық кескіндеудің артықшылықтары да,кемшіліктері де бар.
Артықшылығы:растрлық кескінді түзетуге,әдемілей түсуне,яғни оның кез
келген бөлігін өзгертуге болады;нүктелерді,қажет болмаған жағдайда ішінра
алып иастауға немесе басқа кез келген түсек өзгертуге болады.
Кемшілігі:растрлық кескін өлшемінің масштабын әдісімен(бір немесе
бірнеше бағытта созу немесе сығу)өзгертекен де,кескіннің сапасын
жоғалтатыны.Мысылы,кескінді үлкейткенде,оның көрінісі дөрекіленіп кетсе,ал
кішірейткенде-кескін сапасы өте нашарлап кетеді(нүктелерді жоғалтқандықтан)
Растрлық кескіндердің тағы бір кемілігі-файлдар өлшемдерінің өте
үлкендігінде (түстері неғұрлым көп және сапасы жоғары болған сайын,соғұрлым
үлкен болады.)
Компьютерлік графика растрлық және векторлық болып қана қоймай фракталдық
болып та бөлінеді Фракталдық графика векторлық графика сияқты математикалық
есепетеулерге негізделген.
Компьютерлік графиканың қолданылу салалары.
Қазіргі кезде компьютерлік графикасыз жұмыс істеу өте қиын.
Ол тек мультфильм,компьютерлік ойын,көркем иллюстрация жасайтын мамандардың
ғана емес,көптеген адамдардың іскерлік,ғылыми және инженерлік қызметінің
ажырамас бөлігі.
Әрбір сала үшін графикалық редакторлар деп аталатын программалық
қамтамасыз етулері жсалады.Графикалық редакторлардың түрлері мен оларды
қолдану туралы жоғарыда айтылды.Компьютерлік графиканың кейбір бағыттарын
қарастырайық.
Ғылыми графика-бұл ең бірінші пайда болған бағыт.Оның міндеті-
обьектілерді көрнекі бейнелеу.Ғылыми және инженерлік қызметте ғылыми
графика.Ғылыми зерттеулер мен сынаулар жүргізгенде,есептеу нәтижесін
графиктік өңдеу үшін есептеу,экспиремент жүргізгенде және олардың нәтижесін
көрнекі көрсету үшін қолданылады.Медициналық қызметте ғылыми графика
кардиограмма,рентгенограмма және т.с.с түрінде қолданылады.Білім беруде-
мультимедиалық программалық құралдарда.
Іскерлік графика-компьютерлік графиканың бұл саласы әртүрлі мекемелер
жұмысында жиі қолданылатын иллюстрация жасауға арналған.Жоспар көрсеткішін
есеп беру құжаттарын,статистикалық мәліметтерді-міне,осы обьектілер үшін
іскерлік графиканың көмегемен иллюстрациялық материалдар (көбінесе бұл
график,диаграмма )жасалады.
Көркемдік және жарнамалық графика.Графикалық кескін жасау және
редакциялау үшін,мысалы,баспа өнімдерін,жарнама безендіру,фотосуреттерді
бояу және өңдеу,мультфильмдер,бейнесабақтар,компьютерлік ойындар жасау үшін
қолданылады.Архитектурада сызба дайындау процесін автоматтандыруға және
ғимараттарды қабаты бойынша жобалауға мүмкіндік береді.
Компьютерлік графика түрлерінің бірі Мультимедиа болып табылады,ол
дыбысты,музыканы,мәтінді,бейне мен анимацияны(қозғалатын
обьектілер)қарастырып үйлестіреді.Соңғы кездерде мультимедиа жүйесі кең
таралып келеді.
Жаңа сабаққа орындалатын тапсырмалар:
Кескіннің ақпараттық көлемін анықтаңдар.
Практикум:7.1,7.3,7.5,7.7 тапсырмалар.
4.Сабақты бекіту.
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары.
1.Компьютерде дыбыс қалай ұсынылуы мүмкін?
2.Компьютерде мәтіндік және графикалық ақпарат қалай ұсынылады?
3.Графикалық ақпараттыңқандай түрлері бар?
5.Үйге тапсырма беру. Практикум:7.2,7.4,7.6,7.8 тапсырмалар. Оқулық:7-
бөлім (мазмұндау).
6.Оқушыларды бағалау.

САБАҚ ЖОСПАРЫ
«Бекітемін»

_______________

Оқу ісінің
меңгерушісі

«___________»
________20 ж
Пән аты: Информатика
Класы: 8«А», 8«Б», 8 «В»
Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың дербес компьютерлер, компьютердің
құрылымы және жұмыс істеу принципі, операциялық жүйе, компьютерлік
ақпаратты қорғау тақырыптары бойынша алған білімдерін бақылау.
Тәрбиелігі: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге
тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік
қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: білімді бақылау.
Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта , компьютерлер, топтамалар,
тест сұрақтары т.б.б.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
1-тест
Дербес пайдаланылатын компьютерлер.
1. Ірі ұйымдар мен халық шаруашылығы салаларына қызмет көрсету үшін
қолданылатын қуатты компьютерлер:
а) мини –ЭВМ в) микро-ЭВМ с) үлкен –ЭВМ
2. Мамандандырылған компьютерлер міндеті бойынша:
а) шағын ауқымды нақты міндеттерді шешуге арналған;
в) музыкамен, графикамен, бейнелеумен жұмыс істеуге арналған;
с) технологиялық процесті басқаруға арналған
д) бірнеше адамның пайдалануына арналған.
3. Арифмометрді алғашқы ЭЕМ –дердің бірі деп есептеуге бола ма?
а) иә в) жоқ
4. Міндеті бойынша электрондық –есептеуіш машиналар былай бөлінеді?
а) .үлкен ЭЕМ, мини ЭЕМ, микро ЭЕМ, дербес пайдаланылатын ЭЕМ;
в) тұрмыстық жалпы мақсаттағы кәсіптік;
с) үстел үстілік, шағын, қпалтаға салып жүретін.
5. Өңдірістік процестерді басқару үшін ғылыми мекемелерде, жоғары оқу
орындарында ғылыми зерттеу жұмыстарына қолданылатын ЭЕМ:
а) үлкен ЭЕМ; в) мини-ЭЕМ; с) дербес пайдаланылатын
ЭЕМ; д) микро-ЭЕМ
6. Өңімділігі салыстырмалы түрде үлкен емес және дерек дайындау бойынша
көмекші операциялар орындайтын ЭЕМ:
а) үлкен ЭЕМ; в) мини –ЭЕМ; с) дербес пайдаланылатын ЭЕМ; д)
микро ЭЕМ
7. Бір адамның жұмыс істеуіне арналған ЭЕМ:
а) үлкен ЭЕМ; в) мини –ЭЕМ, с) дербес пайдаланылатын ЭЕМ; д) микро
–ЭЕМ.
8. Есептеуіш машиналпарының қандай үш сипаттамасы ең маңызды деп
есептеледі?
а) тез әрекеттігі; б) ішкі жад көлемі с) ЭЕМ буындары; д)
габариттері е) шығарылған жылы;
ж) разрядтылығы
9. «Ашық архитектура принципі» деген не?
а) әр түрлі шалғай құрылғыларды қоса есептегенде, дербес пайдаланылатын
компьютер мүмкіндіктерінің кеңеюі;
б) дербес пайдаланылатын компьютердің бұрынғы шығарылған түрімен
үйлесімділігі;
с) дербес пайдаланылатын компьютердің сенімділігін арттыру тәсілі
д) адамның компьютермен қатынас жасау тәсілі
е) дербес пайдаланылатын компьютердің берілген моделі үшін программалық
құрал жабдықтардың шектеусіз көбеюі.
10. Дербес пайдаланылатын компьютерлер арнайы міндеті бойынша қандай үш
топқа бөлінеді?
а) тұрмыстық; б) дербес с) жалпы мақсаттағы; д) кәсіптік; е)
стационарлық f) үстел үстілік;
11. Маман емес пайдаланушылар көбінесе қандай компьютерлерді пайдаланады?
а) жалпы мақсаттағы дербес пайдаланылатын компьютерлерді
б) тұрмыстық компьютерлерді
с) Пентиум
д) кәсіби бағдарлы дербес компьютерлерді
12. Үй жағдайларындағы ойын, оқу, жаттығуға пайдаланылатын, жеткілікті
түрде арзан да, сенімді компьютерлер:
а) жалпы мақсаттағы б) тұрмыстық с) кәсіби бағдарлы
д) стационарлық
е) үстел үстілік дербес пайдаланылатын компьютерлер
13. Жоғары тезәрекеттігі , жедел жадтың үлкен сыйымдылығы бар,
пайдаланушылары маман-программистер болатын, дербес пайдаланылатын
компьютерлер:
а) тұрмыстық б) жалпы мақсаттағы с) кәсіби бағдарлы
дербес пайдаланылатын компьютерлер
үлкен ЭЕМ
14. Алып жүруге қолайлы және жолға шыққанда пайдалануға болатын
компьютерлер класы қалай аталады?
а) LAPTOP б) NOTEBOOK с) HANDHELD д)
стационарлық компьютер
15. Өлшемдері бір бет қағаздан кіші болатын, электр желісінен тәуелсіз
жұмыс істейтін аса шағын компьютер:
а) NOTEBOOK б) LAPTOP с) HANDHELD д)
стационарлық компьютер
|1 |2 |
|Page Down |Бір экранға төмен |
|Page Up |Бір экранға жоғары |
|Home |Аңымдағы қатардың басына |
|Ctrl+ Home |А 1 ұяшығына |
|Ctrl+End |Соңғы толтырылған ұяшыққа |
|Ctrl+ |Бірінші толтырылған ұяшықтың |
| |жоғарғы жағына |
|Ctrl+ |Бірінші толтырылған ұяшықтың төменгі|
| |жағына |
|Ctrl+ |Бірінші толтырылған ұяшықтың сол |
| |жағына |
|Ctrl+ |Бірінші толтырылған өяшықтың оң |
| |жағына |
|Ctrl+ Page Up |Жұмыс парағының келесі парағына |
| Ctrl+ Page Down |Жұмыс парағының алдыңғы парағына |

Жұмыс кестесінің беті бойынша орын ауыстыру.
Кестенің қажетті бетіне ауысудың екі жолы бар:
1) Терезенің төменгі жағындағы кестенің таңбасына шерту арқылы.
2) «F5» пернесін басып, Переход терезесіндегі Ссылка ұяшықтың
координаталарын енгізіп, Ок бастырмасын шерту керек.
Кестеге жұмыс беттерін қосу үшін Вставка Лист командасын орындау қажет.
Кесте бетінің таңбасының атын өзгерту

Үнсіз келісім бойынша жұмыс беттерінің таңбаларына «Лист1», «Лист2»
т.б. меншіктелген. Сол парақтағы ат қою дұрыс. Ол үшін мына әрекеттерді
орындаймыз.
1) Қандайда бір парақтың таңбасында мауыстың оң жағын шертіңдер
2) Переименавать командасын таңдағанда сонда ол қара түспен
ерекшеленеді. Жаңа ат енгізу қажет.
Бағанның енін және жолдың биіктігін өзгерту.

Кестенің ұяшығына мәтін енгізгенде көбінесе мәтін ұяшық шекарасына
сыймай қалады. Бағаның енін мауыстың көмегімен өзгертуге болады. Н\е Формат-
Строка(Столбец)-Ширина командасын таңдау керек Жұмыс кестесінің беті бойы
бойынша орын ауыстыру. Кестенің жұмыс беттерінің ауыстырылуы. Кесте бетінің
таңбасының атын өзгерту. Бағаның енін ж\е жолдың биіктігін өзгерту
Жаңа сабаққа орындалатын тапсырмалар: Практикум (11.1,11.3,11.4
тапсырмалар)
ІV. Сабақты бекіту.
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
1)Microsoft Excel программасы деректермен қандай операциялар орындауға
мүмкіндік береді
2) Microsoft Excel программасын іске қосу жолдарын ата.
3) Microsoft Excel терезесін қандай элементтерден тұрады
4) Microsoft Excel программасында неше жол, неше баған бар
5)Жұмыс парағының бет бойынша қандай пернелер арқылы орын ауыстырамыз
6)Кестенің жұмыс беттері бойынша қандай жолдармен орын ауыстырамыз
7)Кесте бетінің таңбасының атын қалай ауыстырамыз
8)Бағаның ені мен биіктігін өзгерту қандай жолдармен жүзеге асады
V. Үйге тапсырма беру. Практикум:11.2 тапсырма.
Оқулық:11-бөлім. ЕХСЕІ КЕСТЕЛІК ПРОЦЕССОРЫ.11.1-тақырып. НЕГІЗГІ
ТҮСІНІКТЕР МЕН АМАЛДАР. ЕХСЕІ мүмкіндіктері. Жұмыс кестесінің элементері.
Жұмыс кестесінің беті бойынша орын ауыстыру. Кестенің жұмыс беттерінің
ауыстырылуы. Кесте бетінің таңбасының атын өзгерту. Кестенің жұмыс
беттерінің биіктігін өзгерту. (Мазмұндау).

VІ. Оқушыларды бағалау.

САБАҚ ЖОСПАРЫ
«Бекітемін»

________________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________20 ж

Пән аты: Информатика
Класы: 8 «А», 8 «Б», 8 «В»
Сабақтың тақырыбы: 11.2-тақырып. ЕХСЕІ-ДЕГІ ДЕРЕКТЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ.
Деректерді ЕХСЕІ-ге енгізу. Деректермен саұтау және қорғау. Деректерді
өңдеу формулалары. Деректердің орныне ауыстыру және көшірмелеу. Жұмыс
кестесін афтоматты
түрде пішімдеу. Кестелерді
басуға шығару.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ЕХСЕІ- ДЕГІ ДЕРЕКТЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ, деректерді ЕХСЕІ-ге
енгізу, деректерді сақтау және қорғау. Деректерді өңдеу формулалары,
деректердің орнын ауыстыру және көшірмелеу, жұмыс кестесін автоматты түрде
пішімдеу, кестелерді басуға шығару туралы білімдерін шығару туралы
білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге
тәрбиелеу:
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау ж\е зейіндік қабілеттерін
дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақ түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялар,
баяндау арқылы түсіндіру.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: интерактивті тақта,
компьютерлер.
Сабақтың өту барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Үйге берілген тапсырманы тексеру.
(Практикум жұмыстарын талқылау)
Өткен сабақтар бойынша қайталаусұрақтары
1) Microsoft Excel программасындеректермен қандай операциялар
орындауға мүмкіндік береді
2) Microsoft Excel программасын іске қосу жолдарын ата.
3) Microsoft Excel терезесі қандай элементтерден тұрады
4) Microsoft Excel программасында неше жол, неше баған бар
5) Жұмыс парағының беті бойынша қандай пернелерарқылы орын
ауыстырамыз
6) Кесиенің жұмыс беттері бойынша қандай жолдармен орын ауыстырамыз
7) Кесте бетінің тағбасының атын қалай ауыстырамыз
8) Бағанның ені мен биіктігін өзгерту қандай жолдармен жүзеге асады
Тест
Электронды кесте бұл …..
А) Қандайда бір шын өмірдегі нақты объектілер жайындағы мәліметтер жиыны.
Б) Кестеге жазылған мәліметтермен жұмыс істейтін программа.
В) Шын өмірдегі объектілерден тұратын массив.
Г) Мәтіндік ақпаратпен тығыз байланысты ерікті ақпаратты ұсынатын ж\е
өңдейтін арнайы құрылым моделі
1) Microsoft Excel программасы бұл-…
А) Windows-тың текстік құжаттарды құратын ж\е модификациялайтын баспаға
беретін қосымшасы
Б)Windows операциялық жүйесі бақылаужасайтын ақпаратты басқаратын жүйе
В) Windows операциялық жүйесі басқаратын электрондық кестені өңдеу үшін
берілген арнайы бағдарлама
Г)Экранда бейнелернді құратын ж\е реакторлау үшін берілген арнайы
бағдарлама
2) МS Excel –де кестенің жеке ұяшықты көрсететін, жолдың номері мен
бағананың атын білдіретін ол - ....
А) Есептеу нәтижесі
Б) Ұяшыққа енгізілген формула
В) Ұяшық адресі
Г) Операндтар
3) МS Excel-дің дұрыс ұяшық адресін көрсетіңіз.
А) BD666
Б) 67BC
В) AB745
Г) AB;32
4) МS Excel-құжаты...болып табылады.
А) аты xls түрінде берілген ерікті кеңейтілулі файл
Б) аты dos түрінде берілген ерікті кеңейтілулі файл
В) аты . mdb түрінде берілген ерікті кеңейтілулі файл
Г) аты xls түрінде берілген ерікті кеңейтілулі файл
5) МS Excel жұмыс кітабы неше жұмыс парағынан тұруы мүмкін?
А) 1 ден 6536
Б) 1 ден 255
В) 1
Г) 1 ден 65536

6) МS Excel электрондық кестесі .... тұрады
А) 24 қатар және 16384 бағанадан
Б) 24 қатар және 16385 бағанадан.
В) 24 қатар және 16386 бағанадан.
Г) 24 қатар және 16387 бағанадан.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
11.2-тақырып. Excel-дегі деректермен жұмыс істеу. Деректерді Excel-ге
енгізу.
Мәтін енгізу
• Саннан басқа кез-келген символдар мәтін ретінде қарастырылады.
• Белгіленген диапазондағы ұяшықтар арасымен табуляция пернесі арқылы
ауысуға болады.
Мәтінді түзету.
1. Мәтін енгізілген ұяшықты белгіле.
2. Формула қатары арқылы мәтінді өзгерт.
3. Формула қатарында енгізу батырмасын басып
4. Болдырмау батырмасын өзгертпеу үшін басу керек.
Сандарды енгізу және пішімдеу.
• Кез-келген санмен бастаған, мына +, - символдармен және ашылу жабылу
жақшаларымен басталған жазбалардың барлығы сан болып табылады.
• Диапазонға қатысты ұяшықтарға сандар енгізу үшін, диапазонды белгілеп
табуляция пернесі арқылы орындайды.
Деректерді сақтау және қорғау.
Жұмысты аяқтау үшін Файл/Закрыть командасы арқылы тек қана жұмыс
парағын ал Файл/Выход командасы арқылы Excel –ді жабуға болады.
Файл/Сохранить арқылы жұмыс кітабын сақтауға ал атын өзгертіп сақтау үшін
Файл/Сохранить как командасын орындау қажет.
Сервис –параметры командасы арқылы жұмыс кітабын ашу үшін пароль
қоюға болады.
Деректерді өңдеу формулалары.
Формула енгізу.
• Формуланы енгізу = тең символы арқылы орындалады.
• Формулаларды ұяшық адрестері мен операторлар арқылы құрастырады
• Формуланы енгізу пернесін басу арқылы аяқталады.
Деректердің орнын ауыстыру және көшірмелеу.
Правка-Копировать ;
Правка-Вырезать;
Правка-Вставить командасы арқылы орындалады.
Правка-Копировать және Специальная вставка командасы арқылы арнайы
параметрлерді тағайындауға болады.
Жұмыс кестесін автоматты түрде пішімдеу. Формат/Автоформат командасы
арқылы кестені автоматты түрде форматтауға болады.
Формат/Условное форматирование арқылы шарт бойынша форматтауға болады.
Файл/Печать командасы арқылы принтерді таңдап, құжаттың белгілі
бірбөлігін немесе барлығын баспаға жіберуге болады.
Жаңа сабаққа орындалатын тапсырмалар.
1-тапсырма
|Сенің жанұяң үшін қандай ақпарат көздері маңызды екенін анықта. Нәтижесін |
|достарыңмен салыстыр. |
|Күнделікті уақыт (кететін ақпарт |мама |папа |мен |Апа |әже |
|көздері) | | | |(қарындас| |
| | | | |) | |
|Кітап оқу |1 |1 |1 |1 |1 |
|Газет-журналдар оқу | |0 |1 |2 | |
|Телевизор көру |2 |1 |2 |2 |3 |
|Интернеттен ақпарат іздеу |4 |4 |3 |3 | |
|Жанұя мүшелерімен қарым-қатынас |1 | | | |0 |
|араласу | | | | | |

Жаңа сабаққа орындалатын тапсырмалар: Практикум : 11.5, 11.6 тапсырмалар.

Сабақты бекіту:
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
1. Мәтін мен сан енгізудің қандай ерекшеліктері бар?
2. Ұяшықтарға енгізілген деректерді тігінен орналстыру үшін не істейміз?
3. Формула қандай символмен басталады?
4. Кестені баспаға шығару жолдарын ата.
Үйге тапсырма беру: практикум : 11.7, 11.8 тапсырмалар.
Оқушыларды бағалау.

САБАҚ ЖОСПАРЫ
«Бекітемін»

________________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________20 ж

Пән аты: Информатика
Класы: 8 «А», 8 «Б», 8 «В»
Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың мәтіндік редактор және кестелік процессор
тақырыптары бойынша алған білімін бекіту, тиянақтау;
Тәрбиелік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін
дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Білім бекіту практикалық.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: интерактивті тақта,
компьютерлер.
Сабақтың өту барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Үйге берілген тапсырманы тексеру.
(Практикум жұмыстарын талқылау)
Өткен сабақтарға арналған практикалық тапсырмалар.
Word мәтіндік редакторы бойынша практикалық жұмыстар.
1.Тапсырма. Мәтін тер.
Ғылыми графика
Ғылыми графика - бұл ең бірінші пайда болған бағыт. Оның міндеті –
обьектілерді көрнекі бейнелеу. Ғылыми және инженерлік қызметте ғылыми
графика, ғылыми зерттеулер мен сынаулар жүргізгенде, есептеу нәтижесін
графиктік өңдеу үшін , есесптеу, эксперимент жүргізгенде және олардың
нәтижесін көрнекі көрсету үшін қолданылады. Медициналық қызметте ғылыми
графика кардиограмма, рентгенограмма және т.с.с түрінде қолданылады. Білім
беруде – мультимедиалық программалық құралдарда.
2.Тапсырма. Кестені форматта
Сабақ кестесінің кестесін құрыңдар.
| |Дүйсенбі |Сейсенбі |Сәрсенбі |
|күндер | | | |
|сабақтар | | | |
|1-сабақ |Математика |Қазақ тілі |Математика |
|2-сабақ |Орыс тілі |Ағылшын тілі |информатика |

Кестеге баған және жолдар қосып күндер мен сабақтарды толықтырып жазыңдар.
Кесте қасиетіне кіріп қатар биіктігін 1,5 см етіп тағайындаңдар.
3.Тапсырма. Кестені құрып мына түрде өрнектеңдер.

|Күн Райы |күндіз |Түнде |
|Жұма |-1 ... -3 |-1......3 |
|Сенбі | 0....-2 |-3....-3 |
|Жексенбі |-1....+1 |-1....3 |

IV. Сабақты бекіту.

V. Үйге тапсырма беру.

VI. Оқушыларды бағалау.

САБАҚ ЖОСПАРЫ
«Бекітемін»

________________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________20 ж

Пән аты: Информатика
Класы: 8 «А», 8 «Б», 8 «В»
Сабақтың тақырыбы: 11.3-тақырып. Excel -дің графикалық мүмкіндіктері.
Диаграммамен жұмыс істеу. Графикалық обьектілерді біріктіру.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Excel -дің графикалық мүмкіндіктері, Диаграммамен жұмыс
істеу, графикалық обьектілерді біріктіру туралы білімдерін қалыптастыру;
Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін
дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау
арқылы түсіндіру.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, интерактивті
тақта.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
(Практикум жұмыстарын талқылау)
Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:
1. Мәтін мен сан енгізудің қандай ерекшеліктері бар?
2. Ұяшықтарға енгізілген деректерді тігінен орналастыру үшін не істейміз?
3. Деректерді сақтау және қорғау үшін қандай амалдар орындаймыз?
4. Формула қандай символмен басталады?
5. Автосумма деген не?
6. Жұмыс кестесін автоматты түрде форматтау үшін қандай команда
қолданамыз?
7. Кесте шекараларын жиектеу үшін қай менюді қолданамыз?
8. Кестені баспаға шығару жолдарын ата.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
11.3-тақырып. Excel -дің графикалық мүмкіндіктері. Диаграммамен жұмыс
істеу.
Бірақ бұл біз бұдан да нақты графиктік түрде осы ақпаратты ұсына
аламыз ба әрине көрсете аламыз. Ол үшін Excel программасының арнайы
мүмкіндігі Диаграмма мастерін пайдаланамыз. Балалар сендер өмірде
диаграмманы көрдіңдер, енді осы диаграммаларды өзіміз тұрғызып үйренеміз.
Диаграмма – деп кестедегі мәліметтерді графиктік түрде ұсынуды айтады.

Диаграмма құру үшін кестедегі мәліметті белгіленген кейін аспаптар
панелінен немесе Вставка –Мастер Диаграмм командасын таңдаймыз. Содан кейін
мынандай терезе шығады.
1. Диаграмма тұрғызудың бірінші қадамы: Диаграмма типін таңдау.
Диаграмманың 14 типі бар.
2. Қадамда диаграммадағы мәліметтер аралығын енгізу.
3-қадам диаграмманың тақырыбын, мәтін енгізу.
4 қадамда диаграмманы қайда орналастыру керек екендігін таңдап аламыз.
Дөңгелек диаграммалардан басқа диаграммаларлдың барлығының екі осі:
• горизонталь немесе категориялар осы
• вертикаль немесе мәндер осі қосылады.
Диаграммалар мынандай элементтерден тұрады. Тор тақырып және аңыз.
1. Жаңа сабаққа практикалық жұмыстар.
І-деңгей Төмендегі функцияға график типін таңдап диаграмма тұрғыз.
ІІ –деңгей. Төмендегі функцияға гистограмма типін таңдап диаграмма тұрғыз.
ІІІ-деңгей. Төмендегі гистограмма және дөңгелек типін таңдап диаграмма
тұрғыз.
IV. Сабақты бекіту.
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
1. Диаграмма деген не?
2. Диаграмманың қандай түрлері бар?
3. Горизонталь және вертикаль осьтер не үшін берілген?
4. Диаграмма қандай элементтерден тұрады?
5. аңыз деген не?
6. Диаграмма тұрғызу қандай жолдармен жүзеге асырылады?
V. Үйге тапсырма беру. Excel -дің графикалық мүмкіндіктері. Диаграммамен
жұмыс істеу. Графикалық обьектілерді біріктіру. (Мазмұндау)
VI. Оқушыларды бағалау.
САБАҚ ЖОСПАРЫ
«Бекітемін»

________________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________20 ж

Пән аты: Информатика
Класы: 8 «А», 8 «Б», 8 «В»
Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың кестелік процессор тақырыптары бойынша алған
білімін бекіту, тиянақтау;
Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін
дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Білім бекіту практикалық
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: интерактивті тақта,
компьютерлер.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Өткен сабақтарға арналған практикалық тапсырмалар.
Практикум: 11.11, 11.12, 11.13, 11.14, 11.15,11.16 тапсырмалар.

III. Сабақты бекіту
IV. Үйге тапсырма беру. 11.17, 11.18, 11.19, 11.20 тапсырмалар.
(Қайталау).
V . Оқушыларды бағалау.

САБАҚ ЖОСПАРЫ
«Бекітемін»

________________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________20 ж

Пән аты: Информатика
Класы: 8 «А», 8 «Б», 8 «В»
Сабақтың тақырыбы: 12-бөлім. Деректер базасы. 12.1-тақырып. Деректер
базасын басқару жүйесі. Деректер базаасы түсінігі. Деректер базасын
жіктеу. Реляциялық деректер базасының құрылымы. Өрістер типтері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Деректер базасы, деректер базасын басқару жүйесі,
деректер базасы түсінігі, деректер базасын жіктеу, реляциялық деректер
базасының құрылымы, өрістер типтері туралы білімдерін қалыптастыру;
Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін
дамыту, пәнге деген қызығушлығын арттыру.
Сабақтың түрі: практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау баяндау
арқылы түсіндіру.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, интераткивті
тақта.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
(Практикум жұмыстарын талқылау)
Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:
1. Диаграмма деген не?
2. Диаграмманың қандай түрлері бар?
3. Горизонталь және вертикаль осьтер не үшін берілген?
4. Диаграмма қандай элементтерден тұрады?
5. Аңыз деген не?
6. Диаграмма тұрғызу қандай жолдармен жүзеге асырылады?
7. Кестелік процессорға графиктік обьектілер қою үшін қандай әрекеттер
орындаймыз?
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
12-бөлім. Деректер базасы. 12.1- тақырып. Деректер базасын басқару
жүйесі.
Деректер базасы түсінігі.
Компьютерде мәтін, графикалық кескін жасауға, есептеу жүргізуге
мүмкіндік беретін программалардан басқа, көлемі үлкен ақпаратты сақтауға,
өңдеуге және іздеуге арналған арнайы программалар да бар. Мұндай
программалар деректер базасын басқару жүйесі (ДББЖ) деп аталады.
Мынадай мысалды алайық, сендердің мектептерінде 1000- ға жуық оқушы
оқиды делік . (мүмкін көбірек шығар). Әр мектепте медициналық кабинет
болады, онда оқушының аты-жөні, туған жылы, ұлты, жынысы, бойы, салмағы,
мекен-жайы, телефон номері, дәрігерлік екпелері туралы тіркелген
медициналық карталар (кітапшалар) бар. Барлық карта шкафта ретсіз
араласып жатыр делік.
Қандай да болсын бір тасушыда, мысалы, қағазда, кинотаспада, магниттік
дискіде сақталатын, арнайы ұйымдастырылған деректер жиынтығы деректер
базасы деп түсіну керек.
Бір базадағы деректер өзара қисынды байланысты болуы тиіс.Бұл
деректерді белгілі параметрлері, қасиеттері,яғни бір біріне қатысты
белгілері бойынша топтастыру арқылы жүзеге асырылады.
ДЕРЕКТЕР БАЗАСЫН ЖІКТЕУ
Деректер базасы, негізінен, үш белгісі бойынша жіктеледі.
Бірінші белгісі - сақтаулы ақпараттың сипатына қарай деректер базасы:
фактографиялық және құжаттық болып бөлінеді. Фактографиялық деректер
базасынды сипатталатын обьектілер туралы қысқаша мәліметтер нақты
белгіленген пішімде беріледі, құжаттық деректер базасы ір түрлі типтегі
мәтіндік графикалық дыбыстық мультимедиялық кең көлемді ақпараттардың
тарады.
Екінші белгісі -ақпараттарды сақтау әдісі бойынша деректер базасы
орталықтандырылған және үлестірілген болып бөлінеді. Орталықтандырылған
деректер базасында бар ақпарат бір кампьютерде сақталады. Үлестірілгенде
ректер базасы жергілікті және ауқымды кампьютерлік желілерде қолданылады
және ақпараттың әр түрлі бөліктері бқлек кампьютерлерде сақталуы мүмкін.
Үшінші белгісі- ақпаратты ұйымдастыру құрылымы бойынша деректер
реляциялық, иерархиялық және желілік болып бөлінеді. Біз сендермен
фактографиялық және реляциялық деректер базасын ғана қарастырамыз.

РЕЛЯЦИЯЛЫҚ ДЕРЕКТЕР БАЗАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Реляциялық ДБ деп оны құрайтын бөліктерінің өзара байланысымен
құрастырылған деректер базасын атайтын. Қарапайым жағдайда ол бір
тіктөртбұрышты кесте болып табылады. Күрделі реляциялық деректер
базасы көптеген тіктөртбұрыштарды кестеден тұрады.
Деректер өзара әртүрлі қатынастармен байланысқан бірнеше кесте
құрайық. Кестелердегі деректердің арасында қатынастың өте кең тарағаны
және әсіресе жие қолданылатыны «обьект –қасиет» типті болып табылады.
Мысалы: «Сыныптағы оқушылар тізімі» деректер базасы кесте түрінде
көрсетілген болады.
Сыныптағы оқушылар тізімі

| |Фамилиясы |Туған |жынысы |ұлты |Көзінің |Шашының түсі |
| | |жылы | | |түсі | |
|1 |Айқын Бағыт |1992 |ер |қазақ |Қой көзді |Қара қоңыр |
|2 |Шварц Ира |1993 |қыз |неміс |сұр |Ақ сары |
|3 |Иванов Алеша |1991 |ер |орыс |Көк |Ақ сары |
|4 |Оразова Сауле |1993 |қыз |қазақ |Қой көзді |қара |

Кесте элементтері ұяшық, жол және баған болған бұрын қарастырылған
кестелерден айырмашылығы – кестені деректер базасы немесе деректер
базасының обьектісі ретінде қарастырғанда жазба және өріс түсініктері
енгізіледі. Реляциялық деректер базасындағы жолдар – жазбалар деп, ал
бағандар -өрістер деп аталады. Кестенің әрбір өрісінің аты болады, мысалы,
тегі (Фамилиясы), аты, туған жылы; жынысы; ұлты; көзінің түсі; шашының
түсі.
Өрістер типтері
Реляциялық деректер базасында өрістердің негізгі төрт типі
пайдаланылады: сандық символдық, даталық, логикалық.
Сандық типі мәндері тек сандар: бүтін, бөлшек, ондық (масса, адам
саны, арақашықтық және т.б) болатын өрістерден тұрады.
Символдық типте символдық ақпараты бар өрістер болады, бірақ
символдық ақпарат цифрлардан да тұруы мүмкін, мысалы, реттік нөмір, телефон
нөмірлері және т.б сонда бұл өрістерге символдық тип меншіктеуге болады
(сендердің кестелеріндегі барлық өрістердің типі-символдық).
Даталық тип өрістерінде күнтізбе күндері (кк/аа/ жжжж орысша
дд/мм/гггг) болады.
Жаңа сабаққа орындалатын тапсырмалар: Практикум : 12.1, 12.2, 12.3
тапсырмалар.
IV. Сабақты бекіту.
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
1. Деректер базасы дегеніміз не?
2. Деректер базасының сипатталуы бойынша белгілерін атаңдар.
3. Фактографиялық және құжаттық деректер базаларының айырмашылығы неде?
4. Реляциялық деректер базасы деген не?
5. Кестедегі обьектілердің арасындағы қатынастардың қандай типтерін
білесіңдер? Қандай матрица екілік деп аталады?
6. Жазба, жазба өрісі, дегеніміз не?
7. Реляциялық деректер базасында өрістердің қандай типтері пайдаланылады?
V. Үйге тапсырма беру. Практикум: 12.4 тапсырма.
Оқулық: 194 беттегі тапсырма.
12-бөлім. Деректер базасы. 12.1- тақырып. Деректер базасын басқару жүйесі.
Деректер базасы түсінігі. Деректер базасын жіктеу. Реляциялық деректер
базасының құрылымы. Өрістер типтері. (мазмұндау).
VI. Оқушыларды бағалау.

САБАҚ ЖОСПАРЫ
«Бекітемін»

________________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________20 ж

Пән аты: Информатика
Класы: 8 «А», 8 «Б», 8 «В»
Сабақтың тақырыбы: 12.2-тақырып Деректер базаларымен орындалатын
амалдар. Дерек базаларындағы операциялар. Дерек базасын компьютерде өңдеу
технологиясы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Деректер базаларымен орындалатын амлдар, дерек
базаларындағы операциялар, дерек базасын компьютерде өңдеу технологиясы
туралы білімдерін калыптастыру;
Тәрбиелік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау жіне зейіндік қабілеттерңн дамыту
пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: практикум элементерінің көмегімен демонтрациялау
баяндау арқылы түсіндіру.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, оқулық, практикум,
тақта.

Сабақтың өту барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

1. Дерек базасы дегеніміз не?
2. Деректер базасының сипатталу бойынша белгілерін атаңдар.
3. Фактографиялық және құжаттық деректер базаларының айырмашылығы неде?
4. Реляциялық деректер базасы деген не?
5. Кестедегі, объектілердің арасындағы қатынастардың қандай типтерін
білесіңдер?
6. Жазба, жазба өрісі, дегеніміз не?
7. Реляциялық деректер базасында өрістердің қандай типтері
пайдаланылады?

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

12.2 Тақырып. ДЕРЕКТЕР БАЗАЛАРЫМЕН ОРЫНДАЛАТЫН АМАЛДАР. ДЕРЕК
БАЗАЛАРЫНДАҒЫ ОПЕРАЦИЯЛАР.
ДБ құрылғаннан кейін жазбаларменорындауға болады. Ақпарат іздеу шарты
бойынша жүзеге асырылады. Жобалау компьютердің көмегінсіз жүзеге
асырылады. Жобалау бұл деректер базасын теориялық түрде құру.

Дерек базасын компьютерде өңдеу технологиясы

Реляциялық деректер базасымен жұмыс істейтін жүйелер реляциялық
ДББЖ деп аталады.
Қазіргі кезде дербес компьютерлерге арналған реляциялық типті ДББЖ-нің
бірнеше түрі dBase6 FoxPro6 Paradox бар. Microsoft Office дестесінің
Access программасы да бар.

Жаңа сабаққа орындалатын тапсырмалар: Практикум: 12,4, 12.5, 12.6
тапсырмалар.
IV. Сабақты бекіту.
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
1. ДБ –сын жобалаудың міндеттері неден тұрады?
2. ДБ жазбаларымен қандай әрекеттер орындауға болады?
3. Қазіргі кезде компьютерлерге арналған реляциялық типті ДББЖ қандай
түрлерін білесіңдер?
V. Үйге тапсырма беру. Оқулық: 205 беттегі тапсырма.
Оқулық: 12.2-тақырып. Деректер базаларымен орындалатын амалдар. Дерек
базаларындағы операциялар. Дерек базасын компьютерде өңдеу технологиясы.
VI. Оқушыларды бағалау.

САБАҚ ЖОСПАРЫ
«Бекітемін»

________________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________20 ж

Пән аты: Информатика
Класы: 8 «А», 8 «Б», 8 «В»
Сабақтың тақырыбы: 13-бөлім. Excel кестелік процесорында дерек базасымен
жұмыс істеу. 13.1-тақырып. EXCEL-дегі дерек базасы EXCEL-дің дерек
базасын өңдеу мүмкіндіктері. Дерек базасында жазбалармен орындалатын
жұмыс.
Сабақтың мақсаты: EXCEL кестелік процессорында дерек базасымен жұмыс
істеу, EXCEL-дегі дерек базасы. EXCEL-дің дерек базасын жазбалармен
орындалатын жұмыс туралы түсінік қалыптастыру;
Білімділік: EXCEL кестелік процессорында дерек базасымен жұмыс істеу,
EXCEL-дегі дерек базасы EXCEL-дің дерек базасын өңдеу мүмкіндіктері, дерек
базасында жазбалармен орындалатын жұмыс туралы білімдерін қалыптастыру;
Тәрбиелік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін
дамыту пәнге деген қызығушылығын
арттыру.
Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау
баяндау арқылы түсіндіру.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, тақта.

Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
(Практикум жұмыстарын талқылау)
Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:
1. ДБ –сын жобалудың міндеттері неден тұрады?
2. ДБ жазбаларымен қандай әрекеттер орындауға болады?
3. Қазіргі кезде компьютерлерге арналған реляциялық типті ДББЖ қандай
түрлерін білесіңдер?

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
13-бөлім. EXCEL кестелік процессорында дерек базасымен жұмыс істеу.
13-1 –тақырып. EXCEL-дегі дерек базасы EXCEL-дің дерек базасын өңдеу
мүмкіндіктері.
Microsoft Excel кестелік процессоры дерек базаларымен әр түрлі операциялар
орындауға мүмкіндік береді:
1. Дерек базаларын құруға және оларға ат қойып, дискіде сақтауға;
2. сақталған дерек базаларын ашуға және оларды түзетуге;
3. Дерек базаларын жазбаларды, өрістерді қосуға;
4. дерек базасындағы жазбаларды, өрістерді өшіруге;
5. жазбалардың, өрістердің мазмұнын көшірмелеуге және ауыстыруға;
6. дерек базасындағы жазбаларды қарауға және іздеуге;
7. жазбалардың мазмұнын өсу немесе кему реті бойынша сұрыптауға;
8. берілген параметрі бойынша деректерді сұрыптауға;
9. есеп беруде басуға, яғни принтерге шығаруға.
EXCEL- де деректер базасы жол және бағандармен ұқсас құрылады, мұнда
кестенің бағаны -өріс, ал әрбір жолы – жеке жазба болып табылады. Әрбір
өріс бойынша ақпарат кестенің жеке ұяшықтарына енгізіледі, мысалы, біздің
кестеде Фамилиясы, аты деген тақырыбы бар, туған жылы деген тақырыбы бар
және т.б. бағандарға енгізілген. Егер дерек базасын жеке бетке
орналастырсақ, онда онымен жұмыс істеу едәуір жеңіл болады.
Егер бірнеше дерек базасын бір ретте орналастыратын болсақ, онда бұдан
былай бұл деректер базасымен жұмыс істеу өте күрделі болады. Өйткені нақты
деректер базасы үшін ұяшықтар ауқымын әрқашан көрсетіп отыруға тура келеді.

Өрістердің аты бар жол мен нақты деректердің арасында бос жол
қалдыруға болмайды.
Өріс атауы 255 символдан аспауы қажет, бірақ жұмысқа ыңғайлы болу
үшін өріс атауларының қысқа болғаны жөн.
Дерек базасында жазбалармен орындалатын жұмыс.
Деректер жазбасын экранда көру үшін меңзерді деректер базасының кез
келген ұяшығына орналстырыңдар да Данные –форма командасын орындаңдар.
Деректер базасында жазба іздеу үшін Айналдыру батырмасын немесе Назад және
Далее батырмаларын қолдануға болады. Жазба табылғаннан кейін өзгерістер
енгізуге болады. Егер дерек базасы өте үлкен болса критерий батырмасын
қолдануға болады.
Жаңа сабаққа орындалатын тапсырмалар: Оқулық: 208, 209, 210 беттегі
тапсырмалар. Практикум: 13.1, 13.2 тапсырмалар.
IV. Сабақты бекіту.
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
1. Microsoft Excel кестелік процессоры дерек базаларымен қандай
операциялар орындауға мүмкіндік береді?
2. Данные- форма командасын қолданғанда қандай амалдар орындалады?
V. Үйге тапсырма беру. Оқулық : 205 беттегі тапсырма.
Excel кестелік процесорында дерек базасымен жұмыс істеу. 13.1-тақырып.
EXCEL-дегі дерек базасы EXCEL-дің дерек базасын өңдеу мүмкіндіктері. Дерек
базасында жазбалармен орындалатын жұмыс.
VI. Оқушыларды бағалау.

САБАҚ ЖОСПАРЫ
«Бекітемін»

________________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________20 ж

Пән аты: Информатика
Класы: 8 «А», 8 «Б», 8 «В»
Сабақтың тақырыбы: 13.2-тақырып. Деректер базасын өңдеу. Деректер базасын
сұрыптау. Деректерді сұрыптау. Есеп беруді баспаға шығару.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Деректер базасын өңдеу, деректер базасын сұрыптау,
деректерді сұрыптау, есеп беруді баспаға шығару туралы білімдерін
қалыптастыру.
Тәрбиелік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге
тәрбиелеу;
Дамытушылық:Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін
дамыту пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау
баяндау арқылы түсіндіру.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, тақта.

Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
(Практикум жұмыстарын талқылау)
Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:
1. Microsoft Excel кестелік процессоры дерек базаларымен қандай операциялар
орындауға мүмкіндік береді?
2. Данные –форма командасын қолданғанда қандай амалдар орындалады?
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
13.2-тақырып. Деректер базасын өңдеу. Деректер базасын сұрыптау.
Күнделікті тәжірибеде бір ден үлкен дерек базасын құру мүмкін емес. Дерек
базасымен жұмыс істеу барысында жазбаларды қосу, өшіру, т.б. яғни оны
түзетуге болады. Дерек базасы құрылғаннан кейін оны түрлендіруге, яғни
жазбаларды кез келген ретпен орналастыруға кірісу қажет. Жазбаларды
берілген ретпен орналстыру операциясын деректер базасын сұрыптау деп
атайды. Дерек базасының мазмұнын беріген бір өріс немесе бірнше өріс
бойынша сұрыптауға болады. Деректердің сұрыпталуы орындалатын өріс түйінді
деп аталады.
Деректер базасын түйіндік өріс бойынша сұрыптау Данные-сортировка
командасы арқылы орындалады.
Деректерді сұрыптау.
Есеп беруді нақтылы бір деректерімен басып шығару үшін дерек базасын
електен өткізу сияқты сұрыптау қажет. Сұрыптау дерек базасындағы көптеген
жазбалардың айқындалған шарттарға сай келетіндерін ғана сұрыптауға
мүмкіндік береді. Данные – Фильтр –Автофильтр командасы арқылы қажетті
жазбалар сұрыпталады.
Есеп беруді баспаға шығару Файл – Печать командасы арқылы орындалады.
Жаңа сабаққа орындалатын тапсырмалар:
Оқулық: 212,213,214,217 беттегі тапсырмалар.
IV. Сабақты бекіту .
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
1. Microsoft Excel кестелік процессоры дерек базаларымен қандай операциялар
орындауға мүмкіндік береді?
2. Данные – Форма командасын қолданғанда қандай амалдар орындалады?
V. Үйге тапсырма беру. Деректер базасын өңдеу. Деректер базасын сұрыптау.
Деректерді сұрыптау. Есеп беруді баспаға шығару.
VI. оқушыларды бағалау.

САБАҚ ЖОСПАРЫ
«Бекітемін»

________________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________20 ж

Пән аты: Информатика
Класы: 8 «А», 8 «Б», 8 «В»
Сабақтың тақырыбы: Шығармашылық жұмыстар орындау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың Excel кестелік процессорында дерек базасымен
жұмыс істеу, Excel-дегі дерек базасы Excel-дің дерек базасын өңдеу
мүмкіндіктерін дерек базасында жазбалармен орындалатын жұмыстар. Деректер
базасын өңдеу. Деректер базасын сұрыптау деректерді сұрыптау,
деректерді сұрыптау тақырыптарына шығармашылық жұмыстар орындату арқылы
алған білімін бақылау, тиянақтау.
Тәрбиелік: Жан-жақты болуға,өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зеиіндік қабілеттерін
дамыту пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: бақылау
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, карточкалар,
практикум.
Сабақтың өту барысы:
1.Ұиымдастыру кезеңі.
Практикум: 13.28, 13.29, 13.31, 13.32. 13.33 тапсырмалар.

IV. Сабақты бекіту:

V.Үйге тапсырма беру. Жұмыстарын аяқтау. (Қайталау).

VI.Оқушыларды бағалау.

Оқулық: 212,  213, 214, 217 беттегі тапсырмалар.
Практикум: 13. 23, 13. 24, 13.27 тапсырмалар.

САБАҚ ЖОСПАРЫ
«Бекітемін»

________________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________20 ж

Пән аты: Информатика

Класы: 8 «А», 8 «Б», 8 «В»

Сабақтың тақырыбы: Шығармашылық жұмыстар орындау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың Еxcel кестелік процессорында Дерек базасымен
жұмыс істеу, Еxcel-дегі дерек базасы excel-дің дерек базасымен өңдеу
мүмкіндіктерін, дерек базасында жазбалармен орындалатын жұмыстар деректер
базасында өңдеу, Деректер базасын сұрыптау, деректерді сұрыптау
тақырыптарына шығармашылық жұмыстар орындату арқылы алған білімін бақылау
тиянақтау.

Тәрбиелік: Жан-жақты болуға,өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу:

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін
дамыту пәнге деген қызығушылығы арттыру.

Сабақтың түрі: Бақылау.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар : компьютер, карточкалар,
практикум.
Сабақтың өту барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі .
Оқулықтағы 219-221 бетте берілген өзіндік жұмысты орындау.

Сабақты бекіту .

Үйге тапсырма беру. Жұмыстарды аяқтау (Қайталау)

Оқушыларды бағалау.

-----------------------
0+0=0
1+0=1
0+1=1
1+1=10 бір көрші (үлкен) разрядқа тасымалданады.

0-0=0
1-0=1
0-1=1
1-1=0

0*0=0
1*0=0
0*1=0
1*1=1

Векторлық

Растрлық

Президент

Президенттің жеке аппараты

Жоспарлау
жөніндегі
Вице-президент

Экономика бойынша көмекші

Жүйелік аналитик

Ұзақ уақыт бойы жоспарлау жөніндегі басқармасы

Заң жөніндегі көмекшісі

Кестелік процессорды іске қосу

Алдын ала құрылған жұмыс кітабын ашу

Кестенің жаңа жұмыс бетін құру

Деректерді енгізу

Деректерді редакциялау

Енгізілген обьектілермен жұмыс істеу

Кестені пішімдеу

Құжатты сақтау

Құжатты басу

ДББЖ-ны іске қосу

Деректер базасы кестесінің құрылымын жобалау

Бұрын құрылған деректер базасын құру

Деректерді енгізу және редакциялау

Деректерді сұрыптау

Сұрату бойынша деректерді іздеу

Сұрату бойынша есеп беруді құру және жауабын басуға шығару

Деректер базасын сақтау.

Ұқсас жұмыстар
Синоним сөз
Электрондық кесте msexcel-де деректер базасы
Мәліметтер базасы терезесінде
Информатика 8 сынып. excel тарауына омж
Мектеп информатика курсы бойынша оқулықтарға талдау
Microsoft Access бағдарламасында кесте құру
Деректер қоры, олардың түрлері. 9 сынып
Мәліметтерді сүзу
Сұранысты құру жолдары
Алдынғы доңғалақтардың құлау бұрышы
Пәндер