9-сынып химиясы: Металдардың периодтық жүйедегі орны, қасиеттері және қосылыстары (қайталау сабағы)

Шамшина Жаркыра Кайырхановна

№40 орта мектеп Ақтөбе қаласы.

Химия және биология пәнінің мұғалімі

Химия-9 класс

Сабақтың тақырыбы: Металдардың периодтық жүйедегі орны, қасиеттері, қосылыстары

Сабақтың мақсаты :

1. Металдар және олардың қосылыстары туралы оқушылардың білімін жан-жақты тексеру.

2. Қазақстан кендері мен металдардың маңызы туралы оқушылардың ізденімпаздығын, шығармашылықтарын дамыту.

3. Оқушылардың іскерліктері мен қабілеттерін арттыру, өз деңгейлерінде жұмыс жасауға дағдыландыру.

Сабақтың типі: Қайталау сабақ

Сабақтың көрнекіліктері: « Металдар» тақырыбы бойынша слайдтар, электрондық тест;

«Ионидтердің көмегімен судың кермектігін кетіру» және «Болатты шынықтыру» бейнетаспалары, домна пешінің макеті; деңгейлік тапсырмалар жазылған қағаздар; есептер жазылған кеспе қағаздар; сәйкестендіру тестіне арналған ойын барабаны; лездік сұрақтары бар кеспе қағаздар.

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі

2. Оқушылардың білімін тексеру

1) «Сен білесің бе?» сұрақтарға жауап (слайдтардан сұрақтар шығып тұрады)

- Металдардың периодтық жүйедегі орнына сипаттама

- Металдардың физикалық қасиеттері

- Металдық байланыс деген не?

- Металдардың кристалдық торы, оның түрлері

- Металдардың электрохимиялық кернеу қатары

- Металдардың жемірілуі, оның түрлері. Металдарды жемірілуден қорғау.

- Металлургия, оның негізгі салалары

- Судың кермектігі, оны жою жолдары

- Құймалар және олардың маңызы

- Шойын өндірісі. Домна пешінің жұмысы.

- Болат өндірісі. Мартен пешінің жұмысы.

2) «Өзіңді тексер» тесттік тапсырмалар орындау ( электрондық оқулықтан шығып тұрады)

3) «Кім көп біледі?» Оқушылардың өзіндік ізденімпаздық жұмыстары

(Әр оқушы өз бетімен металдар туралы қосымша материалдар дайындап, ақпарат беру)

4) «Құпия сан» ойынымен есептер шығару

Жауаптар

Есептер

3, 12
57, 14
42, 86
27, 18
ЖауаптарЕсептер: №1 Металдарды оксидтерінен алюминиймен тотықсыздандыру - алюминотермия әдісі металлургия өнеркәсібінде кең қолданылады. Массасы 43г марганец (ІV) оксидін алюминиймен тотықсыздандырғанда марганецтің қандай массасы түзілетінін есептеңдер.
3, 12: 2
57, 14: 0
42, 86: 4
27, 18: 1
ЖауаптарЕсептер: №2 Адам организміндегі барлық темірдің 65%-і қанның қызыл түйіршігі- гемоглобиннің құрамында болады. Адам массасының 8%-ін қан құраса, онда салмағы 60кг адамның қан құрамындағы темірдің массасын есептеңдер.
3, 12: 8
57, 14: 5
42, 86: 7
27, 18: 9
ЖауаптарЕсептер: №3 Алюминий мен магний ұнтақтарының массасы 4, 2г қоспасын тұз қышқылы ерітіндісінде еріткенде 4, 48л (қ. ж) сутек бөлінді. Осындай қоспаға натрий гидроксиді ерітіндісімен әсер еткенде 2, 24л сутек бөлінді. Қоспа құрамындағы металдардың массалық үлестерін есептеңдер.
3, 12: 7
57, 14: 6
42, 86: 5
27, 18: 3

«Орнын тап» сәйкестендіру тапсырмалары (тапсырмалар интерактивті тақтада орындары ретсіз орналастырылған түрде жазылып тұрады, оқушылар тиісті орындарына апарып қояды)

1. Металдар: Са, АІ, Ғе

2. Электрондық құрылысы : 1s 2 / 2s 2 2p 6 / 3s 2 3p 6 / 4s 2

1s 2 / 2s 2 2p 6 / 3s 2 3p 1

1s 2 / 2s 2 2p 6 / 3s 2 3p 6 3d 6 / 4s 2

3. Физикалық қасиеттері:

4. Табиғи қосылыстары:

СаСО 3 - бор, әктас, мәрмәр; АІ 2 О 3 ·2SіО 2 ·2Н 2 О - каолинит; Ғе 2 О 3 - қызыл теміртас

Са 3 (РО 4 ) 2 - фосфорит немесе апатит; АІ 2 О 3 - корунд; Ғе 3 О 4 -магнитті теміртас

СаSО 4 ·2Н 2 О - гипс (ғаныш) АІ 2 О 3 ·nН 2 О - боксит ҒеS 2 - пирит

СаҒ 2 - флюорит ҒеSО 4 , Ғе(НСО 3 ) 2

5. Қолданылуы:

5) Лездік сұрақтар:

  • Металдардағы байланыс түрі (металдық байланыс)
  • Металдардың сыртқы қабатында қанша электроннан болады? (1-3)
  • Ең иілімді металл (алтын)
  • Электр тогы мен жылуды ең жылдам өткізетін металл (күміс)
  • Ең қиын балқитын металл (вольфрам)
  • Ең оңай балқитын металл (сынап)
  • Ең жеңіл металл (литий)
  • Ең ауыр металл (осмий)
  • Ең қатты металл (хром)
  • Қоршаған орта факторларының әсерінен металдардың бүлінуі (жемірілу)
  • Өнеркәсіптік әдіспен металдар алынатын минералдар (кендер)
  • Табиғи шикізаттардан металдарды өнеркәсіптік жолмен өндіру әдістерімен айналысатын ғылым мен өндіріс саласы (металлургия)
  • Үңгірде мұз тәрізді салбырап тұратын кальций карбонатының кристалдары (сталактиттер)
  • Үңгір ішінде еденде өсіп тұратын кальций карбонатының кристалдары (сталагмиттер)
  • Темірдің құймалары (шойын мен болат)

3. Бағалау. Үйге тапсырма

Металдар тарауын қайталау, бақылау жұмысына дайындалу


Ұқсас жұмыстар
9-сынып химиясы: Алюминийдің периодтық орны, қасиеттері және қолданылуы
Металдардың периодтық жүйедегі орны және атом құрылысы: сабақ жоспары
Сабақ жоспары: §26 Металдардың периодтық жүйедегі орны және атомдарының құрылысы
Азот: периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы, қасиеттері және қолданылуы
Фосфор элементі: периодтық жүйедегі орны, физика-химиялық қасиеттері және қолданылуы
Темір және болат: периодтық жүйедегі орны, қасиеттері, алынуы және қолданылуы
Галогендер. Хлордың периодтық жүйедегі орны, қасиеттері, алынуы және қолданылуы - сабақ жоспары
Фосфор: ашылу тарихы, периодтық жүйедегі орны, химиялық қасиеттері және өнеркәсіптік қолданылуы
Көміртек: периодтық жүйедегі орны, атомдық құрылысы, қасиеттері және табиғаттағы таралуы
Сілтілік металдар (натрий және калий): периодтық жүйедегі орны, қасиеттері және қолданылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz