Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сұрақтар мен жауаптар

Алтынсариншілер ордасы

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Салауатты
университеттер» жобалары республикамыздың 5 жетекші жоғарғы оқу
орнында 2000 жылдың наутызынан бастап жүзеге асырылуда. Біздің
институттың педагогика кафедрасында «Алтынсариншілер ордасы» 2001-2002
оқу жылынан жұмыс істеуде. Клубтың мақсаты: болашақ ұстаздарды
сабақтан тыс уақытта әдептілікке, имандылыққа, жаңа қарым-қатынас
қалыптастыруға, салауатты өмір салтына үлкен жауапкершілікпен қарауға
тәрбиелеу.
Клуб алдына мына талаптар қойылды:
1.Ұжымда, отбасында, жалпы қоғамдаденсаулыққа жауапкершілік
сезімін қалыптастыру.
2.Студенттердің оқу барысында салауатты өмір сүруі үшін
қолайлы жағдай туғызу.
3.Жағымсыз әдеттердің (темекі, алкоголь, есірткі тұтыну,
қауіпті жыныстық қатынас) таралуын төмендету бағдарламасын жүзеге асыру.
4.Салауатты өмір салтына машықтандыру. Кафедра студенттерімен
тәрбие жұмысын ұйымдастыруға арналған «Болашақ маманның тәрбие
бағдарламасы» құрылды («Ұлт тағылымы»№4, 2000, авторы С. Тәжібаева).
«Алтынсариншілер ордасы» педагогикалық отауында 2002-2003 оқу
жылында Л. Керімов, И. Халатова, Н. Сыманова, М. әбішева, Г. Көсетова, А.
Икранова, Г. Әбілева , Д. Үркімбаева, С. Тәжібаева, т.б. ұстаздар
бекітілген жоспар бойынша «Студенттерді салауаттылыққа тәрбиелеу
әдістемесі» (семинар), педагогикалық апталық, Алтынсариншілер отауының
ашық отырысы, жатақхана қыздарымен сұхбат («Адам әдебімен көрікті»,
«Қызым, саған айтам»,), факультетаралық олимпиада, ашық тәрбие сағаттары
(«Келін болу әдебі», «Жақсы келін-елге ырыс»), шеберлер көрмесі, т.б. іс-
шаралар ұйымдастырды, «Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру
технологиясы», «Сыынп жетекшісі» оқу-әдістемелік құралдары әзірленді.

Педагогика кафедрасы бойынша сабақтан тыс
өткізілген тәрбиелік шаралар.
1. Мектепте оқушыларды салауаттылыққа тәрбиелеу әдістемесі
(прак. сабақ). 2. Ы. Алтынсаринның туған күніне арналған. 3. «Үйіңде қартың
болса, жазып қойған хатпен тең» (тәрбие сағаты). 4.Интелектуалдық азино:
«Тәрбие әлеміне саяхат». 5. Ғ. Мүсіреповтің бала тәрбиесі жөніндегі ой-
толғамдары. 6. Қазақтың салт-дәстүрлерін қадірлей білейік. 7. Тәрбие басы-
тал бесік (тәрбие сағаты). 8. Ұстаз тәрбиесі ұядан басталады (пікірталас).

Мысалы, «Мектепте оқушыларды салауаттылыққа тәрбиелеу
әдістемесі» тақырыбында тарих-филология факультетінің 3 курс
студенттерімен өткізген сабағымның мазмұны төмендегідей.
1.Маскүнемдік деген не?
Маскүнемдік – алкоголь ішімдіктерін үнемі қолданудан және шектен
тыс үйір болудан қанға сіңіп кететін дерт. Ағзаның бірқаатр қызметін
бұзатын және тереңдей беретін кесел.
Алкоголь ішімдіктерін пайдалану сатылары:
1. Тұрмыс жағдайындағы маскүнемдік:
- Спирттік ішімдіктерді аз мөлшерде үнемі қабылдау (мысалы, 1 бөтелке сыра
жұмыс күндері және 2 бөтелкеден артық сыра демалыс күндері). Кейде
алкоголь ішімдіктерін көп мөлшерде қабылдау (мысалы, мейрам күндері).
Алкоголь ішімдіктерін үнемі көп мөлшерде қабылдау.
2. Маскүнемдік:
-спирттік ішімдіктерге дәнігу;
-ішкен ішімдік мөлшерін бақылауды жоғалту;
-құсып қорғану рефлексінен айрылу;
-«бас жазу» синдромы немесе абстиненттік синдром (үнемі ішкісі
келу,өйткені, адам алкогольсіз қалыпты жұмыс атқара алмайды);
-алкогольге төзімділік (тұрақтылық);
-ұмытшақтық,жадына сақтай алмау;
-алкоголь ішімдіктерін үнемі пайдалану.
Маскүнемділіктің қауіптілігі неде?
-алкоголь ішімдіктеріне тым үйір адамдардың өмірінің ұзақтығы, халықтың
орташа өмірінің ұзақтығымен салыстырғанда 15-20 жас кем;
-маскүнемдікке берілу қылмыстық әрекеттерге апарады;
-венерологиялық ауруларға адамдар он жағдайдың тоғызында мас күйінде
ұшырайды;
-балалардың ми дамуының 40-60% артта қалу себебі – ата-аналарының
маскүнемдігі;
-алкоголь орталық жүйке жүйесін қүйзеліске ұшыратады, ми жұмысын және есте
сақтауды әлсіретеді;
-алкоголь қимыл-қозғалыс үйлесімін бұзады, тез жауап беру қабілетін
баяулатады;
-алкогольді көп мөлшерде бір-ақ рет қолдану мида қалпына келмейтін
өзгерістер туғызады. Маскүнемдік, сыраны қоса есептегенде, кез келген
ішімдіктерді қолдану нәтижесінде пайда болады.
Статистика деректері
Қазақстанда халықтың басым көпшілігі алкоголь ішімдіктерін
пайдаланады, оның ішінде: балалар-7%, жас өспірімдер-37%, жастар-54,4%.
Тексеруден өткен жас өспірімдердің ішінде, алкогольмен танысу тәжірибесі 12
ден 15 жасқа дейін болғаны 63%. Алкоголь ішімдіктерін қолданатын
адамдардың 80% тұрмыс жағдайындағы маскүнемдіктен зардап шегетіндер.
Маскүнемдіктің бұл сатысында дертті тоқтатуға болады.
2. Шылымқорлық
Темекі атаулы Еуропа мен Азияға 15 ғасырда келгендігі тарихтан
белгілі. Алғашқы кезде темекі тіс ауруына қарсы қолданатын дәрі ретінде
пайдаланып жүрген. Сол кезде-ақ адамдардың темекінің улы жәнезиянды екенін
білген. Соған қарамастан, темекі тарту біртіндеп дағдыға айнала бастаған.
Сол кезде-ақ темекі тартуға қарсы қатаң шаралар қолданылған.
Мысалы, Түркияда темекі тартушылардың құлағын, мұрынын кесіп, қолын шауып
тастау, ал Парсы мен Үнді елдерінде өлім жазасын қолдану сияқты жазалар
жүзеге асырылады. Ал 16 ғасырдан бастап Англияда темекі тартудың
зияндылығы жөнінде ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіле бастайды. Сол
зерттеу жұмыстарының нәтижесіне байланысты Италияда папа Урбан темекі
тартуға қарсы шешім шығарып, темекі тартуға және оны өз еліне әкелуге,
өсіруге мүлде тыйым салған.
Ресейде Михаил Романов патшалық еткен кезде темекі тартқан
адамның табанын таяқпен ұру, ал екінші қайталайтын болса, мұрнын кесіп
тастау сияқты жазалау шараларын қолданады. Соған қарамастан ағылшын
саудагерлері мол пайда табу мақсатымен Архангелскіге темекі әкелуін
тоқтатпайды. Темекі тарту Ресейде Петр 1 патшалық еткен кезде кең етек
алды. Өйткені, патшаның өзі темекіні көп қолданған. Екатерина 2 кезінде
темекі Қырымда молынан егіле бастайды.
Рөлдік ойын. «Өкпеңізге қауіп төнуде»
Ойынның мақсаты: сабақ өтілгеннен кейін студенттер темекі шегудің
денсаулығына қауіп төндіруші бірнеше факторын атай алуы тиіс. Студент
темекі шегетін адмның өзіне ғана емес, өзгелерге де зиян тигізетінін білуі
тиіс.
Студенттерді санына байланысты 3 немесе 4 топқа бөлеміз. әр
топқа арналып тақтада бормен портреттер малынады. әр топ өз жетекшісін
сайлайды. Содан соң сұрақ беріледі. берген сұраққа жауабы дайын топ қол
көтереді. Басшысы бірінші болып қол көтерген топ сұраққа бірінші болып
жауап береді. Дұрыс жауапқа 10 ұпай жазылады. Дұрыс болмаса келесі топ
жауап береді. Дұрысм жауап бермеген топтың портретіне шеккіш адамның бір
тісі салынады. Сарғайған тістердің саны 3-ке жетсе, ол топ ойыннан
шығады. Осы ойыннан неғұрлым көп ұпай жинаған топ жеңіп шығады.

Сұрақтар мен жауаптар
1. Не себептен балалар темекі шеге бастайды?
Жауап: себебі, отбасындағы адамның, өзіне үлгі тұтатын адамның темекі
шегуі және атақты компаниялардың жарнамалары әсер етеді.
2.Адам жыл бойы күніне бір қорап темекі шегетін болса, ол адамның
өкпесінде қанша темекі қордасы жиналады?
Жауап: 1 литрге жуық.
3. Ттемекі шегу адамды үлкен тәуелділікке соқтыратыны рас па? Рас болса,
қандай тәуелділік?
Жауап: рас, темекі шегу психикалық тәуелділікке, дене тәуелділігіне әкеп
соқтырады.
Оқытушы есіне:
1. Тренинг ұзақтығы 20 минут
2.Сұрақтарды әр студентке жеке таратып шығып, онымен танысу үшін
белгілі уақыт беріңіз.
3.Тренингтің соңына студенттерге төмендегідей сұрақтар беріңіз.
Осы сабақтан:
-өздеріңізге қандай жаңалық білдіңіздер?
-сіздерді не таң қалдырды?
-сіздерді не ойландырды?

Ұқсас жұмыстар
Ауаның табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. 2-сынып
Сарай атауы
Математика пәнінің алғырлары.есептер шығару
Ақпарат алатын көздерді атап айт
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін сабақта тиімді қолдану
Сабақтың тақырыбы. Сабақтың басталуы
Тақырып Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы
Физика пәнінен практикалық жұмыстар жинағы 9-класс
Сұрақтар мен жауаптар массивтерін жасау блоктары
Өзін -өзі тану елінің көшбасшылары
Пәндер