Тіл мәртебесі - ел мәртебесі тақырыбындағы мектептік сайыс сабақтың сценарийі

ММ «№ 28 жалпы орта білім беретін мектеп»

Сабақтың тақырыбы:

«Тіл мәртебесі- ел мәртебесі»

Семей қаласы

« Тіл мәртебесі- ел мәртебесі»

Сабақтың мақсаты : оқушыларыдң қазақша сөйлеу дағдысын арттыру,

қазақ халқының мәдениетін білуге, қазақ

тілін меңгеруге оқушыларды

отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі : тіл туралы нақыл сөздер,

ҚР мемлекеттік рәміздері

Сабақтың барысы:

« Атамекен» әні орындалады.

-Құрметті ұстаздар мен оқушылар, бүгінгі « Тіл мәртебесі- ел мәртебесі» атты сайысымызға қош келдіңіздер.

Қазақ осы ағыл-тегіл көл- көсір,

Қазақ осы « Өнер алды- тіл дейтін»,

Қазақ осы қарасыңба, ақсыңба,

Қоңырсыңба жатырқауды білмейтін, -

дп ақын ағамыз Қ. Мырзалиев айтқандай, ұлы қазақ даласында 130- дан астам ұлт өкілдері татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатыр. Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезіну қажет. Осындай мақсатпен мектебімізде оқитын басқа ұлт өкілдерінің арасында « Тіл мәртебесі- ел мәртебесі» атты сайыс ұйымдастырылып отыр.

  • Құрметті қонақтар, ұстаздар, сіздерді сайыстың кезеңдерімен танытстырып өтелі. Сайыс екі кезеңнен тұрады, әр кезең 4 бөлімнен құралған. Әр бөлім бойынша сайыскерлер жауап беруіне байланысты 1-5 ұпаймен бағаланады.

1-кезең:

1- бөлім: таныстыру

2- бөлім: Сүйікті ақынмен сырласу

3- бөлім : мақал- мәтел білгірлері

4- бөлім : берілген тақырып бойынша өз ойларын жеткізу.

2- кезең:

1- бөлім : Шашыраңқы сөздерден сөйлем құрау

2- бөлім : Мәтінді аудару ( орысшадан қазақшаға)

3- бөлім : Кім жылдам? (сұрақтарға жауап беру)

4- бөлім: Өнерлінің өрісі кең (өз өнерін көрсету)

1- Таныстыру.

2- Сүйікті ақынмен сырласу

Ән «Анамның тілі» орындалады.

  • Келесі бөлімімізде сайыскерлеріміз таңдап алынған еркін тақырыта өз ойларын жеткізеді.

1- тақырып: Менің Отаным Қазақстан.

2- тақырып: Қазақ тілі- қащынам.

3- тақырып: Менің отбасым.

4- тақырып : Менің алғашқы ұстазым.

« Кім жылдам бөлімі?»( шашыраңқы жазылған сөздерден тыныс белгілерін қоя отырып, шешендік сөздерді жазу)

«Мәтінді аудару бөлімі»- осы бөлімде ережеге сәйкес ұпай саны аз екі сайыскеріміз келесі кезеңге қатыса алмайды. ( әділ- қазыларға жүгіну)

Қазақ биі « Қамажай» орындалады.

  • Келесі бөлім «Бәйге» деп аталады. Бұл бөлімде әр сайыскер 1 минут ішінде қойылған сұрақтарға нақты, әрі тез жауап беруі тиіс. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпай.

Өнерлінің өнерін тағы да байқап көрейік,

Жүйрік аттай желейік,

Ән мен жырға кезек берейік

  • өздеріңізге белгілі болғандай, келесі бөліміміз « Өнерлінің өрісі кең». Сайыскерлеріміздің өнерін тамашалайық.
  • 5 б сынып оқушысы Ағаділова Аружанның орындауында Т. Балтабаевтың әні « Қалқам-ау, қазақпын де . . . » атты өлеңімен қарсы алыңыздар.
  • Сайысымызды қорытындылап, жеңімпазды анықтау үшін әділ- қазыларға сөз берейік.
  • Құрметті ұстаздар мен оқушылар, «Тіл мәртебесі- ел мәртебесі» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Тіл әр ұлттың қайталанбас байлығы. Тіл бар жерде ұлт та, ел де, жер де болмақ. Тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ екеніне көз жеткіздік. Сау болыңыздар.

Ұқсас жұмыстар
Тіл мәртебесі - ел мәртебесі: білім беру-сайысының мақсаты, құрылымы және тапсырмалары
Тілім - тірлігімнің айғағы: тілдің қоғамдағы мәртебесі мен мемлекеттік тіл саясаты
Ауған соғысының тарихи-саяси бағасы және ардагер мәртебесі
Тіл - мемлекет тірегі: мемлекеттік тілдің мәртебесі, құқықтық аспектілері мен даму мәселелері
Тіл мерекесіне арналған сынып сағаты: мемлекеттік тілдің мәртебесі және көптілділік
Ұстаздың мәртебесі және ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі
Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі мен қоғамдағы орны
Қазақстан Республикасының Президенті, Парламенті және Үкіметінің конституциялық-құқықтық мәртебесі
Ұстаз мәртебесі және тәрбиелік рөлі
Қазақстан Республикасының Үкіметінің құқықтық мәртебесі мен өкілеттіктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz