Сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресі: тарих сабағына арналған сабақ жоспары

Астана қаласы №40 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі : Мусина Шайнұр Тұрлыбекқызы

Сабақтың мақсаты:Сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресі

А) Сақтардың жеріне басқа халықтардың шабуылы олардың қажырлы азаттық күресіне себеп болғандығын түсіндіру.

Ә) Сақтардың шаруашылығының дамуын анықтай отырып, дүниетанымы шеңберін кеңейту, жеке оқушылардың зерттеушілік қабілетін дамыту.

Б) Оқушыларды өз халқының тарихын білуге, оны құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдісі: СТО бағдарламасы бойынша жүргізіледі. Топтармен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, карта, тест, схемалар,

суреттер.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылар назарын сабаққа аудару. Оқу құралдарының түгел өз орнында, ұқыпты орналасуын және оқушылардың партада дұрыс отыруын қадағалап шығу.

11. Жаңа тақырыпты меңгеру.

1. Мұғалім оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсаты мен жоспарымен таныстырады. Сабақ барысында қолданылатын оқытудың белсенді формаларын атап, қандай әдіс тәсілдермен жұмыс істейтіндерін ескерте кетеді.

1) 4 адамнан тұратын жан ұя тобын құрамыз.

2) Жанұя мүшелерін 1, 2, 3, 4 деп нөмерлеміз.

3) Енді 1- лерді бір топқа, 2 -лерді бір топқа, 3- терді бір топқа 4- терді бір топқа жинаймыз.

4) Бірлерге мәтіннің бірінші бөлімін, екіншілерге екінші бөлімін, үштерге үшінші бөлімін береміз, төртіншілеге төртінші мәтінді береміз.

5) Өз жанұяңа барып мәтіннің өзіңе тиісті бөлімін түсіндіресің. Олардың түсіну, түсінбеу саған байланысты.

6) Жанұяңның әр мүшесі мәтіннің барлығын жазып шығуы керек.

Енді балалар, әр топ өз іштерінен оқып, жауап беретін лидерді таңдаулары керек. Барлық топтың лидерлеріне кезектеп сөз беріледі. Бір- бірімізді мұқият тыңдаймыз, толықтырамыз.

Пікірлеріңізге рахмет.

Келесі сабақтың кезеңіне көшейік. Тақтаға Венн диаграммасын сызамыз. Әр топтан оқушылар шығып толықтырамыз.

Сақтардың тәуелсіздік Ортақ нәтижелері Әлеуметтік құрылысын-

жолындағы саясаты дағы саясаты

2. Картамен жұмыс.

а) Сақтар қарым- қатынас жасаған мемлекеттерді көрсет.

б) Александр Македонскийдің жорығын картадан көрсету.

3. Жеке жұмыс.

1. Мына сөздерді кім айтқан

« Не мақсатпен сен осындай ұлы патшаны алдап, ұшқан құс, жүгірген аңы жоқ шөл далаға әкеп, оның қалың әскерін қырғынға ұшыратпақсың»

2. »Жеңіске жетті деген осы, отандастарымның басына үйірілген қасіреттің қара бұлтын кері серпіп, сендерді шөл мен аштыққа әкеп қамадым. Енді қайда барсаңдар да, табандарың ажал»

3. «Шырақтың ерлігі» тақырыбына әңгіме құрастыру.

4. «Тайпа көсемін сайлау» әңгіме құрастыру

4. Абай «Ескендір» поэмасынан үзінді оқу.

Бекіту.

1-топқа: Сақтардың тұрмысын, өмірін суреттеңіз.

2- топқа: Сақтардың шаруашылығын зерттеңіз.

3- топқа:Сақтар шаруашылығын қазіргі қазақтар шаруашылығымен салыстырыңдар.

4-топқа:Сақтардың қолөнері қазіргі кезде қолданылама анықтаңыз.

10. Үйге тапсырма

Сақтар мен Александр Македонский әскері арасындағы соғыс барысында тірек- схема құрып келу.


Ұқсас жұмыстар
Сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресі: тарих пәнінің сабақ жоспары
Сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресі: 5-6 сыныптарға арналған сабақ жоспары
Сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресі: 5-6 сыныптарға арналған сабақтың әдістемелік жоспары
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі: тарих пәні бойынша сабақ жоспары
Сақтар: тарихы, қоғамы, мәдениеті және тәуелсіздік жолындағы күресі
6-сыныпқа арналған ашық сабақ: Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі (Томирис кезеңі)
6-сынып Қазақстан тарихы: Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі - сабақ жоспары мен оқыту әдістемесі
Сабақ жоспарлары: Ежелгі Египет әдебиеті мен өнері; Сақтардың тәуелсіздік күресі; Тың жерлерді игеру
Тәуелсіздік жолындағы қадам: 9-сынып Қазақстан тарихы сабақ жоспары
Қазақ жерін біріктіру жолындағы Абылай ханның күресі және тарихи рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz