Шығармашылық тапсырма

«Бекітемін»
Мектеп директоры:
Қ. Қ. Салахов
Қаратал орта мектебі мемлекеттік мекемесі
Математикадан ашық сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы:
«ТЕҢДЕУ ҚҰРУ АРҚЫЛЫ ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ»
4 сынып
Бастауыш сынып мұғалімі:
Сасбаева Құндыз
Рысбекқызы
2010-2011 оқу жылы
- Бағдарлама межесіне сай білім, білік дағдыларын қалыптастыра отырып, жанама түрде тұжырымдалған есептерді теңдеу құру арқылы шығаруға жаттықтыру.
- Оқушылардың ақыл-ойының, математикалық стилін, шығармашылық сезімін, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
- Оқушылардың танымдық және құзыреттілік іс-әрекетпен білім алуға және еңбекке бейімдеу. Пәнге деген көзқарасын, білімге құштарлығын қалыптастырып, ұжымшылдыққа, ауызбірлікке, ынтымақтастыққа тәрбиелеу. Ұстаз еңбегінің қыр-сырын ұғынып, оған деген құрмет сезімдерін ұштау.
1. Психологиялық әзірлік
Үлкенге де сіз,
Кішеге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.
2. Кезекші мәліметі.
3. Оқушылардың сабаққа әзірліктерін қадағалау.
4. Жұлдызшаларымызды әзірлеп, өздеріңді бағалап отыруды ұмытпаңдар.
- Үлестірмелер беру арқылы жылдамдық, уақыт, қашықтыққа байланысты білімдерін еске түсіру
- №8 тапсырма бойынша есеп құрастыру. Шығарылу жолын түсіндіріп айту.
- Шығармашылық тапсырма. «Сиқырлы көпбұрыш». Дәлелдеу.
- Қандай фигуралардан құрастырылған? Неше ұшбұрыш көруге болады.
- Бұл көпбұрыштың ауданын табуға бола ма? Қалай табамыз? Нені қолданасың?
- Мадақтау.
І «ОЙ ҚОЗҒАУ»
- Олай болса балалар дәптерімізді ашып, бүгінгі күннің атын жазайық.
- Көркем жазу сәті. 1392 саны.
- Енді алдарыңда мына тұрған, өлшемдері берілген төртбұрыштың периметрін кім өрнек түрінде жазып көрсетемін дейді. (Тақтаға жазып көрсету)
а) Р=Хсм + 4см + 3см + 3см
ә) Р=Хсм + 2см + Хсм + 2см
Р=(Хсм + 2см) *2
Р=((Хсм + 2см) *2) : 2 (жарты периметрі)
-Бұл фигураның периметрін өрнек түрінде жаза отырып біз қандай өрнектер жаздық? (Әріпті өрнектер)
- Дұрыс. Әріпті өрнектерді біз көбінесе нелерден кездестіреміз. (Теңдеулерден)
-Олай болса, біз бүгін сабағымызда теңдеу құру арқылы есептер шығара отырып алған білімімізді пысықтаймыз.
- Қазір сендерге бейбітшілік құсы көгершіннің сендерге әкелген сәлем-хаты бар екен. Көгершін не дейді?
- Иа, сендердің мына тұрған сөзжұмбақты шешулеріңді өтініпті.
(Әр жұп оқушыға тапсырмалар таратып бере отырып, сөзжұмбақты шешеміз. )
-Сонымен сөзжұмбағымыздың айрықша қатарынан қандай сөзді оқуға болады?
-Олай болса бүгінгі сабығымызды ұстаздарға арнамақшымыз. «Ұстаз» атты сызба жасап, оған ұстаздарды сипаттайтын сөздер жазып тұрайық жарай ма?
-Сендерге сол білімді кім береді? (Ұстаз сөзін сызбаға түсіру)
- Әрине, олай болса ұстаздардың өздері де қандай деп ойлайсыңдар? (Сызбаға білімді сөзі түсіріледі)
«ЖОҒАЛҒАН СӨЗДІ ТАБАЙЫҚ». Қосымша тапсырмамен жұмыс. Тағы қандай мақал-мәтелдер білеміз?
ІІ ОҚУЛЫҚПЕН ЖҰМЫС
№2 тапсырма. Тапсырма оқылып талданады. Екі тәсіл арқылы орындалады.
1 тәсіл: 80: 4=20 Жауабы сәбіздің бағасы 20 теңге
2 тәсіл: Х * 4 = 80
Х = 80: 4
Х = 20
20 * 4 = 80
80 = 80 Жауабы: сәбіздің бағасы 20 теңге
ІІІ. Қосымша тапсырма: Теңдеу құру арқылы шығару.
Мұғалім оқушыларға 50 күрделі теңдеу дайындап, күніне 2 теңдеуден шығартып жүрді. Балалар 24 теңдеуді шығарып қойды. Қалған теңдеулерді олар неше күнде шығарады?
Х * 2 = 50 - 24
Х * 2 = 26
Х = 26 : 2
Х = 13
13 * 2 = 50 - 24
26 = 26
Жауабы: Қалған 26 теңдеуді балалар 13 күнде шешеді.
-Балалар, сендердің аналарың дүкеннен тәттілер, жемістер әкеліп, күнде сақтап беріп жүреді иа. Ұстазың да сенің анаң сияқты алдын-ала сабақтарға дайындалып, көптеген қызықты тапсырмалар дайындап, күнде сабақ сайын беріп жүреді. Бұл ұстаздың сендерге деген несі деп білесіңдер? (Қамқорлығы. Сызбаға түсіру)
«ЕСІҢДЕ МЕ?» Қосымша тапсырмамен жұмыс. Мәтіннен үзінді оқып, сәйкес сурет бойынша мәтін тақырыбын, авторын тауып айту.
№4 тапсырма. Мазмұны оқып, талданады. Есепті теңдеу құрау арқылы шығару.
Х - қапшықтар саны
3 * Х - барлық қапшықтардағы ұнның массасы
(10+2) - барлық кіртастардың массасы
Таразы теңеліп тұрғандықтан:
3 * Х = 10 + 2
3 * Х = 12
Х = 12 : 3
Х = 4
3 * 4 = 10 + 2
12 = 12 Жауабы: 4 қапшық
ІУ. Шығармашылық тапсырма : Теңдеу құру арқылы шығару.
Мұғалім оқушылардың саны бірдей 2 сыныпты циркке алып барды. Бірінші сыныпты теңдей бөліп екі қатарға отырғызды, ал екінші сыныптың 14 балысн бір қатарға, 10 баласын екінші қатарға отырғызды. Әр сыныпта неше оқушы бар? Бірінші сынып әр қатарға неше оқушыдан отырғызылған?
Х - оқушылардың саны
Х * 2 - екі қатарға тең бөліп отырғызылған бірінші сыныптың оқушыларының саны
14 + 12 - екінші сыныптың балалары
Х * 2 = 14 + 10
Х * 2 = 24
Х = 24 : 2
Х = 12
12 * 2 = 14 + 10
24 = 24 Жауабы: Әр сыныпта 24 оқушы және бірінші сыныптың оқушылары әр қатарға 12 оқушыдан отырғызылған.
- Балалар, оқушылармен сыртта жүру мұғалімге оңай ма? Қандай қасиет керек? (Ұстамдылық, батырлық, қайсарлық) Кестеге түсіру.
«Кім көп біледі?» Батырлық, ерлік туралы тоқтамастан бірнеше мақалдар айту.
Сергіту сәті :
- Мына екі бейненің қайсысы көбірек ұнайды?
- Олай болса, ұстаздарыңды қуанту үшін мына бір өлең жолына қарайықшы. Жоқ сөзді орнына қойып, өлеңді аяқтау.
- Ол сыныптың кімі екен? (Анасы. Кестеге түсіру)
Тапсырма: Ана туралы өткен ана тілі сабақтарында өз шығармашылықтарыңнан өлеңдер шығарып едік қой естеріңде ме? Кім айтып беремін дейді?
- Балалар, сендердің білімдеріңе ұстаздар риза болып, сұрақ қойғылары келіп отыр екен. Қарсы емессіңдер ме?
У. Ұстаздың тапсырмасы : Топпен жұмыс
Мен ұстазбын. Күнделікті сабақтарға дайындалуға 95 минут, дәптер тексеруге 125 минут жұмсаймын. Бос уақытым сол екі жұмысқа кеткен уақыттан 2 есе кем. Менің бос уақытым қанша минут. Сағат және минутпен өрнекте.
Х - бос уақыт
95 + 125 - сабақ қарауға
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz