Периметрі периметрін табыңдар

Үшбұрыш және оның түрлері.

Б. Қ Шарипова

№26 жалпы орта білім беретін мектеп

Сабақ мақсаты: Оқушылар үшбұрыш туралы білімдерін кеңейтеді.

Сабақтын түрі: Сын тұрғысынан ойлау.

Міндеттері: 1. Қабырғаларының ұзындықтарына қарай, бұрыштарының шамасына қарай үшбұрыштардың түрлерімен, үшбұрыштардың периметрін табу формуласымен танысады. 2. Мәтін ішіндегі ең бағалы анықтамалары мен формулаларды іріктеп алып, есептер шығаруда қолданады. 3. Бір-бірін тыңдау арқылы өзгенін пікірімен санасады.

Бағалау: 1. «Араласқан кезеңдер» стратегиясы арқылы оқушылар мәтінді құрастырып оқиды. 2. «Бағалы зат» стратеиясы арқылы оқушылар анализ жасай алады. 3. Мұғалімнің бақылауы арқылы топтағы жұмыс бағаланады.

Көрнекіліктер: Мәтін, плакат, маркер, жұмыс дәптері.

Стратегиялар: «Ой қозғау», « Араласқан кезеңдер», «Бағалы зат», «Автордың орындығы», «Концептуалдық кесте», «Ой ашар».

Сабақ сатылары
Мұғалімнін іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Сабақ сатылары: 1. Қызығушылығын ояту. « Ой қозғау» стратегиясы
Мұғалімнін іс-әрекеті: Сұрақ қояды: «Үшбұрыш туралы не білесіндер?» Уақыт беріледі жеке- 2 мин, жұппен - 1 мин, шағын топпен - 1 мин. Спикерлер сөйлейді - 4 мин.
Оқушының іс-әрекеті: Оқушылар өз ойларын қағазға жазады. Жеке-2 мин, жұппен -1 мин, шағын топпен -1 мин, Спикерлер қорғайды - 4 мин. Бағалайды.
Сабақ сатылары:

2. Мағынаны ажырату. «Араласқан кезеңдер» стратегиясы

«Бағалы зат» стратегиясы

Ой ашар

«Автордын орындығы» стратегиясы

Мұғалімнін іс-әрекеті:

a) мұғалім бөліктерге бөлінген мәтін таратады. Әрбір оқушы сол мәтін бөліктерін біріктіреді. Жеке- 3 мин, жұппен- 2 мин, шағын топпен- 1мин.

Топтардан біріктірген бөліктерінің ретін сұрайды- 2 мин.

ә) мәтінге ат қойындар жеке, жұппен, шағын топпен - 1 минуттан.

Спикерлерге сөз береді.

Дәптерге күнді және тақырыпты жазғызады.

Тапсырма береді: мәтіннен ең қажетті анықтамаларды формуланы жазындар, суреттерін салындар- 7 мин

«Мен үшін ең бағалы анықтамалар мен формула» тақырыбы бойынша кім сөйлейді?- 4 мин.

Оқушының іс-әрекеті:

Мәтін бөліктерін біріктіреді. Жеке- 3 мин, жұппен- 2 мин, топпен- 1 мин

Оқушылар кезекпен ретін айтады- 2 мин.

Мәтінге ат қояды жеке- 1 мин, жұппен- 1 мин, топпен- 1 мин. Әрбір топтың спикерлері қойған аттарын айтады. Бағалайды. Оқушылар дәптерлеріне күн мен тақырыпты жазады.

Оқушылар мәтінді оқи отырып, анықтамаларды, формуланы жазады, суреттерін салады. Барлығы- 7 мин

Бағалайды.

2оқушы автордың орындығына отырады Берілген тақырып бойынша сөз сөйлейді. Пікір, ұсыныс.

Сабақ сатылары: 3. Ой толғаныс «Концептуалдық кесте» стратегиясы
Мұғалімнін іс-әрекеті: Плакатқа жазылған тапсырмаларды орындандар. Жеке- 3 мин, топпен- 3 мин, спикерлер қорғауға- 3 мин.
Оқушының іс-әрекеті: Берілген тапсырмаларды жеке дәптерге орындайды топпен плакатқа жазады. Жек- 3мин, топпен- 3 мин, спикерлер қорғайды- 3 мин. Бағалайды.

Кесте: Суретін салып, есепті шығарындар

1
2
3
4
1:

Үшбұрыш қабырғаларының ұзындығы 5 см, 4см, 6см.

Үшбұрыштың периметрін табыңдар.

2: Тең қабырғалы үшбұрыштың периметрі 39см. Үшбұрыштың қабырғаларын табыңдар.
3: Тік үшбұрышты үш бұрыштың гипотенузасы 5см. Катеттерінің бірі 3см, ал екінші катеті біріншісінен 1см ұзын. Үшбұрыштың периметрін табыңдар.
4: Теңбүйірлі үшбұрыштың табаны оның бүйір қабырғасынан 2см қысқа. Периметрі 19см. Үшбұрыштын әр қабырғасының ұзындығын табындар.

Қорытынды: 1. Бағалау.

2. Шығу парағын толтыру.

3. Үйге тапсырма беру.

Семей қаласы


Ұқсас жұмыстар
Үшбұрыштың және трапецияның орта сызықтары
Тең бүйірлі үшбұрыштың қасиеттері
Тіктөртбұрыштың периметрі, формуласы
Параллелограмм . Төртбұрыш
«төртбұрыштар» тақырыбын қайталау
Теңбүйірлі үшбұрыш, оның қасиеттері және белгілері
Жай бөлшектерді бөлу. 5 сынып
ІІІ топ
Барлық қабырғасы тең үшбұрыш
Үшбұрыштың түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz