Туған тілім тіл болудан қалса егер

Аққалиева Гүлзинат Ерболатқызы
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Ел тағдыры - тіл тағдыры
Мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғынуға үйрету.
2. Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.
3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, бекеттер-топ аттары жазылған плакаттар, «Ана тілі - рухани даму негізі» кітап көрмесі, ұпай беретін таяқшалар, мадақтау қағаздары, Microsoft Pover Point программасында безендірілген презентация.
1-жүргізуші: Сүйемін туған тілді - анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,
Сүйгенім, сүйсінгенім, жек көргенім.
( С. Торайғыров. )
2-жүргізуші: Туған тілім-бабам тілі-өз тілім,
Туған тілім-анам тілі-өз тілім.
Туған тілім-далам тілі-өз тілім,
Туған тілім-адам тілі-өз тілім.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
( Д. Әбілев. )
Мұғалімнің сөзі: Құрметті оқушылар, бүгін біз 3 топ: «Тапқырлар», «Зеректер» «Ойшылдар» Қазақ тілі еліне сапар шегеміз. Алдымыздан көп бекеттер кездеседі. Ондағы тапсырмаларды орындаған топ мүшелері «Қазақ тілі елінің құрметті азаматтары» атағын жеңіп алады.
2- жүргізуші: Әділ қазылар алқасын сайлайық
Тәрбие ісінің меңгерушілері Нұржанова Дана Тоғайқызы, Успанова Зәуреш Темірбайқызы
Орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Исмағұлова Гүлжан Салимжанқызы .
1- жүргізуші
1. «Қайырлы таң» бекеті үш топтың сәлемдесуі. Танысу. Мына турда көрермендерде өз дауыстарын бере алады. Ұнаған топтың танысыруына қолдарыңыздағы 10 ұпайынызды жәшікке саласыз.
1. Тапқырлар
2. Зеректер
3. Ойшылдар
Дауыс берейік.
2- жүргізуші:
Әділқазы алқасы дұрыс жауапқа алдарыңыздағы жәшіктерге дұрыс жауап берген жағдайда 10 ұпай санын жәшікке салуларыныз керек.
2. «Үміт» бекеті. Мақал-мәтелдерді жалғастыр:
Отан . . . да ыстық Жауабы: оттан
Туған жерге . . . тік. Жауабы: ту
Туған жердің . . де ыстық, . . . де ыстық Жауабы: күн, түн
. . . көтермегенді, тіл көтереді. Жауабы: піл
. . . ойлағаңды, тіл бітіреді. Жауабы: ми
. . . көңілдің айнасы Жауабы: көз
Тіл . . . да өткір жауабы: қылыш
Тіл көңілдің . . . жауабы: кілті
. . . шалысынан, сөз шалысы жаман жауабы: от
1- жүргізуші:
Дұрыс жауапқа 20 ұпайдан беріледі.
3. «Қайрат» бекеті .
Қызықты грамматика.
А) Жуан дауыстыларды көрсет
а, ә, о, е, ұ, ө, ы, ү, і, и
жауабы: а, о, ұ, ы
Ә) Табиғи жұп күйіндегі заттар:
Аяқ, ыдыс, көз, фотоальбом, ақша, құлақ, мұрын, етік, қолғап
Б) Қатаң дауыссыздарды көрсет
Қ, г, к, п, б, с, т, в, х, ш, ц, д, н
Жауабы: Қ к, п, с, т, х, ш, ц,
В) Күшті, ел, үлкен, лауазым, өң, науқас
сөзіне синоним қатар жаса.
С) Орамжапырақтар сөзжасам жаса
Жауабы: ор, ара, арық, жап, жара, жарақ, жарық, тарақ, тар, ақ, ақта т. б
Д) Қимыл-қозғалыс, әрекет сөздік қорларын ата: айт, тамақ, жаз, оқы, мылтық, адам, қоян, бер, берме, найза, ал
Жауабы: айт, жаз, оқы, бер, ал, берме
Г) Тілдік бөлшектерді үлкеннен кішісіне қарай ретімен жаз: текст, буын, дыбыс, сөз тіркесі, сөз, сөйлем жауабы: текст, сөйлем, сөз тіркесі, сөз, буын, дыбыс
2-жүргізуші: Дұрыс жауапқа 30 ұпайдан беріледі.
4. «Ғалым» бекеті. Тест сұрақтары.
1. Тіл туралы Заң қашан қабылданды?
А) 1987ж. 17 қараша
В) 1989ж. 22 қыркүйек
С) 1990ж. 13 маусым
Д) 1992ж. 15 қазан
Е) 1991ж. 17 қыркүйек
2. Тіл білімінің негізін салған кім?
А) Ш. Уәлиханов
В) М. Жұмабаев
С) А. Байтұрсынов
Д) Ы. Алтынсарин
Е) А. Құнанбаев
3. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?
А) хинди
В) араб
С) португал
Д) испан
Е) түркі
4. «Ана тілің-арың бұл, ұятың боп тұр бетте» деген өлең жолдарының авторы кім?
А) Қ. Мырзалиев
В) Ә. Тәжібаев
С) С. Торайғыров
Д) М. Шаханов
Е) М. Мақатаев
5. Қазақтың ұлы ақыны Абайдың ән-өлеңдер жинағы қайсысы?
А) «Айтым саған, қаламқас»
В) «Дариға жүрек»
С) «Сөйле, менің жүрегім»
Д) «Асау жүрек»
Е) «Өмір-өзен»
6. Қазақтың балалар әдебиетінің атасы кім?
А) Ұлы Абай
В) Ы. Алтынсарин
С) М. Жұмабаев
Д ) С. Көбеев
Е) С. Мұратбеков
7. « Паспорт» сөзінің жаңа атауын табыңыз.
А) қағазы
В) куәлік
С) анықтама
Д) міндеттеме
Е) төлқұжат
8. Төмендегі афоризмнің авторын табыңыз.
А) Ы. Алтынсарин
В) А. Байтұрсынов
С) А. Құнанбаев
Д) М. Өтемісұлы
Е) Бұқар жырау
1- жүргізуші:
5. «Арман» бекеті Дұрыс жауапқа 50 ұпай беріледі.
Тұрақты сөз тіркестерінің мәнін аш:
Қас пен көздің арасында (лезде)
Қара қылды қақ жару ( әділ)
Төбе шашы тік тұрды (шошыды)
Тайға таңба басқандай (анық)
Аузына құм құйылды (үндемеу)
Көзге түртсе көргісіз (қараңғы)
Тонның ішкі бауындай (тату)
Бет моншағы үзілу (ұялу)
Жарғақ құлағы жастыққа тимей (мазасыздану)
Күн тигізбей өсірген (мәпелеу)
2- жүргізуші:
Мына бекетімізде көрермендерде дауыс бере алады. Қолдарыңыздағы 50 ұпайды ұнаған топтың шығармасына немесе әңімесіне бересіз.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz