Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Құрметті ұстаздар мен оқушылар

Сарманова Ләззат Сәнуарқызы
ІІ-санатты информатика пәнінің мұғалімі
№39 «Қызылөзек» орта мектебі,
Қараөзек ауылы

Қазіргі кезде ғарышты игеру адамзатттың ең басты міндеттерінің бірі
болып табылады. Оны игеру арқылы адамзат көптеген жаңа технологияларды
жаңалық ретінде аша отырып, игеріп өзінің игілікті мақсаттарына жұмсайды
деп ойлаймын. Сол мақсатта оқушыларды ғарышта болып жатқан жаңалықтармен
таныстыра отырып, ғылыми ізденіске жол ашу.

Ғарыш әлеміне – 50 жыл
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі ғарышкерлер күніне арналған «Ғарыш
әлеміне – 50 жыл» атты ғылыми конференциясына қош келдіңіздер!
Конференциямызды бастамас бұрын тарихынан сыр шертсек.

1957 жылғы 4 қазанда адамзат тарихында ұлы жаңалық болды. Қазақтың осы
қасиетті жері, «Жер кіндігі» - Байқоңырдағы ғарыш алаңынан Жердің тұңғыш
жасанды серігі ғарыш кеңістігіне ұшып шығып, ғарыш дәуірін ашты.
Одан кейін ғарыштық биологиялық зерттеулер басталып кетті. Сол 1957
жылғы 3 қарашада ішінде Лайка деген ит отырған бірінші геофизкалық зымыран,
1960 жылғы 19 тамызда ішінде Стрелка мен Велка деген иттер мен атжалман,
тышқан және жәндіктер екінші жер серігі 1960 жылғы желтоқсанда Пчелка мен
Мушка деген иттер мен тышқан, жәндіктер, өсімдіктер салынған үшінші кеме-
серік, 1961 жылғы 9 наурызда Чернушка деген итпен адам қимылын келтіретін
манекен, төртінші кеме серігі және 1961 25 наурызда ішінде Звездочка деген
итпен адам қимылын келтіретін манекен бар бесінші кеме серігі ұшырылды.
Кеме құрастырушылар кейін «Восток» делінген кеме-серікті ұшуға дайындауға
қызу кірісіп кетті.Ғарышкерлер отрядына енген ұшқыштар енді арнайы
дайындықтардан өтуге тиіс еді.Дәрігерлік тексерулерден және дене
жаттығуларының толық курсынан өтті.Сөйтіп,олардың ешқайсысынан сүрінбеген
ұшқыш Юрий Гагарин ғарышқа бірінші аттанатын болды.Бұдан елу жыл
бұрынғы,1961 жылғы 12 сәуірдегі,Байқоңыр уақытымен таңғы сағат 11 ден 7
минут кеткен сәт еді.ғарыш кемесі аспанға қарай зымырай тік ұшып кетіп бара
жатты.Дәл осы сәтте Восток кеме-серігінің құбырлы қозғалтқыштардың
миллиондаған ат күшінен емес,миллиондаған адамдардың осы тарихи көріністен
қатты толқып,діріл қаққан алақандарының ғаламат күшімен ғарышқа қарай
зымырав ұшып кетіп бара жатқандай болып кетті.Белгілі биікке ұшып жеткенде
«Восток » кеме-серігінің бірінші бөлігі ажырады.Ол перигейінде жер бетінен
-181,апогейінде 327 шақырым биіктікке дейін шарықтап ,жер төңірегіндегі
кеңістікте 108 мин ішінде бір айналым жасады.Бұл уақыттың ішіндегі тұңғыш
ғарышкер мен жер бетінднгі мұхиттар мен теңіздерді ,таулар мен
жазықтарды,өзен мен көлдерді өзі кемеден ұшып шыққан Байқоңыр ғарыш айлағы
орналасқан қазақтың дархан жерін ірі қалаларды көрді.Ғарышкер Байқоңыр
уақытымен сағат 11 ден 12 мин өткенде Оңт Американың тұсынан ұшып бара
жатты.Байқоңырдағы ұшуды басқару орталығына ұшудың ойдағыдай
екенін,кеме-серік ішінде өзін жақсы сезінетін,12-15 мин өткенде Африканың
тұсынан ұшып өтіп бара жатқанын,ұшудың ойдағыдай екенін,кеме ішіндегі
салмақсыздықтан қолайсыздықты сезінбейтінін хабарлады.Сағ12 ден25 мин
өткенде жер төңірегіндегі 1 айналым аяқталып,белгіленген бағдарлама бойынша
кеме-серіктің тежеуіші қозғалтқыш қондырғысы автоматты түрде іске
қосылды.Кеме-серіктің ұшу жылдамдығы азайып,жерге қарай төмендеп,қону
траектрориясына ауысты.Одан соң ішінде ғарышкер отырған қонуға арналған
аппарат кеме –серіктен бөлініп, Жер атмосферасы с арқылы өтіп,жер бетіне 7
шақырым қашықтық қалғанда улкен парашюті ашылды.Сөйтіп,Байқоңыр уақытымен
сағ 12 ден 56 мин өткенде Қазақ жерінің даңқын аспандатқан Юрий Алексеевич
Гагарин қонуға арналған апаратпен аман-есен жерге қонды.

Енді, оқушыларымыздың зерттеген ғылыми жұмыстарын тыңдасақ.
Ең бірінші «Жұлдызды жол Байқоңырдан басталады» тақырыбында 8 «б» сынып
оқушысы Қазыбаева Назеркені шақырамыз.

2. «Американың ғарыштағы жетістігі» тақырыбында 7 «а» сынып оқушысы
Қыпшақбай Айжан

3. «ҚазСат-2 – жасанды серігі» тақырыбында 7 «Б» сынып оқушысы Төлепберген
Гүлдана

4. «Кеплер-11 жаңа планеталық жүйесі» тақырыбында 6 «а» сынып оқушысы Ғани
Лағыл

5. «Ғарыштың жанымен жүрегі» тақырыбында 8 «б» сынып оқушысы Маралбекова
Салтанат

6. «Герман Титов әлемнің екінші ғарышкері» тақырыбында 7 «а» сынып оқушысы
Асанбаева Ерболсын

7. «Ғарыш негізін салушы» тақырыбында 8 «Б» сынып оқушысы Алтайбекова Бота

Сұрақтарыңыз және қосар ойларыңыз, пікірлеріңізді қосып отырыңыздар.

Ғарыш туралы біраз жаңалықтар, мәліметтер алдық деп ойлаймыз. Қатысқан
оқушыларға үлкен рахметімізді айтамыз. Еліміз гүлденіп, алдағы уақытта
үлкен жетістікке жетейік деп, бүгінігі конференциямызды аяқтаймыз. Назар
салып тыңдағандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!

Ұқсас жұмыстар
Құрметті Жас ұлан ұйымының мүшелері
Сабақ ортасы
Қазақ тілі - қащынам
Сыр сұхбат
Бақытты балалық шақ жайлы ақпарат
Жас ұланға қабылдау бағдарламасы
1 қыркүйек 2014-15 оқу жылына сценарий
Бармысыздар балалар
Бояулар сыры
2014-2015 оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиыны
Пәндер