Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Файлдар мен қапшықтарды іздеу

Баймуканова Асем-Жұлдыз Ашкенқызы
Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы №3 Смирнов орта мектебі

8 сынып информатика сабағы

Cабақтың тақырыьбы: Файлдар мен қапшықтарды іздеу

Мақсаты: а) Оқушыларға файлдар мен қапшықтарды іздеу әдістерін, тәсілдерін
меңгеруді үйрету, өз беттерімен практикалық жұмыстарды орындауды түсіндіру
б) Әнгімелерді ұштастыра отырып өздігінен жұмыс істеу дағдыларын дамыту
в) Оқушыларды, өмірге және білім алуды жалғастыруға тәртіпке, еңбекке
баулу.

Сабақтың типі: Практикум элементтері бар баяндау, көрсете – түсіндіру.
Сабақ түрі: Аралас сабақ. Практика.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ жауап, әңгімелесу, жазбаша жұмыс,
өзіндік жұмыс, әңгіме.
Құрал – жабдықтар, көрнекті құралдар:
Компьютерлер, интерактивті тақта құралдары
Сабақ барысы. 1. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй жұмысын тексеру
Өткен тақырыптағы білімдерін еске түсіру мақсатында «Ақшақар хикаяларын»
әнгімелеу.
1. Ақшақар Жаңа-жыл қарсаңында достарын құантпақ болып жолға шықты.
Алдымен Жадыраның үйіне келіп. Компьютеріне «2009-Жаңа-жылыңмен!» еп
өздігінен қозғалып тұратын әдемі мәтін жазбақ болды.
Балалар. Ақшақарға кім көмектеседі?
(Жауабын оқушылар айтады, практика жүзінде экраннан көрсету)

2. Енді асанның үйіне келіп. Компьютерінің фонына аққаланың және
шыршаның суретін салып «жаңа-жылмен!» деп жазбақ болды.
Балалар, Ақшақарға кім көмекке келеді?
(Жауабын оқушылар айтады, практика жүзінде экраннан көрсету)

3. Жанат досының компьютерінің сағатын 12,00 күнді 31.12.2009 деп
өзгерткісі келді, бірақ қандай әрекеттер орындауын білмеді. Ақшақарға
көмекке келем деуші оқушылар қол көтерейік

ІІІ. Жаңа сабақ
Файлдар мен қапшықтардың аты немесе орналасқан жері белгілі болса оны
табуға болады.Компьютер жадына көп құжаттар сақталады.сондықтан керек
файлымыздың қай жерде орналасқанын ұмытып қалған жағдайда оны іздеу
қиынға түседі. Ол қиындықтан шығу үшін бүгінгі тақырыбымыз көмекке
келеді.
Кез –келген жерде орналасқан құжаттарды аты, типі, өлшемі, мазмұны
бойынша тез табуға болады.
Негізгі әдісі :

1. «Информатика» файлын табу үшін аты және орналасу қосымшасын
шертеміз.

2.Сондай-ақ атын ғана емес ,тек ішіндегі мәтін үзіндісі бойынша табуға
болады.
• Аты және орналасу қосымша бойынша
• Іздеу мәтін өрісіне «Паскаль» мәтінін тереміз
• Қайда іздеу өрісіне «Менің құжаттарым» қоямыз
• Табу батырмасын шертеміз

3. Уақыт мерзімі – сонғы айлар немесе күндер бойынша құжаттарды табуға
болады.
Мысалы: сонғы 1 ай мерзімінде жасалған құжаттарды табу үшін
• Уақыт қосымшасын шертеміз
• Когда были произведены последние изменения түрін таңдау
• В пршедшем месяце параметрін таңдау
• Табу батырмасын шерту

4. Файлдарды типі мен өлшемі бойынша да табуға болады
Мысалы : Өлшемі 20КВ аспайтын құжатты іздейік.
• Какой размер файла түрін таңдаймыз
• Указать размер өрісінен «20» және «не более» параметрін таңдау
• Табу батырмасын шертеміз

5. Табу командасының көмегімен желіге қосылған кез-келген компьютерді
табуға болады.
Ол үшін ІСКЕ ҚОСУ ТАБУ КОМПЬЮТЕР
әрекеттерін орындаймыз.

ІV. Практикалық жұмыс
«Ұмытшақ досым» тапсырмаларын оқушылар өздігімен орындайды.
1. «Ұмытшақ досым» келіп маған тез арада «мектеп» деген құжатты тауып
бер деп өтінді. Қалай табасыңдар,әрекеттерді компьютерде орындаңдар.
2. Тағы біраз күн өткен соң әлгі досым бір құжатты таба алмай отырмын ,
ішінде Пифагор теоремасы бар екені есімде деді. Досқа көмек беру
ірекетерін компьютерде орындап көрсетіңдер.
3. Кейін осы досым 2 ай шамасында жазған құжатын таба алмай отырған
үстінен түстім, есінде аты да, мәтінде жоқ екен. Досымды құжатын табу
жолын көрсетіп қуантым.
4. Досым бірде 6 бет жазған құжатын есіне түсіре алмай қиналды, табу
жолын кім айтып береді? Компьютерде орындап көрсету
V. Сабақты бекіту
Жауап арқылы шырша элементерін құрастыру
1. Файлдар мен қапшықтарды іздеу қандай команда арқылы орындалады?
2. Файлдар мен қапшықтарды іздеудің қандай тәсілдері бар?

1.

2.

3.

4.

5.

VI. Қорытынды. Бағалау. Үй жұмысы
-----------------------

Іске қосу

Іздеу

ТАБУ

Файлдар мен қапшықтар

АТЫ

МӘТІН

УАҚЫТ

ӨЛШЕМІ,ТИПІ

Ұқсас жұмыстар
Найти командасының диалогтық терезесі
Қапшықтан таңбаша белгісінің айырмашылығы
Орта мерзімді жоспар 8 сынып информатика пәнінен
Объектіні дискетке көшіру
Алмасу буфері
Компьютерлік вирустардан қорғау
Файлдар мен қашықтар
Тест. 10-сынып
Ағымдағы терезеде таңбаша құру
Файл типін
Пәндер