Балаларға баулытып, құсқа салдыратын құс

Қыран құс не алмайды салса баптап
Мақсаты: Қыран құстармен таныстыру, жыртқыш құстардың табиғатқа тигізетін пайдасы туралы, құсбегінің қыран құстарды қалай баулитынын, құсбегіге қажет құралдар туралы түсіндіру.
Тәрбиелілігі: Қыран құстарды қорғауға, әсемділікке баулу.
Дамытушылығы: Қыран құстар туралы мол мағлұмат беру, дүние танымын кеңейту.
Шығармашылығы: Сөзжұмбақ шешу арқылы қыран құстар ерекшелігін, қыранды баулушы адамды табу.
Көрнекілік ретінде, құсбегі мен оған қажетті құрал - жабдықтар суреті, құстарға байланысты мақал-мәтелдер қолданылады.
Барысы: тәрбиеші : Құсбегілік ұлттық спорттың ерекше дамыған түрі. Көп елде кездеспейтін құсбегілік, кездессе мардымсыз дамыған құсбегілік өнері қазақ даласында ғасырлар бойы қалыптасқан. Құс салып аң аулау осыдан 7 ғасыр бұрын қанат жайған.
Құсбегілік туралы қысқаша сипаттама берілгеннен кейін оқушылар кезек-кезек тақтаға шығып, өзі білетін құс суретін көрсетіп ол жайлы әнгімелеп береді.
Біздің елімізде бүркіттің 7 түрі мекендейді. Олардың арасындагы ең бір ғажабы - қыран бүркіті. Ол қасқырды да алатын өте күшті, ірі денелі алып құс. Бүркіт биік таулар шыңдары мен жар тастарын мекендейді. Кейде ормандарда да кездеседі. Бүркіт өте сақ, адам көзіне шалдыға бермейді. Қанат құлашы 2 метірге дейін жетеді.
Халқымыз қансонарды ерекше қадірлеген. Шытырлаған аязда қызара бөртіп, таза ауаны еркін жұтып, ат үстінде журудің өзі қандай ғанибет! Салауатты өмір салтының далада екенін түсінсек жалқаулықтан тапқан сырқаттарымыздан айырылар едік.
Әр адамға өз елінің аң- құстары аса қым бат. Қазақ қалқы қыран құстары киелі деп көп аулап ұстамайды. Оларды қорғайды. Қыран құстар ғалымдардың бақылыуынша 100- жылға дейін өмір сүреді. Қазақ құсбегілері бүркіт жасын былайша есептейді.
- жасында - балапан
- жасында - қан түбіт
- жасында - тірнек
- жасында - тас түлек
- жасында - мұз балақ
- жасында - көк түбіт
- жасында - қана
- жасында - Жана
- жасында - май түбіт
- жасында - барқын
- жасында - баршын
- жасында - шөгел
Ақын - жазушылардың құсбегілік туралы айтқан өнегелі сөздері қаншама десеңші !
Ұлы Абайдың «Қан сонарда бүркітші шығады аңға» деген өлеңінде қыран бүркітің қайсарлығы, өмірдегі ең қу түлкінің өзі оның уысынан құтыла алмайтындығы сөз болады . Өлеңнен үзінді оқылады .
Қансонарда бүркітші шығады аңға
Тастан түлкі табылар аңдығанда
Жақсы ат пен тату жолдас - бір ғанибет
Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға
Салаң етіп жолықса қайтқан ізі
Сағадан сымпың қағып із шалғанда
Бүркітші тау басында қағушы ойда
Іздің бетін түзетіп аңдағанда
Томағасын тартқанда бір қырынан
Қыран құс көзі көріп самғағанда
Төмен ұшсам түлкі өрлеп құтылар деп
Қандыкөз қайқаң қағып шықса аспанға
Көре тұра қалады қашқан түлкі
Құтылмасын білген соң құр қашқанға
Аузын ашып, қонақтап тісін қайрап
Олда талас қылады шыбын жанға
Сөзжұмбақ шешу : «Қансонар »
Қ
А
С
О
А
1) Махаббат символы ……(аққу)
2) Құйрығы аша құс (Қарлығаш )
3) Бақыт құсы (Көгершін)
4) Жылтырға үйір құс (сауысқан )
5) Орман емшісі (Тоқылдақ )
7) Жыртқыш құс (Лашын)
8) Қыстап қалатын құс (Қарға)
9) Қыран құс (Қырғи )
Сонымен қатар М. Шахановтың «Қыран қасіреті», С. Мұқановтың «Саятшы Ораз », М. Әуезов «Бүркітші » әңгімелеріне талдау жасалады .
Қансонардың қадірін білген киелі қазақ халқы ел аузында қыран құс, саятшылық, аңшылық туралы мақал - мәтел қалдырған .
- Қарақұс қайырғанмен бүркіт болмас
- Қыран құс қисық ұшып, түзу ілер
- Мылтығының күмісін айтпа, тиісін айт
- Саятшылық сабырлыға жарасар
- Сонаршы ақпанды сүйер
Викториналық сұрақтар қойылады.
- Қандай қыран құстар бар?
- Құсбегі деген кім?
- Құс бегіге қандай құрал- жабдықтар керек?
- Ең үлкен қыран қай құс?
- Оның қанат құлашы қанша?
- Бүркіт қанша жыл жасайды ?
- Бүркіттің баласын не деп атайды ?
- Балаларға баулытып, құсқа салдыратын құс ?
- Қасқырды да алатын өте күшті алып құс ?
Қансонардың қадірін білген киелі қазақ халқы ел аузында қыран құс, саятшылық, аңшылық туралы мақал - мәтел қалдырған .
- Қарақұс қайырғанмен бүркіт болмас
- Қыран құс қисық ұшып, түзу ілер
- Мылтығының күмісін айтпа, тиісін айт
- Саятшылық сабырлыға жарасар
- Сонаршы ақпанды сүйер
Алып қыран құстарды баулып, аңға салатын, тағыны баптап, тағы алдыратын адамды құсбегі деп атайды. Құсбегі қыран құсты танып, танып таңдай білетін адам. Оның баулитын құстарының ең алыбы - бүркіт. Содан соң тұйғын, қаршыға, лашын, ителгі, сұңқар, қырғй, бөктергі. Құсбегіге қыранды баулу үшін мынадай құрал жабдықтар керек.
Тұғын - құсты қондырып қоятын орын, жабдық. ол көшпелі тұрмысқа лайықты ағаштан жасалады.
Ырғақ - түзден түске асау құстың аптығын басып, біршама ырыққа көндіруге арналған орнықсыз, ырғақты тұгыр.
Биолай - бүркітшінің оң қолына киетін қолғабы. Ол буркітті қолға қондырғанда, алып жүргенде бүркіттұяғы қолды зақымдамауы үшін жасалған .
Томаға - бүркіттің екі көзін саңылаусыз жауып тұратын бас кйім.
Сопыаяқ - ағаштан жасалған бүркітке жем беретін ыдыс.
Балдақ - құсты ат үстінде алып жүруге арналған, құс салмағынан қолдың талмауы үшін оң қолдың білегін сүйеп отыратын, ашасында жұмсақ тіреніші бар тіреу.
Аңға түсу - қыранның ұшу мәнеріндегі ең күрдклі, ең қиын, ең сұсты әрекеті. бүркіттің 4 саусағы бар. 1- тегеурін, 2- жембасар, 3- сығыс, 4- шеңгел.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz