Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
ТҰЛҒАНЫҢ РУХАНИ - АДАМГЕРШІЛІК ҚАСИЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Қ.Т. Шатекова, бастауыш сынып мұғалімі
Бұрма орта мектебі, Шет ауданы
ТҰЛҒАНЫҢ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ҚАСИЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
В этом докладе рассматривается пути формирования духовно-нравственных
качеств развития личности.
In this report it is considered ways of formation of spiritually-moral
qualities of development of the person.
Рухани-адамгершілік тәрбиесі өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды,
жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен
дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын
қалыптастыруды болжайды. Рухани-адамгершілік құндылықтармен білім жүйесін
дамытып қалыптастыру [1] жаңа қоғамның дамуындағы мәні зор, маңызды бағыт.
Оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу –
бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе. Рухани-адамгершілікке тәрбиелеу
білім берумен ғана шектелмейді. Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан
дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани-адамгершілік қасиеттері қалыптасады.
Рухани-адамгершілік тәрбиені қалай іс жүзіне асырамыз? Олар мына
қағидаларды сақтағанда нәтиже береді. Егер:
➢ тәрбие үрдісі оқушылардың рухани адамгершілік қасиеттерді игеруіне
бағытталса;
➢ оқушылар рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мақсатында
әрекеттік, іскерлік дағдыларды игерсе;
➢ оқушылар жеке тұлғаның және әлеуметтік мәні бар рухани-адамгершілік
қасиеттерді өз іс-әрекетінде, мінез-құлқы мен тіршілік әрекетіне
көрсете алу мүмкіндігін ерікті таңдаса.
Демек, рухани-адамгершілік тәрбиесіндегі басты мәселе – баланы
құрметтеу. Сондықтан, әрбір оқушы өзін-өзі рухани жетілдіру үшін, өзін
тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға ұмтылуы қажет екенін түсінуі тиіс деп
ойлаймын. Өзінің оқушысын өз бетінше білім мен тәрбие алуға үйретпеген
мұғалім қазір түпкі нәтижеге қол жеткізе алмайтынын біледі. Бала ықпал ету
объектісі емес, ынтымақтаса қызмет ететін тұлғаға айналуы тиіс.
Анықтама сатысы. Гуманизм – адам өмірінің рухани негіздерін құрайды,
ойластырады, болжайды және адамзат құндылығын қалыптастырады. «Адам жолында
екі түрлі, бір-біріне қарама –қарсы ағыстар бар. Бір ағыс қаталдыққа
жетелесе, екіншісі – мейірімге талпынады» деген Леккидің сөзінде үлкен мән
бар. Рух – адам бойындағы күш-қуат. Ол қуат барлық жақсы қасиеттермен
бірге жасайтын игі істердін қайнар көзі. Рухани бай адамның бойында ғана
гуманистік қасиеттер болады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі
қалыптасуда.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында оқыту әдістерін,
технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл білім
мұғалімдерге өзіне ыңғайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық үрдісті кез
келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді.
В.Г.Белинский: «Тәрбие – ұлы іс, тәрбие арқылы адам тағдыры шешіледі» десе,
Д.И.Менделеев: «Тәрбиесіз білім –есуастың қолындағы қылыштай» деген
болатын. Тәрбиенің маңыздылығы сондай, біздің болашақ ұрпағымыз тәрбиеден
ғана рухани байлық алып, тәрбие арқылы ғана Адам болып қалыптасады. Оған
көптеген мысалдар келтіруге болады. Қазір ортамызда «Қиын балалар»,
жасөспірімдер, ата –анасы көңіл бөлмейтіндер, түрлі тағдырға душар болған
жастарымыз көп. Біздің мақсатымыз –оқушыларымызды мүмкіндігінше жан-жақты
тәрбиелеу. М.М.Пришвиннің сөзін келтірсек, «Оқушы –жастарымыз дұрыс
тәрбиеге наннан да артық душар». Егер жабайы аңдар Адамға мейірімділік
көрсетсе, адамдар неге бірін-бірі тәрбиелемеске? Жаңа білім парадгимасы
бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысы емес, оның тұлғасын,
білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Я.А.Коменский «Тәрбиені мойындамау –
адамдардың, жанұяның, мемлекеттік және бүкіл әлемнің құруы» деген болатын.
[2]
Ендеше, тәрбие - ауадай қажет. Оқушы жастарды гуманистік рухта тәрбиелеу
алдымызға мынадай міндеттер қойды:
➢ оқушыны оқыған шығармалардың басты кейіпкерлерінің іс-
әрекеттерінің жағымды жақтарына көңіл аударып, талдауға, түйін
жасауға үйрету;
➢ оқылған мәтіндерден кейіпкерлерге берілген авторлық көңіл-күйді
табу;
➢ оқушының сана-сезім, ақыл-ой қызметінің дамуына, қалыптасуына
ықпал жасай отырып, шығармашылық қабілетін ашу, қозғау салу;
➢ оқушылардың сабақтар бойынша алған білім, білік, дағдыларын одан
әрі дамытып, тереңдету, өздігінен жұмыс істеу қабілетін ашу;
➢ оқушыларды сөйлету арқылы кейіпкерлердің іс-әрекетін салыстыру,
қорытындылау, бағалауға үйрету;
➢ оқушының өзін-өзі тануына, өзіндік менін оятуға бағдар беру.
Тұлғаны рухани – адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы зор екенін осыдан
көруге болады.
Дәлелдеу сатысы. Рухани бай адам – ең алдымен әділ, шыншыл, мейірімді,
кешірімді, қанағатшыл, ақылды болады. Гуманист болу деген не? Ол
қайырымдылықтан тұрады. Ал қайырымдылық қандай қасиет?
«Мен өмірде неге қол жеткізуім керек?» - деген сұраққа жауап берместен
бұрын: «Мен қандай болуға тиіспін?». «Адам болу деген не?» - тәрізді
сұрақтарға ойлануымыз керек. Мысалы, теректің «жақсы» өсіп-дамуына құнарлы
топырақ, ауа-райының қолайлы болуы,т.б. жағдайлар әсер етеді. Ал өсімдіктің
өсуіне кедергі келтіретін «жаман» жағдайларға: құрғақшылық, өсімдікті
бүлдіретін зиянкестер, дауылдар жататыны белгілі. Дәл осы тәрізді адам үшін
де жақсы мен жамандық алмасып келіп тұрады. Жақсы жағдайда адам бойындағы
адамшылық қасиеттер өніп, адамның Адам болып қалыптасуына көмектеседі.
Жақсылыққа қайшы жамандық бар.
Қайшылық сатысы. Адам бойындағы жақсылық пен жамандық тек сыртқы
жағдайлардың әсерінен ғана болып қоймайды, олар адамның ішкі жан дүниесінен
де орын алады. Адамгершілік дегеніміз айналамызға қайырымдылық нұрын
шашудан тұрады екен.
Ұлылар сатысы. «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар: Әуелі –
надандық, екіншісі – еріншектік, үшіншісі - залымдық», - деп білемін дейді
38 қара сөзінде ұлы Абай.
Адамгершілік тәлімі жүрекке жан шуағын орнатып, бұрыннан бойымызда бар
жақсы қасиеттерді дамытады. Жаман әдет пен теріс қылықтан тазарып, жаны
таза, көңілі ақ, рухани сезімдерге бай адам болып қалыптасу - өзекті
мәселе. Мейірімділік жылудан тарайды. Жүрек жылуынан басқа табиғат жылуы,
күн жылуының да әсері мол.
Шығармашылық саты. Күннен жылу алалық. Тренинг.
Эвристикалық саты. Білім беруді және тәрбиені ізгілендіру... Қанша
ғасыр бойы жаңашыл педагогтар ой қозғады. Руссо теориялық жағынан толығынан
жеке тұлғаны тәрбиелеудегі ізгілендіру жүйесін құрды.
Ізгілендіру – білім беру процесінің қажеттілігін дәлелдейтін, жаңа
педагогикалық ойлаудың негізгі элементі.
Баланың қажеттілігін іздеген педагогтар – Ш.Аманошвили(баланы сүю,
махаббат қажеттілігі), И.С.Кон(үлкендерді құрметтеу қажеттілігі), А.В.
Перовский(тұлға болып қалыптасу), А.В. Мудрик(өз мүмкіндіктерін іске асыру
қажеттіліктері).
Қажеттілікті қанағаттандыру жағдайын жасау туралы А.С. Макаренко,
В.С.Сухомлинский(Макаренко колониясы, Павлыш орта мектебі «Қуаныш мектебі»)
зерттеу еңбектерін жазып, бұл мектептерді өзін-өзі тану, өзін-өзі
қалыптастыру мектептері – деп атады. Ал өзін өзі тану және қалыптастыру жоқ
жерде өз мәніндегі өзін өзі тәрбиелеу бар деп айту қиын. [3]
Білім берудің негізгі мазмұны жеке тұлғаның дамуы болып табылады. Ал
бұл педагогтар алдында тұрған мақсаттарды өзгерту дегенді білдіреді. Егерде
бұрын олардың алдында білім беру мақсаты болса, ізгілендіру жаңа мақсат
ұсынады - түрлі адамдар арқылы баланың дамуына жағдай жасау, көмек беру.
Ізгілендіру «мұғалім-оқушы» жүйесіндегі қарым-қатынасты өзгертіп, бірігіп
жасау байланысын қондыруды талап етеді.
Биіктік сатысы. Адамның адам болуға лайықты және өмір сүре білуіне
керекті басты қажеттіліктері:
1. Денсаулық қажеттілігі;
2. Өзін өзі қорғай алу және қауіпсіздік қажеттілігі;
3. Ұжымда өзгелердің құрметіне ие болу және әлеуметтік ортада болу
қажеттілігі;
4. Өмірдің мәнін түсіну қажеттілігі;
5. Өз мүмкіндігін іске асыра білу және өзіндік келбеті болу
қажеттілігі;
6. Даму үшін шығармашылық қажеттілігі;
7. Атқарған ісінен қанағат сезімін алу, ішкі талпынысын іске асыру,
көңіл-күйін көтеріңкі ұстау қажеттілігі.
Қажеттілік баланың қызығушылығынан пайда болады. Жүйелей келе,
қажеттіліктерді баланың дамуын басқаратын бағдарлама деп санауға болады.
Оқушы қажеттілікті қанағаттандыру арқылы өзінің «меніне» қадам басады,
алдына қойған мақсатына жетеді, яғни тұлға болып қалыптасады.
Рухани дүниесі бай, қажеттіліктері мен қызығушылықтары, талғамы, ой-
өрісі кең адамдарды толық қалыптасқан, мінезі тұрақты адам дейміз. [4]
Мінездің тұрақтылығы адамның рухани-адамгершілік түсініктерінен туындайды.
Ендеше, оқушыларды рухани-адамгершілік тәрбиесі арқылы толыққанды жетілген
азамат етіп тәрбиелеу – қоғамымыздың басты мақсаты. Рухани-адамгершілік
тәрбиесінде мұғалім оқушыны тұлға ретінде танып біліп қана қоймай, үш
кезеңді ескеруі, оның дамуын көре білуі қажет:
- бұрынғысы;
- қазіргісі;
- болашағы.
Сондықтан маңызды мәселелерді зерттеп қана қоймай, олардың тәрбие
үрдісіндегі тиімділігінің өзара байланысы мен өзара тәуелділігіне жете
назар аудару қажет деп ойлаймын. Қорыта келе айтарым, тұлға рухани-
адамгершілік тәрбие арқылы өзінің ізгілік ұстанымдарын тәрбиелеп, ақыл-ой
мен іс-әрекеттерін ізгілік мұраттарға бағыттап, рухани көзқарасын
қалыптастырады.
Әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие
тұжырымдамасы.
2. Құрманбаева М. « Тұлғаны рухани-адамгершілікке тәрбиелеу». - Бастауыш
мектеп,№1.2005ж.
3. Әмірәлиев Ш. «Рухани байлық-өмірден». – Қазақстан мектебі,№11-12.1992ж.
4. Утебаева А. «Рухани-адамгершілікке тәрбиелеу – басты мақсат». - Бастауыш
мектеп, №9.2005ж.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz