3-сынып ана тілі сабағы: Н.Айтовтың Нүркен өлеңі арқылы Нұркен Әбдіровтің ерлігі мен отаншылдығын тәрбиелеу

Ана тілі 3 - сынып.

Сабақтың тақырыбы: Н. Айтов « Нүркен»

Білімділік мақсаты: Оқушыларды өлең мазмұнын түсініп, айта білуге, мәнерлеп оқуға үйрету

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың санасына-сезіміне әсер ету арқылы ой қорыту, ойын жүйелеп, баяндай білу шеберлігін арттыру

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды елінің патриоты болуға, Отанын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Флипчарт, Нүркен суреті, ұшақтың жанып келе жатқан бейнесі мен батыр ескерткішінің суреті

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақ типі: Ғылыми дерек

Әдіс-тәсілдері: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту

Сабақтың барысы

І. Кіріспе

Нүркен Әбдіров Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында туған. Ол жастайынан-ақ ұшқыш болуды армандап өседі. Ұшқыштар жөніндегі кітаптарды іздеп жүріп оқитын болады. Ол ұшқыштар мектебін екі жылға жеткізбей бітіріп, 1942 жылдың күзінде сержант, ұшқыш-штурмовик болып шықты.

ІІ. а) Өлеңді мәнерлеп оқып беру

ә) Оқушыларға бөліп-бөліп оқыту

ІІІ. Өлең мазмұнын айтып беру

ІV. Көркем сөздермен жұмыс

«Аңсап көкті жасынан, Еркін қаққан қанатын» дегенді қалай түсінесің?

/Бала кезінен ұшқыш болуды армандап, талпынған, көп ізденген, оқыған/

«Жарқылдады жас ұлан, Қаптағанда қара түн» дегенді ше?

/қандай қиындық кездессе де, шаршап-шалдықпады, жігерлене түсті, жауға қирата соққы берді/

V. Шығармашылық тапсырма

А) Өлең мазмұнын ашатын сурет салу, салған жұмыстарын ауызша қорғау

ә) Тақтадағы суреттермен жұмыс

б) Ер балалардың Отан алдындағы азаматтық борышын өтеу міндеті

Мұғалім: «Менің де айтарым бар» айдары бойынша

Ер жігіттен не пайда,

Ел күйзеліп, жер күйіп.

Отанға дұшпан тигенде,

Қолына қару алмаса.

Халқымыздың қаһарман ұлдарының бірі Сұлтан Баймағамбетов қарулас достарының шабуылға шығуына жол ашып, жау оғынан қорғау үшін кеудесімен жау пулеметін жауып ерлікпен қаза тапты. Қазақтың батыр ұлына 1944 жылы 21 ақпанында Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

VІ. Сабақты қорытындылау

Өмір үшін басталды,

Ұлы жойқын күрестер.

Өмір үшін аттанды,

Даңқты біздің қыран ер.

Сталинград шайқасына қарағандылық ұшқыш Нұркен Әбдіров жанып бара жатқан ұшағын жау танкілері шоғырына құлатып, ерлікпен қаза тапты. Минометші Қарсыбай Сыпатаев пен капитан А. А. Бельгин қуатты жарылғыш минамен жау танкісінің астына түсіп, өшпес ерлік жасады. Толыбай Мырзаев «Павлов үйін» қорғауда ерлік жасады. Қаһармандық ерліктері үшін оларға Кеңес Одағының Батыры атақтары берілді.

Ән тыңдау

VІІ. Үйге Өлеңді мәнерлеп оқу.

Өлеңді қара сөзге айналдырып әңгімелеу


Ұқсас жұмыстар
Ана тілі сабағы: Н. Айтовтың Алтын сөз өлеңі және бата дәстүрі
Н. Айтовтың Ана тілім өлеңін талдауға арналған әдебиет сабағы
4-сыныпқа арналған қазақ тілі сабағы: Несіпбек Айтовтың Алтын сөз өлеңі және бата мәдениеті мен түрлері
Ана тілі сабағы: Қайрат Жұмағалиевтің Мен соғысты жек көрем өлеңі арқылы бейбітшілік пен патриотизмді тәрбиелеу
Нұркен Әбдіров атындағы №10 орта мектептің Алтын күз мерекелік-концерттік және көрме бағдарламасы
Ана тілі (3-сынып): Рақымжан Қошқарбаев - Рейхстагқа жеңіс туын тіктіру ерлігі
8-сынып сабағы: Шыңғыс Айтматовтың Найман-Ана үзіндісі арқылы ана ерлігі мен адамгершілікті талдау
Қ. Жұмағалиевтің Мен соғысты жек көрем өлеңі негізіндегі бастауыш сынып ана тілі сабағы: бейбітшілік пен патриотизмге тәрбиелеу
Ана тілі сабағы: Асқар Тоқмағамбетовтың өлеңі арқылы төрт түлік туралы аралас сабақ
3-сынып Ана тілі сабағы: Абай Құнанбаевтың Қыс өлеңін оқыту жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz