Өткізілген уақыты

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

№8 орта мектептің педагог - психологі

Машарикова Гулжанат Бериковна

Тақырыбы: ҰБТ және ОЖБС ұйымшылдықпен қатысуға психологиялық

қолдау көрсету

Мақсаты: Емтиханға қатысатын оқушыларға психологиялық тұрғыда

қолдау көрсету

Жүргізілген сыныбы: 9, 11 сыныптар

Жұмыс түрі : тренинг

Өткізілген уақыты: 09. 04. 2013ж

Психологиялық жұмыс

Ж о с п а р ы:

  • «Мен өзімді мақтаймын . . . » танысу тренингі
  • «Суретті аяқта және жалғастыр»

жүйке - психологиялық күшті түсіру тәсілі

  • «Емтихан уақытында өзіңді қалай ұстау керек?» шағын - дәріс
  • «Сәлемдеме хат» тренингті қорындылау
  • «Мен өзімді мақтаймын . . . » танысу тренингі

Мақсаты: Өзін - өзі бағалауды көтеру, эмпатияны дамыту.

Уақыты: 10 минут

Нұсқау: Мен әрқайсыңыз өзіңізді бір нәрсе үшін мадақтауыңызды сұраймын. Қазір көп мадақтауды қажет ететін уақыт, бірақ бұл өте сирек кездеседі. Қазір өзіңді - өзің мақтауға мүмкүндік туғалы отыр. Сондықтан бастайық, мен бастайын, сіздер қостаңыз: «Мен өзімді еңбекқорлығым үшін мақтаймын» . . .

Талдау:

Өзіңді мақтау қиын болды ма?

Қандай сезімде болдыңыз?

  • «Суретті аяқта және жалғастыр» жүйке - психологиялық күшті түсіру тәсілі

Мақсаты: психофизиологиялық кедергілерді жою, топты біріктіру.

Уақыт: 10 минут

Нұсқау: Бір - бір ақ бет алыңыз және ең жағымды түсті карандаш алыңыз. Мен қол соққаннан кейін, тілегіңізге қарай сурет салуға кірісесіз. Тағы қол соқсам суретіңізді сол жақ көршіңізге бересіз, ол суретті толықтырыпсалады. Содан соң тағы қол соғамын, сурет әрі қарай шеңбер бойынша келесі қатысушыға беріледі, жаттығу сурет ең бірінші иесіне жеткенше жалғасады.

Мүмкін өз сурет толықтырғысы келетіндер бар болса, өзгерткісі келсе мүмкіндік беріледі.

Талдау:

Туынды сізге ұнады ма?

Сезіміңіз, көңіл - күйіңізбен бөлісіңіз.

Басқа адамның суретін, ойын жалғастыру қиын болды ма?

  • «Емтихан уақытында өзіңді қалай ұстау керек?» шағын - дәріс

Мақсаты: Емтиханға дейін және уақытында өзіңді ұстау ережелерімен түлектерді

таныстыру.

Уақыт: 15 минут

Емтиханға қандай киім кию керек?

Киімнің түсі байыпты, жылы болу керек. Шамадан тыс ақшаңқай, алабажақ киімдер кимеуге тырысыңыз, костюмнің кейбір тыс көз тартатын бөліктері болмағаны жақсы, себебі емтиханда қарым - қатынас жасайтын адамның жағымсыз эмоциясын тудыруы мүмкін. Әрдайым өлшем, шек сезімін естен шығармаңыздар. Артық ештеңе болмасын. Ал емтиханнан кейін бәрін өз талғамыңмен киесің.

Емтиханға дейін және барысындағы іс - әрекетіңе нұсқаулар:

  1. Емтиханға бір күн қалғанда ештеңе жасамауға тырыс. Егерде бір тақырыпты аяғына дейін оқымаған болсаң, оқуға да тырыспа. «Өлім алдында тыныстап үлгермейсің». Демал, көңіл көтер, ертеңгі емтихан туралы ұмытуға тырыс.
  2. Емтихан алдында міндетті түрде ұйқыңды қандыр.
  3. Міне, сынып есігіңнің алдындасың! Сабырлан! «Мен сабырлымын! Мен толық сабырлымын!» - деп бірнеше рет қайтала. Алғашқы лекпен жауап беруге тырыс. Мазасызданған сыныптастарыңның қасында көбірек болсаң, қорқыныш, сенімсіздік сезімі билеп, стресс күшейе түседі.
  4. Өз эмоцияларыңды ретке келтіріп, ойыңды жинақта.
  5. Сыныпқа сеніммен кір, бәріде ойдағыдай болады.
  6. Жайланып отыр, арқаңды түзе. Өзіңді бәрінен биік, ақылды айлакер және бәріде ойдағыдай болады деп ойла. «Мен сабырлымын! Мен толық сабырлымын!» деген сөздерге зейініңді шоғырландыр, сонымен қатар асықпай бірнеше рет қайтала. Ойларыңнан арылуға тырыспа, себебі одан сайын мазасыздықты күшейтеді. Соңында жұмылдырығыңды қатты қыс.
  7. Мазасыздануды жоюға арналған тыныс алу жаттығуын орында:
  • жайланып отыр
  • мұрныңмен терең дем ал (4-6 секунд)
  • ауаны іште ұста (2-3 секунд)

Ұқсас жұмыстар
Оқушы ынтасын арттырудағы бағалаудың ролі.
Практика жетекшісінің қолы
Допты кеудеден беру
Жүргізуші - велосипедпен кедергілердің арасымен жүру
Қазақстан тарихынан ҰБТ- ге сараптама жасау парағы
Критерий арқылы бағалау
Тақырып - Кестелер. Кестелерді құру
Өткізген сыныптар
Бағалау үдерісінің мақсаты. ОүБ дегеніміз не
Құстардың маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz