Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Тіл дамыту

Шығыс Қазақстан Облысы , Семей қаласы
«№23 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ –нің
ағылшын тілінің мұғалімі А.Е. Каринова

«ҮШ ТҰҒЫРЛЫ ТІЛ » МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА ОРТА БІЛІМ
БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДЕ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ САБАҚТАР ӨТКІЗУДІҢ ТИІМДІЛІГІ.
Елбасы жыл сайынғы Қазақстан халқына арнайтын дәстүрлі жолдауларында
тіл саясатына, оның ішінде қоғамдағы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру
мәселесіне тоқталмай өткен емес.
XIX ғасырда француз психологы Рибо былай жазған: "Егер де ойлау
шығармашылығына оқытуға болатын болса, онда етікшілерге қарағанда
өнертапқыштар көп болар еді". Яғни автордың пайымдауынша шығармашылыкқа,
оның ішінде өнертапқыштыққа үйренуге болады.
Шығармашылық қабілеттердің дамуы қаланатын, интеллектілік біліктілікті
меңгеруге негіз болып табылатын сабақ.
Тәжірибелі мұғалімдер өткенді қайталауды берілген сабақтағы тақырып пен
тараудағы оқып жатқанмен ғана байланыстырып қоймайды, барлық оқу пәнінің
тақырыбын және тарауларын оқып жатқан материалмен үйлестіреді. Әр мұғалім
басқа пәндер бойынша сол уақытта оның оқушылары не оқып-біліп жатқанын
білуі керек.. Кіріктірілген сабақтың негізгі мақсаты - оқу материалдарын
байланыстырып, сабақта оқушыларға терең білім беру, ойлау қабілетін дамыту.
Оқу материалдарын бағдарламаларға сай пәндер бойынша біріктіріп беру
оқушылардың жан-жақты тұтас, терең және берік білім алуына мүмкіндік
жасайды. Әрине әр ұстаздың өз ұстанымы бар .Мен үшін оқушыларымның ағылшын
тілі сабағында алған білімдерін шынайы өмірде қолдана білсе сол мақсатыма
жеткенім. Сөзіме дәлел ретінде 10 «а» /орыс/ сыныбында өткен интеграциялық
сабақты келтіргім келеді.

Сабақтың тақырыбы: Тіл дамыту.
Сабақтың мақсаты: қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі сабақтарында
алған білімдерін пысықтау, тіл дамыту
Міндеттері:
1) Білімділік: берілген тапсырмалар бойынша оқушылар өздігінен ізденуі,
шығармашылықпен жұмыс істеуі, өз пікірлерін жүйелі түрде қазақша,
ағылшынша айта білуге дағдыландыру.
2) Дамытушылық: коммуникативті және мәдениет танымдылық
құзыреттіліктерін дамыту.Адамгершілікке, еңбекті сүюге ,бір-бірінің
пікірін тындауға баулу. Ағылшынша және қазақша сөйлеу, тыңдау,
аудару және жазу дағдыларын дамыту.
3) Тәрбиелік: шет тіліне, қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру,
адамгершілікке баулу. Қазақтың төл мәдениетімен сусындау.
Сабақтың түрі: интеграциялық сабақ.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі,тарих, әдебиет.
Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, пікір айту, әңгімелеу, іздену, сын
тұрғысынан ойлау статегиялары.
Сабақтың формасы: топтық, жұптық, жеке.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, бейнебаян , жұмыс
дәптері, карточкалар, деңгейлік тапсырмалар,fishbone картасы.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
1.Амандасу. 1.Қазақша (Сәлеметсіңдер ме балалар!)
2.Ағылшын (Good morning students!)
II.Слайд көрінісі:
"Бүгінгі таңда әр адам экономика мен қоғамның дамуына сай үш тілді
меңгеріп, қазақ тілінде, орыс тілінде, ағылшын тілінде еркін сөйлеуге
тиісті..."
Н. А. Назарбаев
"Қазақстан -2050" стратегиясы .
Сондықтан, балалар, бүгінгі сабағымыз үш тілде өтеді қазақ, орыс, ағылшын
тілдерінде.
Балалар үш тіл туралы өз білімдерін ортаға салады. Үш тілде.
II.Үй тапсырмасын тексеру. Мәтінмен жұмыс. Ы. Алтынсариннің "Таза бұлақ "
әңгімесімен жұмыс жасаймыз.Бейнебаян көру, талдау.
2.Мақал-мәтелдермен жұмыс.
Осы мәтінге қарап, қандай мақал-мәтелдер естеріңе түседі. Әр оқушы топтан 2-
3 мақал қазақ тілінде айтады.
Ағылшын тілі мұғалімі: Complete English proverbs and translate. Take the
cards, please!
I-card
1. Actions speak louder than words. –  Дела говорят лучше, чем слова. Көз-
қорқақ қол- батыр. 
2. All's well that ends well – Все хорошо, что хорошо кончается. Басы
қатты, аяғы тәтті.
3. A friend in need is a friend indeed.
-  Настоящий друг познается в беде.Досы көпті жау алмайды.т.б.
Қазақ тілі мұғалімі:
3.Адамның жақсы қасиеттері туралы 10 сөз, қазақ тілінде.
Ағылшын тілі мұғалімі:
1. Look at the Fishbone Map
- Let’s estimate these heroes! /Осы үш адамға мінездеме берейік!/
2. Адамның қасиеттері туралы жазу:

Our president said that every of us should be tolerant and humane.
Призидентіміз жастарға толераннтты және гуманды болу керектігін айтады.
4.Бой сергіту сәті.Музыка.Енді кемпірқосақтың ең басына шығу керек.
Көзімізді жұмып, көтерілеміз де, тез-тез жугіріп түсеміз.
5.Поэзия сәті. Топтан оқушынын өз өнерін көрсетеді. Абайдың өлеңін,
прозасын қайталайды.
III. Қорытындылау.
1.Балалар, бүгінгі сабақты қорытындылайық.
|1 топ |2 топ |3 топ |
|Кристалл қазақ | Венн Диаграммасы |Бес жолды өлең |
|тілінде |ағылшын тілінде |қазақ тілінде |
|Ыбырай |Абай, Ыбырай |Абай |

2. Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.
3.Үйге тапсырма.
I.деңгей – "My prisident" ағылшын тілінде презентация.
II.деңгей-"Президенттің өмірбаяны" реферат.
III.деңгей-"Қазақстанның тұңғыш президенті эссе .
4.Сабақтың ең соңында.
Нені игердік?
Нені білдік?
Осы сұрақтардың жауабын балалар қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде кемелерге
жазып, өзенге жібереді./тақтаға іледі/
Бұл сияқты бинарлы сабақты басқа пәндермен байланыстыра да өткізуге болады.
Мысалы:ағылшын тілі және география, ағылшын тілі және тарих, ағылшын тілі
және математика т.б.Әсіресе вариативті сабақтарды, эллективті курс
сабақтарында қолданған өте ұтымды әрі жеңіл.Себебі мұндай сабақ жоспарлары
көбіне бекіту, қайталау материялдарынан тұрады.
Бүгінде осы сияқты бинарлы сабақтардың пайдасы зор деп есептеймін. Себебі
ертеңгі күні «»Үш тұғырлы тіл» саясатын жүзеге асырамыз десек осындай
интеграцияланған сабақтың маңызы зор болмақ. Мысалы бастауыш сыныптағы
вариативті сабақтарымның бірінде балалар қосу, алу, тең балады сияқты
негізгі математикалық терминдерді игеріп сабақ бойы есептерді тақтаға
ағылшын тілінде еркін айтып шығарып берді.Бұл практика оларға ертең
математика пәні ағалшын тілінде жүріп жатса көп пайдасы мен жеңілдігін
тигізетіні анық.
Өскелең ұрпақтың үш тілді: қазақ тілін – мемлекеттік тіл, орыс тілін
ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілін халықаралық тіл ретінде оқып
үйренуге ұмтылыс жасауы — замана талабы, болашақ ұрпаққа қажеттіліктен
туындап отыр. Сондықтан да, еліміздегі “Үш тұғырлы тіл” мәдени
бағдарламасын жүзеге асыруға ұстаз ретінде әр қайсымыз шығармашылықпен
қарап өз үлесімізді қосуға зиялы қауым ретінде міндеттіміз деп ойлаймын.

Ұқсас жұмыстар
Орыс тілі жаттау
Мектеп ұстаздары
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі пәні бойынша қорытынды сабақ
Тіл дамыту қызметіне балалар әдебиетін қолдану
Елбасы қазақ тілі
Тіл әлеміне саяхат. "р" дыбысы мен әрпін қайталау
Тіл дамыту Отбасы сыйластығы
Бастауыш сыныпта оқушылардың сөздік қорын байытып, тілін дамыту
Химиялық тіл
Тілім менің - тірлігімнің айғағы
Пәндер