Көзге зиян

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы

№17 орта мектеп

ПІКІРТАЛАС

Тақырыбы: «Компьютер пайдалы ма, әлде зиян ба?»

9 сыныптар

Өткізген: Информатика пәні мұғалімі

Есенова Қаламқас

«Компьютер пайдалы ма, әлде зиян ба?»

Мақсаты:

Білімділік: іс-шара кезінде білімгерлерді ізденімпаздық, тапқырлыққа, шыдамдылыққа және өз ойын мәдени түрде жеткізе білуге үйрету.

Дамытушылық : пікірталас аты іс шара білімгерлердің зердесін көтеріп, ақыл- ойын дамытады.

Тәрбиелік: Білімгерлерді ұстанымдылыққа мәдени сөйлеуге тәрбиелеу.

Түрі: дебат (пікірталас)

Көрнекілік: плакаттар (тақырыпқа байланысты), ұлағатты сөздер, сандық фотоаппарат.

Барысы:

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, білімгерлер және қонақтар! ХХІ ғасырдың басы адамзаттың индукциялық эрадан ақпараттық эраға өтуімен ерекшеленеді. Осыған байланысты ақпаратты ала білу, оны өңдеу және күнделікті пайдалану өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады. Оқи білу және ойын жазып жеткізе білу адамзаттың сауаттылығының белгісі бола бастады. Ал ақпаратпен жұмыс істеудің незізгі құралы болып компьютер пайда болды. Алайда, жаңа ақпараттық технологияларды өте шапшаң қарқыны қоғамда кез келген жерде адамдардың жұмысын жеңілдету үшін компьютерді пайдалануға әкеліп соғады. Қазіргі кезде жаңа ЭЕМ-дер күнбе күн пайда болып, олардың даму үрдісі үздіксіз ғылыми техникалық үрдіске айналып отыр. Дегенмен компьютердің де пайдалы және зиянды жақтары бар екен.

Сонымен, бүгінгі ойынымызды бастайық! Бүгінгі біздің резолюция: «Компьютер пайдалы ма, әлде зиян ба?» деген пікірталасты 9 сынып оқушылары талқыламақшы.

Ал, ендеше пікірталасқа қатысушы екі фракцияны қарсы алайық. Қошемет!

(Екі фракция шығады. )

Жүргізуші:

Пікірталастың мазмұны:

  1. Пікірталасқа екі фракция (пайдасы және зиянын айтатын) қатысады.
  2. Конструктивті бөлімде фракция мүшелері ақпаратты баяндайды. Баяндауға әр фракция мүшесіне 5 минут, 7 минут және 10 минут беріледі. беріледі.
  3. Конструктивті бөлімнен кейін пікірталасқа келіп отырған көрермендерге 10 минут сөз беріледі.
  4. Аналитикалық бөлімінен кейін сайлау жүреді. Жеңімпаздарды әділқазылар анықтайды.

Пікірталас ережелері:

Пікірталас кезінде екі фракция да

  • өз ойларын баяндаған кезде бір - бірімен мәдени сөйлесуге,
  • сұрақтарға нақты жауап қайтаруға,
  • сұрақтарға сыйластықпен жауап беруге,
  • бір- бірін ренжітпеуге,
  • қарсы фракцияның ойын кекетпеуге,
  • берілген уақыттан аспауға міндетті.

Сонымен пікірталасымызды бастайық. Алдарыңызға «компьютер пайдалы» позициясын ұстанатын «Намыс» фракциясының 1-спикерін шақырамын. Сізге баяндауға 5 минут уақыт беріледі.

«Намыс» фракциясы

1-спикер: Сәлеметсіздер ме, құрметті көрермендер, спикерлер және қарсы фракция. Біз бүгін ˝Компьютер пайдалы ма, әлде зиян ба?˝ деген мәселені қарастырамыз. Біздің пікіріміз: компьютер пайдалы. Неге? Осыған байланысты біздің аргументтеріміз:

  1. уақытты үнемдейд; і
  2. ойындар;
  3. сана сезімді жетілдіреді.

Қазіргі кезде адам өмірінде компьютерді пайдаланбайтын сала жоқ деуге болады. Ол оқу- тәрбие жұмыстарынан бастап, ғылым, экономика, басқару, өндіріс, мәдениет және т. б. салаларда кеңінен қолданылады.

1. Уақытты үнемдейді.

Бұрынғы кездерде адамдар хаттарын, керекті, қажетті қағаздарын, мағлұматтарды белгілі бір уақытта жүргізетін. Ол күн 1 күн, 1 апта, кейде 1 жылға дейін созылатын. Компютер мұндай іс-әрекеттерді сол бірер сағатқа жеткізеді. Адамдардың бір-бірімен араласуын интернет арқылы жүзеге асырады. Адам бір жерде отырып компютер арқылы көптеген мағұлұматтар алады. Ол біздің уақытымызды үнемдейді. Біз бір жерде отырып басқа мемлекеттердің кітапханаларынан кітап ала аламыз. Адам сол кітапты алу үшін басқа мемлекетке ұшып жатпайды. Біз күнделікті тұрмыста қолданып жүретін құралдарды да компютер алмастыра алады: калькулятор, теледидар, магнитафон және т. б. соны ескерсеңіз.

2. Қазіргі кезде ойындардың неше түрлісі бар. Сіздердің көкейлеріңізге Ойынның қандай пайдасы бар? Деген сұрақ туған шығар. Бұл сұраққа көптеген жағдайлар, мәліметтер бар. Компютер арқылы балалар, жастар үйлерінде, салондарда бір орнындарында отырйды. Әрине, кейбір балаларда жағдайлары бар өздеріне компютер сатып алуға, ал кейбір балалардың жағдайлары келмейді. Бірақ балалар компьютер алдында отырып ойындарды, интернет арқылы сөйлесуді үйренеді. Ол тамағын ішіп алып, бос уақытын далада өткізбейді. Ал компьютер болмаса бала сабақтан келіп, тамағын іше салып далаға безіп шығады. Ол оған зиян. Өйткені ата-анасы оның қандай ортада жүргенін, қандай жағдайларға тап болғанын біле алмайды. «Ол бала қайда жүр екен, не істеп жүр екен?» деген сұрақ туады. Ол бала далада жүріп нашақорлыққа, темекі шегуге, қылмыстиы жасауға жол береді. Соны болдырмау үшін, баланы далаға шығармай, үйде компьютер арқылы ұстауға болады. Осы жағдайды қарастырып кетіңіз.

3. Компьютер адамның сана-сезімін дамытады. Адам компьютер алдында отырып, басқа мемлекеттермен ақпарат алмасады, басқа адамдармен танысады және бұл оны қызықтырады. Компьютер адамның саясатқа, музыкаға, экономикаға, мәдениетке және т. б. нәрселерге деген қызығушылығын тудырады. Оның сана-сезімін жан-жақтан дамытады. Жаңағы айтып кеткен ойындар осыған дәлел бола алады. Ойындар адамның ойлау қабілетін дамытады. Ойын арқылы көптеген қиын жағдайларға тап болады. Адам сол жағдайлардың дұрыс шешімін табуды ойластырады. Қиын жағдайлардан қалай шығуды ойлайды. Сол үшін адамның сана-сезімі, ойлау қабілеті дамиды. Осыны ескеріңіздер. Сұрақтарыңыз болса, қоюға рұқсат.

Жүргізуші: Рахмет, келесі бізге компьютер зиянды позициясын ұстанған «Тұлпар» фракциясының 1-спикерін ортаға шақырамын. Қарсы фракциясының 1-спикері сияқты сізге де, баяндауға 5минут уақыт беріледі.

(«Тұлпар» фракциясының 1-спикерінің сөзі) .

«Тұлпар» фракциясы

1-спикер:

Біздің топ: Тұлпарлар.

Біздің ұран: Болсада нәзік талдырмаш,

Адал досы адамның,

Зұлымдыққа қаны қас,

«Тұлпар» тобы жаңылмас.

Сәлеметсіздер ме, құрметті көрермендер, спикерлер, танькипер және қарсы фракция. Біз бүгін сіздермен «Компьютер пайдалы ма, әлде зиян ба?» деген тақырыпта дебат өткізіп, пікір таласпақпыз.

Компьютер деген не? Компьютер дегеніміз - ақпаратпен жұмыс істейтін құрылғы. Компьютерді біз бес мүше арқылы сеземіз:

  1. газет, кітап, журнал оқығанда біз ақпаратты көреміз;
  2. теледидар, радио тыңдағанда біз ақпаратты көреміз;
  3. адам хабар әкелгенде біз ақпаратты сеземіз (қуанамыз немесе ренжиміз) ;
  4. түтін иісі пайда болса, мұрнымыз иісін сеземіз;
  5. оқылмаған кітап, журнал, газет ұстап тұрсақ біз ақпаратты ұстаймыз;

Дегенмен, компьтер ғылыми тұрғыдан өте тез дамып келе жатса да, оның да зиянды жақтары бар. Зиянды жақтарын дәлелдейтін аргументтер тізімін келтірейін.

  1. Денсаулыққа өте зиян. Мысалы, адамдарды әр түрлі ауруларға ұшыратады. Көзге зиян. Компьютер адамның көзіне кері әсер береді.
  2. Ойлау және сөйлеу қабілетін нашарлатады. Компьютер сөйлемейді, яғни адам жұмысты пернелер арқылы жазып, жауап беріп, жұмыс орындайды және компьютер жұмысты автоматты түрде орындайды. Адам ойланбайды, жұмыстарды компьютер атқарады. Соның салдарынан адамның ойлау қабілеті нашарлайды.
  3. Жеткіншектерді зорлық-зомбылыққа үйретеді. Қазір компьютерде көптеген атысып ойнайтын ойындар бар, бұл баланы қатыгездікке үйретеді.

Жүргізуші: Рахмет. Келесі кезекте «Намыс» фракциясының 2-спикерінің сөзін тыңдайық. Сіздің баяндау уақытыңыз 7 минут.

(«Намыс» фракциясының 2 спикеріне сөз беріледі. )

2-спикер: Сәлеметсіздер ме, дебатқа қатысушылар, қонақтар, қарсы фракция. Мен біздің фракцияның 1-спикерінің айтқан аргументтерін толықтырып кетемін.

1. Компьютер уақытты үнемдейді.

Мысалы, бөлмеде көп өрмекшілер бар, олардың әрқайсысы өз өрмегін тоқиды. Бөлмедегі өрмектің көптігі соншалық өрмекшілер еш қиындықсыз өрмек арқылы бөлменің кез келген нүктесіне бара алады. Дәл солай телефон арқылы үйде отырып, жер шарының кез келген қаласындағы телефонмен сөйлескенде интернет арқылы планетаның кез келген нүктесіндегі компьютер мен және оны пайдаланушы байланыс жасай алады. Интернеттен біз медицинадан бастап, техниканың барлық салаларының шексіз ақпараттарын ала аламыз. Уақытты үнемдеу үшін біз бір жаққа барып, оны іздеп жүрмейміз, осы интернет арқылы керек хабарды ала аламыз. Дәл солай, электронды пошта арқылы біз хат тез арада жетіп және ол хат жоғалып кетпейді деп айта аламыз. Ол бізге не үшін керек? Хабар тез арада жетеді.

2. Ойындар.

Көптеген балалар бос уақытында далада жүріп, жаман ортаға ілігіп, нашақорлықпен, темекімен, түрлі есіріткі заттарымен айналысып, өз денсаулықтарына зиян келтіріп, өз өміріне қауіп-қатер төндіреді. Олар неге бұзылады? өйткені олар бос уақыттарын қалай өткізерлерін білмейді. Ал егер олар сабақтан кейін компьютермен ойындар ойнаса ше? Компьютерде әр түрлі бағдарламалар бар, осы бағдарламаларды бала өз бетінше немесе мұғалімнің көмегімен талдай алады, яғни ол сол бағдарламамен танысады. Бағдарламалар әр түрлі болады. Яғни бұл баланы қызықтырады. Өйткені олар далада жүрмейді, олар жаман әдеттерден аулақ болады.

3. Компьютер адамдардың сана-сезімін жетілдіреді.

Мысалы кәдімгі ойынды алсақ, онда бір лабиринттен шығу керек болады дейік, ойлап отырған адам бірінш қалай шығу керек екенін ойланады. Не үшін компьютерлерде мұндай ойындар бар. Өйткені, бұл ойындар адамның ойлау қабілетін арттырады. Педагогика және медицинада мынадай тұжырым бар: баланың, жеткіншектің ойын дамыту үшін оның іс-әрекетін проблемалық жағдайға тақау керек. Сондықтан компьютер адамға пайдалы да маңызды.

Сонымен, біз сіздердің алдарыңызға компьютердің пайдалы жақтарын дәлелдейтін аргументтерді атап кеттік.

Жүргізуші: Рахмет, келесі сөз «Тұлпар» фракциясының 2-спикеріне беріледі. Баяндауға 7 минут беріледі.

2-спикер: Сәлеметсіздер ме, құрметті көрермендер, дебатқа қатысушылар, қарсы фракция және танькипер. Біз қазір «Компьютер пайдалы ма, әлде зиян ба?» деген тақырыпты қарастырып отырмыз. Біздің фракция компьютер зиян деген фракцияны талдайды. Біздің фракциямыздың 1-спикері айтып кеткен аргументтерге мен өз сөзіммен нақты тоқталып кетейін.

  1. Компьютер денсаулыққа зиян.

Ұқсас жұмыстар
Компьютерде отыру денсаулыққа зиян
Қауіпсіз интернет
Компьютер тобының мүшесі Альбина сөз кезегі сізде
Жазықтар, төбелер, таулар
Сайысымыздың мақсаты
Инелік - қомағай әрі пайдалы жәндік
БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ БАЛАҒА ӘСЕРІ
Ертеректе қолданған жарық көздері
Морфонологиялық бірліктер
Ауаның ластануына сипаттама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz