Балаңыздың парталас көршісі кім

Ахметова Мереке Тәжібайқызы
Жезқазған қаласы, №1 орта мектебі
бастауыш сынып мұғалімі
Жаста берген тәрбие жас шыбықты
игендей
Тақырыбы: Жаста берген тәрбие жас шыбықты игендей.
Мақсаты: баланың дамуына теріс ықпал ететін жолдардың алдын алу, бала тәрбиелеу сапасының жоғарылауына ықпал ету.
Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакаттар, («Бала ортаға қарап өседі», «Бақыттың басы баладан», «Үйінде ұлы мен қызы бардың көгінде бес жұлдызы бар», «Дәулетінің қадірін ұлың өскенде білесің, абыройыңның қадірін қызың өскенде білесің», «Әке-ер, ана-жігер, бір үйде екі кемеңгер»), шар, гүлдер, үлестірмелер.
Түрі: пікірталас-сайыс
Барысы
Кіріспе сөз.
Мұғалім: Жас адамды саналы, есті, мәдениетті, сергек етіп тәрбиелеу-отбасы мен қоғамдық тәрбие орындарының бірден-бір парызы. Өйткені «Ес түзелмей ел түзелмейді», олай болса, егемен еліміздің болашағы отбасында тал бесіктен басталып, оқу тәрбие орындарында есті ұрпақты тәрбиелеу ісімен шешілмек.
Баланы жастан бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң.
Қадірден жұрдай қасқа боп.
Кешкенің өмір босқа тек, -дегендей, баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл-ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз-ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, бойын түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші-ата-ана.
Бүгінгі жұмысымызда сіздермен бала тәрбиесі жайында пікірлесіп ой бөлісеміз. Ол үшін топқа бөлініп, столдарға жайғасып отырамыз. Ортаға ата-аналар өз балаларымен шықсын. (белгілер бойынша ата-аналар балаларымен бірге екі топқа бөлініп отырады) .
Сайысымызды бастамас бұрын жарыс кезеңдерімен таныстырып кетейін.
1. Тақырыпты анықтау.
2. Пікір алмасу (Кубизм)
3. Жағдаяттар
4. Мақал-сөз атасы
5. Ойын «Бинго»
6. Кім жылдам?
7. Тренинг «Ауызша волейбол» (балалар үшін)
8. Қорытынды.
Сайысымыз 8 бөлімнен тұрады.
Бастамас бұрын ата-аналармен танысып алайық.
Олай болса тақырыбымызды анықтап алайық. Әр топ таратылып берілген әріптерден сөз құрайды. (Оны оқиды) .
І-ші топ «Балалы үй-базар»
ІІ-ші топ «Бала ортаға қарап өседі»
Осы құраған мақалдарыңыз арқылы не айтуға болады?
Енді 1-ші сайысымызды бастайық. Қазір мен сіздердің алдарыңызға кубик лақтырамын сол кубиктегі сұрақ арқылы ойларыңызды айтасыздар (ата-аналар айтады) .
І топқа Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде мектептің жауапкершілігі басым ба?
Баланың өмір жолындағы әке мен ананың орны қандай?
ІІ топқа . Қазіргі кезде бала психологиясына әсер ететін жағдайлар қандай?
Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па, қатаң тәрбиелеген дұрыс па?
(Әр топ өз ойларын ортаға салады) .
Олай болса келесі сайысымыз балаларға арналады. Қазіргі кезде басты мәселе өздеріңізде білесіздер балаға көп көңіл бөліп, бала тәрбиесі жайлы мүлде аз ойлаймыз сондықтан балалардың ойын тыңдап, ата-аналарының қосатын пікірін тыңдап көрейік.
І топ оқушыларына:
Сыныпқа кірсең, сенің сыныптасың біреудің сөмкесін ақтарып жатыр. Сен не істейсің?
Көршіміздің бір баласы бар өтірікші, көзбе көз өтірік айта қояды. Менімен күнде ойнағысы келеді. Мен онымен дос болып бірге ойнайын ба?
ІІ топ оқушыларына:
Сыныптас досың үй тапсырмасының орындалмау себебін өтірік айтып мұғалімді алдады. Сенің әрекетің?
Партада менімен бірге бір бала отырады. Ойнап-ойнап тапсырмасын орындамай, жазбай келеді, меннен көшіріп алады. Мен бермесем аяншақсың, сараңсың-дейді. Мен не істеуім керек?
(ата-аналар мен оқушылар пікірі тыңдалады)
Келесі сайысымыз «Мақал-сөз анасы» деп аталады. Бұл сайыста аяқталмаған мақалды табу, аяқтап айту.
І топқа:
Бала жас шыбық сияқты . . . (Қалай исең солай иіледі)
Бала жақсы болса- . . . (қуаныш, жаман болса-сүйініш)
ІІ топқа:
Балапан ұяда не көрсе, . . . (ұшқанда соны іледі)
Әкеге қарап ұл . . . (өсер, шешеге қарап қыз өсер)
(Мазмұнын, түсінген мағынасын айту)
Келесі сайысымыз Ойын «Бинго» (ата-аналар үшін)
(Ата-ана атын жазып, кестені толтырады яғни, өзіне келетін тұсты белгілейді)
Ата-аналар жұмыс жасап жатқанда оқушылармен жұмыс жүргізіледі.
Тренинг «Ауызша волейбол» (балалар үшін)
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz