7-сыныпқа арналған математикалық топтық сайыс сағаты: жоспар мен деңгейлік тапсырмалар

Мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.
  2. Дамытушылық:Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілеттін дамыту.
  3. Тәрбиелік: Окушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.

Көрнекілігі: Презентация, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел

Сабақтың түрі: топтық сайыс сағаты

Жүргізуші: - Қайырлы күн қадірменді көрермендер!

Жас математиктер атты сайысымызға қош келдіңіздер.

Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді.

Математика сырлары,

Қызықтырды біздерді.

Ойынға бірге қатысуға,

Шақырамыз сіздерді!

-дей отырып, сайысымызды бастау үшін, алдымен екі топты ортаға шақырайық.

7«А» сынып оқушылары:

7 «Ә» сынып оқушылары:

Шеберлікті, білімді

сараптап сіздер көріңіздер

Әділқазы алқасы

Әділ баға беріңіздер! - дей отырып сайыскерлеріміздің біліміне баға беретін әділ қазылар алқасымен таныс болайық

] Тақтадан бүгінгі кештің жоспары таныстырылады.

Жоспары:

  1. Эстафеталық сұрақтар
  2. Жұмбақтар
  3. Анаграммалар
  4. Логикалық лабиринт
  5. Математикалық викторина

1. Таныстыру . Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі; 5 ұпай

Жүргізуші:

Мықты болсаң - алдағыны басып оз,

Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе!

Мықты болсаң - тайғанама көк мұзда!

Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт, - деп келесі сайысымыз

І . «Эстафеталық сұрақтар» сайысына кезек береміз. (Әр топ кезекпен сұраққа дұрыс жауап беруі керек, әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі)

  1. Сағаттың ¼ -і неге тең?15 минут
  2. Нүктенің бірінші координатасы қалай аталады?Абсцисса
  3. 2-нің 6 дәрежесі. 64
  4. Екі қатынастың теңдігі?пропорция
  5. Кері сандардың көбейтіндісі нешеге тең?1
  6. Ең кіші жұп санды атаңыз2
  7. Тауық бір аяғымен тұрса 2 кг, ал екі аяғымен тұрса неше килограмм болады?(2 кг)
  8. Барлық қабырғалары тең үшбұрыш?(теңқабырғалы)
  9. Жазыңқы бұрыш неше градусқа тең?(180)
  10. Бір-бірімен тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер?(перпендикуляр)
  11. Бұрышты өлшейтін құрал?(транспортир)
  12. . Өзі шыққан бұрышты қақ бөлетін сәуле?(биссектриса

Жүргізуші: Айыра біл жақсы менен жаманды

Айыра біл, қарындаш пен қаламды.

Айыра біл, соқпағын да өмірдің,

Айыра біл тапсырмаңды алдағы - деп кезекті

ІІ . «Жұмбақтар» сайысына береміз, Сайыс шарты бойынша әр топ кезекпен ұяшықтар таңдап математикалық жұмбақтарды шешеді, І-ші топ жұмбақтың шешімін таппаса, онда екі топ жауап беру құқығына ие болады. ( Әр дұрыс тапқан жауапқа 10 ұпайдан беріледі)

1. Екі бұрыш ежелден

Тату көрші болған екен

Бірін - бірі толықтырып

Бір түзуде жатады екен (сыбайлас)

2. Егіз туған қос жүйрік

Жарысқа шауып терлейді.

Бірін - бірі көрмейді

Бір мәреге келмейді. (Параллель тузулер

3. Үлкен, кіші сандар арасына

Таңбаларды қойған кезде

Алынады қандай өрнек

Білейікші оны бізде /теңсіздік/

4. Нүктеден екі сәуледен

Құрылған айтшы бұл не екен? ( бұрыш)

ІІІ. Анаграмманы шеш . Геометриялық фигуралардың аттарын табу керек

  1. еңшбре - шеңбер
  2. шұбршүы - үшбұрыш
  3. трұбышрөт-төртбұрыш
  4. рвадкат - квадрат

IV. Логикалық лабиринт. Бұл сайыста 4 ұяшық берілген. Әр топ кезекпен ұяшықты таңдап, ондағы математикалық тәуелділікті табу керек

1) 9, 7, 10, 8, 11, 9, 12, . . . /10, 13, 11 . . . / 3) 18 10 6 4 ? (3)

2) 162 184 206 4) 1, 3, ?, 7, 9 (5)

179 ? 193 (186)

V. Математикалық виктарина

Сол жақтағы 10: Шаршының периметрі 44 см, қабырғасы неше тең?/11 см/

Сол жақтағы 20: Інісінің 14 асығы бар, ағасының одан 5 асығы артық. Екеуінің неше асығы бар?/33 асық/

Оң жақтағы 10: Қатар тұрған үш санның қосындысы да, көбейтіндісі де 6-ға тең? Сол сандарды ата /1, 2, 3/

Оң жақтағы 20: Бір-бір жастан арамыз.

Қосылып кейде басымыз,

Азайып кейде қаламыз.

бөлініп кейде арамыз,

Көбейіп те аламыз. (цифрлар)

Ортадағы 10: 9 бен 27 сандарының арасында қанша жұп сан бар?/9/

Ортадағы 20: Шахмат ойынына 7 адам қатысқан. Әрқайсысы бір-бірімен бір партиядан ойнады. Олар барлығы қанша партия ойнаған? /21партия/

Қызықты үзіліс

Екі топтың ұпайларын санағанша, көрермендерімізбен қызықты үзіліс өткізейік.

Шарты: жасырылған ұғымды немесе іс-әрекетті оқушылар ешбір дыбыс шығармай тек іс-қимылмен бейнелеулеріңіз қажет.

Жасырылған сөздер:

  1. Турист
  2. Күнтізбе
  3. Координаталық жазықтық
  4. Боран
  5. Піл
  6. Жады

VIІ. Қорытынды.

  • Қорытынды шығару үшін сөз кезегін әділқазыларға береміз.

Жеңімпаздар марапатталады.

Деңгейлік тапсырмалар

І деңгей. Жұлдызшаның орнына олардың графиктері параллель болатындай сандарды қойып жазыңдар

І нұсқа ІІ нұсқа

1) у=4х-5 және у=*х-7 1) у=7х-6 және у=*х-3


Ұқсас жұмыстар
Математикалық шарайна: бастауыш сынып оқушыларына арналған топтық сайыс сағаты
5-7 сынып оқушыларына арналған топтық сайыс: Математикалық сандық ойының сабақ жоспары
3-сыныпқа арналған Математикалық сандық ойынының топтық сайыс сабақ жоспары
Альфа мен Беттаның кездесуі: математикалық топтық сайыс сабақ жоспары
Ш. Мұртаза Тұтқын бала - 2-сабақ: деңгейлік тапсырмалар мен әдістемелік жоспар
Бастауыш сыныпқа арналған қызықты математикалық тапсырмалар мен дидактикалық ойындар
7-сыныпқа арналған сыныптан тыс математикалық сайыс сабақ жоспары
7-сынып географиясы: Оңтүстік Америка бойынша деңгейлік тапсырмалар
Электр өрісі: сайыс сабағының оқу жоспары, деңгейлік тапсырмалар және бағалау
Математикалық ойын-сабақ: бөлшектер, есептер және топтық сайыс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz