Қазақстанның ортағасырлық сәулет ескерткіштері: 5-сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары

Мұғалім: Иманғожина Назгүл Тұрсынғазықызы Өтетін күні:
Ашық сабақ жоспары
Тақырыбы: «Сәулет өнерінің ескерткіштері» (Қазақстан тарихынан әңгімелер. 5 класс)
Ұйымдастыру + оқушыларды түгендеу
(2 минут)
Қызығушылық ояту. Интерактивтік тақтада бірнеше фотосуреттерді көрсете отырып, келесідегідей сауал қою.
Тапсырма №1. «Бұл суреттерде бейнеленген дүниелерді қандай өнер түрі біріктіреді?». Жауабын тақтаға жазғызу (2-3 минут)
А) Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау (2-3 минут) . Жоспар : (дәптерге жазғызу)
- Ежелгі заманғы құрылыстар.
- Ортағасырлық сәулет өнері.
- Қазіргі заманғы сәулет өнері.
Топаралық жарыс . 1 «Миға шабуыл».
Интерактивтік тақтадан көрсетілген ғимараттар атауларын және олардың орналасқан қаласын табу ( 5-6 минут)
- Интерактивтік тақта
- Слайд материалдары
- Электрондық сағат
Топпен жұмыс. 2. Тапсырма №2 «Әрбір топқа арнайы сұрақ»
Жауап оқулық көмегімен дайын болған соң интерактивтік тақтаға жазылады.
1-топ. Сәулет өнері дегеніміз не?
2- топ: «Мықтың үйі» дегеніміз не?
3- топ: Үйтас дегеніміз не?
4- топ: Киіз үй қашан пайда болған?
(3-4 минут)
Үйге тапсырма беру . § 38, хрестоматиядан №49
(І қатар), 50 (2 қатар), 53 (3 қатар) оқу, мазмұндау
(1-2 минут)