Компьютер ауруы

Ақмола облысы

Зеренді ауданы

Раздольный орта мектебі

«Сынып көшбасшысы»

интеллектуалды ойыны.

7 сынып

Аубакирова А. К.

информатика және физика мұғалімі

ІІ санат

2011-2012 оқу жылы

«Сынып көшбасшысы» интеллектуалды ойыны.

Слайд 2 Ойынның мақсаты: оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру, ой-өрісін және танымдық қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу және өткенді шапшаң еске түсіру дағдыларын қалыптастыру.

Көрнекілігі: тапсырмалар жазылған бетшелер, қанатты сөздер: «Информатика болашаққа бастайды», «ХХІ ғасыр-компьютер ғасыры», «Компьютерді меңгеру өмір талабы», слайд.

Ойынның жүрісі:

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, әділ-қазылар алқасы, оқушылар. «Сынып көшбасшысы» интеллектуалды ойынымызға қош келдіңіздер! Сіздермен бірлесе отырып, информатика пәні бойынша «Сынып көшбасшысы» интеллектуалды ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Ойын толқын жатқандай асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де жеңілсең де қалма жасып.

Алдымен ойынға қатысатын оқушыларды ортаға шақырамыз:

(Ойынға қатысатын оқушыларды таныстыру)

Мұғалім: Енді осы ойынымызға төрелік ететін әділ қазылар алқасымен танысайық: (әділ қазылар алқасын таныстыру)

Мұғалім: Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып, «Бәйге» турын бастаймыз.

Ойын шарты: Сайыскерлерге 16 сұрақ қойылады. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Егер қате жауап берсе, сол ойыншы келесі сұраққа жауап беру құқынан айырылады.

Слайд 4 І тур «Бәйге»

  1. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас. (интерфейс)
  2. Аты бар бірқатар байттар тізбегі. (файл)
  3. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал. (компьютер)
  4. ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезінде экраннан қандай қашықтықта отыру керек?(60-70 см)
  5. Арифметикалық амалдарды есептейтін 1694 жылы Лейбниц ойлап тапқан машина. (арифмометр)
  6. Қағаздағы кескінді экранға шығаратын құрылғы. (сканер)
  7. Компьютердің «миы» ең басты бөлігі. (процессор)
  8. Принтердің неше түрі бар?(3)

( матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік )

  1. Графикалық редактор. (Paint)
  2. Мәтіндік редактор. (Word, WordPad)
  3. Компакт-диск оқу құрылғысы. (CD=ROM)
  4. Дүниежүзілік компьютерлік желі. (интернет)
  5. Компьютер ауруы. (вирус)
  6. Windows деген не?(терезе, ОЖ)
  7. F1 пернесінің қызметі. (анықтама, көмек беру пернесі)
  8. Компьютердің атасы. (Ч. Бэббидж)

Мұғалім: «Ана тілің-арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте. », - деп Қадыр Мырзалиев ағамыз айтқандай, жас қырандардың тіл білімін тамашалайық. Демек, келесі сайысымыз «Тіл-өнер» деп аталады. Сендерге жұмбақталып жасырын сөз оқылады. Сол сөзді тауып, қазақ, орыс, ағылшын тілінде айтқан оқушыға 20 ұпай, ал екі тілде айтса 10 ұпай беріледі. Сұрақты мұқият тыңдаймыз.

Слайд 5 ІІ тур «Тіл-өнер»

  1. Ақпараттың қайнар көзі(табиғат, природа, nature)
  2. Фонограф бағдарламасы қандай мәліметтерді өңдейді?(дыбыс, звук, sound)
  3. «Ас- адамның арқауы», ал компьютердің асы . . . (ток, ток, current)
  4. Программадағы немесе мәтіндегі кемшілік (қате, ошибка, error/mistake)
  5. Жіпке ілдім мен өзін,

Кіп-кішкентай күн көзін. (шам, лампочка, lamp)

  1. Қоршаған орта және онда жүріп жатқан процестер туралы мәліметтер(ақпарат, информация, information)
  2. Компьютермен жұмыс жасауды жеңілдететін қосымша құрылғы(тышқан, мышь, mouse)
  3. Экранда жақтаулармен шектелген төртбұрышты аймақ. (терезе, окно, windows)
  4. Сәлем ненің патшасы. (сөз, слово, word)
  5. Кітап ненің бұлағы. (білім, знание, knowledge)

Мұғалім: 2 тур қорытындысы бойынша ұпайы ең аз оқушыға «Ойында жеңілсең де, өмірде жеңілме» деп, ортадан қошеметпен шығарып саламыз.

Көрермен жиналған біл тамашаға,

Құр қалып, жым отыру жараса ма?

Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес,

Соқ қолыңды білімді жас талапқа.

Мәңгі бақи есте қалар,

Ғажайып бір кеш болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Қиынырақ сұрақ болсын.

Демек, келесі кезең «Жеті жұмбақ»

20
20
20
20: 30
20: 30
20: 30
20: 40
20: 40
20: 40

Слайд 6-24 ІІІ тур «Жеті жұмбақ»

20(сол жақта) - сандардың аталу және жазылу әдісі. (санау жүйесі)

20(ортада) - Гректердің есептеу құралы. (абак)

20(оң жақта) - келесі жолға өту пернесі. (enter)

30(сол жақта) - Кеңестер Одағында алғаш ЭЕМ жасаған ғалым

(С. А. Лебедев)

30(ортада) - Ең алғашқы программа жасаған әйел ғалым (Ада Лавлейс)

30(оң жақта) - Интернетке қосылу құрылғысы. (модем)

40(сол жақта) - Логарифм сызғышын кім жасап шығарды? (Д. Робертсон)

40(ортада) - Терезені басқару батырмалары қай жолда орналасқан?

(тақырып жолы)

40(оң жақта) - Берілген терезедегі орындауға болатын командалар тізбегі не деп аталады? (меню)

Мұғалім: Ұпайы аз 1 оқушыны рахметімізді айта отырып, қошеметпен ортадан шығарып саламыз.

Көкпардың сабақтан көп сұрағы,

Шәкірттердің білгірі алға шығады.

Асықпаңдар, ойланыңдар, балалар,

Үш жауап бар біреуі оның шырағы.

Алдарыңызда математика, информатика және геометрия пәндерінен сұрақтар берілген. Сұрақты ұпайы аз оқушыдан бастап таңдайды. Сұрақтарға алдарыңдағы жауап нөмірін көтеру арқылы барлық оқушы жауап береді.

Слайд 25-40 IV тур «Дода-Көкпар»

  1. Информатика:

30- Компьютердің қандай құрылғысы адам денсаулығына зиянды?

  1. Монитор2) пернетақта 3) процессор

20-(сол жақ) - «Бит» сөзінде неше бит бар?

  1. 3 бит2) 24 бит3) 8 бит

20-(оң жақ) - Microsoft фирмасын құрған кім?

  1. Ф. Нейман 2) Пол Аллен 3) Билл Гейтс

10-(сол жақ) - винчестенр деген не?

  1. Қатты диск2) Иілгіш диск 3) Компакт-диск

10-(оң жақ) - Нақты бір файлды көрсететін белгіше?

  1. Файл2) таңбаша (ярлык) 3) қапшық (папка)
  1. Математика

30- 80 санының 15% -і қанша?

  1. 62) 123) 8

20-(сол жақ) - «0» саны римдік санау жүйесінде нешені білдіреді?

  1. 5002) 50 3) 1000

20-(оң жақ) - Анасы 50 жаста, ал қызы 28 жаста. Бұдан неше жыл бұрын қызы анасынан екі есе жас еді.

  1. 5 жыл2) 6 жыл3) 4 жыл

10-(сол жақ) - y=k/x функциясының графигі не деп аталады?

  1. парабола2) гипербола3) кубпарабола

10-(оң жақ) - 0, 75 дм қанша сантиметр болады?

  1. 0, 075см2) 75 см3) 7, 5 см
  1. Геометрия

30- Сыбайлас бұрыштардың бірі екіншісінен екі есе үлкен. Осы бұрыштар неге тең?

1) 40 0 , 80 0 2) 60 0 , 120 0 3) 90 0 , 180 0

20-(сол жақ) - Кубтың қанша қыры бар?

  1. 82) 43) 12

20-(оң жақ) - Координаталар жүйесін алғаш енгізген ғалым?

  1. Р. Декарт2) Пифагор 3) Виет

10-(сол жақ) - Тең қабырғалы үшбұрыштың бір қабырғасы 8 см, оның периметрі неге тең?

1) 16 см 2) 24 см 3) 32 см

10-(оң жақ) - Шаршының бір қабырғасы 3 см, оның ауданы неге тең?

  1. 12 см22) 9 см23) 6 см2

Мұғалім: сонымен, осы кезеңнен кейін ұпайы ең аз 1 оқушыны қошеметпен ортадан шығарып саламыз.

Ең жарыстың енді келді,


Ұқсас жұмыстар
Компьютер ойындарының бала психикасына әсері
Электромагниттік толқындардың ағзаға тигізер әсері
Компьютер пайдалы ма, әлде зиянды ма атты пікірсайыс
Информатикалық эрудит
Сайысты өткізу
Информатика әлемінде
Үздік информатик
Көзге зиян
Жеңіп көр білімділер сайысы
Жұлдызды сәт 7-сыныпқа арналған интеллектуалдық сайысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz