Информатика пәнін оқыту


Сабиханова Гаукар Ғазезқызы,

№32 ЖОББ мектептің жоғары санатты

математика мұғалімі.

Асенова Айжан Оралшақызы,

аталған мектептің бірінші санатты

информатика мұғалімі.

Қайырлы күн құрметті әріптестер мен семинарға келген қонақтар!

«Орта мектеп оқушыларының компьютерлік сауаттылықтарын арттыру мақсатында ЭЕМ кеңінен ендіруді қамтамасыз ету шаралары» жөніндегі қаулыдан басталынған компьютерлендіру үрдісі ағарту қызметкерлеріне жаңаша талап қойып отыр. Орта мектепте компьютерлендіру екі үлкен мәселені қамтиды:

  1. Информатика пәнін оқыту.
  2. Басқа сабақтарда компьютерді көрнекі құрал ретінде пайдалану.

Математиканы оқытуда есептегіш техникасын пайдалану оқушыларды ынталандырып, олардың бойындағы қабілеттерінің дамып, көрінуіне және пәнге, жаңа техникаға деген қызығушылығын арттырады.

Біздің шығармашылық топтың тақырыбы: «Теориялық білімді практикамен ұштастыру - білім сапасының жоғарылауының бір бөлігі».

Мақсаты: оқушыларға алгебра, геометрия, физика, информатика пәндерінің арасындағы байланысты көрсете отырып, олардың шығармашылық қабілетін дамыту, тақырыпты ғылыми тұрғыда түсіне білуге, зейінділікке, шыдамдылыққа тәрбиелей отырып, өз бетімен еңбектенуге, ойлануға дағдыландыру.

Компьютерді оқу процесіне пайдалану мәселесіне арналған зерттеулерге талдау жасасақ компьютердің төмендегідей дидактикалық мүмкіндіктерін көруге болады.

Ол:

  • оқушылардың өз бетімен шығармашылық бағытта жұмыс істеуіне, әсіресе құбылыстарды зерттеуге, басқаруға мүмкіндік береді;
  • оқушылардың өзін-өзі бақылауына және өз жұмыс әрекетіне өзінің түзету енгізе білуіне үйретеді;
  • басқа пәндерден алған білімдерін бекітуге көмектеседі;
  • жалпы танымдық қаблеттердің дамуына әсер етеді;
  • өткен материалдардағы негізгі құбылыстар мен заңдылықтарды көре отырып, сабақты пысықтауға мүмкіндік береді;
  • материалды тез меңгеруге, сонымен бірге уақыт ұтуға, пәнді интеграциялап оқуға жағдай жасайды, пәннің сапасы мен мазмұнына да түбегейлі өзгерістер енгізеді.
  • табиғи жағдайда көзге көрінбейтін кейбір құбылыстарды экранда көруге мүмкіндік береді.

Бұл келтірілген компьютердің дидактикалық мүмкіндіктерінен оны математика, физика сабағының тиімділігін арттыруда да пайдалануға болатынын көруге болады.

Ғылымның жеке салаларындағы білім мазмұнын интеграциялап оқытудың әдістемесінде өзіне тән қағидалары, түрлері, әдістері бар. Қазіргі ғылымның барлық салалары өзара тығыз байланысты. Пәнаралық байланыс мектептегі ғылым негіздерінің жан-жақты және терең меңгерілуінің дидактикалық шарты және құралы болып табылады. Соның бірі интеграцияланатын оқу пәндерінде бірдей зерттеу әдістерінің пайдаланылуы. Мысалы алгебра, геометрия, информатика негіздері пәндерінің - концептуралды құрылым негіздері бірдей - талдау - алгоритмдік жүйе - бағдарлама . Осы интеграциялауда қосарланған сабақтар, яғни алгебра мен информатика немесе геометрия мен информатика конференция сабақ не семинар сабақ түрінде өтеді. Соңғы кезде математиканы оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың прогрессивті бағыты болып отыр. Мұғалім мен оқушының қарамағына сабақ барысындағы жұмыстың үлкен көлемді бөлігін тез орындайтын компьютердің мүмкіндігін пайдалануды жүктеу, оқушылардың математикалық білімін шыңдауда жаңа сапалы нәтижелер алуға мүмкіндіктер береді.

Сабақ барысында және сабаққа дайындауда компьютерлік оқыту программасын пайдалануда мынадай негізгі ерекшеліктерді есте ұстау қажет.

  1. Компьютер оқушыны бейнелеуді қажет ететін стандартты амалдарды орындау жөніндегі жүктемеден құтқарады. Программаның көмегімен функцияның графигін нүктелер арқылы салуға болады. Компьютерді қолдану оқып білу тобына дәл дәлдікпен айқын сандық мәндерді кіргізу мүмкіндігін береді. Осының көмегімен оқушыларға графиктерді практикада қолданудың мүмкіндігін көрсетуге болады.
  2. Компьютерлік оқыту программасын пайдалану барысында сабақтың негізгі формасын шәкірттік кіші-зерттеу зертханасы бола алады.
  3. Жай графиктерді салудың өзі оқушылардың көп уақытын алады. Компьютерді қолдану оқушыларға сабақ барысында кездесетін графиктер тобын кеңейтуге болады.
  4. Математикадан зертханалық жұмысты орындау оқушыдан әртүрлі және ынталы әрекетті талап етеді.
  5. Компьютерлік оқыту бағдарламасы жаңа ақпараттық технологияларды оқушыларға сабақ барысында қолданудың мысалы бола алады.

Мектеп математикасын оқытуда компьютерді тиімді пайдалану мақсатында пәнаралық байланыс арқылы математика және информатика пәндерін біріктіріп бірнеше ашық сабақтар өткіздік. Сонын бірі «Функцияның графигі» сабағын ұсынып отырмыз.

Ашық сабақ тақырыбы: «Функцияның графигі» тақырыбын қайталауға есептер шығару. (7 сынып) .

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Функцияның графигін компьютерде сала білу.
  2. Дамытушылық: Оқушыларға алгебра, геометрия, физика, география, информатика арасындағы байланысты көрсете отырып, олардың шығармашылық қабілетін дамыту, тақырыпты ғылыми тұрғыда түсіне білуге, өз бетімен еңбектенуге, ойлауға дағдыландыру.
  3. Тәрбиелік: Еңбек етуге, шыңдыққа, зейіндікке баулу, математикадан алған білім, дағдыларын күнделікті өмірде, компьютерде пайдалана білуге үйрету.

Көрнекілігі: Кестелер, таратпалар, дербес компьютер, интерактивтік тақта.

Әдіс: Практикалық.

Сабақтың түрі: Интеграциялық.

Пәнаралық байланыс: алгебра, геометрия, информатика, физика, география.

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Тақырып бойынша қайталау. (Ауызша сұрақ-жауап, тақтада, компьютерде, орнында параллель практикалық жұмыстар жүргізу) .
  3. Зертханалық жұмыс.
  4. Үйге тапсырма беру.
  5. Қорытынды.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сабаққа дайындықтарын тексеру.
  2. Сабақтың тақырыбын жазу, мақсатын айту.

ІІ. Тақырып бойынша қайталау.

Тақтаға температураның уақытқа тәуелділігінің графигі ілінеді.

  1. Ауызша сұрақ-жауап алу. (5 минут) .
  1. Функция деген не? (Толық жауап беру) .
  2. Функцияның графигі деген не? (Толық жауап беру) .
  1. Кесте бойынша ауызша сұрақтар. (3 минут) .
1. Сұрақ-жауап:

1. Сұрақ-жауап

Т (уақыт):

Т (уақыт)

2:

2

5:

5

8:

8

14:

14

22:

22

1. Сұрақ-жауап:

t (температура)

Т (уақыт):
2:
5:
8:
14:
1. Сұрақ-жауап:

2. Сұрақ-жауап

Т (уақыт):

Т (уақыт)

2:

0

5:

2

8:

4

14:

13

22:

18

1. Сұрақ-жауап:

t (температура)

Т (уақыт):
2:
5:
8:
14:
  1. Аргументтің қандай мәнінде функция оң болады? (Қандай уақытта «+» мәндерді қабылдайды?) .
  2. Аргументтің қандай мәнінде функция теріс болады? (Қандай уақытта «-» мәндерді қабылдайды?) .
  3. Қандай уақыт аралығында температура жоғарылайды? (Өседі?) .
  4. Қандай уақыт аралығында температура төмендейді? (Кемиді?) .

Бұл графиктен математика пәнінің география пәнімен байланысқандығын көреміз.

3) Ауызша сұрақтар. (5 минут) .

  1. Сызықтық функция деп қандай функцияны айтады?
  2. Сызықтық функцияның графигі қандай болады?
  3. Сызықтық функциянын графигін қалай саламыз?
  4. у=kх+b функциясында b=0 болса, қандай функция шығады?
  5. Тура пропорционалдық графигі не?
  6. Оны қалай саламыз?
  7. k>0 болса қандай ординаталарда? (І, III ширекте) .
  8. k<0 болса қандай ординаталарда? (ІІ, IV ширекте) .
  9. Сызықтық функция бұрыштық коэффициенттері бірдей болса қалай орналасады?
  10. Әр түрлі болса қалай орналасады?
  1. Практикалық жұмыстар. (15 минут) .

Келесі функциялар мен кестелер тақтада жазылып, ілініп тұрады. Оқушылар тақтада, компьютерді қолданып, орнында отырып осы тапсырмаларды орындайды.

Функциялар у=-х+4 у=х+4

х
0
4
х
0
-4
х: у
0:
4:
:
х: у
0:
-4:
х: у=-х+7
0:
4: у=х+7
х: х
0: 0
4: 7
:
х: х
0: 0
-4: -7
х: у
0:
4:
:
х: у
0:
-4:
х: у=-х+9
0:
4: у=х+9
х: х
0: 0
4: 9
:
х: х
0: 0
-4: -9
х: у
0:
4:
:
х: у
0:
-4:

Оқушылар х-тің мәніне сәйкес у-тің мәнін өздері табады.

Компьютерде отырған оқушылар Місrоsоft Ехсеl бағдарламасын қолданып дайын кестеге х-тің мәнін қойып, у-ті табады. Сосын Функция шебері (Мастер функции) командасын қолданып функцияның графигін салады. Функция графигі типі Нүктелі ( Точечная ) .

Нәтижесінде мынадай сурет тақтада, компютерде шығуы керек. Осы графикт қалай шыққаны ауызша сұрақтар бойынша бекітіледі.

Ауызша сұрақтар:

  1. у=-х+4

у=х+4

  1. у=-х+7

у=х+7

  1. у=-х+9

у=х+9

4. у=-х+4

у=-х+7

у=-х+9

5. у=х+4

у=х+7

у=х+9

6. у=-х+4

у=х+4

  1. у=-х+7

у=х+7

  1. у=-х+9

у=х+9

Шыққан функция графигіне оқушылар өз талдауларын жасайды. Тұжырым нәтижесі: Функция графигінен біз тең бүйірлі үшбұрыштар көріп тұрмыз, оу - осі тең бүйірлі үшбұрыштар биіктігі, медианасы, бисектрисасы болады.

Компьютердегі жұмыс барысы.

Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар:

1. Қолданбалы Місrоsоft Ехсеl бағдарламасын іске қосу. ( Пуск - Программы - Місrоsоft Ехсеl ) .

2. Таратпалармен жұмыс. Таратпада 3 деңгейлік тапсырма беріледі.

1-деңгей. Бағдарламаның бірінші бетіне орындалады. ( Лист1 ) .

№1 таратпаҚарапайым сызықтық функция құру.у=-5х+7х=0, х=7у-?:

№1 таратпа

Қарапайым сызықтық функция құру.

у=-5х+7

х=0, х=7

у-?

2-деңгей. Бағдарламаның екінші бетіне орындалады. ( Лист2 ) .

Нәтижесі.

3-деңгей. Бағдарламаның үшінші бетіне орындалады. ( Лист3 ) .

Мысалы: Функциялар берілген у=-х+4

у=-х+4
у=х+4
у=-х+4: х
: 0
у=х+4: 4
х
0
-4
у=-х+4: у
:
у=х+4:
у
у=-х+4: у=-х+7
:
у=х+4: у=х+7
у=-х+4: х
: 0
у=х+4: 7
х
0
-7
у=-х+4: у
:
у=х+4:
у
у=-х+4: у=-х+9
:
у=х+4: у=х+9
у=-х+4: х
: 0
у=х+4: 9
х
0
-9
у=-х+4: у
:
у=х+4:
у


Ұқсас жұмыстар
Информатика пәнінің берілуі
Пәнді тереңдетіп оқыту
Оқыту мақсаты
Бастауыш сыныпта информатиканы оқыту
Бастауыш сыныпта информатика пәнін оқытудың маңызы
Оқу үрдісін ақпараттандыру арқылы информатиканы оқыту
Мектептегі информатика курсының тәрбиелік мақсаты
Негізгі буындағы информатика курсының мазмұны
Жаңа стандартқа байланысты 5 сыныпта информатика пәнін оқытудың үлгілері
Қорыта келгенде информатика сабағында компьютердің барлық мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, оқушылардың ақпараттық - технологиялық ойлау қабілетін дамыту және арттыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz