Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Интерактивті әдіс - тәсілдер

Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы
Шаған жалпы орта білім беретін мектебі

Баяндама

«Білім сапасын
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы арттыру»

Дайындаған: Рыскалиева К.Р.

2013ж
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру
жүйесінің басты міндеті – ұлттық және азаматтық құндылықтар мен практика
жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға
бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа
технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық
коммуникациялық желіге шығу» - делінген.

Бүгінгі ұстаздардың алдында төмендегідей мақсат-міндеттер тұр:

Мақсаты:
Оқушылардың дүниетанымын және білім қорын кеңейту, пәнге қызығушылығын
арттыру.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны терең меңгерген, өз Отанын
шексіз сүйетін, мемлекеттік тілді құрметтейтін, білімді, іскер,
адамгершілігі мол, жан-жақты жетілген жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.
Міндеттері:
-оқушыға білім, білік, дағдыларын игерту;
- қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімдерін, яғни жан-жақты қабілеттерін
дамыту;
-жаңа технологиялардың тиімді жолдарын қолдану;
- оқушылардың білім сапасын жүйелі түрде жоғары деңгейге көтеру;

ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Барлық сала
компьютерлендіріле бастады. Сонымен бірге еліміздің ертеңі болар жас ұрпақ
компьютерді терең меңгеруі тиіс. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны
дамыту - білім берудің бір бөлігі.

Соңғы жылдары заман ағымына сай білім беру жүйесі электрондық байланыс,
онлайн сабақтар арқылы іске асырылуда. Күнделікті сабақта компьютер,
электрондық оқулық, интерактивті тақта, интернет қолдану жақсы нәтиже
беруде.

Интерактивтік оқыту технологиясы– бұл ұжымдық, өзін-өзі толықтыратын,
барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу үрдісіне оқушының
қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту үрдісін ұйымдастыру болып
табылады...

Әр оқытушы сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа
технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, электрондық
оқулық пен интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың
қызығушылығы арта түсері анық.

Интерактивті тақта- топтағы оқушылардың барлығын оқыту үшін құнды құрал.
Жаңа материалды өте қызықты және қарқынды етіп түсіндіруге көмектесетін
көзге көрінетін құнды құрал. Оның ақпаратты түрлі мультимедиялық ресурстар
көмегі арқылы танысуға мүмкіндігі зор.Ол сызбаларды түсіндіруді жеңілдетіп,
қиын мәселерді шешуге көмектесе алады. Оқытушылар өздерінің жаңа ойларын,
идеяларын әсерлі, тартымды етіп көрсету үшін осы тақтаны қолданса
мақсаттарына жетеді. Бұл тақтада оқытушылармен жаңа материалды бірігіп
талдауға мүмкіндігі зор. Интерактивті тақта топтағы барлық оқушылардың
басты назарына айналады . ал егер де керекті материалдың барлығы алдын ала
дайындалып, түсінуге оңай болса, сабақтың жақсы қарқынды өтуін қамтамасыз
етеді.

Интерактивті тақтамен жұмыс істеудің артықшылықтары:

➢ Бағдарлама бойынша барлық топ оқушыларына қолайлы

➢ Берілген материалды әсерлі жеткізуге және оны топтағы оқушылары
арасында талқылауға үлкен мүмкіндіктер туғызады

➢ Web-сайттарды, басқа да құралдарды қолдана отырып, жаңа материалдарды
түсіндіруге, меңгеруге қолайлы

➢ Әр ұстаз өз бетінше топпен жұмыстың жаңа түрлерін ойлап таба алады

➢ Оқушы алдына жаңа материалды жанды түрде көрсете отырып, танымдық
қабілетін арттыруға мүмкіндік алады

➢ Оқытушының, оқушының да шабытын, қызығушылығын арттырып, сабақты
тартымды өткізуге ынталандырады

Оқу үрдiсiнде электрондық оқулықты қолданудың маңызы өте зор.

Электрондық оқулықтар:
- бiлiм деңгейiн тереңдетуге;
- оқушының сөздiк қорының молаюына;
- ауызекi тiлде сөйлей бiлу дағдыларын қалыптастыруға;
- тiлдi үйренуге деген ынтасы мен қызығушылығының артуына;
- өз бетiнше iздену қабiлетiн қалыптастыруға;
- сабақта өзiн еркiн ұстап, өз мүмкiншiлiгiн кеңiнен пайдалана алуына;
- - ойларын дамытуға; өз iсiне талдау жасай алуға мүмкіндік туғызады.

Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану
арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып,
қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру - ең негізгі мақсат болып
айқындалады. Ақпараттық және педагогикалық технологиялар негізінде
мұғалімнің рөлін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік туды. Мұғалім тек қана
білімді алып жүруші ғана емес сонымен қатар оқушының өзіндік шығармашылық
жұмысының жетекшісі және бағыт берушісі болып анықталды. Осыған орай сабақ
беру үрдісінде қазіргі күннің, яғни инновациялық әдістерді оқытудың
интерактивті оқыту моделі болып табылады. Инновациялық әдістердің ең
негізгісінің бірі – «интерактивті оқыту әдісі».

Интерактивті әдіс-тәсілдер

✓ шығармашылық тапсырмалар, жобалар;
✓ тірек-сызба, көрнекіліктер;
✓ топпен жұмыс;
✓ миға шабуыл әдісі;
✓ сыни тұрғысынан ойлау әдісі;
✓ викториналар, сөзжұмбақ, бейнесөздер
✓ зерттеулер; деңгейлік жаттығулар
✓ логикалық тапсырмалар
✓ іскерлік ойындар; рөлдік ойындар;
✓ тестілеу және бақылау;

Сабақтарымда жаңа ақпараттық технологияның әдіс – тәсілдерін қолданудың
мынадай тиімді жақтары бар екеніне көз жеткіздім:

➢ Оқушының оқуға деген ынтасы артады;
➢ Әр оқушының жеке қабілеті айқындалады;
➢ Жақсы оқитын оқушының тереңірек білім алуына жағдай туады;
➢ Әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады;
➢ Оқушы өз білімін бағалай білуіне бағыттауға мүмкіндік береді.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен
байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру
өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру
жолында интерактивті технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру
мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. Қазіргі заманғы
ақпараттық технологиялар әрбір оқушының білім беру үрдісіне
шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді.
Сондай-ақ ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп,
өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат
алуға мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім өткізетін сабағының
түрін дұрыс таңдай білуі қажет. Сабақты дұрыс жоспарлап,
мақсатын нақты белгілеп, сабақтың мазмұнын, құрылысын,
дәлдігін, жұмыс жүргізу тәсілін мұқият ойластыруы қажет.

Сабақты жоспарлаудың негізгі талаптары :
✓ Оқушыларды сабаққа бар зейінін аударып және ықыласпен, ынта-жігермен
тыңдауын ұйымдастыру
✓ Сабақтың тақырыбына сай мақсатын нақтылай білу
✓ Оқытушының тақырыпты терең және жан-жақты меңгеруі.
✓ Мұғалімнің материалды жеткізу шеберлігі, сезімі,тиімді әдіс-
тәсілдері.
✓ Мысалдардың өмірмен бай-ланыстылығы,
баланы ойлан-туға,сөйлетуге, тәрбиелеуге ықпалы.
✓ Оқушы меңгергенін іс-тәжірибеде, күнделікті сабақта қолдана алуы.
✓ Топпен, жеке оқушымен жұмыстың жандылығы, әртүрлігі.
✓ Көрнекі құралдардың нақтылығы, әсерлігі, мазмұндылығы

Бүгінгі күні кез-келген оқытушы ақпараттық және коммуникативтік
технологияны пайдалану арқылы әртүрлі сабақтарға әзірлемелер дайындап
және оны жоғары деңгейде өткізе білсе, сабақтың тартымды әрі қызық
болатыны анық.

Ақпараттық және коммуникативтік технологияларды пайдаланып оқыту
төмендегідей нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді

➢ Оқу материалын жоғарғы дәрежеде меңгеріп шығуы және іс жүзінде
тиянақты, саналы түрде қолдана білуі;
➢ Ақпараттық технология мүмкіндіктерін қолданып, өз бетімен білімін
толықтыруға дағдылануы;
➢ Игерген материалдарын шығармашылықпен талдап, өңдеп,
➢ қорытындылап, өз көзқарасын қорғай алуы;
➢ Жеке қабілеттеріне қарай шығармашылық жұмыстарға белсене
➢ араласып, белгілі бір ғылыми білім саласында өз мүмкіндігін
➢ көрсете алуы;

Қорыта айтқанда, қазақ тілі пәнін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды,
инновациялық әдіс – тәсілдерді пайдалану - білім сапасын арттырудың бірден
– бір жолы. Оқыту үрдісінде оқушылардың білім қорын молайтуға,
белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге көмегі бар.
Оқушыларды шығармашылыққа, өз бетімен іс-әрекет етуге, өз пікірін айта
алатын, оны дәлелдей білетін, өмірге деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан,
үнемі ізденіс үстінде болатын,қоғам дамуына үлес қоса алатын, жан-жақты
жетілген жас ұрпақ өкілдерін дайындай аламыз.

Ұқсас жұмыстар
Оқушы мен оқушы
Сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру. кембридж тәсілімен
Төлдердің суреттері
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
Қазақ хандығының әлсіреуі
Орта мерзімді жоспар дүниетану 3-сынып
Қасым хан(1511-1518)
Келіспеушілікке кіріспе
Шеберліктің белгісі- түрлі әдісті болу
Коучинг қмж
Пәндер