Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Азот тыңайтқыштары
Садвакасова Шынар Төлеуқызы №44 қазақ орта мектебінің химия пәнінің
мұғалімі
Мектептің мекенжайы: Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласы, Мәди көшесі,
1үй
Тақырыбы: Минералды тыңайтқыштар
Мақсаты :
1. Оқушыларды минералды тыңайтқыштардың түрі, құрамы, өсімдіктердің өсіп-
дамуына тигізетін әсерімен таныстыру.
2. Оқушылардың салыстыру, негізгісін бөліп алу біліктерін дамыту.
3. Экономикалық, экологиялық тәлім-тәрбие беру.
Әдісі : жаңа сабақты меңгеру.
Көрнекіліктер : интерактивті тақта, «Минералды тыңайтқыштар» топтамасы,
кеспе қағаздар.
Жоспары :
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа материалды игеру.
ІҮ. Бекіту.
Н. Бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.
Сабақ барысы :
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: интерактивті тақтамен жұмыс.
А) Периодтық жүйедегі орны бойынша фосфорға сипаттама.
Слайд 2.
Ә) Фосфор қышқылының химиялық қасиеттері. Реакция теңдеулерін аяқтап,
теңестіріңдер :
H3PO4 + Zn =
H3PO4 + P2O5 =
H3PO4 + NaOH =
H3PO4 + MgO =
H3PO4 + K2S =
H3PO4 + NaCI =
Слайд 3.
Б) фосфордың маңызы, қолданылуы
фосфор
ІІІ. Жаңа материалды игеру:
Сонымен, біз ҮА тобында орналасқан азот және фосфор элементтерімен,
олардың маңызды қосылыстарымен таныстық. Олардың тірі ағзалар үшін
маңызы зор. Азот ақуыз, көмірсулардың құрамына кіреді, ал фосфор адам
қаңқасында 600г, бұлшық еттерінде – 56г, ми мен жүйкелерінде 5г болады.
Ағзада фосфор мен азот жетіспесе ағза сүйектері сынғыш болады.
Азот пен фосфордың тірі табиғаттағы да маңызы өте зор. Агрохимияның
негізін қалаушылардың бірі неміс химигі, академик Юстус фон Либих 1840ж.
өсімдіктерді минералды қорғау теориясын ұсынды. Ол көптеген анализдер
негізінде әр өсімдікке қалыпты тіршілік ету үшін С, Н, О, Р, К, Са т,б,
элементтер қажет екенін дәлелдеді. Олардың кейбіреулерін өсімдіктер көп
мөлшерде қажет етеді, енді кейбіреулерін аз тұтынады. Өсімдіктердің
элементтерді тұтыну мөлшеріне байланысты олар макро- және
микроэлементтер болып бөлінеді. Ал, Р, К, жәнеN өте көп мөлшерде
қажет, сондықтан олар кенеулі элементтер деп аталады. Өндірісте
құрамында осы элементтер бар тыңайтқыштар өндіріледі.
Ал біз тыңайтқыштар туралы не білеміз ?
Слайд 5.
Тыңайтқыштар
шығу тегіне кенеулі элементке
агрегаттық күйіне
орг-қ минер. азотты фосфорлы калийлі
қатты сұйық
Слайд 6.
Азот тыңайтқыштары
CO(NH2)2 - карбамид
NH3*H2O - аммиак суы
Ca(NO3)2 - әк суы
Ca(CN)2 – кальций цианиді
Фосфор
тыңайтқыштары
Са3(РО4)2 – фосфорит ұны
Са(Н2РО4)2 – жай суперфосфат
Са(Н2РО4)2*Н2О – қос суперфосфат
СаНРО4*2Н2О - преципитат
NH4H2PO4 - аммофос
(NH4)2HPO4 – диаммофос
Балалар, білесіңдер, ауаның құрамында 78% азот бар, бірақ сонда да
өсімдіктерге азот жетіспей, аз өнім беріп жатады. Бұл неге байланысты
? Өсімдіктер азотты ауадан сіңіре алмайды екен, олар оны тек нитрат,
аммоний иондары түрінде ғана сіңіре алады екен. Оларға азотты ионға
айналдыруға асбұршақтылардың түйнектерінде болатын түйнекті бактериялар
көмектеседі екен. Олар ауадағы азотты сіңіріп, ионға айналдырып, оны
өсімдіктерге береді, өсімдіктерден органикалық заттар алады да,
өсімдіктермен селбесіп симбиозды тіршілік етеді.
Слайд 7,8,9.
Азот
тыңайтқыштары
жетіспесе
мол болса
Өсімдктердің бойы өспей, жапырақ- өсімдіктердің өсуі мен дамуы
жақ-
тары жұқа, шырыны аз, гүлі майда сарып, өнімі мол болады.
Азот ты-
болады, жасыл массаның түзілуі ңайтқыштары өсімдіктерге,
әсіресе,
баяулайды. көктемде
қажет.
Фосфор тыңайтқыштары
жетіспесе
мол болса
өсімдіктің гүлденуі мен пісуі баяу- жемістің сапасы жақсарып,
өнімі
лайды, хлорофилл түзілмейді. артады. Фосфор, әсіресе,
ұдайы
жетілетін мүшелер (гүлі, жемісі)
өскенде және дамығанда қажет.
Калий тыңайтқыштары
жетіспесе
мол болса
фотосинтез қарқыны төмендейді өсімдікте крахмал, қант, май
түзілуі
жоғарылайды. Ол астық тұқымдас-
тардың сабағын қатайтып, оларды
жатып қалудан сақтайды.
Слайд 10, 11,12, 13. Тыңайтқыштар экологиясы.
Тыңайтқыштарды арнаулы қоймаларда сақтау керек және мөлшерден тыс
пайда-ланбау керек, өйткені олар қоршаған ортаны ластауы мүмкін.
Жарық аз түсетін жерде өсетін өсімдіктер, нитраттарды бойына көп мөлшерде
жинайды. Нитраттарды бойына көп мөлшерде жинауға бейім өсімдіктерді
көлеңкелі жерлерде өсіруге болмайды. Ондай өсімдіктерге сәбіз, орамжапырақ,
пияз, қарбыз, қауын, қызанақ т.б. жатады. Егер адамның салмағының әрбір
килограмына тәулігіне 5мг нитрат сәйкес келсе, бұл адам ағзасына қауіпті
мөлшер деп есептеледі. Ал нитраттары көп жемістер адамды әртүрлі
ауруларға ұшыратады Тыңайтқышпен жұмыс жасағанда да сақтық шараларын
сақтау керек.
Слайд 14.
ІҮ. Бекіту : 1. Сәйкесін тап.
NH4CI
аммофос
CO(NH2)2
фосфорит ұны
Ca3(PO4)2 жай
суперфосфат
Ca(H2PO4)2
карбамид
NH4H2PO4 аммоний
хлориді
2. Минералды тыңайтқыштардың пайда-зияны
Ү. Бағалау.
ҮІ. Үйге : § 22
-----------------------
+
─
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz