Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жиырма тиын

Сабақтың тақырыбы: «Жиырма тиын» - Жәнібек Кәрбозин
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды мәтінмен таныстыру
Міндеттері:
1. Жәнібек Кәрбозин туралы мағлұмат беру. Мәтінді нақышына келтіре отырып,
әңгімелеп, түсіндіріп беру.
2. Мәтіндегі негізгі идеяларды суреттей отырып, оқушылардың белсенділігін,
шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Тақырыптың өзектілігін негіз ете отырып, адамгершілікке, сыйластыққа,
қамқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, слайдтар.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау, өзіндік жұмыс, шығармашылық
тапсырмалар, жұмбақ шешу.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасып, оқу-құралдарын алғызып
сабаққа көңіл бөлдіру. Үй тапсырмасын тексеру.

М. Әлімбаевтың «Кім жомарт? Не жомарт?» өлеңін мәнерлер оқу.

Өткенді пысықтау (1 – слайд)
1. Ы.Алтынсарин кім?
2. Оның қандай шығармалары бар?
3. Сәлем сөзінің мәні қандай?
4. Көк кептер мәтіндегі Нүсіпбек қандай бала?
5. Аймаған ше?
6. Екеуіне ортақ нәрсе?
7. Кім жомарт?
8. Не жомарт?
9. Жомарттың сөзінің мәнін аш.

Сандар бойынша сөзді табу (2 – слайд)
М |И |Р |Ы |Ж |А |Н |И |Ы |Т | |5 |2 |4 |3 |1 |6 |10 |8 |9 |7 | |
Жаңа тақырып
Жәнібек Кәрбозин «Жиырма тиын» (3 – слайд)

(4 – слайд)

Оқулықпен жұмыс
Мәтіннің мазмұнын әңгімелеп беремін. Өздеріне тізбектей оқытамын. Мазмұнын
әңгімелету.

Сергіту минутын өткізу.

Сабақты қорытындылау.

1. Біз немен таныстық?

а) өлеңмен;
ә) мысалмен;
б) әңгімемен.

2. «Жиырма тиын» әңгімесінің авторы кім?

а) Мұзафар Әлімбаев;
ә) Машқар Гумеров;
б) Жәнібек Кәрбозин.

3. Әңгіменің авторы қай жылы дүниеге келген?

а) 1930 ж.
ә) 1933 ж.
б) 1954 ж.

4. Әңгіме не туралы айтылған?

а) Жақсы-жаман туралы;
ә) Мақтаншақ, даңғой туралы;
б) Адамгершілік туралы.

5. Әңгімедегі басты жағымды кейіпкер:

а) Алтайдың анасы;
ә) Қанат;
б) Алтай.
Үйге тапсырма беру.

Бағалау.

(5 – слайд)
Аспанға қарап ай көрдік,
Төменге қарап жер көрдік.
Оңға, солға бұрылып,
Егемендік ел көрдік.

Дәптермен жұмыс (6 – слайд)

Он жетінші ақпан
Жиырма тиын
Жәнібек Кәрбозин

• Дұшпан күлдіріп айтады,
Досың жылатып айтады

• Жүз сом ақшаң болғанша,
Жүз досың болсын

Жаңа сабақты пысықтау.

1. «Басыңа іс түссе, жақсы көмек етеді, жаман күліп кетеді» деген мақалдың
мәтінге қатысы бар ма? Болса қандай?
2. Апасы Алтайға неге риза болды?
3. Сол уақытта қай жыл мезгілі еді?
4. Өзіңнің қолында алпыс теңгең болса, қанша нан алуға болады?

-----------------------

1933 ж.

Жәнібек Кәрбозин

Ол өлең, ертегі, жыр, мысал, хикая, сахналық көрініс авторы

Алматы облысы, Жамбыл ауданы

1984 ж.

Ұқсас жұмыстар
Қағаз ақшалар
Ағай Әнуарбек Дүйсенбиев
Тақырып Дарындылар додасы
Тәуелсіздігімізді бағалай білуге баулу
Гүлдерімен қай кезең
Қазақтың байырғы қара есептері
Зат есімнің тәуелденуі
Жеңіске кім жетеді?
Лас қар
Физика сабағында қазақтың ұлттық ойындары
Пәндер